cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Киностан ️

Кино және соның төңірегі: ойлар, рецензиялар, шолулар, т.б.

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
312
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
+27 أيام
+130 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Қазақ каскадерлері Ридли Скоттың "Напалеон" фильмінің түсірілімінде Фото иесі: Nomad Stunts
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Былтыр қазақ театр өнерінде сенсация болған SEN мюзиклі қайта сахнаға шығып жатыр. Желтоқсанда Алматы мен Астанада ArtKoshe театры бірнеше қойылым қояды. Қапы қалмаңыздар!
إظهار الكل...
🔥 5
Photo unavailableShow in Telegram
"Star Wars", "Терминатор", "Мен Роботпын" сияқты ірі жобалар мүлдем түсірілмеген, мүлдем болмаған әлемді елестетіңіз. Елестеттіңіз бе? Ендеше сол франшизалар жоқ әлемде мына "Жаратушы"/"The Creator" тамаша картина деп саналар еді. Өкінішке орай, бұндай фильмдер қаншама креатив қосса да — қайталанба, екінші сортты болып қала бермек. Өйткені бұның бәрі айтылып қойған, көрсетіліп қойған.
إظهار الكل...
👍 2
европа президенттердің қолын алған адам какой то бандюганды сіксін ба
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
- "Оппенхаймерге" атақты жұлдыздардың нешеуін шақырайық? Кристофер Нолан: ИӘ!
إظهار الكل...
🔥 7
❌ кинолар ⁉️ кино - жанр, ол біреу-ақ ✅ фильмдер
إظهار الكل...
👍 4💯 3
Техникалық жағынан өте сапалы жасалған қазақ мультфильмін алғаш көруім. Егер Pixar түсірген десе — мен сеніп қалар едім. Суреті сапалы ғана ғмес, сюжеті де тамаша. Диалогтар жоқ, сондықтан бұны әлемнің кез келген көрермені аудармасыз түсінеді. https://youtu.be/EdsC5J-FzJ8?si=CdIOwcCcHtI-8Fin
إظهار الكل...
Animated Short Film - SHYRAQ (SUB)

If you liked the film, consider supporting us at the Suzanne Awards Festival at BCON2023 by putting your honest star rating in the link below:

https://conference.blender.org/2023/festival/entries/vote/#528

Егер Сізге фильм ұнаса, туындымызға Suzanne Awards Festival at BCON2023 сайтынан әділетті баға беруіді ұмытпаңыздар:

https://conference.blender.org/2023/festival/entries/vote/#528

#ARAstudios #AnimatedShortFilm #Shyraq #blender3d

11👍 2
5 жыл күткізіп, ақыры шығыпты "Әміре". Киноға шыққанда бара алмап едім. https://www.youtube.com/watch?v=m2vCuQu0DdM Комментке фильм туралы пікірімізді жазсақ жақсы болар еді.
إظهار الكل...
"Амре" (реж.Д.Веспа 2018 ж.)

Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. 1925 жылы Париждегі Exposition Internationale des Arts Decoratifs et Industriels Modernes аясындағы дүниежүзілік музыка конкурсына аттанады. Бөтен елде әнші ретінде мансабын бастамақ болған бас кейіпкердің ұлы жолы саяхаттан басталады. Париждегі дүниежүзілік конкурс көп таланттарды жиса да, олардың көбі Әміре Қашаубаев сияқты дарынды болмаған. Ең үздік драма теноры болу мақсатына жету жолында ол бәріне дайын болған. Әміре Қашаубаев КСРО делегациясы қатарындағы өнерпаздар арасынан топ жарып, екінші орынды иемденіп, күміс медаль тағады. Еуропа жұршылығына алғаш болып қазақтың дәстүрлі ән орындау өнерін және ұлттық аспап домбыраны паш еткен Әміре Қашаубаев. Бас кейіпкердің жүріп өткен жолы жеңіл болып көрінгенімен, қиындықтар мен сынақтарға толы болған. _______________________________________________________________ Амре Кашаубаев - казахский тенор, настоящий самородок. В далеком 1925 году мужчина отправляется в столицу Франции. На чужой территории он планировал подняться как музыкант и с путешествия началось его великое шествие. Всемирный конкурс в Париже привлекал многих талантов, но далеко не все были такими талантливыми как главный герой. Амре был готов пойти на все, дабы добиться поставленных целей и стать самым лучшим драматическим тенором. Как Артист представляющий СССР герой смог произвести должное впечатление. Его таланту поразились как судьи, так и зрители и мужчине удалось завоевать серебряную медаль, но его подвиги не закончились. Этому человеку удалось сделать то, что не смогли другие. Он представил публике Европы вокальное искусство родной нации и необычный музыкальный инструмент под названием домбра. Но путь главного героя был слишком сложным и довольно тернистым, нежели могло показаться изначально. _______________________________________________________________ Instagram -

https://www.instagram.com/qazaqfilm.kz/

Facebook -

https://www.facebook.com/kazakhfilm.kz

TikTok -

https://www.tiktok.com/@kazakhfilm.kz

#казахфильм#кино#kazakhstan

👍 6
Photo unavailableShow in Telegram
Ескерту: қазір әңгіме "Кезбе өліктер" / "The Walking Dead" төңірегінде болады. Сериалды көрмегендер оқымай-ақ қойғаны дұрыс ;) Оригинал "Кезбе өліктер" 3-4 маусымнан кейін сұйыла бастады. Онымен қатар көрсетілген спин-оффтары тіпті көруге тұрмады. Оригинал сериал аяқталып, артынан спин-оффтары шыға бастағанда олардан да көп ештеңе күтпеп едім. Алайда мына "Дерил Диксон"-ы күтпеген жерден ұнап қалды. Оригинал сериал жоғалтып алған динамиканы осыдан көрдім, оның үстіне локация өзгеріп, француздардың аутентикасы жақсы атмосфера беріп жатыр. Негізгі сериалда сүйкімін жоғалтпаған "ровный" кейіпкер осы Дерил еді. Оның оқиғасы әрі өрбігеніне қуаныштымын. Өткен сюжетке кейіпкерді байлап тастамай, жаңа хикая, жаңа міндеттер қойылады. "The Last of Us" секілді роад-муви, миссиядан миссияға өтіп отыру секілді көрерменді ұстап тұратын тұстары бар. Сол мини-сериал қылып аяқтай салғанда дұрыс болар еді. Әйтпесе екінші маусымды сұйылтып жібере ме деп қорқамын. Қысқасы бұл әлемге оралғанымды ресми мәлімдеймін.
إظهار الكل...
6
Photo unavailableShow in Telegram
"Рептилия" (Reptile) - Бенисио Дель Торо, Джастин Тимберлейк сияқты актерлер қатысқан детектив-триллер. Тым созылыңды, сюжеті баяу да бірқалыпты өрбиді, бірақ атмосферасы, музыкасы сауатты құрылған. Кейбір кейіпкерлерге уақыт соншалықты көп бөлінген сияқты, түбінде сюжет үшін аса қатты рөл ойнамай қалады. Бенисионың ойыны үшін көруге тұрады деп ойлаймын. Тек жанр фанаттарына арналған.
إظهار الكل...
👍 1