✅Шыңғыс хан ұрпақтары құрған бірнеше мемлекеттер:
🔖Алтын Орда (13ғ.орт. - 15ғ.орт.) - Жошы (Шыңғыс ханның үлкен ұлы) ұлысының орнына құрылған алғашқы мемлекет.
•Территориясы: Алтай тауынан Дунай өзеніне дейін
•Орталығы: Сарай-Бату; Сарай-Берке
•Негізін салушы/ең алғашқы ханы: Батый (Бату) хан (1227-1255 жж.)
🔖Моғолстан (14ғ.орт. - 16ғ.басы) - Шағатай (Шыңғыс ханның екінші ұлы) ұлысының орнына құрылған мемлекет.
•Территориясы: Оңтүстік-шығыс (Жетісу) Қазақстан мен Қырғызстан
•Орталығы: Алмалық
•Негізін салушы/ең алғашқы ханы: Тоғылық-Темір (1348~1362 жж.)
🔖Ақ Орда ( 240 жыл өмір сүрген) - Жошы ханның Орда Ежен деген баласы құрған мемлекет. •Территориясы: Шығыс Дешті Қыпшақ (Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сыр бойы)
•Орталығы: Сығанақ
•Негізін салушы/ең алғашқы ханы: Орда Ежен
❗️ Ақ Орда тайпалары қазақ халқының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
🔖Өзбек хандығы - Ақ Орданың ыдырауына байланысты құрылған мемлекет.
Өзбек хандығының бірнеше атауы бар:
🔖Әбілқайыр хандығы - елді 40 жыл билеген ханның есіміне байланысты;
🔖Қыпшақ хандығы - халқының басым көпшілігі қыпшақтар болуына байланысты;
🔖Шайбани ұлысы - Жошының бесінші ұлының ұрпақтары болуына байланысты.
▪️Территориясы: батысы - Жайық, шығысы - Балқаш, оңтүстігі - Арал мен Сырдария, солтүстігі - Тобыл мен Ертіс.
▪️Орталығы: Тура; Орда-Базар; Сығанақ.
▪️Негізін салушы/ең алғашқы ханы: Әбілқайыр хан (1428-1468 жж)
🔖 Алтын Орда ханы Өзбек (1312-1342 жж.) пен Моғолстан ханы Тоғылық-Темір (1348~1362 жж.) ислам дінін мемлекеттік дін деп қабылдаған.
ادامه مطلب ...