данышпан қарға
الذهاب إلى القناة على Telegram
669
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-17 أيام
-930 أيام
أرشيف المشاركات
Айталық 18 ғасырға түсіп қалдың. Адамзаттың өмірін өзгертіп жібере алатын, қазіргі заманның қандай жаңалық я өнертабысымен бөлісе аласың?
Гуманитар я әлеуметтік білімдерден бөлек. Парламенттік республика десең хан Абылай басыңды шауып алары анық қой енді.
Кейде жазылушылардың арасындағы кейбір адамдар жазғандарымды оқымай-ақ қойса екен дейм. Шығып кетсе тіпті қуанар ем меніңше.
Қыздар музыка/рильс жіберсе талдау жасап қорытынды шығару керек пе әлде жай ғана тыңдау/көру керек пе?
«Сонда да біздің жігіттерге көп рахмет! Бұл қазақ футболы үшін үлкен жеңіс. Еуроға бармасақ та, осындай жетістік көрсеткенінің өзі ерлік», - деп жазуға 2 күн қалды.
«Я не особо слушаю казахские песни, но» деген тезис - «сен жақсы адамсың, бірақ жалпы қазақтар пидараз халық» деген сияқты естілмей ме, сендерге?)
- Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияға феминистерден тартып уәқабтарға дейін қол қоюы керек;
- Адам өз өмірінде қылмыстық кодекске ғана құрметпен қарауы керек, себебі, қалған мотивтердің бәрі - көңіл-күйге қарап өзгере беретін былқылдақ нәрселер;
- Ер мен әйелдің ортасында пайда болған кризистерді жұдырыққа жүгінбей-ақ манипуляциямен шешудің мыңдаған жолдары бар негізі. Әрі барса ажырасып кетуге болады;
- Бір жамандықты екінші жамандықпен баланстауға болмайды. Бір жерде әйел, екінші жерде еркек зорлық көріп жатқаны 1-1=0 проблема деген сөз емес, керісінше бізде уже 2 проблема бар деген сөз. Әлбетте екеуімен де күресу керек;
Сосын осы: https://www.otinish.kz/ru/petition/61/?fbclid=IwAR3ey-pRVHWRytnQPcUFKSWGOSI-0lTGAuJu8J14DfG_XMm3ynGglBLfkiQ
Жауабы - Қамар (қазақша аудармасы Ай). Уильям Шекспир «Ай - ең атақты ұры. Күннің нұрын ұрлап алып, өзінікіндей сәуле шашады» деген. Осындай сипаттағы адамдарды да, Аймен салыстырған.
Құдай адамды жаратқан жоқ, адам өзі дүниені танығысы келгендіктен пайда болды(с) Бу Дык Пуль, Буео елінің премьер-министрі
Бүгін бір интеллектуал ойында қойылған мынадай сұрақ ұнады: «Араптар өзгенің киімін киіп алып, өзінікіндей көрсетіп жүретін адамдарды бір сөзбен атайды. Бұл сөз Құранда бірнеше мәрте кездеседі. Түркітілдес елдерде де, әлбетте, бұл сөздің баламасы бар. Бұл қандай сөз екенін, я арап, я қазақ тіліндегі баламасын табыңыз?»
Жауабы деген, енді, үңілуді талап етеді. Құр отырған кезде (очередьте тұрғанда, туалетке кіргенде т.с.с) осыны ойлана жүріңдер.
Қазақстан Ресеймен ортақ +77 деген телефон кодын өзгертпейтін болды. Дереккөз: vlast.kz
"Сен де бір, бәрін қоздырып-қоздырып алып тастап кете береді екенсің" (с) бір досым екінші бір бабник досыма
Өз басым бұндай әдістің көмектескенін көрген емеспін, алайда, өткір проблемаларға қатысты радикал стереотиптер көзімен қарауға рұқсат беруге болатын сияқты. "Все южаны одни жулики", "все мужики - мусоры" д.с. қапқа салып араластыратын айыптауларды көзімді ашқалы көріп келем.
Алайда тап осылай "кілемдетіп бомбалау" - шын алаяқтар мен абьюзерлердің санын азайтуға көмектессе, Алла разы болсын, өмірімнің соңына дейін поқу қарап өтуге разымын. Тек осы постта жазылғандай, конструктив өмір салтымды, қаям да білмей жоққа шығарушылардың көтін айырмауға уәде бере алмаймын.
Жігіттер-қыздар, ренжи беруді доғарып, сендер де солай істеңдер. "Жақсылары да бар ғой" деген аргумент емес, керісінше, қылмыскерге баспана болар тезис болуы мүмкін. Өзіңнің жақсы екеніңді білсең, біреудің алдында ақталып наққа керек, айтыңдаршы?
Таңғы бесте тұратын келіндер
Баяғыда солтүстіктің қазақтары «Сендерде келіндер таңғы бесте тұрып есік алдын сыпырады екен ғой? Не масқара?» деп жабайыны сынаған көзбен қарайтын.
Бірақ таңғы онда терлететін оңтүстікте күннің ыстығынан бүкіл жұрт таңғы бесте тұрып, он бірге дейін бүкіл ісін тындырып, кешкі сағат бес-алтыға дейін ұйықтайтынын білмейтін. Есік алдын күнде сыпырмасаң шөлге жақын оңтүстік өңірінде шаң көтеріліп, топырақ жиналып қалатынын жазы бір ай ғана болатын солтүстік жұрты білмейтін. Бұл қарапайым қоғамдық еңбек бөлінісі. Осындай қарапайым дүниелерді түсінбеген орыс тілді белсенділер феминизмді таратуды дұрыс жүргізбеді. Енді қарапайым қазақтар феминизмді ұлт негіздеріне қауіп төндіретін құбылыс ретінде қарайды. Мұны «Еуропа көрген» біздің белсенділер мен білемін деп жасады. Әйтпесе феминизм басқа измдермен бірге қоғам бөлшегін айналып кетер ме еді? Феминизмді басқаша қалыпта интеграция жасауға болар ма еді?
Түбі дамимыз. Ері әйеліне қол көтермейтін. Әйелдегі эмоционалдық өзгерістерді әйелі де, еркегі де танып тиісті шараларды қолға алатын қоғамға келерміз.
Ғасырлар бойы ер түзде, әйел үйде жүрді. Адам психологиясы, әдет-ғұрпы бір күнде өзгермейді. Ер де әйел де бір-біріне қалай сөйлеу керегін білмейді.
Осы постты бірнеше күн жазып, қайта өшіріп жүрдім. Бірақ еркектерден қысым көретін заманда қор болып жүрміз деп бәрімізді бір қапшыққа салып араластырғаны қатты тиіп кетті. Әйтпесе бір ер адам әйелі мен бала-шағасына зәбір көрсетіп жатса, тоғыз ер адам әйелі мен баласын қатардан кем қалмау үшін тырысып жүр, бір адам қызды қорлап жатса, тоғыз ер адам қыздарды қорғау үшін өлуге дайын. Әсірелемеңіздер, жауластырмаңыздар.
Кеше бір адамға пікір жазып өшіріп тастағаным бар еді:
«Бақшада әсем гүлдер бар, көлеңке беретін, жеміс беретін ағаштар бар, көк кілем болып төселген көгал бар. Бірақ ортада жатқан бір боқ үшін бақшаны ешкім сасық демейді
(c) Facebook, Sabit Baitenov
Болат Назарбаев Жұмаққа түсердей болса әлгі имамдар айтқан хор қыздарынан үміттеріңді үзіңдер. Бөліскенді ұнатпайтын сондай кісі деп естігем.
Repost from N/a
Тышу мен осыруға негізделген әзілдер апам заманнан келе жатқаны бәрімізге мәлім. Әр халық өзінше әзілдейді десек те, осы орайда Жапон халқы бәрінен осыра шапқанын айтып өтуіміз жайыз (әлде хайыз?)
Хе-гассен - жапон жазба мәдениетіндегі юмордың бір бөлігі. Үшбу суреттерде ҰОС (ұлы осырық соғысы), сасық катапульта және т.б. көрнекті мемдерді көре аласыздар.
"Бүгін кешкі асқа ноқат сорпа болды. Осылайша осырзаман басталды" деп жазады сол аласапыранның куәсі болған Жәмете Құдасай атты жылнамашы.
