ar
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

الذهاب إلى القناة على Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

إظهار المزيد
669
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-17 أيام
-930 أيام
أرشيف المشاركات
Байқадыңдар ма (әрине байқамаған боларсыңдар), жасы үлкен кісі берген сұхбаттар бірқалыпты түзусызықты әңгімелер болады әдетте: өз өмір тәжірибесіне басымдық береді, бастан кешкендерін айтады да содан қорытынды жасайды. Қарым-қатынастарды да тек көргеніне сүйене отырып орнатататын сияқты тіпті. Әңгімелеріне қарап маужырап кетесің. Шамалы жас буындар берген сұхбаттарға қарасаң, толған сілтемелер мен цитаталар. Оруэлге бір нұсқайды, Франкенштейнге бір нұсқайд, Кеисеку Хондаға бір нұсқайды. Контекстті білсең жақсы, Құдай ұрып, Роулиңнің әлгі бір кітабының 174 бетінде не жазылғанын оқымаған болсаң, қой болып отырасың не айтқанын түсінбей. Осындай келеңсіздікті жөндемей масондар мен Рим клубы не қарап отыр, түсінбеймін

photo content

photo content

Егер ит екеуің іздесеңдер ше? Жай, жолдас қып алып жүрсең? 😁

❌ итпен іздеу ⁉ искать с собаками ✅ ит қосып / ит салып іздеу

#qazaqdepression Отбасында 5 бала болдық, 4-міз бірге өстік. Күніге таңда мама бізді "ертерек тұрып шайыңды іш, тамақ қалмай қалады" деп оятатын және әдетте бұл блеф болып шықпайтын: кеше кештен қалған тамақ аз қалатын да, кім бірінші тұрса сол жеп кететін. Маубастарға - нан мен сары май, кейде тіпті ол да жоқ. Уақыты-уақытымен бұл жағдай кешкі дастархан басында да кездесетін. Я ертерек әрекет жасайсың, я аш қаласың. Бұл - шымкентскийлердің не үшін пысықай болатындығын түсінуге арналған шағын гайд болатын.

Бишімбаевтың жанында тәуір бір политтехнолог болғанда "қазір бір 10 жыл жаза берсін, сосын шартты түрде 1-2 жыл отырасың да, шу шыққанда тыныш шығарып аламыз" деп айтар еді. Бұрын да бір рет солай жасаған. Аса қамқор, Ерекше мейірімді Елбасының арқасында түрмеден ерте босап шыққан. Меніңше соны айтпады емес, айтты. Соған да көнбей тұрғанына қарағанда кәмгідей охуевший боп тұр ғой, иә?

Бишімбаевтың жанында бір тәуір политтехнолог болғанда "шартты түрде он жыл жаза берсін, сен соның 1-1

"Что построить и что разрушить, И кому, и зачем здесь петь" (с) Виктор Цой, "Нам с тобой" Әдетте авторитар билік қарапайым адамдардың саясатқа қызықпағанын, өте пассив, маргинал топтардың болғанын қалайды. Барынша оятып алмауға, қалыпты өміріне зиян салмауға тырысады: тек биліктің ісіне араласпаса жеткілікті. Бірақ проблема адамдардың үйіне (тура мағынасында) кіріп келгенде, әйелдер өліп жатқанда кез-келген аполитик халық та саясиланып тынады. Бишімбаевтың сотындағы қаралым саны соған дәлел. Ең саясаттан аулақ адамның да қазір сториінде не су тасқыны, не Бишімбаевтың (одан да гей болғаның жақсы еді) соты. Ендеше билік өз көрін өзі қазып жүр. Авторитар болса да, бір әккі, ақылды авторитар саясат жүргізсе де сүйсінер ем, мыналардың қолынан боқ та келмейтін болып шықты. Бұл елде бізге не бар сонда?

#Ииииигоооррь!!! Аноним сұрақ: Біреудің ұйқысын құрметтеу пайызыңды бағалашы
Anonymous voting

#ЛавашЗиялылары Кабинеттерді аралап өскен бюрократ басшы - көше көңіл-күйін көрген харизмат басшыдан әлдеқайда нашар болатындығы туралы зерттеулер әлдеқашан бар (Тоқаевқа - 0 ұпай, Нұр-атама - 1 ұпай). Ақпараттық вакуумде отырып қалғандардың миына Карлсондар жайғасатыны анық болғандықтан, адамдар туралы салғырт/негатив яки арам ойлардың барлығы үйде отырғанда қалыптасатыны жайлы долбарым бар. Күн сайынғы қатынас динамикасы адамдар туралы басқа ойға орын қалдырмауы мүмкін. Тек жалғыз, өз ойыңмен бетпе-бет қалғанда, Иблис малғұн миыңа идеяларды тышуды бастайды: ғайбат, көре алмау, қызғаныш пен жала яки бәрінің миксі; меніңше, тіпті, үйде отырған әйелдердің күйеулерін тынбай қызғануын да осы қатарға жатқызуға болады. Әйтеуір көзіңе қарап тұрған адам туралы жаман ойлау біртүрлі сияқты ғой. Сондықтан, сыртқа шығып, ауа жұтып, қан айналдырып тұрғанға не жетсін. Ойдағы жын-жыпырды адыраспандап тұру мақсатында. Қан айналымы демекші, бір сұраққа - жатып ойланғандағы мен тұрып ойланғандағы жауап ылғи әртүрлі шығады да жатады менде. Ежелгі парсылар бір сұрақты мас күйінде және сау күйінде талқылағанда бірдей жауап алса ғана шешімді қабылдаған деседі. Жатқан кезде де, тұрған кезде де бірдей ойланатын адамның ғана психикасын сау деп табатын ғылыми концепция іздеймін ендеше.

Ажырасқан адаммен тұрмыс құра алар ме едің?
Anonymous voting

#кенеттен Кенеттен тұрмысқа шығып кеткен сыныптасымның әлеу желідегі бұрынғы аккаунтын кездестіріп қалдым. Авасында - бұрынғы жігітімен түскен суреті 😆

"Реалдың" бір матчына кіру үшін билеттің орташа бағасы 70-80 мың теңге. Ал Сантьяго Бернабеу өз ішіне 81 мың адамды сыйдырады. Яки клуб әр 1,5 аптада 6 млрд теңге табады. Бұл - қарапайым уикендтердегі ойындар, ал Манчестер Сити, Барселона сияқты грандтармен ойындарға билеттің орташа бағасы - 300 мың теңгеден астады. Қанша табатынын өздерің есептеп алыңдар 😁

Тағы да саясат туралы қыңқыл Мәскеудегі теракттен соң әлем жұртшылығы кінәні 5-6 жылдан бері қалың ұйқыға кеткен ИГИЛ-ді оятып алып, мойнына іліп жібере салды. Таяу Шығыста соғысып жүргендері болса мейлі ғой, бірақ Хорасан аумағы деген, не керек Орта Азия қанатының өкілдері болып шықты. Яки тәжіктерден құрбан жасай салды. Тәжікстан Сыртқы Істер министрі РФ-ке "асығыстық жасамау" туралы бірнәрсе деп міңгірлегенімен енді ешкім байғұс мигранттардың сөзін сөйлемейді. Өйткені, ең алдымен тәжік ақпарат көздерін, сөйлеймін, Тәжікстан ракурсынан көзқарасымды білдірем деген спикерлердің, пікір жетекшілерінің көзін құртумен айналысқан өздері. Еңбегінің бейнеті тәтті болса жесін енді соны. Елбасылары Рахмон да тәжіктерге "балдарыңды тәрбиелеңдер, мү-мү-мү"деп жатыр, сыртқа сөзін өткізе алмаған соң. Сорлы тиран. Әлем нәсілшілдікке бөлінгенде Украина АҚШ пен Ресей барикаданың бір жағында тұрады. Оларға тәжік пен қазақтың арасындағы айырмашылық аллигатор мен крокодилдің айырмасындай-ақ. Бұл жолы "өркениеттің қас жауы, жабайылар" етіп тәжіктерді көрсетті. Орта Азияда қанша "ақ адам" болып көрінуге тырыссақ та, әлем олай ойламайды. Ендеше екінші сорт екенімізді ұмытпайық. Бар болғаны жолымыз болып, бір жолға ғана құтылып кеттік. Тек әзірше.

Ұлтқа/қазаққа қызмет етем деп жүрген бауырлар, мен де - ұлт едім, қорамды тазалап бересіңдер ме? ☺️

Repost from YerlanGo - 44+
Мұсылман ораза айында жұма күні террор жасады дейді. Исламды білмейтін адамдар сценарий жазатын, қазақты білмейтін адам қаңтар туралы тіге беретін бейпрофессионализм тұнған заман.

Дербсана деген сөзді естіп пе едіңдер?

«Сонда да біздің жігіттерге көп рахмет! Бұл қазақ футболы үшін үлкен жеңіс. Еуроға бармасақ та, осындай жетістік көрсеткенінің өзі ерлік», - деп жазуға 2 күн қалды.

Смартфон, жалпы гаджеттер - оңашада қалғанда жаппай шабуылға шығатын жаман ой, қорқынышты сезімдер мен апатиялардан қанша адамды құтқарып қалғаны туралы статистика бар ма екен осы? Адамның бар ықыласын баурап алатын осы бәле шыққалы жиі көзге түсіп тұратын елестер мен жын-шайтандарды да вниманиеден айырған сияқты