ar
Feedback

لا تقع ضحية للمخادعين! تيليمتريو يكتشف ويُميّز هذه القنوات 👉 إذا كنت تريد رؤية العلامة، اشترك

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

الذهاب إلى القناة على Telegram

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

إظهار المزيد
لم يتم تحديد البلدالفئة غير محددة
1 744
المشتركون
-224 ساعات
+17 أيام
+430 أيام
أرشيف المشاركات
✨ Жүрегін үнемі есепке алып, бақылап, күзететін адам Аллаһтың Көріп, Естіп тұрғанын ерекше сезінетін болады және ондай адамға
✨ Жүрегін үнемі есепке алып, бақылап, күзететін адам Аллаһтың Көріп, Естіп тұрғанын ерекше сезінетін болады және ондай адамға Аллаһ жүрегіне анық белгілер салумен бағыттап, жетектеп, ол қайғырса-қуануына бағыт көрсетіп, қатты қуанса-әдеп сақтауына бағыт көрсетіп, ғапылдыққа түссе-тезірек зікірге оралуына бағыт көрсетіп, зікір етсе-Оны бақылауға бағыт көрсетіп, жүрегі арқылы Өзімен сондай әдемі, тәтті, жасырын бірақ сезілетін сырласу құрметін нәсіп етеді.🤍 #Аллаһтытану #муроқаба #ихсан

✨ Адам нәпсісіне ұнайтынды жасай берсе, нәпсісіне ұнамайтын заттармен сыналады. Баланс болу керек. ✨ Адам нәпсісін тәрбиелеп, кері жасап отыруға тырысса, оған ұнайтын заттар нәсіп болады хайырлы түрде ин шаа Аллаһ. #нәпсі

✨ Қазір адамдар тез шаршайды, көбінесе-витаминдер жетіспегеннен емес, тақуалық жетіспегеннен. Адам күнәсі, әдепсіздігі, ғапылдығы себепті әлсірейді. 🌾 Ер адамның табиғи нәпсілік қуаты артады-көзін тыйған сайын. 🌾 Әйелдің табиғи нәзіктігі, жұмсақтығы артады-тілін тыйған сайын. #тақуалық #қуат

🌾 Адам өзін бақытты, тірі сезінеді “үйренуші” халінде. Неге көптеген адам кітап оқығаннан ләззат алады? Себебі, кітап оқып,
🌾 Адам өзін бақытты, тірі сезінеді “үйренуші” халінде. Неге көптеген адам кітап оқығаннан ләззат алады? Себебі, кітап оқып, білмеген жаңа нәрсені не білетіннен жаңа нәрсе үйренгенде жүрегі, ақылы тірілгендей ләззат алады. ✨ Дәл солай адам 24/7 барлық нәрседен тек Аллаһты, Оның Даналығын, Құдыретін, Білімін іздесе, бақыласа, ол “үйренуші” халіне кіреді. Сол хальде болумен шынайы өзін тірі, бақытты сезінеді. Сырттай бәрі әдеттегідей болса да, ішкі халь гүлдеп, құлпырып, нұрланып жатады. Аллаһтың Тәрбиесінде болғаннан, сезінгеннен…🌾 #Аллаһтытану #ихсан #муроқаба

🤎 Аллаһ Елшісі (солляллаху алейхи уа саллям): ✨ «Күрескенде жыққан адам мықты емес, ашуы келгенде өзін ұстай алған адам мықты» (Бухари, Муслим) 🤎 және Ол (солляллаху алейхи уа саллям): ✨ «Егер ашулансаң, үндеме. Егер ашулансаң, үндеме. Егер ашулансаң, үндеме» (Ахмад). 🤎 және тағы да Сүйікті Мырзамыз (солляллаху алейхи уа саллям): ✨ «Кім Исламдағы бауырына деген ашуын ұстай білсе, Аллаһ Тағала оның кемшіліктерін жасырады және кімде-кім ашуын төккісі келгенде өзін баса білсе, Аллаһ Тағала Қияметте оның жүрегін ризалықпен толтырады» (Табарани). 🤎 Аллаһ Расулы (солляллаху алейхи уа саллям): ✨ «Кімде-кім өзінікі дұрыс бола тұра талас-тартыстан бас тартса, мен оған Жәннаттың шетінен зәулім сарай берілуіне кепілмін» деп сүйіншіледі (Тирмизи). #сүннет #көркеммінез #ашу #тақуалық

#АллаһЕлшісі #салауат
+2
#АллаһЕлшісі #салауат

وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِى عَنِّى فَإِنِّى قَرِيبٌ ۖ أُجِيبُ دَعْوَةَ ٱلدَّاعِ إِذَا دَعَانِ ۖ فَلْيَسْتَجِيبُوا۟ لِى وَلْيُؤْمِنُوا۟ بِى لَعَلَّهُمْ يَرْشُدُونَ (Уа, Мұхаммед!) Егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса, Мен оларға өте жақынмын, Маған жалбарынып, дұға еткеннің дұғасын жауапсыз қалдырмаймын. Ендеше, олар да Менің үндеуіме оңды жауап берсін һәм Маған тиісінше иман келтіріп, соның арқасында (ақыл-ой әрі рухани тұрғыдан) кемелдену жолына түссін. («Бақара» сүресі 2:186)

“Жолаушы” клубына тіркеу ашық!🤍 Бүгін-Ертең🤍 Сүннеттерге амал етіп, подкасттарды уақытылы тыңдап, есепті тұрақты беруге қатты тырысамын дейтін адамдар тіркелсе!🫶🏻 Ақысы — 7,000 тг Келесіде — 10,000 тг болады Төлем жасау — 8705 315 8684 Эльназ С, чек жекеме✨

Repost from N/a
«Жолаушы» клубы 100 сүннет Umm.Khammad.pdf1.57 MB

сүннеттерге терең разбор, даналықтарына талдау болады және қосымша нейропсихологиядан подкасттар🌷

апта сайын сүннеттер ауысып тұрады

Бүгін “Жолаушы” сүннеттер клубының 7-тобына тіркеу ашамын ✨🤍 Бұл топ бұрыннан бар, тек үстінен қосылушыларға ғой. Тек кері б
+2
Бүгін “Жолаушы” сүннеттер клубының 7-тобына тіркеу ашамын ✨🤍 Бұл топ бұрыннан бар, тек үстінен қосылушыларға ғой. Тек кері байланыс беріп, есеп жіберетін жандар ғана клубқа тіркелсе!🫶🏻 Жоғалып кететін жандарды шығарып тастаймын топтан, сүннетті, амалдарды және пайдалы ақпараттарды бағаламағандықтан. Клубқа тіркелу тек бір рет төлем жасалып, әрі қарай қалу тегін🌷

Repost from student
Пайғамбарға айтылған салауаттың жақсылығымен берекеті айтқан адамға, баласына тіпті баласының баласына дейін барады. 📚дәләйлу хойрот

۞ لَّيْسَ ٱلْبِرَّ أَن تُوَلُّوا۟ وُجُوهَكُمْ قِبَلَ ٱلْمَشْرِقِ وَٱلْمَغْرِبِ وَلَٰكِنَّ ٱلْبِرَّ مَنْ ءَامَنَ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْءَاخِرِ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةِ وَٱلْكِتَٰبِ وَٱلنَّبِيِّۦنَ وَءَاتَى ٱلْمَالَ عَلَىٰ حُبِّهِۦ ذَوِى ٱلْقُرْبَىٰ وَٱلْيَتَٰمَىٰ وَٱلْمَسَٰكِينَ وَٱبْنَ ٱلسَّبِيلِ وَٱلسَّآئِلِينَ وَفِى ٱلرِّقَابِ وَأَقَامَ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتَى ٱلزَّكَوٰةَ وَٱلْمُوفُونَ بِعَهْدِهِمْ إِذَا عَٰهَدُوا۟ ۖ وَٱلصَّٰبِرِينَ فِى ٱلْبَأْسَآءِ وَٱلضَّرَّآءِ وَحِينَ ٱلْبَأْسِ ۗ أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ صَدَقُوا۟ ۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُتَّقُونَ Шынайы ізгілік һәм нағыз кемелдік жүздеріңді шығысқа немесе батысқа қаратуда емес. Шынайы ізгілік һәм нағыз кемелдік – Аллаһқа, ақирет күніне, періштелерге, иләһи Кітапқа және пайғамбарларға сенген жандардың, сондай-ақ (адал жолмен тапқан) мал-мүлкінен – оны қанша жерден жақсы көрсе де – (Аллаһ разылығы үшін) жақын туыстарына, жетімдерге, міскіндерге, елінен жырақта жүрген яки жолда қалған ғаріп жолаушыға, тарыққаннан (қарыз немесе қайыр-садақа) сұрағандарға және азаттыққа қауышқысы келген құлдар мен тұтқындарға берген, намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыған, зекетті толық берген, уәделескенде уәдеде тұратын, сондай-ақ таршылық көргенде, дертке шалдыққанда әрі соғыс жағдайында (шариғат жүктеген міндеттерді мейлінше толық орындауға тырысып) сабырлылық һәм табандылық танытқан жандардың ісі. Міне, солар – туралықтан айнымай (сөздерінде, істерінде, құлшылықтарында һәм сенімдерінде) шынайылық танытқан жандар! Міне, солар – Аллаһқа тиісінше тағзым ететін һәм күнә атаулыдан барынша сақтанатын нағыз тақуалар! («Бақара» сүресі 2:177)

Repost from N/a
Порция Даляиль уль Хайрата и напоминание читать его 💐

Убай ибн Ка’б сахаба 🌟: “мен әрдайым салауат айтатын боламын» 🌟Аллаһ Елшісі оған 🌟: «Осы амалың арқылы уайым атаулыдан құт
+2
Убай ибн Ка’б сахаба 🌟: “мен әрдайым салауат айтатын боламын» 🌟Аллаһ Елшісі оған 🌟: «Осы амалың арқылы уайым атаулыдан құтыласың әрі күнәларың кешірілетін болады», – деді (имам Тирмизи). #АллаһЕлшісі #салауат

Қарым-қатынаста, онлайн, офлайн сөйлесуде әдепке мән беру өте маңызды🌷Бұл сол екі адамның арасында көркем байланыс орнауына себеп болады әрі садақа болады. Себебі, әдеп арқылы сіз сөйлескенде, екінші адамның көзі, жүрегі қуанады. Ал бұл – садақа. Аллаһқа ұнамды амалдан. Жоғалып бара жатқан 3 маңызды әдептер: 1) Тым ерте, тым кеш уақытта жазбау. Бұл – адамның демалып, жеке өзіне, отбасына арнайтын уақыты. Сол уақытта адамды мазаламау, хабарласпау – ол адамға деген құрметіңізден🌷 Әрі сізді де ол адамның көзінде құрметті етеді. 2) Жазған кезде толтырып аудиохабарламалар жібермеу. Ол адамға тыңдау ыңғайлы болады ма сұрап алу, жіберіп қойсаңыз кешірім сұрау, бірақ алдын ала жауап алмай жатып, рахмет айтпау. Рахмет айтумен, сіз ол адамды міндеттеп қойғандай боласыз. Алдын ала рахмет деу – әдепсіздік. Әлі жауап алмаған адамды ыңғайсыз жағдайға салу. Рұқсат сұрау, қысқа-нұсқа аудио жазу, жауап алған соң ғана рахмет айту – позитивті әсер қалдырады.🌷 3) Ең алдымен сәлем беру, хал-жағдай сұрау, егер сіз адамға сұрақ қойғалы жатсаңыз, бір өтініш айтқалы жатсаңыз, ол кісіге алдымен жақсы сөздер айту, егер ол ұстазыңыз, үлкен сыйлайтын кісі болса, ол адамнан осыған дейін көрген 1-2 пайданы айтып өту, сіз өзіңізден бір жақсылықпен бөлісіп, берген соң, енді мінекей ала аласыз, сұрай аласыз. Әдемі болады🌷 #әдеп