cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

LIVE SCORE - KZ

• Футбол қызықтарыннан құр қалма! • Қазақша мәтіндегі Футбол арнасы • Жарнама/Реклама: @tolkvnov

Більше
Рекламні дописи
12 559
Підписники
-19324 години
+1 6087 днів
+94830 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Фото недоступнеДивитись в Telegram
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Брайтон» 31 жастағы маманды бапкер етіп тағайындамақ 🇩🇪 «Шағалалар» өткен маусымда германиялық «Санкт-Паулиді» чемпион етіп, Бундеслигаға шығарған Фабиан Хюрцелермен келіссөз жүргізуде. ✅ 1993 жылы дүниеге келген Хюрцелер «Брайтонды» тізгіндеуге қарсы емес. Енді қос клуб өтемақы құнын келіссе болғаны. 🗞️ Фабрицио Романо
Показати все...
1
00:59
Відео недоступнеДивитись в Telegram
💥 "Флуминенсе" Тиаго Силваны осылай таныстырды. 🏟 "Маракана" стадионына 50 мың адам жиналды. Бұл Бразилия футболындағы жаңа рекорд.
Показати все...
8.69 MB
1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ньюкасл» «Бернли» қақпашысына көз тікті 🤝 «Сауысқандар» 21 жастағы англиялық қақпашы Джеймс Траффордты қатарына қосу үшін «Бернлимен» келіссөз жүргізуде. ✅ «Ньюкаслдың» тізімінде Аарон Рэмсдейл мен Георгий Мамардашвили де бар. Бірақ бұл екеуінің бағасы тым қымбат болып тұр. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Траффорд «Ньюкаслға» ауысқан жағдайда, трансфер сомасының 20 пайызы «Манчестер Ситидің» есепшотына түседі. 🗞️ Фабрицио Романо
Показати все...
1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🇪🇸 Арда Гюлер «Реалда» қалады ✅ Өткен маусымда түркиялық жартылай қорғаушыны жалға алу үшін бірнеше команда ұсыныс тастаған. Бірақ мадридтік ұжым ешқайсысын қабылдамады. ❌ 19 жастағы футболшы «Реал» басшылығына клубтан кету туралы өтініш жасамаған екен. 🇹🇷 Гюлер бар назарын Түркия құрамасына аударып, Еуропа чемпионатында сәтті өнер көрсеткісі келеді.
Показати все...
2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🔼 Винисиустың жаңа құны - 180 миллион еуро 🤯 Қазір футболда ең қымбат төрт ойыншы бар, олардың үшеуі "Реал Мадридте" өнер көрсетеді. Ғажап!
Показати все...
6
Фото недоступнеДивитись в Telegram
😐 Тони Кроос мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын айтты
«Енді көп уақытты отбасыма арнаймын. Бауырым Феликспен бірге подкаст жүргізуді жалғастырамын. Сондай-ақ Мадридтегі академиямда жұмыс істеп, жас футболшыларға көмектесемін. Бірақ футболшы кезімдегідей бос емес болу үшін 18 жобаға араласпайтыным анық», — деді неміс футболшысы.
🏆 Германиялық жартылай қорғаушы Еуропа чемпионатынан кейін кәсіби мансабына нүкте қояды.
Показати все...
3
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі: 🤝 Жолдастық кездесу: 21:00. 🇨🇭 Швейцария - Австрия 🇦🇹 21:00. 🇸🇪 Швеция - Сербия 21:45. 🇵🇹 Португалия - Хорватия 🇭🇷 22:30. 🇩🇰 Дания - Норвегия 🇳🇴 23:00. 🇧🇪 Бельгия - Люксембург 🇱🇺 00:30. 🇪🇸 Испания - Солтүстік Ирландия 🇬🇧 👇 Кімдер жеңіске жетеді?
Показати все...
1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Түркия Еуропа чемпионатына қатысатын нақты құрамын жариялады
Показати все...
1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Аркадиуш Милик Еуропа чемпионатына қатыспайды 🇵🇱 Польшалық форвард Украинаға қарсы ойында (3:1) Руслан Малиновскимен соқтығысып, сол аяғының тізесін жарақаттап алды. ❌ Осыған байланысты Еуро-2024 додасына бармайтын болды.
Показати все...
1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
❗️«Лестер» үш ойыншымен қоштасты 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Келети Ихеаначо, Деннис Прат және Марк Олбрайтон келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты еркін агент статусында клубтан кетті.
Показати все...
👍 3