данышпан қарға
الذهاب إلى القناة على Telegram
669
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-17 أيام
-930 أيام
أرشيف المشاركات
Шымкент әкімдігі Ninety One тобының консертіне рұқсат бермей қойыпты дейді.
Ол - бизнес. Әкімдік бизнеске рұқсат беру, бермеуді қалай шешеді? Олар қалай өз еңбегімен табыс тауып жүрген топтың консертіне рұқсат бермей қоя салады?
Естеріңде ме, былтыр 595 млнға Наурыз тойлаймыз деп, оны креатив индустрияны дамыту деп ақтап әуре болған. Харвард көргені бар, көрмегені бар, әлем қазір ақшаның қайда екенін біледі, креатив индустрия - жаңа мұнай деуге дейін барған. Қалаға турист, ақша тартқысы келген, қаланың ақшасын шашып. Ал мына жерде сенен бір тиын сұрамай, не көмек сұрамай, креатив индустрия өзі кеп тұрғанда, істеп отырғаны мынау. Әлде әкімдік креатив индустрияны тек қала тұрғындарының салығы есебінен, еш есепсіз шашып қана дамытқысы келеді ме? Әлде олардың түсінігіндегі креатив индустрия - МузАрттың 30 жылдығы ма? Әлде ол консертті міндетті түрде Жан Муханов тендер алып істеуі керек пе еді? Мен жей алмайтын жерде даму болмайды деген сенім бе?
– Ғалымжан Оразымбет
Әмин: Я, Алла, менің бастаған жұмыстарымның қайыр-берекесін бере гөр; қалғандарыкін – Өзің білесің.
«Düşüncelerime tercüman oldunuz» дейтін сөз бар түріктерде. Сөзбе сөз аударсақ, менің ойларыма тәржіман болыпсыз. (Тура менің ойымдағыны жазыпсыз)
Осы сөзді бір қызық көрем ше: Лентада мықты ғалым кісілер тереңнен қозғап, керемет ой жазады. Парақшасын ашсаң ит төбелестіріп жүрген, қолына тәспісін ұстап, шәйханада мұртын қайырып ап отыратын біреуі тұрады да; как будто тура солай ойлауға, жазуға интеллекті жететін адам құсап, "менің ойларыма тәржіман бопсыз, Хожам", - деп сызылып отырад
Ертең тірі боласың ба, білмейсің. Өкініп қалмас үшін бүгінге дейін ренжіткен адамдарыңа звондап, тағы бір рет боқтап шық.
Тап бүгінгі күндегі қалың мал, киіт, ау-мау дәстүрлер біздің кедей қоғамның сипаты ма деймін. Материалдық қажеттіліктері қанағаттанбаған қауымда адами қарым-қатынастың бәрі әлеуметтік реңк алып кетеді де тұрады, осылай.
Адами сезімдермен араласқан қаржылық есептердің арты қайырлы болатынына да күмәнім бар. Енелердің келіндерін қинауы да, сол "қалыңмалды ақтау" сияқты тенденция ма деймін.
Иә, қалыңмал демекші: әке-шешесіне келін түсіріп қызметін қылдыратын әйелдер болған, бір замандары. Абысындардың арасына салып жіберіп, бір қуырып алатын. Сол елге ассимиляцияланып отырған қыздарына компенсация ретінде төленген ақшаны былай, түсіндіруге болар-ақ еді.
Бірақ қазір, байқауымша, жаңа отбасылық құндылықтар қалыптасып жатыр: бұл жолы тек қыз жақ емес, жігіт жақ та баласын басы бүтін бөлек жанға тапсырады да, ендігі оны үйінде тек қонақ деп күтеді.
Жағдай өзгергені осы екен, демек қалыңмалды да моральдық тұрғыдан ақтап алатын ешқандай нанымды интерпретация қалмай барады. Тек ырым-жырымға шашылу деп үкім бердік.
Ал, ол той-думан мен қаззақы дәстүрлерге жұмсалатын ақшаны жас отбасының инвестициясына салсаң әлдеқайда пайдалы деп айту үшін аса мықты қаржыгер болудың қажеті де жоқ.
Ұйқыны соншалық жақсы көре тұра, бірақ түннің қақ ортасына дейін ұйқысыз жату; бұл енді – таза маняктың тірлігі.
Әйел затынан болмашы ғана мейірім көрсе кез-келгеніне көңілі босап кететін жер бетіндегі жалғыз еркек мен емес екеніме бәс тіге алам
Әлдекімді жақсы көре тұра әрі оған бұдан да жақын бола түскің келгенде оның әлдебір бақытсыздыққа тап болғанын қалайсың. /с/
Көшеде кетіп бара жатып, бір таныс жүзді кездестіріп қаласың; сосын үйіңе жеткенше «сол ма, сол емес па?» деген сұрақпен миыңды нетіп барасың
жасөспірімдер - өздерін ерекше тәжірибеге ие деп есептейтін экспрессивті максималистер, біраз уақыттан кейін өзіңіздің проблемаларыңыз басқа адамдардың проблемаларының фонында жойылып кететінін және сіз соншалықты ерекше жылауық емес екеніңізді түсінесіз. Керісінше, сіз бұл өмірді жақсы көре бастайсыз, өзіңізді және айналаңыздағыларды қабылдайсыз 🦭
@kimbosaso
