cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Tengri.kz

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
11 958
Obunachilar
-124 soatlar
-597 kunlar
+1530 kunlar
Postlar arxiv
Photo unavailableShow in Telegram
Elcore және Google Cloud Central Asia Acceleration Day шақырамыз! 17 мамыр 2024 ⏰ 13:00  🏢 Almaty Генеративті AI және Google бұлтты шешімдері бизнесті түрлендірудің шексіз мүмкіндіктерін ашатын инновациялар әлеміне еніңіз. Julia Nikulina, Channel Manager, GoogleCloud Mariia Pokhylchuk, GoogleCloud Team Lead, Elcore Nicolae Ciobanu, Partner Engineer, GoogleCloud Darkhan Meirman, DevOps Engineer, Cybernet Qazybek Beken, Manager (Advisory, Data & Analytics), PwC Temirlan Dalenov, Cloud Brand Manager, Elcore Сіз GenAI мүмкіндіктері туралы білесіз, деректер аналитикасын қолдануды үйренесіз, бұлтқа көшу бойынша ұсыныстар аласыз, Нақты жағдайларды зерттейсіз. Бағдарламасы: •⁠  ⁠Let's Talk GenAI •⁠  ⁠BigQuery көмегімен деректерді талдау •⁠  ⁠Қомпанияларының кейстері •⁠  ⁠Google Cloud-қа көшу •⁠  ⁠Бұлттағы DevOps Тіркеліңіз Elcore және Google Cloud-пен бірге бизнестің өсуі үшін жаңа көкжиектерді ашыңыз! Жарнама материалы
Hammasini ko'rsatish...
👍 3 1🤔 1👌 1
Қазақстанда жеке куәлік дизайны мен мәліметтері өзгереді. Ішкі істер министрінің бұйрығына тиісті өзгерістерді ІІМ әзірлеген. Толығырақ
Hammasini ko'rsatish...
🤡 19👍 6 2😨 2🥰 1
00:38
Video unavailableShow in Telegram
ШҚО-да екі тұрғын мас күйде жолды бөренелермен бөгеп тастаған. ⠀ Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында 20 және 18 жастағы екі жергілікті тұрғын әзіл үшін жолға кептірілген бұтақтарды жайып, бөренелерді қойып кеткен. Ауызша жауап алу кезінде олар осылай әзілдегісі келгендері туралы айтқан. ⠀ Ер адамдар куәландырылды, олар бұзақылық жасау кезінде орташа дәрежеде масаң күйде болғаны анықталған. Ұсақ бұзақылық үшін тәртіп бұзушылар жауапқа тартылды.
Hammasini ko'rsatish...
🤣 12👍 2 1🙉 1
Photo unavailableShow in Telegram
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
Hammasini ko'rsatish...
👍 51😱 9👏 5😢 5 3
Жайлы мектептердің интерьерлері бойынша сауалнама. Қазақстанның әрбір тұрғынының пікірі маңызды. 2024 жылғы 29 сәуірден 10 мамырға дейін Қазақстанның барлық тұрғындары салынып жатқан заманауи мектептердің ішкі кеңістігі жобаларының соңғы талқылауына қатыса алады. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы болып табылатын Samruk-Kazyna Construction АҚ білім беру кеңістігінің атмосферасы мен үйлесімділігін шолуға мүмкіндік беретін 3D-үлгіні ұсынды. Виртуалды саяхат болашақ оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдерге және бей-жай қарамайтын азаматтардың барлығына мектептердің ішкі кеңістігінің интерьерлік шешімдерімен және түспен безендірілуімен танысып шыға отырып, өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Компания мектептерді оқушылар мен қызметкерлер үшін барынша жайлы етуге талпынады, сондықтан барлық тілек білдірушілерге сауалнамаға қатысып, ағымдағы жобаны жақсарту бойынша өз пікірін бөлісуге мүмкіндік береді. Құрылысшылар ең тартымды ұсыныстарды жұмыс барысында ескеруге уәде береді. Мақалаға сілтеме 📍Материалды АО Samruk-Kazyna Construction ұсынған  
Hammasini ko'rsatish...
👍 3 2🤡 2
ІІМ экс-басшысы Тұрғымбаев не үшін ұсталды? Генпрокуратура ақпаратты растады. 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталған. "Қылмыстық істе мемлекеттік құпия мәліметтер болуына байланысты соталды тергеп-тексерудің басқа деректері жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.
Hammasini ko'rsatish...
👍 5 4
00:16
Video unavailableShow in Telegram
Қайрат Нұртас қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазаланды Желіде бұған дейін қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас кейінгі концертінде балағат сөз айтқан видеосы тарады. Осы видеодан кейін көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Бірі әншінің жазалау керек десе, енді бірі "Әркімде болып тұратын жағдай" деп Қайрат Нұртасты ақтаған. Полицияның хабарлауынша, Қайрат Нұртасқа ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Hammasini ko'rsatish...
👍 20😁 8 1
Photo unavailableShow in Telegram
ІІМ экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды 19 наурыздан бері БАҚ беттері мен телеграм арналар Ішкі істер министрін басқарған Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жарыса жаза бастаған болатын. Іс қаңтар оқиғасына қатысты екені айтылды. Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді әлі де жалғастырып жатыр. Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталған.
Hammasini ko'rsatish...
👍 20 2👌 1
05:33
Video unavailableShow in Telegram
Сәуірдің басынан бері Атырау облысы су тасқынының зардабын шегіп жатыр. Өңірдегі өзендерде су деңгейі күрт көтеріліп, халық үйін, заттарын тастап, аман қалу үшін эвакуациялануға мәжбүр болды. Алайда бизнес су тасқыны салдарынан болып жатқан проблемаларға бей-жай қарай алмады. Жергілікті биліктен көмек беру туралы өтініш түскеннен кейін “Теңізшевройл” ЖШС Жылыой ауданының тұрғындарына бірден көмекке келді. Судан қорғау үшін Құлсарға 100-ге жуық арнайы техника, жұмысшыларға арналған тамақ және жанар-жағармай материалдары жіберілді. 6 сәуірге қараған түні компания өз автобустарымен ауданның 7000-нан астам тұрғынын Теңіз кен орнындағы мердігер компаниялардың вахталық қалашықтарына көшірді. 6 сәуірге қараған түні компания өз автобустарымен ауданның 7000-нан астам тұрғынын Теңіз кен орнындағы мердігер компаниялардың вахталық қалашықтарына көшірді. Ал компанияның және Атырау қызметкерлері зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті жинауды жалғастыруда. Халық Қара өзен деп атап кеткен Сарыөзек өзенінің маңында ТШО күшімен 8 шақырым бөгет салына бастады. Биіктігі 3 метр болатын бұл инженерлік құрылым топан судан қорғай алады.
Hammasini ko'rsatish...
12👍 8🙏 2
00:48
Video unavailableShow in Telegram
Бүгінге жоспарланған сот жарыссөзі болмады. Бишімбаевтың соты 2 мамырға шегерілді.
Hammasini ko'rsatish...
🥱 7 1🤔 1
02:17
Video unavailableShow in Telegram
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа тағылған айыптың бір бөлігінен бас тартты. Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы: 432-бап "Қылмысты жасырып қалу" және 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша қылмыс жасады деген айып тағылған болатын. Прокурор Саяхат Нұрбековтің айтуынша, мемлекеттік айыптаушы Байжановқа тағылған 434-бап бойынша белгілі қылмыс туралы хабарламағаны туралы айыптаудан бас тартып отыр.
Hammasini ko'rsatish...
👍 7 1😁 1😨 1
00:40
Video unavailableShow in Telegram
Бүгін Астана сотында Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Келесі кезең - сот жарыссөзі. Судья Айжан Құлбаева сот жарыссөзі қашан басталатынын айтты. Жарыссөз 29 сәуірде басталады. Тараптардың жарыссөздері 30 сәуірде, сондай-ақ, 2, 3 және 4 мамырда жалғасады.
Hammasini ko'rsatish...
👎 14🤡 8🗿 3 1
00:20
Video unavailableShow in Telegram
Тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. "Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚМАС) бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі). Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген Жоғарғы Сот хабарламасындар
Hammasini ko'rsatish...
👍 11
Астанада бүгіннен бастап жылу беру маусымы аяқталды Бас қалада күн жылыды. Бүгін күндіз ауа температурасы 24 градусқа жетті. Түнде ауа температурасы 9 градустан төмен түспейді. Ауа райының қолайлы болуына байланысты қала әкімдігі жылыту маусымын 19 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады.
Hammasini ko'rsatish...
👍 14🤔 5 2🥰 1
Photo unavailableShow in Telegram
Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытқан. Астана қаласының Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.  Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды. Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.
Hammasini ko'rsatish...
👍 44 6😁 4
Photo unavailableShow in Telegram
Telegram-арналардың бірінде белгісіз біреу Астана мектептерінде адамдарды жаппай өлтіретіні туралы хабар тарады. Қалалық Полиция департаменті өкілдері бұл жалған ақпарат екенін ескертті.   "Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарды тарату 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске саламыз", - деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.
Hammasini ko'rsatish...
😱 7🤬 4🤣 2😨 1
00:14
Video unavailableShow in Telegram
Мәжілістің комитет отырысында депутат Ринат Заитов спорт мәселесін көтерді. Ол футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті қызметінен кетуін сұрады. Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың бас бапкері әзірше ауыспайтынын атап өтті. "Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ауыспайды. Оның жұмыс істейтініне сенімдіміз. Магомед Адиевпен арадағы келісімшарт 2025 жылы бітеді", - деді министр комитет отырысынан соң.
Hammasini ko'rsatish...
👍 18😁 7 2
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанда мамыр айындағы демалыс күндері ауысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында:  Демалыс күні 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылады. Яғни қазақстандықтар 4 мамыр - сенбі жұмыс істеп, 7, 8, 9 мамыр күндері демалады.
Hammasini ko'rsatish...
👍 28🤷‍♂ 7👎 3 1🔥 1
ІІМ: Қазақстанда су тасқынынан 7 адам қаза тапты
"Бірнеше өңірде қайғылы оқиға тіркелді. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Абай облысы Аягөз ауданындағы тракторда отырған 2 адам суға кеткенін атап өтті.
Hammasini ko'rsatish...
🕊 6😢 4👍 3😨 2
Президент әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды Заңға мынадай нормалар енгізілді: ⠀ - денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды; - неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған; - отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беругеміндетті болады; - тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді; - өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтірудінасихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді; - 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды; - кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді; - білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті; - 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды.
Hammasini ko'rsatish...
👍 38🤩 5 3🤡 3🔥 2
00:17
Video unavailableShow in Telegram
Алматыда әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалған. Журналист Козачковтың Telegram-арнасында белгісіз адамның әйелге жасаған шабуылының видеосы жарияланды. Арна мәліметінше, оқиға 10 сәуірде болған. Видеодан белгісіз жігіт келіп, орындықта отырған әйелді мойнынан ұстап алғанын көруге болады. Көрші ғимараттан шығып, өтіп бара жатқандардың арқасында әйел құтылып үлгерген. Алматы полициясының баспасөз қызметі әйелге дене жарақатын салу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Ер адам ұсталып, жауапқа тартылады.
Hammasini ko'rsatish...
😱 24👍 9🤬 5 1
02:31
Video unavailableShow in Telegram
Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысының жалғасы басталды. Қазір қылмысты жасырып қалды деген Бақытжан Байжанов сөйлеп жатыр.
Hammasini ko'rsatish...
👎 12😱 2🥴 2
00:36
Video unavailableShow in Telegram
Астанада жер бауырлап дүкенге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды Күндізгі уақытта ер адам телефон сататын дүкенді бақылап, қылмыстық ойын түнде жүзеге асырмақшы болған. "Сергек" камераларынан жасырынбақ болған күдікті жолда жер бауырлап, дүкенге терезесі арқылы кірген. Бірнеше секунд ішінде ол жалпы саны 14 дана Iphone телефонының әртүрлі модельдерін иемденген. Ол тіпті соғылған дабылдан да қорықпаған. Күзет фирмасының қызметкерлері келгенге дейін күдікті сыртқа шығып, бауырлап қашып үлгерген. Жалпы келтірілген шығын 10 миллион теңгеге бағаланған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Hammasini ko'rsatish...
🤣 30😨 9 2👍 1😁 1🤯 1😱 1
02:05
Video unavailableShow in Telegram
Байжанов Салтанат Нүкенованың жақындарынан кешірім сұрады.
Hammasini ko'rsatish...
👍 16🥱 2😐 1
Photo unavailableShow in Telegram
Сот отырысы жалғасып жатыр. Бишімбаев ісін әрі қарай да судья Айжан Құлбаева жүргізе беретін болды. Судьяны ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмады.
Hammasini ko'rsatish...
🥰 19👎 7👍 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
👍 8
00:29
Video unavailableShow in Telegram
Бишімбаевтың адвокаты судьяға қарсылық білдірді (яғни оны істі қараудан шеттету). Оған судья Айжан Құлбаева сөгіс жариялады. Процесс тоқтатылды. Трансляция да.
Hammasini ko'rsatish...
8👍 5🥱 3
01:16
Video unavailableShow in Telegram
Судья Бишімбаевтың адвокаттарын сот залына кіргізбей қойды Бүгінгі сот отырысында Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов қана қатысып отыр. Адвокат Лейла Рамазанова мен Назкен Құсайынова сотқа кешігіп келгендіктен судья оларды сот залына кіргізбей қойды.  "Бұған дейінгі сот отырыстарында сотқа кешігіп келуге болмайтыны бірнеше рет ескертілген болатын. Сот тікелей эфирден көрсетіліп жатқандықтан сот отырысы 9.30-да басталатынын біле тұра қорғаушылар кешігіп келді. Сондықтан олар сот залына кіре алмайды. Сот үзіліс жариялаған кезде олар сотқа қосыла алады", - дейді судья.
Hammasini ko'rsatish...
👍 22 17
03:13
Video unavailableShow in Telegram
Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенова мен құрбысы Аида Ахмединаның диалогын оқыды. ⠀ Прокурор Ахмедина мен Нүкенованың 2023 жылы 19 сәуірдегі диалогын оқыды. Салтанат Нүкенова түнгі екі шамасында құрбысына жазып, адвокат керегін айтқан. ⠀ "Ол менің заттарымды бермейді. Жалғыз келе алмаймын, ағам немесе әкеммен баруым керек. Кез келген нәрсеге дайын болуым керек. Маған ештеңе керек емес. Тек заттарымды алып кеткім келеді", - деп жазған Салтанат құрбысына.
Hammasini ko'rsatish...
😱 24👍 5 4🥱 4🤣 2👀 2💔 1😭 1
01:30
Video unavailableShow in Telegram
Петропавлға қарай жылжып барады. Тағы да атап өтейін, үлкен! Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың су тасқынына қатысты облыс тұрғындарына үндеу жариялады. "Құрметті жерлестер! Өңірде су тасқыны жағдайы күрделі. Облыс орталығына үлкен су келе жатыр. Қиын сәтте ел басшылығы бізге қолдау білдіріп жатыр... ...Тұрғындардың өмірін сақтау - біздің басты міндет. Біз су тасқынына қарсы барлық қажетті шараны қолданып жатырмыз. Бірінші кезеңде елді мекендерден еріген суды ағызу жұмыстары жүргізілді. Енді міне, Есіл өзенінің бойынан көп су ағып жатыр. Сергеевское су қоймасында толып кету бойынша абсолют рекорд тіркелді - 4 метр, 25 сантиметр. Бұл 2017 жылғы қатты су тасқынынан әлдеқайда жоғары. Есіл өзенінің жағасындағы елді мекендерге жоғары су қауіп төндіреді. Шамамен бір-екі күнде су облыс орталығына жетеді. Прибрежное мен Тепличное ауылдары мен Заречный ауылын су басу қаупі төніп тұр. Осы күндері біз бөгеттерді салу және нығайту жұмыстарына тәулік бойы жұмыс істедік. Ауыз суды үздіксіз қамтамасыз ету үшін бірінші көтерілген сорғы станциясының айналасындағы бөгетті нығайттық. Біздің қауымдастықтарымызды қорғау үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданды. Дегенмен, бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Үлкен су ағыны Петропавлға қарай жылжып барады. Тағы да атап өтейін, үлкен!" - деп жазған ол.  Облыс әкімінің мәліметінше, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярдың тапсырмасы бойынша үйлері су басу аймағында орналасқан Заречный ауылының тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Hammasini ko'rsatish...
👎 5👍 1 1👏 1
Photo unavailableShow in Telegram
Құлсары қаласында бір адамның мүрдесі табылды. Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, табылған мүрденің тасқын су кезінде жоғалып кеткен, қазір іздестіріліп жатқан әкесі мен баласына қатысы жоқ. "Тасқын су мәйіттерді де шайып кетіп, Құлсары қаласында мүрде табылды", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі. 9 сәуірде сағат 12:27-де ТЖД құтқарушылары Құлсары қаласы "Рамазан" дүкені тұсынан ер адамның мүрдесін тауып, полиция қызметкерлеріне тапсырған.
Hammasini ko'rsatish...
😢 8😱 4🤬 2👍 1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады «Ораза айт – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі. Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - делінген Президент құттықтауында.
Hammasini ko'rsatish...
👏 5🤣 4 3👍 2🎉 2🤡 2🤔 1
00:03
Video unavailableShow in Telegram
Атырауда полицей қызметкері көлік жүргізіп келе жатқан мопедистті қағып кетуге мәжбүр болды. Бұған дейін жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып қашып кеткен. ⠀ Жаяу жүргіншілермен соқтығысқан сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Мопед жүргізушісі Сәтбаев даңғылында үш жаяу жүргіншіні қағып кетіп, тоқтамай, жол апаты болған жерден кетіп қалады. ⠀ "Полицейлер құқық бұзушының кім екенін анықтады.Жүргізуші кәмелетке толмаған Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Мопед полиция бөліміне жеткізілді. Құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін сараптама тағайындалып, тиісті материалдар жиналуда", - делінген хабарламада. ⠀
Hammasini ko'rsatish...
🤬 15👍 7 1
Photo unavailableShow in Telegram
Бүгін Ораза айт мерекесі. Ораза айт дегеніміз - Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, яғни мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Бұл - екі айт мейрамының бірі. Мереке күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Сонымен қатар, айтта ораза ұстауға тыйым салынады. Барша мұсылмандарды құттықтаймыз!
Hammasini ko'rsatish...
👍 22 8👎 3👏 3🔥 1
01:40
Video unavailableShow in Telegram
"Қаланы су басып жатыр, ал ол көлік қарап жүр". Әлеуметтік желіде Атырау әкімдігінің қызметкерінің жұмыс уақытында автосалонда жүрген видеосы тарады. Оны көрген желі қолданушылары халық су тасқынымен күресіп жатқанда неге шенеуніктер көлік қарап жүр деп сынға алды. Бейнежазбаға қатысты әкімдік қызметкері жауап берді. Оның айтуынша, қызметкер салонға жұмыс бабымен барған.  "Бейнежазбада Атырау әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы қосалқы бөлшектердің бағасын ресми дилерден біліп, әкімшіліктің балансында тұрған автомобильдерді жөндеу үшін тапсырыс беруге барды", - деп жауап берді.
Hammasini ko'rsatish...
🤬 39😁 17👍 6👎 4 3👏 1🤔 1
00:14
Video unavailableShow in Telegram
"Үйін сағынған адамдарға арналады". Ауылда түсірілген видео көпшілікті тәнті етті. ⠀ Видеода ауыл өмірінен үзінділер ұсынылған. Алтыбақан теуіп жатқан және сәбіз теріп жүрген балаларды, жайылымдағы малдарды, самаурында шай қайнап жатырғанын көріп, көпшіліктің өз ауылына деген сағынышы оянды. ⠀ "Бір сәтке болса да ауылдың атмосферасын сездім", "Ауылдың берекесі бөлек қой", "Көзіме жас келді", "Ауылға барғым келіп кетті", "Қандай керемет", - деп пікір қалдырған Желі қолданушылары. Видео: IG/ozimeiunaidy
Hammasini ko'rsatish...
27👍 12😍 1