cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Qazaqstan.tv

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
53 534
المشتركون
+3824 ساعات
+4087 أيام
-230 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

⚡️Тергеу изоляторында терроризмді насихаттағаны үшін тағы 6 жылға сотталды Террористік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін Қазақстанның үш азаматы сотталды. ▪️3 және 7 маусымда терроризмді насихаттау фактісі бойынша Шымкенттің екі тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. ҰҚК мәліметінше, олар айналасындағыларға және мессенджерлер мен әлеуметтік желі арқылы радикалды діни материалдарды таратқан. ▪️11 маусымда осыған ұқсас қылмысы үшін түзету мекемесінде отырған елорда тұрғыны 6 жылға қосымша бас бостандығынан айырылған. Ол ақпанда билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында жалдауға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға көпшілік алдында шақырғаны үшін 20 жылға сотталған. Алайда тергеу изоляторында заңсыз әрекеттерін тоқтатпаған және камераластарына терроризм идеологиясын таратқан. @qazaqstantv
إظهار الكل...
👍 1🔥 1🤯 1😱 1
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿Қазақстандық жеті жеңіл атлет Париж Олимпиадасына жолдама алды Жанна Мамажанова (марафон) мен Нора Джеруто (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру) іріктеу нормативін орындады.  Қалған атлеттер Олимпиада ойындарына рейтинг арқылы өтті. Одан бөлек, Парижде Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеев (екеуі де биіктікке секіру), Ольга Сафронова (200 метрге жүгіру), Дэйзи Джемпекей (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру және 10000 метр) сынға түседі.  @qazaqstantv
إظهار الكل...
7👍 4🙏 2
01:07
Video unavailableShow in Telegram
Күзде Астанада Димаштың жеке концерті өтеді Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек.Дүние жүзінің 100 ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп күтілуде. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен , «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі»,-деді Димаш Құдайберген.
إظهار الكل...
IMG_2933.MP45.82 MB
30👍 7🔥 4😍 2🤣 2🎉 1
02:10
Video unavailableShow in Telegram
Қазақстан - Қытай келісімі: 31 құжатқа қол қойылды Астанада «Лубань» шеберханасы ашылады. Былтыр алғашқы шеберхана Өскеменде іске қосылған. Негізі «бір ел бір шеберхана» қадиғасын ұстанатын Қытай билігі Қазақстанмен тығыз байланысын ескеріп, екінші шеберхана ашуды жөн көрді. Орталықты жабдықтауға Қытай толығымен өз мойнына алған. Екі ел басшылары Астана халықаралық университетінің базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалын ашты. Алғашқы 100 студент осы күзде оқуын бастайды. «Ақорда» бағдарламасының толық нұсқасы Qazaqstan TV YouTube арнамызда.
إظهار الكل...
ШОС 4.mp4151.60 MB
👍 7 2
01:46
Video unavailableShow in Telegram
28 жыл бұрын Қ.Тоқаев ШЫҰ-ның құжаттарын дайындауға қатысқан 1996 жыл. Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан «Шанхай бестігін» құрды. Мемлекеттерге шекараны бекіту, әскери салада сенімді нығайту үшін сол тұста мұнай ұйым аса қажет болды. Дәл сол жылы сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымды құру шараларына атсалысып, келіссөздер жүргізуге, ұйым құжаттарын дайындауға қатысқан. Ал 2024 жылы Мемлекет басшысы ретінде ШЫҰ Саммитіне Қазақстан атынан төрағалық етті. Толық нұсқа:
إظهار الكل...
ШОС 2.mp4127.15 MB
👍 5 4
08:06
Video unavailableShow in Telegram
«Домбыра біздің тойда көңіл көтеретін аспабымыз емес» Мемлекет басшысы бүгін өзінің Twitter әлеуметтік парақшасынада қазақстандықтарды Домбыра күнімен құттықтап, «Домбыра төрден түспесін!» деп жазды. Жалпы домбыраның шығу тарихына қатысты аңыз көп. Алтайдан табылған ежелгі домбыралар аспаптың кем дегенде 6 мың жылдық тарихы барын көрсетті. Ал домбырадағы ән-күй мен жыр-термеде қазақ халқының тарихы тұнып тұр. Күйші, ақындар қазақ халқы өз тарихын қағазбен, қаламмен емес күймен жазғанын айтады. Біз домбыраға ғылым тұрғысынан қарауымыз керек екенін алға тартады.
«Домбыра біздің жиын тойларда көңіл көтеретін аспабымыз ғана емес, ол қанша ғасыр қазақтың жан серігі болған. Патшалық Ресейдің кесірінен 20 ғасырдағы батыс өлкелердегі Иранға көшкен, Түркіменстанға көшкен қазақтардың да осы домбырамен бірге зарлауы, жырау Сүгір Бегендікұлының өзінің кесікбас деген домбырасы қазақтың қайғы-шерін бірге арқалап келген»,-дейді ақын Дәулеткерей Кәпұлы.
إظهار الكل...
Домбыра.mp449.49 MB
👍 12 2🔥 2
06:30
Video unavailableShow in Telegram
Президент Әзербайжанда өткен ТМҰ бейресми саммитіне қатысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Әзербайжан Президентінің Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратынан басталды. Мұнда Қазақстан Президентін Ильхам Әлиевтің өзі қарсы алды. Саммит тақырыбы «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру». ҚР Президенті Каспий және Арал теңіздеріндегі экологиялық мәселелерді шешу үшін бірлескен күш-жігер қажет екеніне назар аударды.Сондай-ақ Қазақстан шиеленіскен тараптарға арағайын болуға әзір екенін де жеткізді. «Мен Әзербайжан мен Армения елдері арасындағы бейбітшілік орнатуға бағытталған оң үрдісті ерекше атап өткім келеді. Біз татулыққа бастайтын қадамдарды барынша құптаймыз. Баку мен Ереван арасында бейбіт келіссөздер жүргізу үшін өз алаңымызды ұсынуға әрдайым дайынбыз»,-деді Президент. Бұл жиынға Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қатыспады. Оған себеп түрік басшысының Германияда өтіп жатқан EURO-2024 додасына жанкүйер ретінде баруы.
إظهار الكل...
Cfvvbn.mp441.56 MB
👍 9 3
Елімізде Ұлттық домбыра күніне орай 200-ден астам іс-шара өтті Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мереке күндері Қазақстанның әр өңірінде Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтті. Жыл сайын ұлттық аспапқа деген қызығушылық артып келеді. Мәселен, Ақмола облысында «Домбыра, жүрегіммен үндес едің...» атты мерекелік концерт өтті. Оңтүстік астананың қонақтары мен тұрғындары «Домбыра – асыл қазына» көшпелі көрмесін тамашалады. Көрмеде Абай Құнанбаев, Дина Нұрпейісова, Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлы және т.б. көрнекті тұлғалар домбырасының көшірмелері ұсынылды. Жамбыл облысында «Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ – домбыра» атты мәдени іс-шаралар мен мерекелік концерттер өтті. Қазақстанның шығысында «Әнші қала» байқауы басталып, тақырыптық жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Маңғыстау облысында «Күмбірле, қоңыр домбыра» гала-концерті өтті, сондай-ақ мәдениет қайраткерлер қатысқан дөңгелек үстел өтті. Қостанай облысында да «Күмбірле,қоңыр домбыра» іс-шарасы өтті. Сондай-ақ, облыс домбырашылары арасында музыкалық байқау ұйымдастырылды. Ақтөбе облысында өскелең ұрпаққа «Домбыра – бабалардан жеткен мұра» атты танымдық іс-шара өткізілді.
إظهار الكل...
13👍 9
02:01
Video unavailableShow in Telegram
Жамбылдық жас шебер бір жылда 500 домбыра жасады Алмас Байжанов бұған дейін электр көзін жалғайтын энергетика саласының маманы болған. Ол бір жыл бұрын өз шеберханасын ашты. Бүгінде қолынан шыққан домбыра саны 500-ге жетеді.
«Жақсы домбыра шығу үшін жаның таза болу керек. Домбыраны шын көңілмен бастап, ақшаға емес, тапсырыс берушінің сенімін ақтау үшін жасасаң бәрі дұрыс болады. Жалпы домбыра жасау үшін 2-3 күн кетеді»,-дейді шебер.
إظهار الكل...
шебер.mp450.18 MB
👏 16👍 6 4🤷‍♂ 1🤝 1
00:56
Video unavailableShow in Telegram
Дамудың «Алтын кезеңі» Қазақстан - Қытай келісімі: Тауар айналымы 41 млрд доллардан асты Қытайдан Құрық порты арқылы: Транзиттік әлеуетіміз қаншалықты артты? 100 студент қабылданды: Қазақстандағы Бейжің университетінің филиалы қашан жұмыс істей бастайды? Төрткүл дүние дидары Астанада: «Шанхай бестігінен» ондыққа жасалған қадам. ШЫҰ + форматындағы алғашқы кездесу қалай өтті? Саясаткерлер мәлімдемесі мен ең маңызды сәттер - «Aqorda» бағдарламасында. Бүгін 20:50-де.
إظهار الكل...
IMG_5065.MP418.94 MB
8👍 7 1🤔 1
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.