ar
Feedback

لا تقع ضحية للمخادعين! تيليمتريو يكتشف ويُميّز هذه القنوات 👉 إذا كنت تريد رؤية العلامة، اشترك

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

الذهاب إلى القناة على Telegram

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

إظهار المزيد
لم يتم تحديد البلدالفئة غير محددة
1 746
المشتركون
-324 ساعات
+57 أيام
+530 أيام
أرشيف المشاركات
Аллаһ Елшісі 🌱 үйіңізде тұратынтай өмір сүру Жақсылыққа жету, кемелдену, ізгілікте тұрақты болу, Аллаһтың Сүйікті Досы болуға себеп болатын бір жүрек амалы бар. Ол – Аллаһ Елшісі 🌱 үйіңізде тұратынтай өмір сүруге тырысу… Үйіңіздің табалдырығынан аттағанда, Аллаһ Елшісінен 🌱 ұят болмайтындай үйді таза, ұқыпты ұстауыңыз… Аллаһ Елшісіне 🌱 ұялмай ұсына алатындай тамақ дайындауыңыз… Аллаһ Елшісі 🌱 үйдегі сөрелеріңізді, шкафтарды, тіпті тоңазытқышқа дейін ашып қалғанда, оның көздері қуанатындай тазалық сақтауыңыз… Аллаһ Елшісі 🌱 сізге қарап жымиятындай, үйдегілермен мәміле жасауыңыз, сөйлесуіңіз… Аллаһ Елшісі 🌱 азан шақырғандай, намазға уақыты кіре сала асығуыңыз… Аллаһ Елшісі 🌱 сізге қарағанда, сізбен сөйлескенде оған жағымды болатындай ұқыпты, жинақы, хош иісті, таза болуыңыз… Аллаһ Елшісі 🌱 қасыңызда отырғандай әдеппен тұрып, отырып, қозғалуыңыз… Аллаһ Елшісі 🌱 риза болатындай уақытыңызды дұрыс жоспарлауыңыз… және солай тағы кете береді🧡 #насихат #АллаһЕлшісі #ихсан

(Өздеріңді Аллаһқа жақындататын иман, садақа, намаз, сабыр сақтау сынды) ізгі істерде, сондай-ақ тақуа болу мәселесінде бір-біріңе жәрдемдесіңдер! Ал күнәлі істерде һәм дұшпандық жасап, шектен шығуда біріңе-бірің болыспаңдар. Аллаһқа тиісінше тағзым етіңдер, Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар. Шүбәсіз, Аллаһтың жазасы тым қатты. («Мәида» сүресі 5:2)

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱجْتَنِبُوا۟ كَثِيرًا مِّنَ ٱلظَّنِّ إِنَّ بَعْضَ ٱلظَّنِّ إِثْمٌ ۖ وَلَا تَجَسَّسُوا۟ وَلَا يَغْتَب بَّعْضُكُم بَعْضًا ۚ أَيُحِبُّ أَحَدُكُمْ أَن يَأْكُلَ لَحْمَ أَخِيهِ مَيْتًا فَكَرِهْتُمُوهُ ۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ تَوَّابٌ رَّحِيمٌ Уа, иман келтіргендер! Ойлардың көбінен аулақ болыңдар (яғни, өзге адамдар жайлы, әсіресе, мүмін бауырларың жайлы түрлі жаман ойларға берілеуден аулақ болыңдар)! Өйткені кейбір ойлар (яғни, өзгелер жайлы ойлаған жаман, яки арам ойлар) күнәға жатады! Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің болмасын, өлген бауырының етін жегенді ұната ма?! Әнеки, бірден жиіркендіңдер. Ендеше, Аллаһтан қорқыңдар! Шүбәсіз, Аллаһ – Тәууәб (құлдарының шынайы тәубелерін қабыл етуші), Рахим (тәубеге келіп, Өзіне бет алған құлдарына ерекше мейірімді)! («Хужурат» сүресі 49:12)

📕 Дәләилуль хойрот оқуға сіздерге ұсынатын пайдалы амалдар⬇️
🧡 Оқымас бұрын алдымен Аллаһ Субханаху уа Та’алядан жәрдем сұраңыз. Аллаһтың көмегінсіз өзіңіз оқи алмайтыныңызды мойындаңыз, жүрекпен сезініп әлсіздігіңізді. 🧡 Оқымас бұрын алдымен Аллаһ Субханаху уа Та’аля үшін деп ниет дұрыстаңыз. Ниетіңіз дұрыс болса, Аллаһтың сізге Жәрдемін толық сезінесіз. 🧡 Мүмкіндік болса дәретпен, тісіңізді жуып, хош иіс жағып оқыңыз, құбылаға қарап. Әдеп, істі көркем түрде жасау-берекеге себеп болады. Егер мүмкіндік болмай тұрса, хайз болсаңыз не құбылаға қарап отыра алмасаңыз, көлікте отырсаңыз не жүріп келе жатсаңыз не тамақ пісіріп, бала ұйықтатып отырсаңыз, шамаңыз жеткенше жасай беріңіз қиындатпай. Бастысы-тырысу. 🧡 Асықпай, әр сөзін анық оқыңыз. Махаббатпен, ықыласпен…Сіздің салауаттарды Аллаһ Елшісіне 🤲 жеткізеді ғой. Тез оқу керек болып тұрған жағдайда еш етпейді, бірақ мүмкіндігінше асықпай, ұзақ уақыт алса да, ең болмаса бөліп-бөліп, толық оқымасаңыз да, ең болмаса 1-2 бетін махаббатпен сезініп оқыңыз. 🧡 Оқып болғасын Аллаһ Субханаху уа Та’аляға шүкір етіңіз. Мен оқымадым, Сен оқыттырдың Раббым деп. Шүкір еткен сайын, тұрақтылық, салауаттарға махаббат, шабыт және оның жемістері, сыйлары, ғажаптары нәсіп болады.
#салауат

Альхамдуллилляхи касииро🧡✨✨✨ #керібайланыс #Жұмақтықәйел #менторлық
+1
Альхамдуллилляхи касииро🧡✨✨✨ #керібайланыс #Жұмақтықәйел #менторлық

Аллаһ елшісі 🌱 : «Адам баласы дүниеден озғанда, үш түрлі ісінен өзге барлық істері тоқтап (кітабы жабылып) қалады. Тоқтамайтын істері: үзілмейтін садақа, адамзат игілігі үшін қалдырған пайдалы ілімі және артынан дұға жасайтын ізгі ұрпақ» сахих Муслим

насихат, шабыт болсын, йақин артсын деп бөлісудемін.🧡✨

Діннен мүлдем алыс 2 адамға бағыштап, дұға еткен кезде, олардың қабір, барзах әлеміндегі жағдайлары жақсаруын сұрағанда Раббымыз сол 2 адамның жағдайы өзгеріп жатқанын түс арқылы білдірткен. Біріншісі көкжиекте әдемі сары киімде күлімдеп тұрды, құптанда дұға етіп, ұйықтап қалған кезімдегі түсімде. Екінші адамды мен оған дұға етіп, ізгі істердің сауабын бағыштаған түні оның баласы түс көреді, басқа хальге ауысып жатқанын тез-тез. #түс

Құран, дәләиль және зікір оқыған сайын, сауабын, берекесін, нұрын бағыштауды еске саламын дүниеден өткен барлық мұсылман бауырларымызға, өзіңіздің ата-әжелеріңізге және жақында дүниеден өткен 12 аға-інілерімізге.

Аль Уадууд, Аль Уалий мені ізгі құлдары, ізгі сөздері арқылы қуантуда, қолдауда, шабыттандыруда🧡✨✨✨ #керібайланыс
+3
Аль Уадууд, Аль Уалий мені ізгі құлдары, ізгі сөздері арқылы қуантуда, қолдауда, шабыттандыруда🧡✨✨✨ #керібайланыс

Сенбі күнгі салауаттар ерекше ұнайды 🧡✨ #салауат
+9
Сенбі күнгі салауаттар ерекше ұнайды 🧡✨ #салауат

#менторлық
#менторлық

жүрегімді жылытқан хат🧡 #керібайланыс
+2
жүрегімді жылытқан хат🧡 #керібайланыс

“Жұмақтық әйел” клубымдағы ханымдарда жаңа амалдар, жаңа білімдер✨🧡 Клубқа қосылғыңыз келсе, жекеме жаза аласыздар🧡 Құны – бір рет 5,000 төлеу🧡Әрі қарай қалу тегін. Ай сайын төлеу жоқ🧡 #Жұмақтықәйел

Адам жәрдем сұрап+Аллаһ ұнататын бір кішкентай болсын амал, әрекет жасап, Аллаһқа тәуекел етіп, Аллаһқа, Ісіне разы болса, ол адам Аллаһтың қамқорлығын анық, айқын көре бастайды, Аллаһ жүрегін сондай басқарып қояды, бақылаттырып қояды ғой әр істен Оның Мейірімін.🤍 #тәуекел #Аллаһтытану #жүрек #дұға

бұл нәрселер амал етпеу дегенді білдірмейді, дұрыс амал етілу керек сүннетке сай, бірақ жүрек амалы маңыздырақ⬆️жүректегі тәуекел және Аллаһқа байлану, тап-таза ұстау #жүрек #Аллаһтытану #тәуекел 🪶Әл-Ләтыфтың құлы

егер біреу сіз қалағандай жасамағаны үшін ашуланып не ренжісеңіз, мына сөздерді нәпсіңізге айтыңыз: “мен оның құлы емеспін, ол менің құлым емес, Аллаһ маған Жеткілікті” Яғни, егер сіз қалағандай біреу жасамаса, соған ашу не реніш сезінсеңіз, былай муроқаба жасаңыз, бұл сонда менің оған мұқтаж болып тұрғанымды білдірмейді ме? мен өзімді оған бір тәуелді етіп қойдым ба? Аллаһ Ұлы! Мен тек Аллаһқа мұқтажбын. Мен тек Аллаһқа құлмын. Аллаһ маған Жеткілікті. егер жүрегіңізді бақылағанда, бұл сезімдер оған мұқтаж болып тұрғаннан емес, сіз оны басқарғыңыз келген қалаудан, сізге бағынбай тұрғаннан пайда болған сезімдер болса, дереу тәубе етіңіз. Аллаһ Ұлы! ол тек Аллаһтың құлы, сіздің емес. Ол тек Аллаһқа бағынады, сізге емес. Сіз түгілі Аллаһтың бұйрықтарын жасамайтын пенделерден сіз не үшін күтесіз екен? Аллаһ сізге Жеткілікті. Аллаһты ұлықтаңыз, өзіңізді, біреуді емес. #жүрек #Аллаһтытану #тәуекел 🪶Әл-Ләтыфтың құлы