ar
Feedback

لا تقع ضحية للمخادعين! تيليمتريو يكتشف ويُميّز هذه القنوات 👉 إذا كنت تريد رؤية العلامة، اشترك

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

الذهاب إلى القناة على Telegram

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

إظهار المزيد
لم يتم تحديد البلدالفئة غير محددة
1 745
المشتركون
+124 ساعات
+37 أيام
+630 أيام
أرشيف المشاركات
Аллаһ Елшісі 🌱: «Аллаһ кімге жақсылық қаласа, оның басына мусибат береді» 🌿сахих Бухари

Аллаһ Елшісі 🌱: «Мүмінге келетін шаршау, ауру, қайғы, уайым, азап, тіпті аяғына кірген тікен де бекер емес. Аллаһ осы ауыртпалығы арқылы оның күнәларын кешіреді» (Муттәфәқун алейһ).

Сахаба Муаз ибн Жәбал (радыйаллаху анху): «Аллаһ бір мүмін құлын аурумен сынағанда сол иықтағы періштеге «Оның күнәларын жазуды тоқтат» дейді. Ал оң иықтағы періштеге «Менің бұл пендеме өзінің дені сау кезінде жасаған ең жақсы амалының сауабын жаз, өйткені ол менің панамда», - дейді» 🌿Тәнбиһуль-ғофилин

Аллаһ елшісі 🌱: «Пенде ауырса немесе сапарға шықса, Аллаһ Тағала оған дені сау, тұрғылықты кезіндегі жасаған ең жақсы амалының сауабындай сауап жазады» 🌿сахих Бухари

Ер адам бар уағыз, подкасттарды тек тыңдауды еске саламын. Олардың жүздеріне қарап мүлдем керек емес. Көзді түсіру тек көшеде емес, осындай білімге қатысты істерде де болу керек, ханымдар💐💚

https://youtu.be/1tZl6pjfCiI?si=29Jjo60ZAE8zTYDz Сира талқыланған жеңіл, пайдалы подкаст✨

#АллаһЕлшісі #салауат
+7
#АллаһЕлшісі #салауат

Мысалдар 🤍 🌟Анаңыздың дәмді тамағына шынайы алғыс сезінсеңіз, сол алғысыңыз сізді еркін отырғызбайды ғой… Ең болмағанда, ыдыстарды жуып, оған көмектескіңіз келіп тұрады. Егер расымен алғыс сезімі бар болса, ол міндетті деп ойламасаңыз. 🌟Немесе жұбайыңыздың еңбегі, отбасын асырауына шынайы алғыс сезінсеңіз, сол сезім еркін жүргізбейді ғой…Оған ұнайтын не істесем болады екен деп, оны қуантқыңыз кеп тұрады. Егер расымен алғыс сезімі бар болса, ол міндетті деп ойламасаңыз. 🌟Немесе сіз мектеп, жұмыс орны не дүкенге кірдіңіз, сол жердегі еден жуып жүрген, тазалыққа, көзіңіздің қуанышына жауап беріп жүрген ханымға шынайы алғыс сезінсеңіз, сол сезім еркін қозғалтпайды ғой сізді…Ластаудан, жылтырап тұрған, әлі кеуіп үлгермеген еденді баса алмай, қысылып тұрасыз не бірнәрсе төгіп алсаңыз, мейлі кішкентай тамшылар болсын, бірден ұялып, сүртіп алғыңыз кеп тұрады. Егер расымен алғыс сезімі бар болса, ол міндетті деп ойламасаңыз. #шүкір #әдеп

🌟 Шүкіршіл құл еркін жүре алмайды бәрібір, еркін отыра алмайды, еркін жата алмайды. Шүкіршілігі, кішіпейілділігі, ұяты көркем амалдар мен сөздерге шабыттандырып тұрады. #әдеп #шүкір

Аллаһ Елшісінен 🌟🌟 сұралады ғой, неге аяқтары іскенше түнгі намазды оқиды деп, күнәсіз ғой деп, сол кезде не деп жауап беретін еді? 🌟Шүкір етуші құл болмаймын ба? 🌟дейді Былай қарасақ, бізге насихат ретінде: құл Аллаһтан түнінің бәрін ұйқымен өткізуге ұялуы керек емес пе, сол ұяты, әдебі, ұйқысын қиып, түнгі намаз оқуға себеп болады емес пе… #сүннет #әдеп #шүкір

Ал, енді тілімен миллион рет шүкір десе де, Аллаһтың алдында ұяты мен әдебі артпай жүрген адам, ол шынайы шүкір етіп жүрген жоқ.

🌟Адам тілімен шүкір айтып жүріп, бірақ Аллаһтан ұялуы артпаса, онда ол шынайы шүкір етіп жүрген жоқ… Неге? Себебі, расымен қайда қараса да тек Аллаһтың нығметін көретін құл, қанша жерден тілмен шүкір айтса да, лайықты алғыс білдіре алмайтынын түсінеді, сол түсінігінен ҰЯЛУ қасиеті Аллаһтың Мейірімімен қалыптасады.🌟 Сол кезде құл ұялғаннан күнә жасаудан қашады, ұялғаннан әдепсіздік көрсеткісі келмейді, ұялғаннан сабырсыздықтан арылғысы келеді, ұялғаннан Аллаһ жайлы жаман ойлауға не Оның Қалауына іштей наразы болудан қорқады. Қаншама нығметтің ішінде жүрмін мен, біреуіне де шүкір ете алмаймын Оған лайықты түрде дегесін, ұяты артады, әдебі артады. Мінекей, сол ұялуы мен әдебі-Аллаһ разы болатын, құлдың шамасы жеткен шүкіршіліктің шыңы болмақ.🌟 #насихат #әдеп #шүкір

📎 Адам өзінің әлсіздігін мойындап, қатты кішіреюі Аллаһтың алдында-нағыз шүкір ету болып саналады.

🩷 Риуаяттар бойынша, Дәуіт Пайғамбар (алейхиссалям) Аллаһқа былай деп жалбарынған екен: «Уа, Раббым! Саған қалай шүкір ете аламын, өйткені Саған еткен шүкірімнің өзі – Сенің маған берген нығметің ғой». Сонда Аллаһ оған жауап берді: «Уа, Дәуіт! Сен Маған толық шүкір еттің, өйткені шүкір ете алмайтыныңды мойындадың».

وَءَاتَىٰكُم مِّن كُلِّ مَا سَأَلْتُمُوهُ ۚ وَإِن تَعُدُّوا۟ نِعْمَتَ ٱللَّهِ لَا تُحْصُوهَآ ۗ إِنَّ ٱلْإِنسَٰنَ لَظَلُومٌ كَفَّارٌ Ол сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрін берді. Бергені соншалық – егер Алланың нығметін санайтын болсаңдар, санына әсте жете алмайсыңдар. Шынында, адам баласы мүлдем рақметі жоқ, өте залым келеді. («Ибраһим» сүресі 14:34)

Шүкір ету-мұқтаждықты мойындаудың шыңы, шүкірі артқан құл өзінің қаншалықты Раббысына мұқтаж екенін жүрекпен сезіне бастайды

وَمَا كَانَ لَهُۥ عَلَيْهِم مِّن سُلْطَٰنٍ إِلَّا لِنَعْلَمَ مَن يُؤْمِنُ بِٱلْءَاخِرَةِ مِمَّنْ هُوَ مِنْهَا فِى شَكٍّ ۗ وَرَبُّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍ حَفِيظٌ Әсілі, шайтанның оларды өз ырқына мәжбүрлеп көндіретіндей құдіреті жоқ. Алайда Біз кімнің ақиретке шынымен сенетінін және кімнің оған шәк келтіретіндігін айқындап, оларды бір-бірінен айыру үшін (әзәзіл шайтанға адамды әр қилы жолмен азғыруға мүмкіндік беріп, сол арқылы адам баласын сынаймыз). Ендеше, Раббың бәрін бақылауда һәм (ауыздан шыққан әр сөзді және істелінген әр істі періштелеріне) жаздыруда. («Сәбә» сүресі 34:21)

👐 Ибн Касир тафсир Ибн Аби Хатим передает, что Хасан аль-Басри сказал: «Когда Аллах изгнал Адама и Хаву (Еву) из Рая, Иблис сильно обрадовался тому что случилось с ними и сказал: ‘‘Если я смог поразить отца, то с его потомством будет намного легче’’. Это было только предположение Иблиса. Аллах ниспослал: ﴾وَلَقَدْ صَدَّقَ عَلَيْهِمْ إِبْلِيسُ ظَنَّهُ﴿ «Предположение Иблиса относительно них оказалось правдивым». Тогда проклятый Иблис сказал: «Я не оставлю сына Адама в покое, пока душа его пребывает в его теле, я буду искушать его и обманывать». Аллах же Всевышний сказал: «Клянусь Своим Величием! Я буду принимать от него покаяние, пока смерть не подступит к его горлу. Я буду отвечать ему когда он взывает ко Мне, давать ему, когда он просит Меня, и прощать его, когда он просит у Меня прощения»

🟡Шүкірсіздігіміз-Шайтанның бізден қалайтыны, оны қуантатыны, азғыруын оңай жүргізе алатын қаруы. 🟡Шүкірсіздігіміз-Нығметтерден айырылу, нығметтердің жазаға айналуына себеп. 🟡Шүкірсіздігіміз-әлсіздігімізді ұмытудан басталады.