ar
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

الذهاب إلى القناة على Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

إظهار المزيد
669
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-17 أيام
-930 أيام
أرشيف المشاركات
жеңіл болу мен терпила болудың ара-жігі қандай? Жеңіл болуды түсінбедім. Жалпы былай: біреуге пайдаң тигенде өзіңді лох сезінбеуің маңызды. Бұл - шын көңілді, жақсы адам екеніңді білдіреді. Ал қалай майыстырса солай бүгілетін, өз мүдделеріне қарамай біреудің айтқанын жасайтын адам болсаң, иә, скорее терпиласың

адам мәңгілік өз балалық шағында ма? Жоқ. Білмейм, мен мысалы қайтқым келмейді. Егер адам санатына жатсам 😁

біреуден отказ алғанда қандай күйде боласың, қалай қабылдайсың? самооценкаңа тие ме? Тиеді әрине. Жалпы адамдармен контакт аз жасаймын, бірақ отказ алу деген эгомды тұншықтырады. Адамдармен сирек араласатындықтан лох сезінем оның үстіне өзімді, өйткені басқалар да мен туралы +/- сондай ойда екен деп қалам.

кейбір адамдар үнемі қиындыққа тап болып проблема тауып алады, притягивать етеді деп ойлайсың ба? Олай ойламаймын. Көті ауыр адамдар шынымен болады, бірақ сондай адамдарды жеке танысаң, негізгі проблемаларына өзі кінәлі екенін түсінуге болады. Мистика емес, жай, себеп-салдарлық

"Что?Где?Когда?"ойынын қараушы ме едің? Жоқ, youtube-тан қиындыларын көрем. Бұрын өзбекстандық версиясын қарайтын ек, онда да қарайтын түк болмаған кезде ғана

математика әлде физика? Физика қызығырақ маған. Шын математик болу үшін шатырың конкретно жүріп кеткен болу керек, математиканы түсінген адам өмірден безіп кетуге қақы бар былайша

өміріңде мистика болып көрді ме? Болған сияқты. Бірақ бір жағынан ол құбылыстарды логика тұрғысынан да түсіндіруге болады, өзім аса мән беріп, сондай мистика жаратып алғанмын. Болашақты көру, періште қағу, аян түс көру деген сияқты. Бірақ миллиардтық лотореяның джекпот нөмірлері түсіңе кірмеген соң бәрі бекер екен ((

ты одиночка или командный игрок? Как ни странно, я командный игрок (если здесь подразумевается достижение какой-то цели). Я понимаю свою никчёмность в целом, да и команда хороша, когда твои недостатки сильно мешают. А приз делить с другими я не против.

жеңіске жету үшін ештеңеден тайынбайтын наглый, агрессивті боп жеңімпаз болуды құптайсың ба? Сыйақының мөлшеріне қарай деп ойлаймын. Егер Кальмар ойынындағыдай суперприз - өмірің болса, иә, әрине, кез-келген әдіс жақсы. Ал болмағыр шен мен атаққа күйіп-пісіп, репутацияңды отқа тастау шарт емес

байқаусызда адам өлтіріп қойсам не істеймін деген ой бола ма кейде сенде? Жолдас майор, ешқашан да болған емес 🫡

изменщик навсегда изменщик пе сен үшін? Жоғарыда айтқанымдай, адамдардың өзгеретініне ставка қоюға дайынмын. Бірақ реакциясыз қалған қылмыс келесісін туғызатынын да ұмытпау керек. Жұртқа ақыл айтуға шама жоқ, өз басым жазасыз қалмауын құптаймын.

Сол саты.
Сол саты.

Адамзат баласының бір сөзге келіп, келісімде өмір сүруін тілемеген адам жоқ шығар. Бірақ кейде бұған адамзаттың өзі қарсы ма деп қалам. Сонымен. Құдыстағы "Қасиетті қабір" ғибадатханасында қозғалмай тұрған бір саты бар. Құдыс - Палестинада, күллі христиан жұрты Исаны сол жерде айқышқа керілген деп санайды (ғибадатхана да, негізі, оригиналында солай аталады, менің қазақша аудармам қуып кетсе ғафу етіңіз христиан жолдастар), ендеше ол жердегі барлық нәрсе ашық аспан астындағы мұражай болып қалуы тиіс. Әйтеуір гректер солай деп ойлайды. Бірақ, бір қызығы ол жерде гректер ғана емес, ғибадатхананың 6 топтан тұратын иесі бар: - Иерусалимнің грек православ шіркеуі - Католик шіркеуі - Армян апостолдық шіркеуі - Копт православ шіркеуі - Сирия яковит православ шіркеуі - Эфиопия православ шіркеуі BTS блин... Сатыға оралсақ. Не керек, әлгі ғибадатхананың интерьер-экстерьерін өзгерту үшін осы алты бас бір жағадан бас, бір балақтан аяқ шығарып келісім беру керек. Ал әлгі сатының бір емес, екі емес, үш ғасыр бойы (дәлірегі 297 жыл) сол күйі қозғалыссыз тұрғанын есепке алсақ, олардың болашақта да өзара келісе алуы үлкен күмән тудырады. Бір діннің, тіпті бір ақиданың ішінде отырып алып бір сатыны қозғай алмайды деп сөгуден алдын, "кейін жөндеп қараймын" деп сарайға/балконға шығарып тастаған ескі заттарыңды еске түсір (Бұл абзацтың мәтінге қатысы жоқ, жай ұрысқым кеп кетті). Сонда да, бұл мәселені бюрократиялық шимай деп қарастырғаннан бөлек, мәселеге басқа қырынан қарасақ өмірге тағы бір парадокс келеді (гректер ёпта, жүрген жері осы). «Егер бір топ сатыны қалдыруды, ал екіншісі - сатыны алып тастауды қалайтын болса әрі екі таңдаудың бірін жасап сатыны жылжытып я алып тастасақ - бір топтың екінші топтан үстемдігін мойындағанымыз, бұл әділетсіздік болмақ. Ал теңдікті сақтап қалудың бір ғана жолы - статус-кво», - дейді олар. Осы орайда. Барлық топ сатыны қалдыруды қолдаған топтың айтқанын істеді деген сөз емес, статус-кво – қалай бар, солай тұра берсін деген сөз, бұның ешбір топтың қалауына жатқызуға болмайды. Сол, сөйтіп. Отырып-отырып, адамзаттың жарқын болашағына деген үміттеріңе су төккім келіп кетті. Адамзат ешқашан ынтымаққа келмейді. Адам болмайды олар, болды. Соны ертерек түсініп, басқа нәрсе тілесеңдер екен деген ізгі ниет қой менікі.

Сыйлық деген болмағыр нәрсе болу керек деп ойлайм. Пайдалы нәрсе сыйлау керек деген ой ақылға сыйымды, бірақ пайдалы деп бір келі күріш те сыйлауға болады. Адам шын қажетсінетін нәрсесін өзі онсыз да сатып ала алады, ендеше екінші реттік қажет заттарды сыйлау керек тым құрыса. Болмаса сол түкке тұрғысыз картина, әдемі орамдағы туалет қағазы, банкадағы нәски, гүл сияқты фигняларды.

Қандай сыйлық сыйлаған дұрыс? Спойлер: кітап емес. Өз басым дәл осындай ақпараттық ағыннан шатырың жүріп кетуге шақ тұрған заманда жақыныңа кітап сыйлауды - арсыздыққа балап жүрмін соңғы күндері. Ал аяғым, тіпті, адамдар кітапты көрсе құсқысы келетін шығар деп ойлайды. Бірақ ешқандай идея қалмағанда немесе ойлануға ерінгенде таптырмас вариант: кітап дүкенінен біреуін алдың да, аннотациясын оқисың, оқымасаң ол да жоқ, сыртын орап біреуге сыйлай саласың. Кітапты ешкім нашар сыйлық дей алмайды, деп жатса жабылып сауатсыздығы мен кітапты сыйламайтын аса күнәһарлығын есіне түсіріп, буллить етжвересіңдер. Сонда да, бір адамның басына 10 оқылмай шаң басып жатқан кітаптан келетін уақытта тағы біреуін сыйлау деген тіпті фашизм ба деп қалам. Сонымен не сыйлау керек? Хз не сыйлау керегін, әйтеуір кітап сыйламасаңдар болды.

«көзі ашық, көкірегі ояу адамдар атеист болады» деген пікірге тап болдым осы аралықта. сіздің ойыңыз қандай осы туралы? Көзі ашық, көкірегі ояу адамдар барлық нәрсеге күмәнмен қарауға бейім болады. Бұл діншілдікке қарағанда, атеизмге жақынырақ болады деген сөз. Бірақ атеизмнің де өз фанатизмі бар. Сауатты атеист болу өнері де сауатты діндар болу өнері сияқты қиындау, ендеше көкірегі ояу адам басымдықты ешқайда бермесе керек-ті

қанша балаңның болғанын қалайсың? 2-3. Қаржылық жағдайыма қарай. Ұлт тағдыры, демографиясы туралы ойлар мені мазаламайды 😁

Жасыңыз нешеде? 24

Әйел/күйеуіңмен арадағы үлкен махаббат та аяқталуы мүмкін өмір болғасын. қалай более спокойно қабылдауға болад әлде бұған дайын болу мүмкін емес пе? раз и навсегда болғанын қалар едім Нирвананы таныған адамға ұқсатқаныңа рақмет, алайда уақыттың алдын кесіп болашақты болжау қабілетім жоқ, өкінішке орай. Меніңше бақытты боп, өз өміріне көңілі әрдайым толып жүргендер ешқандай да тұрақты бақытты емес, тек өзінің ішіндегі азғын ойларын жеңіп, өмірдің сай-саласы мен биігін таныған адамдар сияқты. Іштей қанағат, көндігу мен тағы бірнәрселерді баланста ұстап жүргендер болмаса, мәңгі бақыт еш жерде жоқ

Тамақ болса жарасы жеңіл екен,сіздей жігітке бүкіл әлемді сыйласа да жарасады ғой 🫶🏻 🥰❤️💋😪🙏🥳💅👌😶‍🌫🥵