cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Dauletten

Бай қуатты, ДƏУЛЕТті болайық. Жарнама және ұсыныстар жөнінде: @YerekentiKZ Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/QEc88rJUYgl0qEIV

Ko'proq ko'rsatish
Advertising posts
351 331Obunachilar
-43124 soatlar
-2 7567 kunlar
-14 03130 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Обуначиларнинг ўсиш даражаси

Ma'lumot yuklanmoqda...

💻Бірінші сыныпқа өтінішті қалай тапсыруға болады? 📹Оқу-ағарту министрлігі видеонұсқаулықпен бөлісті. Баланың құжаттарын еgov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Қабылдау мерзімі: 1 сәуір - 31 тамыз (қоса алғанда) Dauletten✅
Hammasini ko'rsatish...
👍 69 17👏 7🥰 5🤬 1
🔓Қыз алып қашқан маңғыстаулық жігіт 4 жылға сотталды 22 жасар азамат жазасын шартты түрде өтейді. Жаңаөзен қаласының тұрғыны Instagram арқылы шымкенттік қызбен танысқан. Көп ұзамай Шымкентке келіп, үйлену мақсатында қызды алып қашып, Маңғыстауға қарай шыққан. Жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, айыпталушының өз кінәсін мойындауымен дәлелденді. Әй жігіттер-ай, қазір бұрынғы заман емес. Қыз бала зат емес қой?! Абайлаңдаршы! Екі жақтың келісімімен болса онда басқа әңгіме… Dauletten✅
Hammasini ko'rsatish...
👍 265🤔 34 24👏 19🔥 11😁 8👀 8🕊 2
🇰🇬🎥 Қырғыз елі өз аумағында TikTok желісін бұғаттау туралы шешім қабылдады Бұған әлеуметтік желінің балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына кері әсері туралы көптеген өтініштер себеп болған. Бұны Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігі бұл ақпаратты растады. Байланыс операторларына 18 сәуірге дейін шара қолдану қажеттігі туралы хат жолданды. Ал сіз бізде де TikTok желісін бұғаттағанын қалайсыз ба?👇 Dauletten
Hammasini ko'rsatish...
👍 1834👏 211 67👎 15👀 13🤯 10😍 9😁 2
🧑‍⚖️ Қазақ тілі «мамбеттердің тілі» деп атаған Алматы тұрғынына сот шешімі шықты TikTok-та қазақ тілін қорлаған алматылық 21 жастағы Элина Лю есімді қыз 2 жылға сотталды. Ол 2023 жылдың күзінде, аталған желідегі онлайн трансляцияда қазақ тілін ұнатпайтынын, ол мәмбеттер тілі екенін, мәмбеттердің кесірінен Абай көшесінде кептеліс болатынын айтқан. Кейіннен оның сөздері сараптамаға жіберіліп, үстінен із қозғаған. Элина Лю желі қолданушысы ашуына тигенін айтып ақталды. Алайда ол екі жыл ең төменгі жазасын қауіпсіздік колониясында өтейтін болды. Ал баласы әжесіне беріледі. Басқа бәле - тілден. Сөйлегенде де абайлап сөйлеу керек қой🤷‍♂️ Dauletten✅
Hammasini ko'rsatish...
👍 1268👏 196 54🔥 37😨 25🤬 17👌 11😭 8🤯 7
🌷Түркістан облысында қызғалдақ жұлған қызға 11 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін 22 жасар бойжеткен қызғалдақтарды жұлып, видео түсіріп, оны парақшасына салып қойған. Видео Ордабасы ауданы, Ұялыжар ауылдық округінде түсірілген. Ол Қызыл кітапқа енген «Грейг» қызғалдақтарын жұлған. Бұған қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр. Бұл қылмыс үшін 3000 АЕК (11 076 000 тг) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Dauletten✅
Hammasini ko'rsatish...
👎 361😱 315👍 90🤯 41 24😨 23🤔 17🤬 11🏆 1
📢Зардап шеккен азаматтарға ҮКІМЕТ тарапынан берілетін көмек👇 ➡️Қалпына келтіруге жатпайтын тұрғын үйлердің орнына ДАЙЫН БАСПАНА САТЫП АЛУ немесе ЖАҢАСЫН САЛУ; ➡️Саяжай үйлері бойынша өтемақы мөлшері 100 АЕК-ке дейін болады. Бұл ретте, егер саяжай жалғыз баспана немесе зардап шеккендер халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын болса, онда әкімдік басқа тұрғын үй беру мүмкіндігін қарастырады; ➡️100 АЕК мөлшерінде БІРЖОЛҒЫ ӨТЕМАҚЫ төленеді; ➡️Өлген малдың нарықтық құны туралы қолда бар деректер негізінде шығынды өтейді; ➡️Зардап шеккен тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өтемақы алу; ➡️Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтардың несие төлемдері 2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін автоматты түрде 3 АЙ МЕРЗІМГЕ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛЕТІН болады; ➡️Уақтылы төлемдерді кешіктіргені үшін зардап шеккен азаматтардың несиелері бойынша АЙЫППҰЛДАР МЕН ӨСІМПҰЛДАР ЕСЕПТЕЛМЕЙДІ; ➡️Су тасқыны шаруашылық қызметін тоқтатуға әкеп соққан барлық зардап шеккен жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне олардың ұсынған өтініштерін ескере отырып, НЕСИЕЛІК ТӨЛЕМДЕР КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛЕДІ (банкке тікелей жүгіну қажет); ➡️Су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін: − барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 маусым аралығында басталатын әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімдері 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін кейінге қалдырылады; − 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 маусым аралығында басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылады; - мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етуді және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтата тұрады. ❗️Бұл көмектің барлығын жергілікті атқарушы органдар орындайды. Яғни жергілікті ӘКІМДІККЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК! Dauletten✅
Hammasini ko'rsatish...
👍 157 53🤬 26👎 12😢 12💔 8🤔 5👏 4😁 4🤗 2🔥 1
Арнайы 6-17 жас аралығындағы балалары бар ата-аналар үшін!🤯 Қазақстанда балаңыз есепті толық әрі дұрыс шығарғаны үшін ақша (кэшбэк) беретін жалғыз курс бар. Ол – Qalan математикалық платформасы. Осы уақытқа дейін оқушыларға 315 000 000₸ кэшбэк беріп үлгерген. Бұл платформа көршілес Ресей мен Өзбекстанда да үлкен сұранысқа ие болып жатыр. Осы уақытқа дейін 25 000 + оқушының математикадан шынайы деңгейін анықтап, ҮЗДІК болуына көмектесті🔥 Ал ДӘУЛЕТТІ оқырман, балаңыз математикадан қай тақырыпты түсінбей жүргенін білгіңіз келеді ме?🤔 Ендеше, Qalan математикалық курсының ТЕГІН есептерін дәл бүгін балаңызға шығартып көре аласыз! Бар болғаны 50-ақ орын! Үлгеріп қалыңыздар! 👇 ТЕК БҮГІН! https://qalanmath.kz/dauletten_freetask https://qalanmath.kz/dauletten_freetask https://qalanmath.kz/dauletten_freetask Орын саны шектеулі! *серіктестік материал
Hammasini ko'rsatish...
👍 34 16
❗️Видеода балағат сөздер бар🤬 😱Әлеуметтік желілерде тағы бір тұрмыстық зорлық-зомбылық видеосы тарады Видеодан ер адамның әйелді ұрып-соққанын және жерде бала жатқанын байқауға болады. Оқиға Алматы облысында тіркелген. 1979 жылы туған ер азамат анықталды. Қазіргі уақытта жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Dauletten
Hammasini ko'rsatish...
😱 221🤬 121👍 62 18😭 8👀 5🤯 3
✍️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қол қойды Оған сәйкес: ➡️денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. ➡️өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. ➡️кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді. ➡️16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. ➡️кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды. ➡️16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды. Айта кетсек, Тоқаев өз жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын. Тату-тәтті, бір-бірімізді түсініп, ұрыс-керссіз өмір сүрейік ағайын!🙌 Dauletten
Hammasini ko'rsatish...
👍 541 85👏 40👎 19🔥 15🤝 12👀 3😁 2
Су тасқыны басталғалы бері 100 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды Төтенше жағдайлар министрлігі соңғы ақпаратты жариялады: ▪️102 328 адам, оның ішінде 37 537 бала эвакуацияланды; ▪️10 120 адам үйіне оралды; ▪️6 757 адам, оның ішінде 3 148 бала уақытша орналасу пунктіне орналастырылды; ▪️9,1 млн. текше метр еріген қар суы сорылды, 1,7 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді; ▪️3 129 тұрғын үй мен 2 033 аула аумағынан су бұрылды.
Hammasini ko'rsatish...
👍 221😭 61🤬 45 37🔥 13🤯 2