cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

31 NEWS

📱Әлеуметтік желідегі біздің ресми парақшалар: 🔴YouTube- https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA 🔴Instagram- https://www.instagram.com/informburo31/ 🔴Facebook- https://www.facebook.com/informburo31 🔴Tik Tok- https://www.tiktok

إظهار المزيد
Advertising posts
715المشتركون
-124 hour
-27 يوم
-1030 يوم

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Бірлік күні қарсаңында алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді. «Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» телеарналарының 5 сағаттық тікелей эфирінде тасқын басқан аумақты көзбен көріп, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарының жан тебірентер оқиғалары, табиғи апат аймақтарынан репортаждар беріледі. «Біз біргеміз» телемарафонында Қазақстанның 8 өңірінен: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарынан тікелей қосылым ұйымдастырылады. #Бізбіргеміз #31арна #Информбюро
إظهار الكل...
👍 2😁 1
Халық қарсы: шыққанына 15 жылдан асқан көліктерге такси қызметін атқаруға шектеу қойылмақ Елімізде такси жүргізушілері жүргеніне 15 жылдан асқан көліктермен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін. Сондай-ақ, таксишілер машинасына арнайы белгі қоюуы керек. Және жүргізуші картасы болуы шарт. Қазақстан стандарттау және метрология институты дайындаған жаңа заң жобасы қазір қоғамдық талқылауда. Алайда осы кәсіптен нәпақа тауып жүрген жүргізушілер жаңа талапқа қарсы.
إظهار الكل...
👍 1👎 1👏 1
Жағдай қиын: Жайық өзеніндегі су деңгейі 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін Батыс Қазақстан облысында тасқынға байланысты ахуал күн сайын қиындап барады. Қазір құтқарушылар қауіп төнген аумақтардан тұрғындар мен қорадағы малды әлі де көшіріп жатыр. Себебі, мамандар алдағы күндері Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтеріліп, тоғыз жарым метрге дейін жетуі мүмкін деп отыр.
إظهار الكل...
😢 2👍 1🤯 1
Жамбыл облысында 7 сыныптың қызын жүкті еткен депутаттың күйеуі 20 жылға сотталды Жамбыл облысында жетінші сыныптың қызын жүкті еткен депутаттың күйеуі 20 жылға сотталды. Бір жыл бүркемеленіп, былтыр қозғалған істе бұдан бөлек 13 лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда, анасына айтпай аборт жасатып, еш жерге тіркемей гинеколог жалдаған мектеп басшылары жазадан оңай құтылды. Ал анасы сот үкімін бізден естіп аң-таң.
إظهار الكل...
👍 3
Сұлу қызды көлігіне басып, алып қашқан маңғыстаулық жігіт 4 жылға сотталды Шымкентте қыз алып қашқан жігітке сот үкімі шықты. Желіде танысқан аруды көлікке басып алып қашқан маңғыстаулық азамат 4 жыл шартты жазаға кесілді. Судья айыпталушының сотталмағанын және жәбірленушінің кешірім бергенін ескеріп, осындай шешім шығарыпты.
إظهار الكل...
👏 1🤔 1
Болат Өтемұратов су тасқынынан зардап шеккендерге 10 млрд теңге жіберді Қаражат өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдар үшін үй сатып алуға және салуға жұмсалады. Болат Өтемұратов атындағы қор көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына кезекті 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлетінін хабарлады. Қаражат өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдар үшін үй сатып алуға және салуға жұмсалады. "Мен су тасқыны аймағында орналасқан аймақтардағы төтенше жағдайды қадағалап отырмын. Халыққа шұғыл көмек қажет және біз оны бар күшімізбен және қолда бар ресурстармен қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Қиындыққа тап болған мыңдаған отандастарымыздың қауіпсіздігі мен ертеңіне деген сенімінің кепілі болып саналатын президентіміз алдыңғы қатарда және оның шешімдерін біз әрқашан қолдайтын боламыз", – деді Болат Өтемұратов.
إظهار الكل...
👍 1👏 1🤔 1
«Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты жұлған студент 11 миллион теңге айыппұл арқаламақ Қызғалдақтың құны. Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты қушағына толтырған студент 11 миллион теңге айыппұл арқалауы мүмкін. Сирек кездесетін гүлді жұлғаны үшін 22 жастағы қызға әкімшілік жаза тағайындалады. Оның көлемін сот шешеді.
إظهار الكل...
😱 1
Ұзату тойына барған 200 жуық адам уланып қалды Павлодар облысында тойға барған 200-ге жуық адам уланып қалды. Жүректері айнып, лоқсыған тұрғындар жаппай медициналық көмекке жүгініпті. Қазір 28 адам ауруханада жатыр. Қалғандары амбулаториялық ем қабылдауда.
إظهار الكل...
😱 1
Құлсарыдағы тасқын: су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы табылмай жатыр Атырауда тасқын қаупі әлі де сейілген жоқ. Тек Құлсарының өзінде су астында қалған үйлердің саны үш мыңға жуықтаған. Қаланың 30 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір құтқарушылар, әскерилер мен жергілікті жұрт қапқа құм толтырып, қорғаныс бекеттерін жасап жанталасуда. Өкініштісі су басқан баспанасын көремін деп кеткен екі адам әлі табылған жоқ. Әкесі мен баласын туыстары, төтеншеліктер екі тәуліктен бері іздеп жатыр. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ. .
إظهار الكل...
😢 2
📢Сағат 13:00-де Су тасқынына байланысты “Информбюроның” арнайы шығарылымын көріңіздер. 📲Онлайн эфир: https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA
إظهار الكل...
👍 1