cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

бейпіл тозғанақ

Физиканың заңдарына бағынбайтын бірдеме

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
316
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-27 أيام
-1330 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Находясь в государственном госпитале шейха Рашида в Дубай поняла вот что: Каждая жизнь важна Тут очень много людей. С переломами, с открытыми ранами, сидящих в колясках и закрывающих белым полотном Увидела страх в глазах у старика, которого закрывают белым одеялом. Ведь в конце концов мы все окажемся в белом одеянии. Строитель который работает в жару 40+ находящийся без сознания напомнил мне насколько мы находимся во власти своего тела и природы Потерянность в умах людей, мед персонал уставший и не удивляющийся происходящему И все люди находящиеся здесь надеются на лечение Берегите себя и своих близких
إظهار الكل...
Көңілімнің көгін улы түтін тұмшалаған түнде бар ойым оның айналасында. Шын махаббаттың басты шарты шартсыз сүю екенін білсек те, неге мен оған сонша үміт артамын? Иә, қазіргі сәттен барынша ләззат алып, жастықтың отына бірге күю жылы естеліктер қалдырады. Бірақ соның артында «біз» деген ұғымның жалғасы бар ма, әлде жоқ па, одан дәнеңе де күтпеуді қанша қаласам да, жаным жылу сұрап тұрады. Өмірімдегі аласапыран кезеңде қанатының астына алып, менің тыныштығым болған еді. Ал қазір сол тыныштығымның өзі жаныма жападай жоса-жоса жаралар қалдырып жүргенін біледі ме екен? Мен білемін, ол мендік болмаса да бақытты бола алатынын. Ол біледі, менің жаным басында қиналып, соңынан өз бетінше өмір сүруге бейімделіп кететінін. Пенде бәріне төзеді екен, ең жақындарыңнан көңілің теріс айналған кезде сол адамнан пана іздейтін жүрек ендігі өзіне өзі қорған, өзіне өзі тіреу мен тыныштық болуға үйренер.
إظهار الكل...
Алматыдан ауылға барар жолда тоқтап ішетін Тарғаптың салқын көжесін сағынып жатырм
إظهار الكل...
Осыдан тура екі жыл бұрын оны күтіп отырған сәтім: үлкен Мегадағы коньки тебетін алаңға қарап Аристотельдің Метафизикасын ақтарып отырмын, неге сонша сәл затты қиындата берген деп шүйлігіп. Ойымды жинақтап кітапқа бұрмақ болдым. «Адамдар туылғанынан білуге ұмтылады». Мен де Сол адамды тануға құштар едім, ол кезде тіптен, бойыма жаңадан дарыған сезімдердің ішімде кеш келген көктемдей бозқараған иісін аңқытып жатқанын ол қайдан білсін? Осы сәтте Құрманайдың дауысы шарықтап: «Сағындым сені, сағындым еркем, Қызғалдақ толы көктемде …»- ойнап жатыр, жүрегім алабұртып осы әуеннің ырғағымен асқақтап бара жатты, кітап жайына қалды. Әуен аяқталып жатқанда оның келе жатқанын көрдім, сондағы қалауым—кітапқа соңғы рет қарап қалу, өйткені ол жанымда болса бәрін ұмытатынын түсініп, асығып көз жүгіртіп жатырмын. «Жалғыз іздену–тәжірибе, бірге іздену–өнер». Екеуміздің бөлек жүріп тәжірибе жинап, қосылған кезде көп нүкте емес, көп сұрақ болғанбыз. Ал қазіргі біздің ізденіп, тапқанымызды өнер деп айтуға дәл келеді. Араға екі жыл салып, оқыған сөздерімнің мәнін түсініп, әуеннің әніне емес, сөзіне мән беріп қарадым. Енді ғана ұқтым. Сағынған сәтте бәрі де жылы көріне ме өзі? Терден жылтыраған маңдайы, «көп күтіп қалдың ба?» деп тынысын тыныштандыруға тырысып тұрып айтқаны есімде. Сол күні басымды алғаш рет оның иығына абайлап қана қойған болатынмын, кім білген оның алғаш басымды тіреген кезден-ақ мендегі көп жауапкершілікті өз иығына алғанын. Арамызды дәл қазір 3582 шақырым алып, ол Еуропаның, мен Азияның ауасымен тыныстап жатқанымызға қарамастан, жаныма тыныштық сыйлайды. Жаным, таң болып келіңізші, сізді Астананың желі билеткен жазғы көйлекпен қарсы аламын. Жүрегіңіздің қағысын өз құлағыммен еститін күндерді сағындым🫀 Шілденің ыстық таңында жүздескенше🌄
إظهار الكل...
Бірінші осы әуенді қосып алыңдар, лоңрид жазбағалы көп болды ✨
إظهار الكل...
Dosmukasan - Sagyndym Seni 1971

Сені не жағдай болмасын ақтап алу–Құдайдың маған берген қасиеті. Мінезіңнің үшкір қырларын тегістеп, саған әрдайым тіреу болғым келді. Кейін сенің мықты екеніңді түсінгенде жаныңда әлсіз болуға өзіме рұқсат бердім. Сене бастадым, менің әлсіздігімді көтере алатыныңа. Саған сенгенім сонша, сенен басқаның бәрін бірдей көретінмін. Ал бүгін сен өзің құзға қарай бірінші қадам бастың. Сені ақтап алатын қасиетім өзіме лағынет болды. Білетініңдей мен құрттағандар мен оттағандарды жақтырмаймын. Қанша бауыр бассам да, тамырыңмен қосып жұлып тастайтынымды да білесің Ендеше ойнама менің сеніміммен
إظهار الكل...
Ботам, қалың қалай? Мен сені ұмытып кеткен жоқпын, қошақан🤍 Ал сен ше? Бірге түндерде сыр ақтарған сәттеріміз есіңде ме? Сенің арқаңда әлемнен өзім күтпеген көп шуаққа бөлендім. Саған түсірген суреттерімді көрсету ұнайтын. Сенімен сөйлескеннен өзімді жалғыз сезінбейтінмін, өйткені сен әрдайым менің сырым мен мұңымды құлақ түріп тыңдайтын едің. Ал кейін өмірімде ұзақ үнсіздік орнады. Бастысы, ботам, мен өзіме қайтадан жақындап келемін, ол дегенім, саған да бір табан жақындауым❤️‍🩹 Күткеніңді білем, сағынғаныңды да🌿 Мен жақында ораламын, сәл күт
إظهار الكل...
Жадымда орын бекіткен естеліктер көп емес. Соның бірі сенің менің жанымның түбіне сүңгіген көзқарасың еді. Мамырдың алғашқы күніндерінің бірінде терек тозаңдарын айналдыра сенің шашыңтарыңнан сыйпалаған желдің иісі әлі де есімде. Сол күні саған есті ғашық болғанмын. Әлі басталмаған махаббат әуенінің бір күні бітерін біліп, жіберуге дайын болдым сені бөтен бөктерге. Ал сен жанымда ұзақ тұрақ таптың, ал жадымнан сені көшіріп жіберсем, шатырым да сенімен бірге көшіп кететіндей, білем бұл тәуелділік. Мендегі сезінулердің ең ауыры—сенсіз қалу. Сенің иісіңді, еркелегеніңді, құшағыңды сезбеу; Сенің кететініңе өзімді қанша дайындасам да, жүрегім қабырға тесіп «мені өзіңмен алып кет, жоғалтып алмашы, ұмытпашы» дейді. Ал сен жанымда жүріп те менің бар екенімді ұмытып кеткендейсің
إظهار الكل...
00:28
Video unavailableShow in Telegram
video.mp43.65 MB
Өзімді өзім секілді сезінбеуден жалықтым.
إظهار الكل...
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.