cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

eHelpkz

إظهار المزيد
لم يتم تحديد البلدلم يتم تحديد اللغةالفئة غير محددة
مشاركات الإعلانات
1 074
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
لا توجد بيانات7 أيام
لا توجد بيانات30 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Қазақстандық туроператорлар тур-пакеттеріне ПТР-тест енгізуде. Бұл ПТР-тест бағасы жолдама құнына кіретінін білдіреді. Егер вирус жұқтырмаған болсаңыз, елге кіре аласыз. Ал, егер шетелде вирус жұқтырған болсаңыз, сауығып кетпейінше үйіңізге орала алмайсыз және өз қаражатыңызға емделесіз. Саяхаттан қайтып оралғандардың бәрі карантинге жатқызылмайды және бюджет есебінен 5* қонақ үйде тұрмайды. Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @eGovHelpkz
إظهار الكل...
ПТР анықтамасы жоқ туристер Қазақстанға ұшып келе алмайды. Қазақстанның туроператорлар қауымдастығы осындай шешім қабылдады және бұл туралы авиакомпанияларды хабардар етті. 20 наурыздан бастап, егер COVID-19 вирусын жұқтырмағаныңыз туралы ПТР анықтамаңыз болмаса, сізді рейске жібермейді. Саяхаттауға ақша тапқандар енді ПТР-ға қаржы қарастыруы керек. Қазақстанға ПТР-тест тапсырмай ұшып келгендерді мемлекет есебінен қаржыландыру тоқтатылды. Саяхаттауды ұнатады екенсің- ПТР тестті өз ақшаңа тапсыруды ұнатуға тура келеді. Мұны демалыста жүрген достарыңызға жолдаңыз! Әйтпесе уақытында елге кіре алмай, саяхаттары ұзап кетер. @egovhelpkz
إظهار الكل...
⚡️⚡️ Нұр-Сұлтанда локдаун енгізіледі 21 наурызда қалада СО, сауда үйлері, қоғамдық көлік, фитнес залдары және т.б. жұмыс істемейді. Ал 18 наурыздан бастап қосымша шектеулер енгізіледі. Бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамхана,дәмхана, бар, асхана) жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін қысқарады.
إظهار الكل...
Сыйлыққа техниканы қайдан сатып алуға болады? 8 наурыз 🎁💐таяп қалды, бұл күндері сүйкімді ханымдарға сыйлық іздеуді бастаймыз. Егер сіз техника сатып алғыңыз келсе, біз техника дүкендері ұсынып отырған жеңілдіктерге талдау жасадық. Мечта ✅Каскадты жеңілдіктер 20% (екінші), 50% (үшінші), 70% (төртінші тауарға). Акция 14 наурызға дейін жалғасады. Жеңілдік бағасы арзан тауарға жасалады. Айтпақшы, смартфон, планшет, принтер және тағы басқа тауарлар акцияға кірмейді (сайттан қараңыз). ✅Кэшбэк тауар сомасының 20% құрайды. Егер сізде бонустық карта (шот) болса, сізге береді. Оны 60 күннің ішінде пайдаланып үлгеруіңіз керек. Кэшбэк тауарлардың бәріне қолданылмайды. Тізімі міне. Технодом ✅Сатып алған екінші тауарға -50% жеңілдік бар. Онда да тұрмысқа қажетті ұсақ техниканы (шаңсорғыш, шаш бұйралағыш, үтік, блендер, кофе қайнатқыш және т.б.) алсаңыз ғана. Жеңілдік чектегі ең арзан тауарға жасалады. ✅Кэшбэк 20% дейін. Әр тауарға әртүрлі кэшбэк. Сіз оны 30 күннің ішінде қолданып үлгеруіңіз қажет. Тізімі міне Sulpak ✅Каскадты жеңілдіктер 20% (екінші), 50% (үшінші), 75% (төртінші), ал бесінші тауарды тегін аласыз. Акция 14 наурызға дейін жалғасады. Жеңілдіктер тек "каскадты жеңілдіктер" стикері жапсырылған тауарларға ғана беріледі. Акцияға көп тауар шығарылмаған.
إظهار الكل...

🤬 Достар, біз кейінгі кезде Kaspi банктің атынан әрекет ететін алаяқтардың көбейіп кеткені туралы жиі естиміз. ⛔ Осы орайда, сіздерге тағы бір рет ескерткенді жөн санадық. ЕШҚАШАН: - бейтаныс нөмірден қоңырау шалған адамдарға өзіңізге қатысты деректерді айтпаңыз; - телефон шалушы "Банктен хабарласып тұрмын, карточкаңыздың құпия сөзін, ПИН-кодын және т.б. өзгертіңіз", - деп өтінген жағдайда, оған сеніп қалмаңыз. 🙋🏻‍♂️ Егер сіз депозиттегі және шоттағы ақшаңыздың сақталуына алаңдасаңыз, онда Kaspi банктің - 9999 ресми нөміріне өзіңіз қоңырау шалыңыз. 🙋 Бұл жазбаны жақындарыңызға жіберіңіз, ата-анаңызға не істеу керектігін түсіндіріңіз. Олардың алаяқтардың құрбаны болуына жол бермеңіз.Сізге немесе жақындарыңызға осындай алаяқтар қоңырау шалды ма? #оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз 📌 Маңызды ақпараттың бәрі бзде @egovhelpkz
إظهار الكل...
​​Наурызда қанша күн демаламыз? 📆 Наурыз - демалыс күндері көп айлардың бірі: бізді бұл айда 12 демалыс күні күтуде. 🌱🇰🇿 Сонымен, жылдың ең ұзақ демалысы да наурызға түсіп тұр. Қазақстандықтар 20-24 наурыз аралығында қатарынан 5 күн демалады. ❓Ал, сіздердің Наурыз мейрамына жоспарларыңыз қандай? #оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз 📌Маңызды жаңалықтардың бәрі бізде @egovhelpkz
إظهار الكل...

Бүгіннен бастап “зейнетақы жинағын” емделу үшін жұмсауға өтінім бере аласыз ❓ӨТІНІМДІ ҚАЙДА БЕРЕМІЗ? enpf-otbasy.kz сайтында ❓ ҚАЙДА АУДАРУҒА БОЛАДЫ? Қазақстандық клиникаларға, ал наурыз айынан бастап шетелдік ауруханаларға. ‼️ Туыс адамдар да бір-біріне “зейнетақы жинағын” аудара алады. Біз алдыңғы посттарымыздың бірінде қандай ем қабылдауға жұмсауға болатыны туралы толығырақ айтқанбыз 👆 #оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз 📌Маңызды жаңалықтардың бәрі бізде @egovhelpkz
إظهار الكل...
Бүгіннен бастап “зейнетақы жинағын” емделу үшін жұмсауға өтінім бере аласыз ❓ӨТІНІМДІ ҚАЙДА БЕРЕМІЗ? enpf-otbasy.kz сайтында ❓ ҚАЙДА АУДАРУҒА БОЛАДЫ? Қазақстандық клиникаларға, ал наурыз айынан бастап шетелдік ауруханаларға. ‼️ Туыс адамдар да бір-біріне “зейнетақы жинағын” аудара алады. Біз алдыңғы посттарымыздың бірінде қандай ем қабылдауға жұмсауға болатыны туралы толығырақ айтқанбыз 👆 #оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз 📌Маңызды жаңалықтардың бәрі бізде @egovelpkz
إظهار الكل...
👩🏻‍🏫 1-5 сынып оқушыларын 1 наурыздан бастап аралас оқытуға рұқсат етілді. 🏫 Ал халықаралық мектептер үшін – 1-7сынып оқушыларын аралас оқытуға рұқсат. ⛔️ Бұл рұқсат Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарына қатысты емес. Себебі, аталған өңірлердің білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық режим көп рет бұзылған. #оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз 📌Маңызды ақпараттың бәрі бізде @egovhelpkz
إظهار الكل...
Открыть комментарии
1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдетіледі. Бірақ бәрі үшін емес. Бұл сіздің тұрып жатқан аймақтың "түсіне" байланысты. 🟢 Егер сіздің облысыңыз 7 күн бойы «жасыл» аймақта болса, онда: - цирктердің - бильярд клубтарының - балалар ойын-сауық орталықтарының (толымдылығы 30%) жұмысына рұқсат етіледі. 👆🏽Сондай-ақ: - спорттық іс-шараларды өткізуге (30% дейін) - жұма намазын оқуға (30% дейін) - ас беру рәсімін өткізуге(30% дейін,50 адамнан көп емес) рұқсат етіледі. 🟡 Егер облыс 7 күн бойы «сары» аймақта тұрса, онда: - жабық базарлардың (азық түлік және шаруашылық) - Сауда, ойын-сауық орталықтарының - Сауда үйлерінің - Сауда желілерінің жексенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. #оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз 📌 Маңызды жаңалықтардың бәрі бізде @egovhelpkz
إظهار الكل...