cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Qazaqparat

Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
2 942
المشتركون
+924 ساعات
+47 أيام
لا توجد بيانات30 أيام
توزيع وقت النشر

جاري تحميل البيانات...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
تحليل النشر
المشاركاتالمشاهدات
الأسهم
ديناميات المشاهدات
01
🎾 Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Италияда негізгі жарысқа жолдама алды ℹ️ @qazaqparat_kz
280Loading...
02
📔 Кентаулық түлек ҰБТ-дан ең жоғары ұпай жинады Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже. ℹ️ @qazaqparat_kz
1061Loading...
03
⚡Тілеген Әбішев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды ℹ️ @qazaqparat_kz
1050Loading...
04
🏛🏛🏛🏛 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады Ерболат Досаев Алматының биылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы экономикасын әртараптандыру үшін инвестиция тарту, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция мөлшерін одан әрі төмендету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ қаланы сумен қамту мәселесін айрықша бақылауда ұстау қажет екенін айтты. ℹ️ @qazaqparat_kz
1470Loading...
05
❗️❕‼️🔺 Құйылмалы балмұздақ денсаулыққа қауіпті ме – эпидемиолог жауабы Жаздың аптап ыстығында балмұздаққа сұраныс артады, бірақ кейде ол денсаулыққа қауіп төндіреді. «Суық десерт» өткір ішек инфекциясына немесе тағамнан улануға әкелуі мүмкін. 🍦Балмұздақты қалай таңдау керек? 🍦Кәсіпкер балмұздақ сату үшін қандай жағдайлар жасауы керек? 🔗Толығырақ білу үшін мына сілтемеге өтіңіз. ℹ️ @qazaqparat_kz
1480Loading...
06
Нгози Оконджо-Ивеала ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясының төрағасы ретінде халықаралық сауда саласындағы маңызды шешімдерді қабылдауға Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады Президент осы күндері Алматыда өтіп жатқан Орталық Азияның сауда саясаты жөніндегі Екінші форумының өңірдегі экономикалық ынтымақтастық пен сауда-саттықты ілгерілету, сондай-ақ көршілес елдерді көпжақты сауда жүйесіне интеграциялау тұрғысынан мәні зор екеніне назар аударды. 🎖Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеаланың көпжақты сауда жүйесін және Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлін нығайту ісіне қосқан үлесін Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынын атап өтіп, оны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. ℹ️ @qazaqparat_kz
1480Loading...
07
Мемлекет басшысы ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеалаға ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті. ✔️Мемлекет басшысының айтуынша, күшейіп келе жатқан жаһандық протекционизм мен сауда шектеулеріне қарамастан, Қазақстан экономикасы ашық ел ретінде өз позициясын нығайта түсуге ұмтылады. Қазіргі кезде біз әлемнің 180 елімен сауда-саттық жасаймыз. Соңғы үш жылда еліміздің сыртқы саудасының көлемі 53 пайызға ұлғайып, 160 миллиард долларға жетті. ✔️Президент жуырда Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді. Бұл құжат әділ бәсекені күшейтуге, кәсіпкерлік еркіндікті сақтауға және мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтуға бағытталған. ℹ️ @qazaqparat_kz
1390Loading...
08
🇰🇿🇷🇺 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады ✅Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады. ✅Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Еуразиялық интеграцияның келешегі жөнінде пікір алмасты. ✅Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті. ✅Қасым-Жомарт көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды. ℹ️ @qazaqparat_kz
1700Loading...
09
💬 Батыс Қазақстанда киік егістік алқаптарына кіріп кетіп жатыр «Киіктер егінге өткен жылы түсіп, тапаған еді. Биыл да солай. Сонымен қатар Қазақстан, Шежін, Мереке ауылдық округтерінің шабындық-жайылымдарында, Жайықбай каналы бойында 300-500-дей киік жүр. Биыл шөп қою болғанымен, аласа. Оны да киік жеп жатыр», - деді Тасқала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Самиғолла Шүкіров. ℹ️ @qazaqparat_kz
1670Loading...
10
⚡Астанада есірткі қылмысының digital-картасы іске қосылды Оған нашақорлыққа қатысты кез келген ақпаратты жіберіп, хабарлауға болады. «ESBOL» қорының төрағасы Жандос Ақтаевтың айтуынша есірткі тарату туралы хабарлаған азаматтардың жеке басына қатысты ақпараттардың құпиялылығы сақталады. Жоба авторларының айтуынша, картаны іске қосу азаматтық белсенділікті арттыруға және есірткі қылмысының таралуына қарсы күреске бағытталған. ℹ️ @qazaqparat_kz
1900Loading...
11
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерімен арадағы сауда-саттықтың қарқынды өсіп келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді – Былтыр Қазақстан мен Ресейдің сауда көлемі 26 миллиард долларға жетті. Ал Қырғызстанмен арадағы сауда айналымы 1 миллиард 571 миллион долларды, Тәжікстанмен 1 миллиард 130 миллион долларды, Беларусьпен 912 миллион долларды құрады, – деді Президент. ▪️Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысы Ұйымға мүше әр елдің мүддесін ескере отырып, мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын ілгерілетуге және өзара үйлестіруге елеулі үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ Кеңес қабылдайтын құжаттар ҰҚШҰ-ны одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді. ▪️Кездесу барысында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы – Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володин, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы өкілдері Палатасының Төрағасы Игорь Сергеенко, Тәжікстан Республикасының Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомали сөз сөйледі. ℹ️ @qazaqparat_kz
1870Loading...
12
Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен ықпалдастықты нығайтуға ниетті – БҰҰ, ТМД және ШЫҰ-ның салалық құрылымдарымен ынтымақтастықты кеңейту аса маңызды деп санаймыз. Биыл қаңтар айында ҰҚШҰ Хатшылығы мен ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Біз мұны құптаймыз, – деді Президент. ▪️Мемлекет басшысы спикерлерге Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар қоғамның барлық саласын, соның ішінде саясат, экономика және идеология бағыттарын жүйелі түрде жаңғыртуды көздейтінін айтты. ▪️Қасым-Жомарт Тоқаев экономика саласына тоқтала келіп, еліміздің ЖІӨ көлемі 265 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді. – 2023 жылы шетелден 23 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Еліміздің халықаралық резервтері 100 миллиард долларға жуықтады. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша биыл Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 13 пайызға өсіп, шамамен 15 миллиард долларды құрауға тиіс. Жақында мен кәсіпкерлік еркіндік пен бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқарту және бизнес шығындарын азайту арқылы экономиканы ырықтандыруға негіз қалайтын Жарлыққа қол қойдым. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтарды декриминализациялау арқасында бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісі айтарлықтай күшейді, – деді Президент. ℹ️ @qazaqparat_kz
1670Loading...
13
ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының дайындық деңгейі әрдайым жоғары болуға тиіс. Мемлекет басшысы мұны тағы бір маңызды басымдық деп атады – Ұйым төрағасы ретінде ҰҚШҰ-ның басқару органдарының, сондай-ақ күштері мен құралдары құрылымдарының жедел және әскери дайындығын күшейту үшін бірлескен іс-шараларды уақтылы жүзеге асыруға айрықша мән береміз. Биыл күзде Қазақстан аумағында «Мызғымас бауырластық-2024» және «Жартас-2024» оқу-жаттығу жиындарын өткізуге белсенді әзірленіп жатырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ▪️Президент төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі ынтымақтастықты Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы кезінде басымдық берілетін бағыт ретінде атап өтті. – Өңіріміздегі су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай табиғат апатының қаупі қаншалықты зор екенін көрсетті. Қазақстанға оның салдары оңай тимеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, еліміздегі су тасқыны кезінде тілеулестік білдіріп, көмек көрсеткені үшін мемлекеттеріңізге ризашылығымды білдіремін. Біз бұл қолдауды жоғары бағалаймыз – деді Президент. ℹ️ @qazaqparat_kz
1660Loading...
14
Қасым-Жомарт Тоқаев жиында Ауғанстандағы жағдайға айрықша тоқталды ▪️Президенттің пікірінше, қазіргі кезеңдегі стратегиялық міндеттердің бірі – Ауғанстанды өңіраралық байланыстарға белсенді тарту. ▪️Президент бұл мәселеде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің өзара келісілген ұстанымы болуы керек екеніне назар аударып, Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды. ▪️Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманның сын-қатерлеріне қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру қажет екенін ескере отырып, ҰҚШҰ күш-жігерін ұйым жарғысына сәйкес мүше-мемлекеттер үшін барынша өзекті әрі тиісті жұмыс бағыттарына жұмылдыруды ұсынды. Қазақстан аталған міндеттерді Ұйымға төрағалық ету кезеңінде басым бағыт ретінде белгіледі. ▪️Атап айтқанда, Президент терррорлық қауіп-қатермен күресу және ҰҚШҰ-ға мүше елдер азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдау қажет деп санайды. ℹ️ @qazaqparat_kz
1520Loading...
15
🏛🏛🏛🏛 Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесті ▪️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді. ▪️Мемлекет басшысы заң шығару органдарының спикерлеріне ілтипат білдіре отырып, Ресейдің ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Президент басқа елдердің делегацияларын осы бастаманы қолдауға шақырды. ▪️Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық диалог мемлекетаралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. ▪️Мемлекет басшысы бұл мәселеде Қазақстан өз ұстанымынан ешқашан айнымайтынын тағы да растады. Оның айтуынша, ұзақ жылға созылған қақтығыстың жалғыз шешімі – «қос халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде астанасын Шығыс Иерусалим деп белгілеп, Палестина мемлекетін құру. Сонымен қатар Президент палестиналықтардың Ұйымға мүше болу құқығын мойындау туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының биыл 10 мамырда қабылдаған қарарын құптады. ℹ️ @qazaqparat_kz
1820Loading...
16
🇲🇽 Мексикадағы президенттік сайлауда Клаудия Шейнбаум жеңіске жетті ℹ️ @qazaqparat_kz
1950Loading...
17
🧑‍⚖️ Алматыда Гүлмира Сатыбалданың соты басталды Басты сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Г.Сатыбалдадан бөлек оның жүргізушісі Мәди Батыршаев та айыпталушы сотында отыр. Тыңдаулар офлайн режимде өтеді. ℹ️ @qazaqparat_kz
2470Loading...
18
⚡️Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды «Мені қолдағандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Мен үшін бұл өте маңызды қызмет. Біз Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асыру жолындамыз. Соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмаймыз. Жоспарымыз көп», - деді Қайрат Боранбаев өзінің әлеуметтік парақшасында. ℹ️ @qazaqparat_kz
2490Loading...
19
📆 Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым, яғни, дүйсенбіге түсіп тұр. Оразадан 70 күннен кейін тойланатын мұсылмандардың қасиетті мерекесі күнтізбеде қызыл күнмен белгіленген. Сәйкесінше, қазақстандықтар 15, 16 және 17 маусымда қатарынан 3 күн демалады. ℹ️ @qazaqparat_kz
2562Loading...
20
💬 Жайық өзенінің деңгейі Атырау тұсында да төмендей бастады Қазір мұнайлы шаһардағы гидробекеттегі су деңгейі – 5 метр 97 сантиметр. Сондай-ақ, Жаңаталап және Еркінқала ауылдарында Жайық өзені көтерілген жоқ. ℹ️ @qazaqparat_kz
2671Loading...
21
💬 Елордада жыл басынан бері жедел жәрдем қызметкерлеріне 9 рет шабуыл жасалған «Өткен демалыс күндері 103 пультіне жеделдіктің 3-ші санаты бойынша қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасын әйел адам шақырды. Көрсетілген мекенжайға келген уақытта дәрігерлер мас күйінде озбырлық танытқан ер адамды байқады. Жедел жәрдем қызметкері медициналық тексеруге кіріскенде, ер адам фельдшерді ұстап алып, оны бөлмеге сүйреп апарды да, фельдшердің тамағына пышақ тақаған. Екінші фельдшер бұл туралы «Алматы» ауданының кіші станциясының аға дәрігеріне хабарлап, полиция шақырды. Фельдшер полиция қызметкерлері келгенге дейін шабуылдан жалтарып үлгерді», - делінген хабарламада. Осы орайда, басқарма қала тұрғындарын медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетіп, оларға қатысты агрессивті әрекеттерден аулақ болуға шақырады. ℹ️ @qazaqparat_kz
2580Loading...
22
🌤 Жаңбыр, найзағай, жел: 3 маусымда күн құбылмалы болады Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады. ℹ️ @qazaqparat_kz
2721Loading...
23
«Жай ғана алға қадам бас, жолдар өздері-ақ ашылып шыға келеді» 💬 Стив Джобс 🔷Ақмолалық дәрігер Қазақстанға хирургияның жаңа әдісін алып келді 🔗Сілтеме 🔷Олимпиадаға он жолдама: қазақстандық боксшылардың мүмкіндігі қандай? 🔗Сілтеме 🔷Қытайдың Чанъэ-6 зонды Айдың арғы жағына қонды 🔗Сілтеме 🔷Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид» ойыншысы болды 🔗Сілтеме ℹ️ @qazaqparat_kz
3280Loading...
24
⚡️Газада құрбан болған палестиналықтар саны 36,43 мыңға жетті Газа секторында 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалғасып келе жатқан шабуылы салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 36 439-ға жетіп, тағы 82 627 адам жараланды. ℹ️ @qazaqparat_kz
3041Loading...
25
💬 Абай облысында жолдан көлік тоқтатып мініп кеткен әйелдің денесі табылды 26 мамыр сағат 10:00 шамасында Бородулиха ауданындағы Ауыл стансасынан көлік тоқтатып Семей қаласына қарай аттанып кеткен 30 жастағы Динара Досымбекованың денесі бүгін табылды. 1 маусым күні кешке жақындары жоғалған әйелді табуға ақпараттық көмек сұрап порталға жүгінген. Ал бүгін белгілі болғандай, олар полицияға 2 маусымда ғана хабарласқан екен. ℹ️ @qazaqparat_kz
3070Loading...
26
🥊 Олимпиадаға он жолдама: қазақстандық боксшылардың мүмкіндігі қандай? Бүгін Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан 2024 жылғы Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі мәресіне жетті. Сол арқылы тамыз айында өтетін жаһандық додаға баратын былғары қолғап шеберлерінің саны анықталды. Алдағы дүбірлі додада еліміздің атынан он боксшы сынға түседі? Олар жолдамаға қалай қол жеткізді? Алдағы мүмкіндігі қандай? Kazinform тілшісі осы жөнінде таразылап, сараптап көрген еді. ℹ️ @qazaqparat_kz
2890Loading...
27
⚽️ Килиан Мбаппе ресми түрде Реал Мадрид ойыншысы болды Тараптар ортақ келісімге келіп, келісімшартқа қол қойылған. Ойыншыны таныстыру рәсімі келесі аптада өтеді. Мбаппенің корольдік клубпен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырғаны атап өтілді. ℹ️ @qazaqparat_kz
3071Loading...
28
🇮🇸 Халла Томасдоттир Исландияның президенті болып сайланды RUV хабарлауынша, Х.Томасдоттир 34,3 пайыз дауыс жинап, қарсыластарынан басым түсті. Екінші орында 25,2 пайыз дауыспен бұрынғы премьер-министр Катрин Якобсдоттир тұр. ℹ️ @qazaqparat_kz
3100Loading...
29
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 27 мамыр мен 2 маусым аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу ℹ️ @qazaqparat_kz
3220Loading...
30
🥊 Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарына қатысады Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63.5 келі салмақ дәрежесінде молдовалық Александру Парасчивпен жұдырықтасты. Жекпе-жекте отандасымыз жанкүйер сенімінен шығатын деңгейде өнер көрсетті. Нәтижесінде жеңісті төрешілер бірауыздан отандасымызға берді. Есеп – 5:0. ℹ️ @qazaqparat_kz
2991Loading...
31
🥊 Париж Олимпиадасына бокстан тоғызыншы жолдама Назым Қызайбайға бұйырды Қазақстандық боксшы 1/4 финалда Солтүстік Корея боксшысы Канг Су Хуангпен қолғап түйістірді. Шаршы алаң төріндегі шайқаста қазақстандық боксшының басымдығы байқалды. Нәтижесінде төрешілер толықтай оның жеңгеніне қолдау білдірді. Есеп – 5:0. ℹ️ @qazaqparat_kz
2971Loading...
32
💬 ШҚО-да 3 жасар бала суға батып кетті «Жанұзақ ауылындағы Ұлан өзенінде 3 жасар бала суға батып кетті. Алдын ала болжам бойынша бала ата-анасының қарауынсыз қалған», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары ата-аналардан жағалауда, суда балаларын қараусыз қалдырмауды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.  ℹ️ @qazaqparat_kz
2930Loading...
33
💬 Ақтөбе облысының Құйлыс ауылында жағалауды нығайту жұмыстары жалғасып жатыр Ырғыз ауданына қарасты Құйлыс ауылында жағалауды нығайту жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.  ℹ️ @qazaqparat_kz
3050Loading...
34
💬 Ақмолалық дәрігер Қазақстанға хирургияның жаңа әдісін алып келді Сыртқы құлақтың шеміршегін материал ретінде қолданатын бұл әдіс бірнеше артықшылықтарға ие: тезірек сауығып, дыбыс өткізгіштігін жақсартады. Маханбет сонымен қатар, дәстүрлі микроскопты эндоскоппен алмастырды, бұл оған операцияларды тиімдірек және пациенттер үшін минималды салдармен жүргізуге мүмкіндік берді. ℹ️ @qazaqparat_kz
3220Loading...
35
🚀Қытайдың Чанъэ-6 зонды Айдың арғы жағына қонды Алдағы үш күнде құрылғы 2 келіге дейін ай топырағы үлгілерін жинап, содан кейін оларды Ай бетінен көтерілу мүмкіндігі бар құрылғыға жүктейді деп күтілуде. Бұл, өз кезегінде, капсуламен Ай орбитасында түйіседі, содан кейін миссия Жерге оралады. Жалпы 3 мамырда басталған миссия 53 күнге созылады. ℹ️ @qazaqparat_kz
3150Loading...
36
🥊 Валентина Хальзова Париж Олимпиадасына барады Сегізінші жолдамаға Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін, 2 маусымда 1/4 финалда Валентина Хальзова (75 келі) қол жеткізді. ℹ️ @qazaqparat_kz
3222Loading...
37
✉️ Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇮🇹 Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы және Италия халқын осы елдің Ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтады. – Бүгінде Италия саяси-экономикалық іргесі берік, халқының әл-ауқаты жоғары және жаһандық саясатта беделі бекем әрі ықпалды мемлекет саналады. Бұл тұрғыда, еліңіз биыл «G7» дамыған елдер тобында белсенді жетекшілік етіп, жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қомақты үлес қосып отыр. Қазақстан мен Италия арасында орнаған стратегиялық әріптестіктің ерекше маңызға ие екенін атап өткім келеді. Ықпалдастығымыздың қарқынын нығайтып, әлеуеті мол серіктестігіміздің жаңа қырларын ашқан Римге ресми сапарымды ыстық ықыласпен еске аламын, – деп жазылған жеделхатта. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қол жеткізген уағдаластықтарды белсенді іске асыру мақсатында бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың жауапты қызметіне толағай табыс, достас Италия халқына бақ-береке тіледі. ℹ️ @qazaqparat_kz
3390Loading...
Photo unavailableShow in Telegram
🎾 Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Италияда негізгі жарысқа жолдама алды ℹ️ @qazaqparat_kz
إظهار الكل...
🤝 1
Photo unavailableShow in Telegram
📔 Кентаулық түлек ҰБТ-дан ең жоғары ұпай жинады Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже. ℹ️ @qazaqparat_kz
إظهار الكل...
👍 4👏 2🔥 1😍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Тілеген Әбішев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды ℹ️ @qazaqparat_kz
إظهار الكل...
👍 3❤‍🔥 2 1🔥 1👏 1😍 1
🏛🏛🏛🏛 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады Ерболат Досаев Алматының биылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы экономикасын әртараптандыру үшін инвестиция тарту, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция мөлшерін одан әрі төмендету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ қаланы сумен қамту мәселесін айрықша бақылауда ұстау қажет екенін айтты. ℹ️ @qazaqparat_kz
إظهار الكل...
👍 2 2🔥 2🤝 2🙏 1
Photo unavailableShow in Telegram
❗️❕‼️🔺 Құйылмалы балмұздақ денсаулыққа қауіпті ме – эпидемиолог жауабы Жаздың аптап ыстығында балмұздаққа сұраныс артады, бірақ кейде ол денсаулыққа қауіп төндіреді. «Суық десерт» өткір ішек инфекциясына немесе тағамнан улануға әкелуі мүмкін. 🍦Балмұздақты қалай таңдау керек? 🍦Кәсіпкер балмұздақ сату үшін қандай жағдайлар жасауы керек? 🔗Толығырақ білу үшін мына сілтемеге өтіңіз. ℹ️ @qazaqparat_kz
إظهار الكل...
3🤩 2👌 2
Нгози Оконджо-Ивеала ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясының төрағасы ретінде халықаралық сауда саласындағы маңызды шешімдерді қабылдауға Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады Президент осы күндері Алматыда өтіп жатқан Орталық Азияның сауда саясаты жөніндегі Екінші форумының өңірдегі экономикалық ынтымақтастық пен сауда-саттықты ілгерілету, сондай-ақ көршілес елдерді көпжақты сауда жүйесіне интеграциялау тұрғысынан мәні зор екеніне назар аударды. 🎖Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеаланың көпжақты сауда жүйесін және Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлін нығайту ісіне қосқан үлесін Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынын атап өтіп, оны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. ℹ️ @qazaqparat_kz
إظهار الكل...
👍 4🙏 3👌 3
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет басшысы ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеалаға ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті. ✔️Мемлекет басшысының айтуынша, күшейіп келе жатқан жаһандық протекционизм мен сауда шектеулеріне қарамастан, Қазақстан экономикасы ашық ел ретінде өз позициясын нығайта түсуге ұмтылады. Қазіргі кезде біз әлемнің 180 елімен сауда-саттық жасаймыз. Соңғы үш жылда еліміздің сыртқы саудасының көлемі 53 пайызға ұлғайып, 160 миллиард долларға жетті. ✔️Президент жуырда Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді. Бұл құжат әділ бәсекені күшейтуге, кәсіпкерлік еркіндікті сақтауға және мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтуға бағытталған. ℹ️ @qazaqparat_kz
إظهار الكل...
👍 4 3👌 3
🇰🇿🇷🇺 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады ✅Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады. ✅Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Еуразиялық интеграцияның келешегі жөнінде пікір алмасты. ✅Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті. ✅Қасым-Жомарт көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды. ℹ️ @qazaqparat_kz
إظهار الكل...
👍 4🔥 3😍 3🤮 1
00:22
Video unavailableShow in Telegram
💬 Батыс Қазақстанда киік егістік алқаптарына кіріп кетіп жатыр «Киіктер егінге өткен жылы түсіп, тапаған еді. Биыл да солай. Сонымен қатар Қазақстан, Шежін, Мереке ауылдық округтерінің шабындық-жайылымдарында, Жайықбай каналы бойында 300-500-дей киік жүр. Биыл шөп қою болғанымен, аласа. Оны да киік жеп жатыр», - деді Тасқала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Самиғолла Шүкіров. ℹ️ @qazaqparat_kz
إظهار الكل...
👌 4😱 2🙏 2
Photo unavailableShow in Telegram
Астанада есірткі қылмысының digital-картасы іске қосылды Оған нашақорлыққа қатысты кез келген ақпаратты жіберіп, хабарлауға болады. «ESBOL» қорының төрағасы Жандос Ақтаевтың айтуынша есірткі тарату туралы хабарлаған азаматтардың жеке басына қатысты ақпараттардың құпиялылығы сақталады. Жоба авторларының айтуынша, картаны іске қосу азаматтық белсенділікті арттыруға және есірткі қылмысының таралуына қарсы күреске бағытталған. ℹ️ @qazaqparat_kz
إظهار الكل...
👍 3👏 1👌 1