ar
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

الذهاب إلى القناة على Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

إظهار المزيد
669
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-17 أيام
-930 أيام
أرشيف المشاركات
Сен де тойыңда телеграмға стол арнамайсың ба Қай туысқанымды шақырмауға болады екен деп ойланып жүрсем, мұның не?

Брат, адамдар бесит етсе не істеу керек?
Брат, адамдар бесит етсе не істеу керек?

Мейірім ұнайды ау осы сен балаға(: Көрдің ба, Мейір, біз де сорлы емеспіз. Бізді де біреулер қызғанад

болашақ адамыңның бойынан қандай қасиеттер көргің келеді? Сол тақырыпқа онша ойлана да қоймайды екем. Тек сырласып, жанында отырып жылап алуға болатын адам болса норм

Кішкентай кезіңде үйдегілер не деп еркелетушед Ондай атым жоқ. Тек жеңгелерім "Бибиб" дейтін)) Еркелететіндей сүйкімді де болмағам негізі. Сен де менің бала күнімде көрсең бір тепкің келер ед. Собственно, қазіргідей 🙂

10 жыл алдыңғы өзіңді көшеден көріп қалдың, оған не дер едің?? Қорықпа, бұл жылы ақырзаман болмайд дейтін ем

Тағы да сұрақ-жауап 🙂 https://t.me/anonim_mail_bot?start=318962607

Өз тәжірибелеріңде интернеттен танысқан адамды өмірде көргенде түрінен/бойынан/мінезінен немесе басқа кез-келген жерінен айырмашылық қаншалықты байқайсыңдар?

Жүзім нұрланып отырғанына қарағанда құлақта Қайрат Нұртастың әні ойнап жатқан болуы керек
Жүзім нұрланып отырғанына қарағанда құлақта Қайрат Нұртастың әні ойнап жатқан болуы керек

..деп конспирологияның шоғын үрлеп отырайын, құр қарап жатпай))
+2
..деп конспирологияның шоғын үрлеп отырайын, құр қарап жатпай))

Кезінде "туалетке барып келейікші" дейтін інілерің "үйде отыр" деген кезде... (с) Буахахаха осы әзіл өтед 🤣

Садық Шерімбектің Дөпсөздегі подкастынан кейін нағыз шығыс мәдениеті өкілі екенімді сезініп, бір жасап қалдым 🥰

Диоген бөшкесі Грек жері Аттикада «оғаш мінезді адам» атымен әйгілі болған Диоген есімді философ өмір сүріпті. Бірде Ескендір Зұлқарнайын арнайы сол мекенге ат басын тіреп, өзгелер секілді атақты ойшылмен танысқысы келген екен. Жазушы Плутархтың сөзінше патша ойшылдың алдына келіп, тағзым етуін ұзақ күтіпті. Сөйтсе ол патшаның алдына келмек түгіл онымен жолығуды да жөн көрмепті. Ақыры болмаған соң Ескендірдің өзі оның хал-жайын сұрауға барыпты. Крания елінде бөшкенің ішінде күнге қыздырынып отқан жерінен тауып алған ол қасына жақындап: «Мен – ұлы әмірші Ескендірмін»,- дейді, «Ал мен – төбет Диогенмін». «Не үшін сені төбет дейді?»,-деп сұраса: «Біреу тамақ берсе, құйрығыммен бұлғаңдаймын, бермесе – абалаймын, ал егер залымдығын көрсем – тістеп аламын». «Менен қорқасың ба?» «Несің сен? Жақсылықсың ба, әлде жамандықсың ба?»,-деп қарсы сұрақ қояды. «Жақсылықпын»,-дейді патша. «Жақсылықтан адам қорқушы ма еді?»,-дейді ойшыл. Содан әлем әміршісі Ескендір Зұлқарнайын: «Керегіңді сұра»,-депті. Сонда Диоген: «Әрі тұр, күннің көзін көлегейлеп тұрсың» деген екен. Қайтар жолда патша философтың сөздерін кекетіп-мұқатқан жолдастарына бір қарап: «Егерде мен Ескендір болмағанымда, Диоген болар едім»,-депті. Тағдыр тәлкегі болса керек, Ескендір Зұлқарнайын б.з.д. 323 жылы 10 маусымда Диогенмен бір күнде қайтыс болыпты.

Деколонизация Отарсыздану - қарапайым үдеріс емес, нағыз тозақтың тоғыз айналымы. Қазақша сөйлегеннен, қазақша ойлап, тіпті қазақша түс көргеннен де кете қоймайтын қасиет. Мен бұны орыс тілін жарытып білмек түгілі түсінбесе де дәл орыстарға еліктейтін Орта Азия халықтарына қарап түсіндім. Қытайдан келген қазақтар негізі, шынында ультраоңшыл, ұлтшыл келеді деп ойлайтынмын. Бірақ уақыт өте келе олардың да орысша сөйлеуге талпынысын көріп, бұл ойымнан да айныдым. Біз, кейде, көп нәрсені өзімізге қолжетімсіз болғаннан кейін ғана жаман көретіндейміз. Орыс тілін жаман көресің - өйткені орысша өзің білмейсің. Ағылшынша сөйлегенді қабылдай алмайсың - өйткені сен ештеңе түсінбейсің. Гитара тартып шулап отқан ортаны ұнатпайсың - өйткені сен гитара тарта алмайсың, сәйкесінше жұрттың назары сенде емес. Ауқатты адамдарды, аса байларды ұнатпайсың - өйткені өзің кедейлік көргенсің (неокоммунист, хехе). Осыларға қол жеткізсең, ойың өзгеріп кетед, ыхм. Комплекстер осылай қалыптасады. Осылай Путин пен Гитлер пайда болады. Өз басым, екеуінің логикалық тізбегін түсінем деп ойлаймын. Бұл байғұстар ішіндегі құлдықтан арылып үлгермегендер ме екен, әлде? "Мен күн сайын ішімдегі құлды тамшылап шығарып тастап отырам", - А.П.Чехов. Әзірге ойыма келіп тұрғаны осы ғана. Мән жоқ. Түйін жоқ. Мораль да. Тек депресняк. Тек тупик.

Оруэлдің әруағы жүдәә риза шығар мынау орыстарға енді 🤣🤣
Оруэлдің әруағы жүдәә риза шығар мынау орыстарға енді 🤣🤣

Комплекстерің бар ма?
Anonymous voting

Неге Кіші жүз - "кіші" деп аталады, өйткені олар әр жыл сайын 1 жасқа толады Уилл Ливиңстон, "Шала сөздік", екінші бөлЕм

Болды, ашты

Уикипедия бәріңде ашпай тұр ма?

Араптарда сөз бар: الحُبُّ يُهَذِّبُ деген. Яғни, "Махаббат тәрбиелейді" Алланы сүйген адам ақырын тәрбиеленуі керек. Әдепті болуы керек