“По-ходу” канал
الذهاب إلى القناة على Telegram
إظهار المزيد
لم يتم تحديد البلدالفئة غير محددة
359
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-37 أيام
-330 أيام
أرشيف المشاركات
Мен бұларға түн тыныштығын тілеп, қайырлы түн сыйлап жатырсам. Жазсаңдаршей қайырлы түн деп болсын
💬 У тебя новое анонимное сообщение!
Журеги тап таза жаным менің💕. Бәріне жылы қабақ танытып, шуағын шашып жүретін кішкентай балапаным❤️. Ортамызда осылай күліп ойнап жүре бер ботам⬅️ Свайпни для ответа.
Сен негізі мінезі бар, өзіне сенімді ер азаматтың бірісің. Өзіңді кез келген ортада жоғалтып алмайтын, керек жерде өз сөзіңді өткізе білетін қасиетің бар секілді көріндің. Болашақта тіл табысып кетерміз. Әрдайым өз орныңды біліп, абыройыңды асқақтатып жүр. Жігітке жарасатын салмақтылығың мен өзіңе деген сенімің арта берсін!🙏🏻🤍
Мен үшін ерке, тәтті, сүйкімді қыз.🤍
Кейде тұштақайлығыңмен-ақ адамның көңілін көтеріп жібересің. Өзіңе тән бір нәзіктігің, еркелігің бар, сол қасиетің сені одан сайын ерекше боласың. Кейде кішкентай бала сияқты еркелеп кететінің де сүйкімді. Бірақ сол еркелігіңнің артында өзіне тән мінезі, жүрегі бар қыз тұрғанын да байқауға болады. Арамызда күліп-ойнап жүре ғой!🙏🏻🤍
Сен негізі ниеті түзу, арамдығы жоқ, жүрегі таза жігітсің. Сенің бойыңдағы сыйлайтын қасиет-қарапайымдылығың мен адамға деген шынайы қарым-қатынасың. Әрдайым осы қалпыңнан тайма, ешкімнің алдында адамдық қасиетіңді жоғалтпа. Өзіңнің қадіріңді білетін, адалдығыңды бағалайтын адамдар жолықсын. Жақсы жүрегіңмен талай биікті бағындырып, абыройың арта берсін!🤍🙏🏻
Сен мен үшін жай ғана таныс емес, туған сіңілімдей болып кеткен жансың. Кей адамдармен қанша жылдан бері аралассаң да, жаның жақындай бермейді, ал кейбіреулермен аз уақыттың ішінде-ақ бір толқында екеніңді сезесің ғой. Сен екеуміздің де душамыз бір, талғамымыз ұқсас, көп нәрсеге көзқарасымыз да жақын. Сенімен сөйлескенде өзімді еркін сезінемін, кейде тіпті сөзсіз-ақ түсінісетіндейміз.
Сенің адалдығыңды, ақ көңіліңді қатты бағалаймын. Мен үшін адамның байлығы немесе қолындағы дүниесі емес, жүрегінің тазалығы маңызды. Ал сен сондай шын көңілмен жақсы көріп, сенім артуға болатын адамдардың бірісің. Саған келгенде қолымдағы барымды аямайтыным да содан шығар. Сенің қуанышың- менің де қуанышым.
Елде «Адамның аласы ішінде, малдың аласы сыртында» дейді. Мен үшін адамның қандай екені сөзімен емес, ниетімен, адалдығымен өлшенеді. Сенің орның мен үшін бөлек. Қанымыз бір болмаса да, көңіліміз бір, жанымыз жақын. Әрдайым аман болшы, жаным! Ең бастысы, арамыздағы осы шынайылық пен бауырмалдық ешқашан жоғалмасын. Мен сені туған сіңілімдей жақсы көремін.🤍🙏🏻
Мен сенен байқағаным, өзіңді еркін ұстайтының, ортадан қысылмай, ойыңды ашық жеткізе білетінің. Қай жерде де өзің болып қала аласың, біреуге ұнау үшін басқа адам болып көрінуге тырыспайсың. Бірақ адамның сыртқы көңілді қалпына қарап, ішінде не жатқанын біле бермейміз ғой. Кезінде басыңнан оңай емес оқиғалар өтсе де, бүгінгі күніңе жетіп, күліп, өмірге ашық қарай алатыныңның өзі күшті қасиет. Қазақта «Сынбағанға сыншы көп» дейді емес, «Сабыр түбі- сары алтын» дейді ғой. Әр адамның өзіне ғана мәлім тағдыры бар. Сенің де өткенің қандай болса да, ол сенің бүкіл болмысыңды анықтамайды. Әрдайым осындай жарқын қалпыңнан айырылмай, көңілің тыныш, жүзің күлкілі болсын. Өзің де біреуге қуаныш сыйлай білетін, ортаның сәнін кіргізетін қызсың. Болашақта тіл табысып кетеміз деп ойлаймын.🤍
Сен мен үшін көңілі ақ, ниеті таза, жылы жүзді құрбысың. Сөйлескенде адамға жағымды әсер қалдыратын, бойында бір жұмсақтық пен шынайылық бар қызсың. Сенің бойыңдағы ең әдемі қасиет, ол- адамдарға деген адалдығың мен ақ көңілдігің деп ойлаймын. Қазір шынайы, екіжүзділікке бармайтын адамдарды табу оңай емес, сондықтан өзіңнің осы қасиеттеріңді жоғалтпа. Әрдайым жүзіңнен күлкі кетпей, жүрегіңді түсінетін, қадіріңді білетін адамдардың ортасында жүре бер. Сен жақсылыққа әбден лайықсың. Сенімен танысқаныма қуаныштымын!🤍🙏🏻
Мен үшін тым жақсы адам. Бұрын бірге мафия ойнап, менде админка болған кездер есімде. Қазір көп араласпасақ та, сен туралы жаман ойым жоқ. Мінезің өзіңе тән, өз ойың бар, кейде қырсықтау болсаң да, жүрегіңнің пәк екенін байқағанмын. Сенімен араласқан кезде өзіңнің ерекше болмысың бар екенін білетінмін. Бізде «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой. Сол сияқты, араласпай кетсек те, жақсы адамды жақсы деп айту керек деп ойлаймын. Әрдайым жүзіңнен күлкі кетпесін, жолың болып, жаныңда сені шын бағалайтын адамдар көп болсын. Люблю!❤️
