cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

Advertising posts
7 390مشترکین
-1024 ساعت
-657 روز
-24130 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

7 наурызда Ресейде ФҚҚ (федералдық қауіпсіздік қызметі) «лаңкестікке оқталды» деген сезікпен қазақстандық қос азаматтың көзін жойғанын жариялады. Олар 38 жастағы Жәнібек Тасқұлов пен 35 жастағы Сәбит Әшіралиев екені анықталды. Журналистер Данияр Молдабеков пен Дилара Иса олар туралы зерттеп, кейбір ақпаратты жария етті. Толығырақ материалда. 7 наурыз күні ФҚҚ “Мәскеудегі синагогаға жасалмақ шабуылдың алдын алдық” деген желеумен болған ықтимал атыста Қазақстанның екі азаматы қаза тапқанын жариялаған. Ресейдің арнайы қызметі лаңкестік әрекеттің алдын алдық деген. ФҚҚ мәліметінше, «Вилаят Хорасан» (Хорасан уәлаяты) тобының (Ислам мемлекетінің ауғанстандық тармағы. Олар қазіргі билік басындағы Талибанға қарсы) мүшелері Мәскеудегі синагогаға қарулы шабуыл жасамақ болған көрінеді. Мәліметке қарағанда олар Калуга облысындағы жеке үйлердің бірінен табылған. Тұтқындау кезінде күдіктілер қарсылық көрсетіп, оқиға соңы қантөгіспен аяқталғаны айтылды. Сол күні таңғы мезгілде Калугадағы Коряков ауылында ФҚҚ мен күдікті исламшылар арасында атыс болды деген Ресей жағы. Салдарынан “лаңкестік әрекетке дайындалды” деген екі күдікті – Қазақстан азаматтары, Жәнібек Тасқұлов пен Сәбит Әшіралиев қаза тапқан. Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, олар Ресейге ағымдағы жылдың 28 ақпанында келген. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
نمایش همه...
Қоғам үнсіз. Ресейде өлтірілген қазақстандықтар жайлы не белгілі? | “Адырна” ұлттық порталы

Жақсыларды көріп жүрміз ғой... Жан-жақтан жиылған бақсыларды көрмек үшін “Қазақ бақсыларының тұңғыш құрылтайына” арнайы бардым. Ондағы мақсатым – осы тәңіршілдер деген кімдер, олар не істеп жатыр, рухани деңгейі нешік, қазақ дүниетанымына, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген көзқарастары қандай, діншілдер даурығып жүргендей олар шынында да адасқандар ма, оларды кім қаржыландырып отыр т.б. сауалдарға жауап іздеп барған едім. Бақсылар құрылтайы Алматы қонақ үйінде таңертеңгі сағат 10:30-да басталып, кешкі сағат 19:00-де мәресіне жетті. Несін айтасыз, тоғыз сағат бойы тапжылмай отырып, аяғына дейін тамашалап қайттық. Қазақ бақсыларының бұл тұңғыш құрылтайы халықаралық ғылыми конференция деңгейінде өткен бас қосу болды. Себебі мұнда баяндама жасаған шешендердің дені зерттеуші ғалымдар болуымен ерекшеленді. Бұған көз жеткізу үшін баяндамашылардың аты-жөні мен көтерген тақырыптарын жаза кетпекпін. Олар: 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз.
نمایش همه...
ЕРЛАН ТӨЛЕУТАЙ: Бақсыны көрмек үшін... | “Адырна” ұлттық порталы

«Алматы галлереясында» Оңғарбек Алхаров пен Ләйлә Жарқынның «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Бұл көрмеге 35 картина мен киізден жасалған бұйымдар ілінген.  Фотограф Оңғарбек Алхаров Ұлыстың ұлы күніне орай өтіп жатқан көрмені жасау үшін біраз уақыттың кеткенін айтады. Көрменің басты ерекшелігі – қазақилықты дәріптеу, насихаттау. «Адырна» тілшісі фотограф Оңғарбек Алхаровпен тілдесіп, көрменің ашылу салтанатының куәгері болды. - Көрме тарихы терең бақсылық дәстүрден басталады. Бұл әдейі жоспарланды. Көп кісілер қазір бақсы-балгерден қорқады. Негізінен өнердің бәрінің бастамасы осы бақсыдан шыққан. Тәңір заманнан алдын бақсылар медициналық, өнер саласы, музыка өнері, қолөнер, театр салаларын қамтыған. Ән де осы бақсылардан шыққан. Оған дейін ән болмаған деп жатады. Одан бөлек цирк өнері бар. Бақсылар адыраспанды түтіндетіп, адамды емдеп, өткенін айтып, болашағын болжаған. Сол үшін біз көрмені бақсыдан бастадық. ⚡️Толығырақ сайттан оқыңыз
نمایش همه...
Жуырда Иранда Шәкәрімнің «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасының парсы тіліндегі нұсқасы жарық көрді. Кезінде Шәкәрімнің өзі бұл дастанды шығыс тілдерінен аударып, қазақ ортасына адаптация жасап берген. Оны қайтадан парсы тіліне аударудың қыр-сыры туралы аудармашы Гаухар Омарханова өз ой-пікірімен бөліседі. Заманында шығыс әдебиетінен алып жырлаған Шәкәрімнің «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын қайтадан парсы тіліне аударған Гаухар Омарханова 2010 жылдан бері Иран астанасы Тегеранда тұрады. Ол Иран теле-радио бірлестігінің Pars Today Kazakh сайтының аудармашысы. Осы арқылы қазақ тіліндегі еңбектерді Иран жұртына аударып, қазақ мәдениетін көпке танытуға үлес қоссам дейді. «Аудармашы»  дегеніміз – екі мәдениет арасындағы көпір десек болады. Қазіргі әлемдегі қайшылықтар, түсініспеушіліктер сол жанымызда жүрген адамдардың, көршілеріміздің мәдениетін түсінбеуден туындайды. Аудармашының мақсаты – осы жолы да өз үлесін қосып, екі елді табыстыру» дейді ол. Аудармашымен «Адырна» тілшісі сұхбаттасты. 📌 Толығырақ: https://adyrna.kz/post/190940
نمایش همه...
Нәзирагөйлік мәйегі. Шәкәрім поэмасын қайта аударудың сыры неде? | “Адырна” ұлттық порталы

🔥 1
Бүгін – Қазақстанды 30 жыл басқарған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кеткеніне 5 жыл толды. 2019 жылы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеген еді. Толық оқу: https://adyrna.kz/post/190781
نمایش همه...
1🔥 1
Repost from ADYRNA.KZ
Елтаңбаға өзгеріс енгізу керек пе?Anonymous voting
  • Иә, керек.
  • Жоқ, керек емес.
  • Әзірше керек емес, осы кезде одан да маңызды шаруалар бар.
0 votes
Парламенттің төменгі палатасының депутаттары әйел құқығы, адам құқығы мәселесіне қалай бағалайтынын айтады. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Мәжіліс депутаттарынан «Қазақстанда жалпы әйелдердің құқығы қаншалықты қорғалған?» деп сұраған едік. Әйел депутаттар кемшілік көп екенін айтса, ер депутаттар «әйелдер құқығы жақсы қорғалған» деумен шектелді. «ҰРЫП-СОҒУ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСПЕН РЕТТЕЛЕДІ» Мәжілісте қаралып, сенатқа жолданған «Әйелқұқығы мен бала қауіпсіздігі» заң жобасының авторларының бірі Жұлдыз Сүлейменованың бұл тақырыпта айтары баршылық. Бірақ Мәжіліс депутаты әйелдердің құқығы енді қорғала бастағанын ескертті. https://adyrna.kz/post/189623
نمایش همه...
Мәжіліс мұнарасынан қарағанда. Әйел құқығы қаншалықты қорғалған? | “Адырна” ұлттық порталы

Ұлы дала тарихында аты аңызға айналған арулар көп. Ел мүддесі үшін еңбек қылған, оқымысты, зиялы жандарды тек мерекелерде ғана еске алмай, үнемі үлгі тұтып жүруге татиды.   https://adyrna.kz/post/189562
نمایش همه...
Алғашқы қарлығаштар. Қазақ қызынан шыққан замана тұңғыштары | “Адырна” ұлттық порталы

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы белгілі саясаткер, қазіргі кәсіпкер Ғалымжан Жақияновтың арызы бойынша жүргізілген сот процессінде шығарылған шешім туралы пікір білдірді. Арасында эмоциялық сарын байқалатын мұндай көзқарас адам құқығының жанашыры болуға тиісті халықаралық ұйымның бет-беделіне көлеңке түсіруі мүмкін. Қазір көрші елдерде адам құқығын қорғайтын және сөз бостандығын жоқтайтын үкіметтік емес ұйымдарға қысым ұлғайғанда әйгілі бюроның мұндай қадамға баруы жұмсартып айтқанда, мүлде қисынсыз. 🌐Толығырақ сілтемеден оқыңыз: https://adyrna.kz/post/189361
نمایش همه...
Қазақ ұғымындағы Жаратушы Құдіреттің ең негізгі, үш тармақ: Тәңірі, Құдай, Алла атаулары, сырттай байыпта ешқандай талассыз, тепе-тең мағналы, синоним сөздер. Ойлап қарасақ, дәп солай емесін аңдаймыз. Үйлес, бірақ өзара айырымы да бірталай екен. Шындығында, осы үш пара сөзде туған халқымыздың, бері дегенде үш мың жылдық тарихы жатыр. Әр замандағы әрқилы тағдыр мен наным нәтижесі. Ең соңынан бастасақ, Алла – діни ұғым ретінде исламмен бірге келді. Біздің жұрттағы әуелгі, там-тұм дерегі – VІІІ ғасыр. Онша көп ұзамай, ішінара біршама таралғанын көреміз. Орталық Азияны тезінен жаулағаны тұрыпты, сонау қиырдағы Татар Даласына Шыңғыс хан заманында жетіп үлгерген. Рас, бұл тарапта жетекші емес. Жасақ заңы мен Білік қағидалары дін атаулыға теңдік дағуасын жариялауына байланысты, тыйым, тоқтау жоқ, біршама ықпалды. Осы орайда, Шыңғыс ханның байырғы, ең сенімді нөкерлерінің бірі, ұлы жолбасшыдан соң Өкетай және Күйік қағандар тұсында империяның бас уәзірі есепті, ең ірі тұлғасы болған Керей Шыңқайдың атын атаудың өзі жеткілікті. Ілкіде, исламдық Хорезм әсерімен Шығыс Дәшті қыпшақтары да хақ дінге біршама мойын бұрған. Ал Жошы ұлысы заманында Еділден ары өтіп, жалпы жұрттың біршама бөлігі қабылдаған, үйреншікті жағдайға жетті. Алтын Орда – Берке ханның тұсында (1257-1266) билеуші таптың негізгі сенімі, ал Жәнібек хан тұсында (1342-1357) мемлекеттік дін дәрежесінде. Барша жұрт – ислам, соған орай ең үлкен Құдірет ретінде Аллаға бас ұрғанымен, ежелгі, халықтық ұғым-рәсімдер де қатардан қалмаған. Қазақ Ордасы – ХVІ ғасырдың басы, Бұрындық, Қасым хандар заманында Бұхара мен Самарқанд дінбасылары қазақтың мұсылмандығына күмән келтірген пәтуа шығарып, Шәйбани ханның қантөгісті, жойқын жорықтарына мақұл тапқан. Тіпті, ХVІІІ ғасырдың өзінде, арғы түбі бүгінгі Моңғол үстірті, ежелгі Татар Даласынан шыққан Орта Жүз – Керей, Найман, Қоңырат, олармен тағдырлас, енді әр Жүзге кіріккен Жалайыр, Таз, Шанышқылы, Алтын, және басқа да рулардың Тәңірі дінінен, сөз емес, іс жүзі – тұрмыс пен күнделікті рәсімде мүлде қол үзіп кетпегенін көреміз. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/189139
نمایش همه...
Мұхтар Мағауин. Тәңірі – Құдай – Алла | “Адырна” ұлттық порталы

وارد شوید و به اطلاعات مفصل دسترسی پیدا کنید

ما این گنجینه ها را پس از تأیید هویت به شما نشان خواهیم داد. ما وعده می‌دهیم که سریع است!