Электронды кітаптар | ҚАЗАҚША
الذهاب إلى القناة على Telegram
EPUB | MOBI | PDF | AZ3W | және басқалары... Жарнама алу үшін: @beteki_admin
إظهار المزيد5 391
المشتركون
+1424 ساعات
+1677 أيام
+31730 أيام
أرشيف المشاركات
Аты: Кішкентай ханзада
Автор: Антуан де Сент-Экзюпери
Кітап жанры: Шетел әдебиеті, романтика, философия
Біз есейген сайын өзгеше ойлана бастаймыз. Балалық шақтағыдай емес әлде қайда күрделірек. Айналамыздағы мәселелермен әуре болып жүріп, өз өмірімізді де күрделі мәселеге айналдырамыз. Уайымсыз, еркін балалық шаққа оралып, бүгінгі ересек күніңізге балалық көз қараспен қарап көрдіңіз бе? Жауабыңыз «жоқ» болса,онда сіздің әлі де мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сізге француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзадасын» оқуға кеңес беремін.
@electrondy_kitap
Біз бұл парақшаға тақырыптан тыс артық нәрсе салмаймыз.
Сол үшін барынша тіркеліп, достарыңызға таратып отырыңыздар🫶🏻
Аты: Шұғаның белгісі
Автор: Бейімбет Майлин
Кітап жанры: Әңгіме мен мақала, хикаят, проза, қазақ классикасы
Көрнекті жазушы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің шығармалары оқырмандарға кеңінен таныс. Қаламгер проза жанрының дамуына үлес қосып, қалың жұртшылыққа көркем әңгімелерін ұсына білді. Әсіресе әйел-ананың жанкешті тағдыры мен өмір шындығы, заман тынысы және халықтың әлеуметтік жағдайына баса назар аударады.
«Шұғаның белгісі», «Күлпаш», «Қырмызы», «Әже», «Зейнештің серті», «Бір суреттің тарихы», «Баянсыз бақ» және т.б. әңгімелерін осы кітаптан оқи аласыздар.
@electrondy_kitap
Аты: Күншілдік
Автор: Немат Келімбетов
Кітап жанры: Хикаят-диалог
Немат Келімбетовтің «Күншілдік» шығармасы — адам бойындағы ең жат, пасық мінездердің бірі — күншілдік (іштарлық, көреалмаушылық) дерті мен оның қоғамға, адам психологиясына тигізер зияны туралы жазылған терең пәлсапалық-психологиялық эссе-диалог.
Жазушы бұл еңбегінде адам жанының қараңғы тұстарын ашып көрсетіп, рухани тазалық мәселесін алдыңғы орынға қояды.
@electrondy_kitap
Аты: Ұйқым келмейді
Автор: Оралхан Бөкей
Кітап жанры: Әңгіме, классика
Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» әңгімесі – өткен өмір соқпақтарына ой жіберген жанның өксікке толы өкініші жайлы туынды. Ғашықтық пен құмарлықтың, адалдық пен қиянаттың, үміт пен түңілістің қақтығысы оқырманды адами биік идеалдар турасында толғануға жетелейді.
💬анонимді пайдаланушы:
2014 жыл. 11-сыныпта Оралхан Бөкейдің “Ұйқым келмейді” деген кітабын оқып шықтым. Санамда шегеленіп қалды. Мінезіме әсер етті. Сұлу адамдарға бәрінің ынтық, құмар келетін түсіндім, шынайы сүйе білу керек екенін ұқтым.@electrondy_kitap
Аты: Сүйекші
Автор: Дулат Исабеков
Кітап жанры: Повесть
Дулат Исабековтің шығармаларында қоғам, әлеумет, не тарих емес, адам жаны әрдайым басты планда. Ол өзінің әңгімелері мен повестерінде жұрт ішінде жүрген, бірақ сол жұрт байқай бермейтін елеусіз жандардың ішкі жан-дүниесін, олардың тауқыметті тағдырын терең суреттейді. Мәселен, қолыңыздағы кітапта берілген «Сүйекші» повесінің кейіпкері Тұңғыш сияқты диуана, қабір қазушы секілді кәсіптен несібесін айырған жандардың арман-мұраты, тыныс-тіршілігі көп адам үшін беймәлім. Жазушының қырағылығы мен шеберлігі болса керек, адамдар арасындағы осындай «Үндемес» жандардың басындағы мұң-зарды, трагедияны бір ғана кейіпкердің баянсыз ғұмыры арқылы бере білген. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.
@electrondy_kitap
Аты: Пайғамбарлар тарихы
Автор: Қалмахан Сейтұлы
Кітап жанры: Діни әдебиет
Қолыңыздағы кітап адамзатқа жіберілген пайғамбарлардың өмірін танытуды көздейді. Адам атадан (а.с.) бастап, соңғы елші Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дейінгі (Құранда есімі аталған) пайғамбарлардың ортақ жіберілу мақсаты түсіндіріледі. Бұл қасиетті міндеттің өзіндік қиындықтары, әр қауымның өмір тарихы, тағдыр-талайы, наным-сенімдері мен ерекшеліктері кеңінен сөз болады. Еңбек жалпы оқырман қауымға арналған.
@electrondy_kitap
Аты: Арпалыс. Волоколамск тас жолы
Автор: Александр Бек
Кітап жанры: Тарихи роман, деректі шығарма
Бұл шығарманың басты кейіпкерлері – Панфилов дивизиясындағы жеке батальонның жауынгерлері. Батальонды ұлты қазақ, комбат – Бауыржан Момышұлы басқарады. Бұрынғы артеллерист, батарея командирі, жаяу әскерлер батальонын басқарып көрмеген Бауыржан үшін 1941-ші жыл әскери шеберлігін шыңдау мектебі болды. Оған өз сарбаздарының тағдырын шешуге, жан-жақтан жиналған әр алуан адамдарды өз ырқына бағындырып, бәрінің басын біріктіріп, жұмылған жұдырықтай етуіне тура келеді. Қорғана жүріп, тайсалмай шайқасуы нәтижесінде Момышұлының батальоны Панфилов дивизиясындағы резервтік күшке айналады және жаудың күш-қуатын мейлінше әлсіретіп, оның Волоколамск ауданынан Мәскеуге шабуылдауын тежей тұруға жауынгерлік тапсырма алады. Адамдар шығыны мен майдандағы күрделі ахуалға қарамастан, батальон берілген тапсырманы абыроймен атқарып шығады.
@electrondy_kitap
Аты: Күншілдік
Автор: Әлжаппар Әбішев
Кітап жанры: Әңгімелер, Төрт перделі драмалық пьеса
Жемістері мəуелеп тұрған кең аула. Ауланың сол жақ шеті Келиманның жаңа салынған үйіне тіреледі де, екінші жағы қою ағашқа айналып алыстап кетеді.
@electrondy_kitap
Аты: Сүлеймен Қарақшы
Автор: Әбдәкімұлы Момбек
Кітап жанры: Заманауи қазақстандық проза, Хикаят
Кiтаптағы басты кейiпкер - Сүлеймен өмiрде нақты болған адам. Ол халық ұғымындағы сүйкiмсiз атау - қарақшы деген лақапты өз атына әлдебiр себептермен iлiктiрiп алғаны болмаса, оның барлық iс-қимылдары, ой-әрекеттерi – ел мен жұрттың жоғын жоқтаудан, кедейге жақ, сараңға өш, зорлықшыға қас, басбұзарға қарсы күресуден тұрады. Өмiр бойы жан тыныштығын таппаған ол, 1917 жылы үкiмет басына келген қызылдармен де, олармен шайқасқан тау басшыларымен де алысқа түскен. Өзiн Құдайдан басқаның бәрiнен азатпын деп ұғынған Сүлеймен ғұмыры өте күрделi болған.
Қолдарыңыздағы кiтап сол күрделi ғұмырды қызықты һәм тартымды тiлмен баян етедi. Кітап барша оқырманға арналады.
@electrondy_kitap
