cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Zakon.qaz

Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
1 487
المشتركون
-424 ساعات
-77 أيام
+1330 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

😍 Биыл 11-сыныпты 186 мыңнан астам түлек бітіреді Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева айтты. «22 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім, техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірлік үстінде. Бұл ұйымдарда биылғы оқу жылында 5 миллионнан астам бала білім мен тәрбие алды. Осы жылы 341 мыңнан астам түлек 9-сыныпты аяқтайды, олар алдағы уақытта 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайтын болады. 11-сыныпты 186 мыңнан астам түлек бітіруде. Олар енді болашақ мамандықтарын таңдайды», – деді ол. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
إظهار الكل...
🥰 2
☝️Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратқа қатысты жауап берді. «Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс өндірісте жоқ», – делінген хабарламада. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
إظهار الكل...
1
❗️Жайықта су деңгейі көтеріліп, Атырау-Орал тас жолында қозғалысқа шектеу қойылды 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
إظهار الكل...
👍 1
😍 Майқайың алтын кен орнындағы екі құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданды 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
إظهار الكل...
1
⚜️Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жастарды қолжетімді баспанамен қамту мәселесін көтерді 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
إظهار الكل...
🔥 2👏 1
⚜️Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы және CLASS Group компаниясы байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Мемлекет басшысының айтуынша, Германия Қазақстанның Еуропа Одағындағы стратегиялық серіктесі саналады. Сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып келеді. Неміс бизнесі Қазақстандағы үлесін кеңейтуге қызығушылық танытып отыр. Президент былтыр Қазақстанға Германиядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 64 пайызға өсіп, 770 миллион долларға жеткенін атап өтті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
إظهار الكل...
1
😳 Әблязовтың тағы бір сыбайласы Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен оралды Ол «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма Төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған. Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады. Осы жылдың 15 мамырында ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді. Күдіктінің ерікті түрде оралуын, кінәсін толық мойындауын және тергеумен ынтымақтастығын ескере отырып, Богдановқа қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгертілді. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
إظهار الكل...
👍 2😱 1
⚜️Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарады 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
إظهار الكل...
1
😳 Солтүстік Қазақстан облысында аудандардың бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысы ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олар қамқорлығы үшін кәсіпкерден 10 млн теңге көлемінде пара алған болуы мүмкін. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
إظهار الكل...
😡 2
🤦🏻‍♂️ Өскеменде қызметтік көрсеткішін жақсарту үшін жалған хаттама толтырған полицей сотталды Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 416-бабы 2-бөлігімен (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адам жасаған бұрмалау) кінәлі деп таныды. Оған 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 2 жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
إظهار الكل...
🔥 2😱 1