cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Ізгілік жолы⏳

📝📚 Адамнан туып, адам ісін етпей, Ұялмай не бетіммен көрге барам. [Ахмет  Байтұрсынұлы]

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
271
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-27 أيام
-1430 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

"Мен кіммін?" деген сұраққа өзіңе әртүрлі жауап беруге болады. Бірақ, оны ешқашан дүниеге байлауға болмайды. Мен машинасы бар жігітпін (дүние), мен сұлу қызбын (сұлулық), мен бір мекеменің басшысымын (статус), мен миллионермын (ақша), мен блогермын (танымалдық). Өйткені, ертең олардан айрылып қалсаңыз, өзіңізді жоғалтып аласыз. Әрдайым өзіңнің кім екеніңді әуелі Аллаға байлау керек. Оның қызметіне байлау керек. Мен Алланың қызметіндегі адаммын, лайықты құл болуға тырысып жүрген адаммын. Өйткені сен өлсең де, ісің жалғасын тауып кете береді
إظهار الكل...
👍 5
«Салиқалы жар – сенің ұмтылысыңмен келмейді. Расында, ол – Раббысынан шынайы қорыққан пенделерге берілетін ризық». ©️Ибн әл-Мәлики #тілекте_айтылмай_қалған_сөздер)
إظهار الكل...
Білместіктің бәрі надандық болмаса керек. Ой кеңістігінің тарлығы - кешірімді іс. Кешірілмейтін іс - хайуанша тұрмыс кешу. ✒️Ғ.Есім
إظهار الكل...
Адам өзін-өзі жеңе алуы мүмкін, бірақ тағдырын жеңе алмақ емес. ✒️Ғарифолла Есім
إظهار الكل...
Ғапыл боп көп нәрседен бос қаласың, Аңдамай көп сөзімен жүріп өтсең. ✒️Хакім Абай
إظهار الكل...
Алланы таныған адам Оны барлық нәрседен көреді. Шейх Али Умари
إظهار الكل...
Кейбіреулері еркектің күші айғайлау, ұру - деп ойлайды. Сөзсіз, сенде ақша да, физикалық қайрат күш те болу керек, әрине. Бірақ, (1) даналық, (2) әділдік, (3) қарым-қатынаста әр нәрсенің орнын білу нағыз күш. Бұлардан асқан күш көрмедім. Үйде ол нәрсе әйелде ғана болса, билік те соған өтеді. Әр нәрсенің орнын білу үшін көргенді ер болу керек. Көргенді ер болу үшін әулетте, шаруада үлкен істердің басында жүру ләзім
إظهار الكل...
Адам дүние мен ақыреттің балансын жоғалтса, мақсаттары құдайын ұмыттырады. Үнемі дінді еске салып жүретін дос керек
إظهار الكل...
Өлімнен кімдер қорқады және кімдер қорықпайды. Әбу Хазимнен Сулеймән ибн Әбдул Мәлик: «Уа, Әбу Хазим! Неге біз өлімді жек көреміз?» деп сұрады. Сол кезде Әбу Хазим: «Өйткені, сендер дүние рахаттарыңды зәулім сарай етіп тұрғызып, ақіреттеріңді қираған үй қылдыңдар. Сондықтан зәулім сарайдан қираған үйге көшкілерің келмейді»,-деп жауап берді.
إظهار الكل...
Әуелгі байлық - денсаулық, екінші байлық - еркіндік, үшінші байлық - тіл байлығы.. Қаракерей Соқыр Абыз✒️
إظهار الكل...