cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

РУХАНИ БАЙЛЫҚ 🌸📿

— Дұғалар — Хадистер — Ой салатын әңгімелер Достарыңызды шақыру үшін ⤵️ https://t.me/+L3LdZQ2sP2s4NDQ6

Більше
Країна не вказанаМова не вказанаКатегорія не вказана
Рекламні дописи
763
Підписники
Немає даних24 години
Немає даних7 днів
Немає даних30 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Бүгінгі дұға: “Уа, Раббым! Өзіңнен әр нәрседе ризықтың кәмілін сұраймын. Өзіңнің тарапыңнан разы етілуді әрі разы етілгеннен кейін сол үшін Өзіңе шүкір етуімді нәсіп ет деп Сенен сұраймын. Уа, Жомарттық Иесі! Нәтижесі жақсылық болған әр нәрсенің ауырын емес, жеңілін сұраймын”. (әзірет Әбу Бәкір (р.а))
Показати все...
01:12
Відео недоступне
6.37 MB
Пайғамарымыздан ақысын алған сахаба. 🍀 Ұстаз Ерлан Ақатаев. @kuran_tapsir
Показати все...
ПАЙҒАМБАРДАН_АҚЫСЫН_АЛҒАН_САХАБА_Ұстаз_Ерлан_Ақатаев_ᴴᴰ.mp33.81 MB
әл-Ықылас сүресі قُلْ هُوَ اللَّـهُ أَحَدٌ 1: (Оларға) айт: Ол Алла жалғыз! اللَّـهُ الصَّمَدُ 2: Алла – Самад (ешкімге және еш нәрсеге мұқтаж емес, керісінше, күллі жаратылыс Оған мұқтаж)! لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ 3: Ол тумаған да, туылмаған да! وَلَمْ يَكُن لَّهُ كُفُوًا أَحَدٌ 4 Оның ешбір теңдесі де жоқ!
Показати все...
Қиындықтан_Алланың_қорғауы_Ұстаз_Ерлан_Ақатаев_Жаңа_уағыз_ᴴᴰ.mp32.51 MB
🌸Бүгінгі дұға:🌸 "Уа, Алла тағалам! Жүрегімде Өзіңнен басқа барлық ойды, зікірді жоқ ете гөр!”Әмин 🤲
Показати все...
Әй, мұсылман бауырым! Алланың саған әзірлеген сый-сияпаты – Алланың кеңшілігінен мақұрым қалма! 1. Осы дүниеде және ақыретте Алланың қорғауында, қарамағында боласың Әбу Зәр (р.а) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай айтқанын жеткізеді: «Кімде-кім таң намазын (жамағатпен) оқыса, ол Алланың қорғауында болады»[1]. 2.Тозақтың отынан құтыласың Амарһ ибн Руайбһ (р.а) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын естігенін жеткізеді: «Күннің шығуынан және оның батуынан бұрын намаз оқыған адам тозаққа кірмейді»[2]. 3.Жәннатқа кіруге себеп болады Әбу Муса әл-Ашғари (р.а) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кім әл-бардайынды (таң мен асыр намазын) оқыса, жәннатқа кіреді»[3]. 4.Түнімен құлшылық қылғанның сауабы беріледі Осман ибн Аффан (р.а) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын жеткізеді: «Кімде-кім құптан намазын (мешітте) жамағатпен оқыса, ол түннің жартысын намазбен өткізгендей болады және кімде-кім таң намазын (мешітте) жамағатпен оқыса, түнді түгелдей намазбен өткізгендей болады»[4]. 5.Екі жүзділіктен аулақ боласың Әбу Һурайра (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұнафықтарға ең ауыр намаз – құптан мен таң намазы. Егер бұл екі намазда қандай сауап барлығын білгенде, еңбектеп болса да келер еді. Мен намазға бұйырып оған азан айтылуын, сосын бір кісіге бұйырып, оның адамдарға намаз оқып беруін, сосын отын көтерген адамдармен намазға келмеген адамдардың артынан барып, олардың үйлерін өртеп жіберуін қаладым»[5], – деген. 6. Қиямет күнінде жүзің нұрлы болады Саһл ибн Сағд әс-Сағди (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Қараңғы басып тұрғанда (таң намазының уақытында) мешітке барушыларды қиямет күнінде толық нұрмен сүйіншілеңдер»[6]. 7.Намазыңа періштелер куәлік береді Әбу Һурайра (р.а) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.ғ.с): «Сендерге түнде бір періштелер, күндіз бір періштелер алмасып келіп тұрады. Олар таң намазы мен асыр намазында жиналып, сосын сендермен түнде бірге болғандар көкке көтеріледі. Сонда Алла олардан жақсы біліп тұрса да: «Пенделерімді қандай жағдайда тастап келдіңдер?» – деп сұрайды. Ал, олар: «Біз оларды намаз оқып жатқандарында тастап келдік, сондай-ақ, олар біз оларға барғанымызда да намаз оқып жатыр еді», – деседі»[7]. 8.Жәннатта ерекше сый-сияпатқа ие боласың Әбу Һурайра (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім (намаз оқу үшін) таң ертең және кешке мешітке барып тұрса, Алла Тағала оған әр барып-келгені үшін жәннатта ерекше сый-сияпат әзірлейді»[8], – деп айтқан. 9.Жәннатта Алланың дидарын көру мүмкіншілігіне ие боласың Жәрир ибн Абдуллаһ әл-Бәжәли (р.а) баяндайды: «Ай толған түні Алла елшісімен (с.ғ.с.) бірге болған едік. Сонда ол толған айға қарап тұрып: «Жұмаққа кіргенде, мына айды қазір қалай көріп тұрсаңдар, Раббыларыңды да дәл солай сығылысып бір-біріңе кедергі жасамастан анық көретін боласыңдар, сондықтан күн шықпай тұрып және батпай тұрып үзбей намаз оқуға (таң мен асыр намаз) шамаларың келсе, міндетті түрде оқыңдар»[9], – деп айтты. 10.Осы дүниеден және оның ішіндегі барлық нәрседен хайырлы іске ие боласың Айша анамыз (р.а) пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына өсиетін риуаят етеді: «Таң намазының алдындағы екі рәкағат сүннеті осы дүниеден және оның ішіндегі барлық нәрседен қайырлы»[10]. Бахтияр АМИРЕЕВ, «Бегалы ата» мешітінің ұстазы
Показати все...
БЕС ШЫНАЙЫ МЕРЕКЕ قَالَ اَنَسٌ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ: كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَا يَخْرُجُ يَوْمَ الْفِطْرِ حَتَّى يَأْكُلَ تَمَرَاتٍ وَيَأْكُلُهُنَّ وِتْرًا. (قط) Әнәс (р.а.) айтқан: “Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазан айт күні таңертең бір-екі құрма жемей үйден шықпайтын және құрманы бір-бірлеп жейтін” (Сүнән Дарақутни) Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: “Айт күні таң мезгілінде Aлла Tағала періштелерін жер жүзінің жан-жағына жібереді. Әр періште бір-бір көшенің басына келіп: ‘Уа, Мұхаммедтің үмметі! Қайрымды Раббыларыңның құзырына шығыңдар. Өйткені oл молынан береді және үлкен күнәларды кешеді’ дейді. Мұны адам мен жыннан басқа бүкіл мақұлық естиді. Халық айт намазын оқу үшін үйлерінен шыққанда Aлла Tағала періштелеріне: ‘Уа, періштелерім! Жұмысын толық бітірген адамның алатыны не?’ дейді. Періштелер ‘Уа, Раббымыз! Aлатыны еңбегінің толық ақысы’ дейді. Aлла Tағала oларға: ‘Уа, періштелерім! Сендер куә боласыңдар, oлардың Рамазан айында ұстаған оразаларының, оқыған намаздарының сауабы ретінде мен де ризашылығымды және кешірімімді беремін’ дейді. Сонан соң Aлла Tағала: ‘Уа, құлдарым! Менен сұраңдар. Айбыным мен күш-қуатым атынан ат етейін, бүгін дінің мен дүниең үшін менен не сұрасаң, соны беремін’ дейді”. Mұсылман баласының Рамазан және Құрбан айттан басқа мына уақытта тағы бес шынайы мерекесі бар: 1. Сол жағындағы періште жазатын жаман амал таппағанда. 2. Сәкәрат ул-мәутте (ажал жетіп жаны кеудеден шыққан кезде) сүйінші хабармен періштелер келіп, “Сәлем, уа, мүмін, сен жәннаттықсың” деп қуантқанда. 3. Қабірге қойылған кезде қабірінің жәннат бағы екенін көргенде. 4. Рахман болған Aлланың Aршы астында әулие-әнбие, ғұламалар, шейіттер және салихтармен бірге сая тапқанда. 5. Қылдан жұқа, қылыштан өткір және түннен да қараңғы, мың жыл еңіс, мың жыл өр және мың жыл тегіс болатын Сырат көпірінен өткенде. Әулие бір кісі айтыпты: “Арифтнің уақытының бәрі Аллаға құлшылық пен зікірге арналғандықтан, тек тыныштық, шаттықпен өтеді. Олардың мерекесі үзілмейді, ешқашан тоқтамайды”. Хасан Басри (рaх.) “Аллаға қарсы келмеген әрбір күніміз мереке күні” деген.
Показати все...
01:30
Відео недоступне
11.57 MB
01:02
Відео недоступне
9.37 MB