данышпан қарға
الذهاب إلى القناة على Telegram
669
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-17 أيام
-930 أيام
أرشيف المشاركات
Спиноза латынның «sub specie aeternitatis» деген сөзін жақсы көрген екен. Мағынасы - «мәңгілік тұрғысынан қарағанда». Ол егер күнделікті мәселелерге мәңгілік тұрғысынан қарасаң, бұл проблемаларыңның түкке тұрғысыз екенін байқайсың деген.
Ирвин Ялом - Шипа ретіндегі Шопенгауэр
"...Свою жизнь для тебя превратит в цветы"
Әйгілі әндегі - кембағал суретші ғашықтықтан есі кетіп, үйі мен бар еңбегін сатып бір сәттік шоу үшін өмірін тігіп жіберген әйел - осы. Маргарита де Севр. Атақты француз актрисасы.
Сурет - сол әндегі мәжнүн гүржі суретшісі Нико Пиросмани тарапынан салынған.
Өте нашар тенденция. Сайлауалды нарративін "тәртіп, заң мен қауіпсіздікке" бағыттаған адам - тек ұзақ билік етуді ғана емес, барынша тоталитар режимге ауысуды қалайтынын түсіну қиын емес.
Кез-келген диктатордың сүйікті сылтауы, осы - қауіпсіздіктен басталады.
Діни мәтіндердің антологиясын оқимын деп жүріп, Будданың мынадай бір даналық өсиетіне көзім түсті: "Дүниеде ешбір нәрсе - адамның қалауына арзымайды". Мен кітапты сол сәттің өзінде жаптым да, қайта ашпадым. Мынадан кейін, енді, не оқисың? (с)
Адам - қандай да бір елде емес, тілдің ішінде өмір сүреді. Отан, бұл - тіл. Болды, басқа ештеңе де емес.
(с) Эмиль Чоран
Osı älipbiy - favourite. Kazakstannıń bolacagın osı älipbiymen baylanıstıram. Osı jüye gana - til reformasın sätti jürgiziwge bagıttalagan. Kalgandarı - tek symbol awıstırıwdan turatın beycaranıń isi.
Aytpakcı, bul älipbiy endi - 'Kazak Grammar' emes 'Kazak Bubble' älipbiyi dep ataladı.
#үрейлерім
Тым құрығанда Ломтадзе тіл жайында ештеңе демесе екен деп қорқып жүрм. Каспиді, тьфу мә, кәнсел жасайсың!
"Өзі онсыз да барлығы соған кетіп бара жатыр еді, ал - пандемия мен Украинадағы соғыс осы нәрселерді тіпті жеделдетіп жіберді. Қазір байқасаңыз барлық мемлекеттер тыпыршып қалды: әлдеқашан өлік боп жатқан ұйымдарды тірілтіп, соның аясында кездесу өткізуден қолдары босамай жатыр. Әр ай сайын кездесу, кездесу, кездесу... Жақында Астанадағы өткен саммиттің соңғы отырысы, 2002 жылы өткен, мысалы.
Әлемдік тәртіп қайта орнап жатқан кезде бәрі де барынша пайдасын көздеуге тырысады, жеңімпаздар жағында болғысы келеді"
(с) Хамит Содық
"Осы күнге дейін әлемде - дифференциация құбылысы жүрді. Айталық, шамамен 150 жыл бұрын "сен кімсің?" деп сұраса, ешкім "мен өзбекпін" деп жауап бермейтін. Яғни, өзбек деген ұлт ол кезде болған жоқ. "Мен - барласпын", "мен - қоңыратпын" т.с.с. жауаптарды алатын едіңіз бұл сұраққа. Адам Ата дәуірінен бері адамзат осылай үздіксіз бөліну процесін бастан өткізді және кімдігін ру-тайпалық дәрежеде анықтайтын.
Ал қазір, керісінше - глобализация дәуірінде унификациялану кезеңі жүріп жатыр. Яғни осы күнге дейін бөлініп келген адамзат - қайта топтасуға, үлкен күш болуға тырысады. Бұл - репрессия немесе күштік құрылым арқылы емес, табиғи түрде жүзеге асатын процесс. Қазіргі заманда жалғыз өзің ештеңені тындырмақ түгілі жан сақтап та қала алмайсың. Оны Түркия да түсініп отыр.
... Ендігі, глобализация дәуірінде - ұлттарды ассимиляциялап жұтып қою - мүмкін емес нәрсе. Осы 21 ғасырға дейін ассимиляциялап үлгерсең - үлгердің, үлгермесең - енді бұл жағдай ешкімнің қолынан келмейді. Сол үшін ұйғырлар мәселесі де - Қытайдың тамағына тұрған сүйек болып қала береді"
(с) Камолиддин Раббимов
#кенеттен
Кенеттен бірінші баламның атын «Қателік» деп қоятын шығарм, мен дейтін танысым есіме түсіп кетті
