cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Korkyt Ata University

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жаңалықтары

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
811
المشتركون
-124 ساعات
-97 أيام
-2730 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ QAZTEST ӨТТІ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында QAZTEST жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу А1 (Қарапайым) және В1(Орта) деңгейлеріне қосымша тестілеу өтті. Тестілеуге «Болашақ» халықаралық бағдарламасының, ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсуге үміткерлер, Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына түсушілер және Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары қатысты. Қазақ тілін білу деңгейін бағалайтын сынақты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы QAZTEST жүйесін дамыту басқармасы, Тестілеуді ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертxанасының меңгерушісі Әділбекова Жанар Болатқызы қабылдады. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен 173 профессор-оқытушылар мен қызметкерлер қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
إظهار الكل...
👍 1
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА Студенттер сарайында университеттің бітіруші курсының білім алушыларымен кездесу өтті. Рекрутинг және мансап басқармасының басшысы Жандос Оразмаханов және Зерделі мектептер желісінің Оңтүстік өңірлік директоры - Жанат Алтаев, “Зерделі" ақыл - ой дамыту орталығының директоры Асқар Сыздықов қатысты. Кездесуде түлектерге бос жұмыс орындары туралы ақпарат берілді. Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен “Зерделі” республикалық ақыл-ой дамыту серіктестігімен екі-жақты меморандуға отырған болатын. Нәтижесінде бүгінде білім ордасының бірнеше бітіруші түлектері “Зерделі” оқу орталығына тұрақты жұмысқа орналасты.
إظهار الكل...
1
КҮМІС ЖАСТАҒЫЛАРҒА «IT-САУАТТЫЛЫҚ» САБАҒЫ ӨТТІ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Күміс университет» жобасы аясында 50 жастан асқан қала тұрғындарына «IT-ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» бағдарламасы аясында «ІТ-сауаттылық» интенсивті курсын өткізді. Курсты «Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру» орталығы ұйымдастыруда. Интенсивті курста «Информатика және ақпараттық коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламаларының аға оқытушылары қатысушыларға цифрлық сауаттылықты арттыру бағытында күнделікті тұрмыста қолданылатын мобильді қосымшалар мен әлеуметтік желілер туралы дәрістер өткізіп, практикалық тұрғыда үйретті. Курсқа қатысушы қала тұрғындарына «Күміс университет» жобасы бойынша кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылықты арттыру, тіл үйрену, ән айту шеберлігін дамыту курстары да ұйымдастырылатын болады.
إظهار الكل...
👍 1 1
СТУДЕНТЫ ИЗУЧАЮТ МЕТОДЫ ВЫРАЩИВАНИЯ ТОМАТОВ В КЫРГЫЗСТАНЕ Студенты образовательной программы «Аграрные технологии» Кызылординского университета имени Коркыт ата - Жансая Жаксылык, Дина Дильдабаева, Асемай Куттыбаева, Елдана Нуралиева и ассоциированный профессор, доктор философии Нуралы Нургалиев по программе академической мобильности обмениваются опытом в Кыргызско-Турецком университете «Манас» Кыргызской Республики. Студенты участвуют на лекционных и практических занятиях профессорско-преподавательского состава факультета «Сельское хозяйство» по направлениям «Биология-растениеводство», «Подготовка проектов», «Тепличная работа». «По прибытии в Кыргызстан мы наблюдаем за ходом роста различных растений и плодов, получаем о них много информации. Здесь в теплицах выращивают клубнику, рапс, хлопок, новые сорта яблок и различные садовые цветы для озеленения. Подробнее🌍 https://korkyt.edu.kz/ru/article/1272
إظهار الكل...
1
СТУДЕНТТЕР ҚЫРҒЫЗСТАНДА ҚЫЗАНАҚ ӨСІРУ ӘДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУДЕ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының студенттері Жансая Жақсылық, Дина Ділдабаева, Асемай Құттыбаева, Елдана Нұралиева және қауымдастырылған профессор, философия докторы Нұралы Нұрғалиев Қырғызстан Республикасының «Манас» Қырғыз-Түрік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасуда. Бағдарлама аясында студенттер «Ауыл шаруашылығы» факультетіндегі профессор-оқытушылардың биология-өсімдіктану, жоба дайындау, жылыжай жұмысы бағытында лекциялық және практикалық сабақтарында дәріс алып жүр. «Қырғызстанға келгелі әртүрлі өсімдіктер мен жемістердің өсу барысын бақылап, олар туралы көп мәліметтер алудамыз. Бұл жақтың жылыжайларында құлпынай, рапс, мақта, алманың жаңа сорттары мен көгалдандыру үшін әртүрлі бақшалық гүлдерін өсіреді. Толығырақ🌍https://korkyt.edu.kz/article/1272
إظهار الكل...
1
Студент Кызылординского университета стал двукратным чемпионом Азии В Астане прошел чемпионат Азии среди боксеров. Среди мужчин в весе до 54 кг в возрасте до 23 лет победил студент образовательной программы «Физическая культура и начальная военная подготовка» Кызылординского университета имени Коркыт ата, мастер спорта международного класса Нурсултан Алтынбек и стал двукратным чемпионом Азии. Нурсултан в финале сразился с монгольским Оюн-Эрденом и одержал явную победу со счетом 5:0. Эта победа Нурсултана вошла в историю страны. Он является первым двукратным чемпионом среди казахстанских боксеров в возрасте до 23 лет. Победителя чемпионата Азии по боксу подготовили заслуженный тренер РК, главный тренер федерации бокса РК – Мырзагали Айтжанов и личный тренер Жамиль Жусуп.
إظهار الكل...
1
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылорда университетінің студенті екі дүркін Азия чемпионы атанды Астана қаласында боксшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатта 54 келі салмақтағы 23 жасқа дейінгі ерлер арасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының студенті, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Алтынбек жеңіске жетіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды. Нұрсұлтан финалда моңғолдық Оюн-Эрденмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын ұтты. Бұл жеңіс ел тарихына енді. Ол 23 жасқа дейінгі қазақ боксшыларынан шыққан тұңғыш екі дүркін жеңімпаз болды. Азия жеңімпазын ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР бокс федерациясының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен жеке бапкері Жәміл Жүсіп дайындады.
إظهار الكل...
1
Photo unavailableShow in Telegram
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Күміс жастағы азаматтарды 2024 жылдың 13-17 мамыр аралығында «IT-ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» тақырыбында ақысыз негізде интенсивті курсына қатысуға шақырамыз. Өтетін орны: №6 оқу ғимараты, 211-дәрісхана. Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы
إظهار الكل...
👍 1
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА ТОҚТАЛДЫ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 – мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай жиын өтті. Жиында Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова ерлер қауымын мейрамдарымен құттықтап, лебізін жеткізді. «Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген дана сөз бар. Батыр да жаужүрек аталарымыз ел тарихындағы небір сындарлы кезең, қиын замандарда жанқиярлық ерлік көрсете жүріп, бүгінгі бейбітшілік заманның негізін қалыптастырды. Азаматтарымыздың майдандағы ерліктері мен тылдағы ерен еңбектерінің мәні мен маңызын жастардың зердесіне жеткізу, Отанымызды болашақ ұрпақ үшін сақтап қалған әкелеріміз бен аталарымызды еске алып, олардың өмір өнегесі мен ерлігін насихаттау – біздің азаматтық парызымыз», - деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы. Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1269
إظهار الكل...
3
АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында “Экономика және құқық” институты ардагерлерінің мерекелік шарасы өтті. Мақсаты — ардагерлер қызметі кезіндегі тарих пен университеттің дамуы үшін қосқан үлесін сақтауға көмектесу, батылдық, адалдық және патриотизм құндылықтарын болашақ ұрпаққа үлгі ету. Ардагерлермен білім ордасының ынтымақтастығын дамытып, нығайтуға ықпал жасау. Салтанатты кездесуге институттың ардагер ұстаздары, әр жылдағы түлектері, бүгінде құқық қорғау органдары мен түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген білікті мамандар жиналды. Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1266
إظهار الكل...
1