cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

xabi & xavi

Жандос БАЙДІЛДА - жеке канал

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
2 486
مشترکین
+1224 ساعت
+1487 روز
+1 26230 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Photo unavailableShow in Telegram
КФФ президенті «Тобыл» басшысына наразы 😄 Әділет Барменқұловтың айтуы бойынша, Әлімжан Қалдияров үшін блогерлік футболданда маңызды. Мен Қалдияровты шақырғанмын. Біз біраз сөйлестік, ол бәрін халыққа жария салып сөйлесуді жөн көрді, Әлімжан үшін блогерлік футболданда маңыздырақ. Төрешіге наразылығы жайлы айтатын болсам, ойыншылар алаңға шайқасу үшін шығады, сондықтан футбол мен балетті шатастырудың керегі жоқ. @xabixavi
نمایش همه...
👍 6👎 6 1
Photo unavailableShow in Telegram
«Тобыл» енді өз алаңында ойнай алмайды 😄 ҚФФ 5 статьясына сәйкес, Қостанайлыұ ұжымға «Тобыл арена» манежінде ойнауға тыйым салды. 🤑 Ең қызығы, Қостанайлық ұжымның жастары да бұл стадионда ойнай алмайды. «Тобыл» ойындарын енді басқа қалада өткізуі мүмкін @xavixavi
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Исак пен Бробби – «Арсеналдың» шабуылшы лауазымына негізгі үміткерлері. Лондондықтар шабуылшының жоқтығын чемпионатта жеңіске жетуге қабілетті команда құруға көмектесетін жетіспейтін бөлік деп санайды. Қысқа тізімдегі тағы бір нұсқа - Исактың отандасы, Спортингтен келген 25 жастағы Виктор Гиокерес. 🗞The Independent
نمایش همه...
👍 3
⚽️ Финал. Құдай да "Байер" жағында сияқты Атақты "Moneyball" фильмінде айтылатын сөз бар: "Егер маусымдағы ең соңғы (финал) матчта жеңілсең, қалғанына елдің түкіргені бар". Әрбір финалға қатысты сөз. Мәреге дейінгі жолда төккен тердің өтеуі финалда белгілі болады. Кім жеңілсе де өкінішті. Бірақ тарих көбіне жеңімпаздың есімін жадында сақтайды. Осы маусымда 51 матч бойы жеңілмеген "Байер" финалда сүрінуі әбден мүмкін. "Аталанта" да тарихында тұңғыш рет бір маусымда екі финалға шығып, екеуінен де қағылуы бек мүмкін. Италия кубогы көзден бұлбұл ұшты, енді Еуропа лигасы. Егер бұл кубоктан да қағылатын болса, бергамолықтарға ауыр соққы. Финалда фаворит болмайды. Екі команда да мотивацияға тойып алған. Екеуі де трофейге аш. Ширек финалда, жартылай финалда "Аталанта" қалай ойнағанын көрсеңіз, таңдай қағасыз. "Байер" маусымды қалай өткізгеніне назар аударсаңыз, қайран қаласыз. Сондықтан, мен бұл матчқа психологиялық тұрғыдан соққым келіп отыр. 🇮🇹"Аталанта" жуырда ғана Италия кубогының финалында жеңілді. Бұл – тағы бір финал алдындағы ауыр соққы. Футболшылар көп жағдайда сынып кетеді. Өйткені "бергамолықтар" 1963 жылдан бері трофей жеңіп көрмеген. Арманына бір қадам қалғанда кубок қолынан сусып кетіп отыр. 🇩🇪 Ал "Байер" болса тарихында тұңғыш рет Бундеслига жеңіп, 120 жыл армандаған трофейіне биыл жетті. Бірақ сонда да босаңсыған жоқ. Әлі де жеңілмей келе жатыр. Қаншама камбэк жасады. Босаңсымауына себеп бар – алда финал тосып тұр. Еуропа лигасы және үш күннен соң Германия кубогының финалы. Кіші требл жасауға зор мүмкіндік. Міне, осы тұрғыда келетін болсақ, психологиялық басымдық "Байер" жағында. 🇮🇹Италия кубогы финалын көрдім. "Ювентус" бір голын салып алған соң "Аталанта" командасына бос кеңістік берген жоқ. Қақпаға тура тепкізбеді. Десе де қауіпті мүмкіндіктер болды. Джан Пьеро Гасперини – тәжірибелі бапкер. "Энфилд" стадионындағы гроссмейстерлік жүрісі ерек болды. Қай кезде прессинг жасап, қай кезде қорғанысқа қайтуды дәл болжады. Барлық жүрісі сенімді ақтады. Бос кеңістік берген жоқ. 🇩🇪 "Байер" феномені – оның қорғанысында емес. Леверкузендіктер қарсыласына көп мүмкіндік береді. Гол жіберіп алса есінен адасып шабуылдамайды, гол салып алса бірден қорғанысқа көшпейді. Үнемі допты қайтарып алып, бос кеңістік іздеумен болады. Атақты GOT сериялындағы "белые ходоки" сияқты. Бет қаратпай шабуылдайды. Таблодағы есепке қарамайды, төрешінің ақырғы ысқырығы шалынғанша қақпаны нысанаға алады. 90 + минуттарда салынған талай гол соның дәлелі. Жалпы, бір командаға басымдық бере алмаймын. Матч тағдырын жалғыз гол шешіп кетуі мүмкін. Пенальти сериясына дейін жалғасуы мүмкін. Тіпті, "Байер" бірінші таймда 3 гол салып тастауы мүмкін. "Аталанта" ақырғы минуттарда жеңіс голын салып кетуі мүмкін. Бірақ, мен бұл финалда психологиялық басымдық "Байер" жағында деп ойлаймын. Өйткені "Байер" ойыншылары абыржу дегенді білмейді, қысым дегенді сезбейді. Хаби Алонсо мен оның командасы басқа әлемде өмір сүріп жатқандай әсер қалдырады. Кейде тіпті Құдай да биыл "Байер" жағында ма деген ой келеді... "Аталанта" биыл ТОП деңгейде ойнап жатыр. Тіпті, Италия чемпионатында қола жүлде алуы да мүмкін.
نمایش همه...
👍 12 4
Photo unavailableShow in Telegram
👔 Венсан Компани - «Бавария» клубының бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі. 👀 Сондай-ақ Бельгиялық бапкерге «Брайтонда» қызығушылық танытып отыр. 📝 Фабрицио Романо
نمایش همه...
👎 8👏 7
⚽️ "Дублин Арена". Еуропа лигасы финалы. "Аталанта" және "Байер" арасындағы сойқан кездесу. Бүгін финал туралы ойымды жазамын. Күтіңіздер)
نمایش همه...
👍 15
Photo unavailableShow in Telegram
Адиев клуб ауыстыруы мүмкін 🇰🇿 Бұл туралы оның агенті хабарлады: « Мұсаұлы жазда Ахматтан кетуі ғажап емес. Қазақстан құрамасы Адиевке жаңа келісімшарт ұсынды. Егер Адиев құрамамен келісімшарт ұзартса, бапкер ҚПЛ клубын баптауы мүмкін. Қай клуб екенін айта алмаймын, бірақ бұл «Қайрат» клубы емес » 😘 Жазда Қазақстан құрамасының бапкері «Ақтөбені» баптайды деп күтілуде. Естеріңізге салсақ «Ахмат» басшысы Адиевтің құрамадан кетуін қалайды. @xabixavi
نمایش همه...
🔥 10
Photo unavailableShow in Telegram
🤩 "Ордабасы" директоры лауазымына кім келетіні әлі белгісіз... Бұған дейін "Ордабасы" ФК директоры лауазымына бірнеше адам таласып жатқанын, олардың қатарында Таңат Нөсербаев пен Арслан Беспаев та барын жазған едік. Енді кандидаттардың қатары тағы бір адамға көбейіп, талас одан сайын күшейгелі тұр. Бізге жеткен ақпаратқа сенсек, Асхат Сейсембек "Sport Qory" спортты қолдау қоры бас директоры лауазымынан босатылып, "Ордабасы" ФК директоры болуы әбден мүмкін. @xabixavi
نمایش همه...
5👎 1🔥 1👏 1
Photo unavailableShow in Telegram
"Реалдың" алғы шептегі жігіттері гол салуды қатырып тұр 🇪🇸 🇹🇷 Гюлердің өзі 7 ойынның бесеуінде 6 гол соғып тастады
نمایش همه...
28🤣 2👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
🏆 «Алтын допты» жеңіп алуы мүмкін ТОП-5 ойыншы: 🇧🇷Винисиус - 35% 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Джуд Беллингем - 17% 🇫🇷Килиан Мбаппе - 10% 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Харри Кейн - 10% 🇧🇪Тони Кроос - 5%
نمایش همه...
👍 29🔥 3