cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Жаңалықтар - Qaz365.kz

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Жарнама бойынша: @bs2906 @alim_the_magnus

Ko'proq ko'rsatish
Advertising posts
15 562Obunachilar
-1524 soatlar
-767 kunlar
-37230 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Обуначиларнинг ўсиш даражаси

Ma'lumot yuklanmoqda...

Тоқаев ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беретін заңға қол қойды Заңға сәйкес, енді ауылға жұмыс істеу үшін баратын медицина қызметкерлеріне ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жағдайда, оған ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде бірреттік ақшалай төлем беріледі. Бұл 8,5 миллион теңге. Айта кетері, биылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды.
«Заң медицина қызметкерлерін құқықтық және материалдық тұрғыдан қорғауға және олардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жастар арасында құрамында никотині бар заттардың таралуының алдын алу және оған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған. Заң арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі енгізілді (Заң ресми жарияланғаннан кейін 6 ай өткен соң қолданысқа енеді). Сонымен қатар медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған түзетулер қабылданды. Өзгерістер медицина мамандығына құрметпен қарауды көздейді. Кәсіби қызметіне кедергі келтіруден қорғайды», - дейді сенатор Айгүл Қапбарова.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
«Пайдалы болуға шешім қабылдадым»: Бишімбаев ісін қарап жатқан прокурор мәлімдеме жасады Қуандық Бишімбаев ісін қарап жатқан мемлекеттік айыптаушы прокурор Айжан Аймағанова жаңадан ашқан Instagram-дағы парақшасында тағы да видео жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Парақшамды ашқан кезде, маған көп адам жазылады деп ойламадым. Тек менің атымнан жалған парақшалар ашылып кетпесе екен деген мақсатым болды. Бұл менің әлеуметтік желідегі жалғыз аккаунтым, менде Tok-tok жоқ. Менің студенттік кезімнен @zhakiti аккаунтым бар, осыған орай парақшам осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтты @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым», - деп жазды прокурор.
Бірақ қазіргі жағдайда өзге әріптестері секілді желіде белсенді бола алмайтынын атап өтті. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз\
Hammasini ko'rsatish...
🔥 7👍 4
Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында «Тоқта, вандал!» акциясы өтті Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Астанада вандализмге қарсы бағытталған «Тоқта, вандал!» акциясы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Айта кетейік, Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, ҮЕҰ өкілдері, қала тұрғындары, аудан әкімдіктерінің және қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері, мәслихат депутаттары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы жүріп жатыр. Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
«Вандализм қоғамның мүлікке зияны тигізуі ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына қауіп төндіретінін ескерген жөн. Бұл акция қоғамдық мүліктің бүлінуіне жол бермеуді, сондай-ақ азаматтардың санасы мен жауапкершілігін аттыруды насихаттайды. Жалпы әрбір азамат қала тазалығына немқұрайлы қарамауы қажет. Әсіресе жастар вандализм әрекеттерінің алдын алып, таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға атсалысқаны дұрыс», - деді елорданың Жастар саясаты басқармасының басшысы Самат Ибраев.
Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау. Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 5
«Құлақтары үйрене берсін»: Петропавлды Қызылжар деп атаған әкім елді сүйсінтті Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмі Мереке Мұхамедияров «Ұлысмедиа» тілшісіне берген сұхбатында су тасқынынан зардап шегіп жатқан Петропавл қаласын тарихи атауымен яғни Қызылжар деп айтады Жалпы қазақ тілді қауым көп жағдайда Қызылжар айтып жүргенімен, әкім-қаралар саяси қателік жібермей, құжат жүзіндегі Петропавл атауымен сөйлейтін. Ал Мереке Мұхамедияров олардан өзгеше болып шықты.
«Есіл өзенінің бойынша біздің аудан бойынша 18 ауыл тұр. Сол 18-дің бесеуі суға кетті. Жарқайың ауылында үйлерді су баспады, бірақ жан-жағына келді. Су енді қалаға 1-2 күнде жетіп қалады. Қызылжар, ай Петропавлға жетіп қалады», - дейді әкім.
Сол кезде журналист Петропавлды Қызылжар деп айтасыздар ма деп сұрады.
«Қызылжар деген ресми емес. Бірақ енді құлақтары үйрене берсін», - дейді Мереке Мұхамедияров.
Желіде пікір жазғандар әкімнің бұл сөзіне ризашылықтарын білдіріп жатыр. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 31🔥 3
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
"2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 595 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 901 теңге, базалық зейнетақы – 42 694 теңге", - делінген хабарламада.
Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 291,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 635,1 миллиард теңге қарастырылғаны айтылды. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 364 мың адам. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 1 1
«Ақша бопсалап, дәретханада ұрған»: Астанада оқушы терезден секіріп кеткен Жасөспірімнің мұндай қадамға не себеппен барғанын полиция анықтап жатыр. Ал туыстарының өз болжамы бар. Олар баланы басқа оқушылар бопсалаған деп есептейді. 8 сынып оқушысы Бекболат Сайлау кеше түсте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Қолы, екі аяғы сынған, беліне зақым келген. Дәрігерлер ота жасап, бала бүгін ғана есін жиды. Мектеп басшылығы да осы оқиғадан кейін абдырап отыр. Бекболатты тыныш, сабырлы бала деп мінездеме берген директор «одан мұндайды күтпедік» дейді.
«Ешкім байқамай қалды. Балалар тапсырма орындап отырған, мұғалім кітап қарап отырған. Бәрі тез болған. Мұғалім санаулы секундта басымды көтергенде, баланың терезеде ілініп тұрып, құлағанын көрдім деп отыр», – деді №72 мектеп-лицей директоры Айман Дүйсенова.
Шошынып қалған оқушылар мен мұғаліммен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ал директоры білім ордасында «буллинг болған жоқ» деп азар да безер. Мән-жайды қазір полиция анықтап жатыр. Іс ішкі істер министрлігінің бақылауында. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 5
Салтанат Нүкенованың әкесі: істің беті әлі түгел ашылған жоқ Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша шындық марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкеновтың пікірінше әлі толық ашылмаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Құдай деп жүрміз. Ауруханадан жақында шықтық. Процеске келіп отырмыз. Байжанов негізгі куәгер (сотталушы - авт.). Әлі түгел ашылған жоқ. Істің ашылуы жаңа ғана басталып жатыр. Естігеніміз - уақытга тергеу изоляторында вице-министр екеуін қосады. Мусин дегеннің аты аталды. Әділет министрлігі, прокуратура жеке тергеу жүргізіп, ішінде қандай вице-министр болғанын, қалай болғанын анықтау керек», - дейді ол Бестньюс тілшісіне берген жауабында.
Амангелді Нүкенов айтып отырған оқиға - екінші сотталушы Бақытжан Байжановтың сотта айтқанына негізделген. Байжаров тергеу изоляторында ұйықтайтын уақыттан кейін Бишімбаев, бір вице-министр әрі Мусин деген адаммен бірге өзімен сөйлеспекші болғанын мәлімдеген еді. Алайда оларды көрген Байжанов бірден кері бұрылып, түрме қызметкерлеріне енді өзін былай сөйлесуге шығармауды өтінген. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 2
«Төрінші әйелі боп тигенімді кеш білдім, суицид жасамақ болдым»: әнші Мөлдір Әуелбекова сұхбат берді Толығырақ
Hammasini ko'rsatish...
👎 8
Repost from Ru.Qaz365.kz
В Турции произошло землетрясение магнитудой 5,6 Толчок был определен на глубине 5,99 километра Подробнее
Hammasini ko'rsatish...
😱 4👍 2
Тоқаев Қырғызстан президентін Астана әуежайында күтіп алды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...