cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

EgovKzbot2.0 егов казакша

По вопросам рекламы @Markbtl Осыган кирп старт бас @Kenes1414Bot Егов на русском: 👉 @EgovKzBot2_03

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
9 688
مشترکین
-424 ساعت
-327 روز
-10330 روز
آرشیو پست ها
Photo unavailableShow in Telegram
Әзербайжанның Шуша қаласы Түркі мемлекеттерінің мәдени астанасы атанды 2022 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болған Түркияның Бурса қаласы эстафетаны Әзербайжанның Шуша қаласына салтанатты түрде тапсырды
نمایش همه...
🇰🇿Құрметті Қазақтандықтар, сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік күні - еліміздің бейбітшілігін, күш-қуатын бейнелейтін ерекше мереке. Аспанымыз әрқашан ашық, отбасымызда бірлік-береке болсын🙌🏻 https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 24,1%-ға қымбаттады. Қараша айында жылдық инфляция 19,6%-ды құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азық-түлік тауарларының бағасы 24,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 18,6%-ға, ақылы қызметтердікі 14,1%-ға өскен. Бағаның өсуі (өткен жылғы қарашамен салыстырғанда): 82,4%⬆️ кір сабын 70,6%⬆️ қант 67,9%⬆️ кеңсе тауарлары 44,7%⬆️ дәретхана қағазы 44,5%⬆️ арпа жармасы 43,7%⬆️ жоғары сұрыпты бидай 45,8%⬆️ банан 42,3%⬆️ абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 42,2%⬆️ макарон өнімдері 39,0%⬆️ су сабын 38,2%⬆️ қарақұмық жармасы Ал сіздер ай сайын азық-түлікке қанша ақша жұмсайсыздар? https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
🌐Бағдат Мусин Астанада өткен сенбіде не себепті интернет болмағанын түсіндірді «Сол күні кешкі сағат тоғыз шамасында Мемлекеттік техникалық қызметі тиісті ақпаратты берген болатын. Олар тиісті интернет шлюзді қадағалайды. Сол интернет шлюзге берілетін электр қуаты жүйелерінде ақау болған. Осының салдарынан интернет шлюздің жұмысы тоқтап қалды. Электр жабдықтары іске қосылған соң интернет қайтадан қосылды», - деді Бағдат Мусин. Айта кетейік, 26 қараша кешке қарай бір сағат шамасында интернет жылдамдығы азайған еді. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Бір қарапайым ереже бар: сіз ақшаны сенімді түрде инвестициялағыңыз келсе — нақты жылжымайтын мүлікке инвестиция салыңыз. Долларға емес! Көңіл көншітпейтін доллар мен қор нарығының фондында танымал болып келе жатқан кәзіргі Тренд —  болжамды жылдық 40-70% - құрайтын әкелім, ол жылжымайтын кепілді мүлік. Инвесторларға  ай сайын (шарт бойынша айына 3-6%) төлемдер жүзеге асырылады, ал кепілдік ретінде, кепілге өтімді жылжымайтын мүлік салынады. Назар аударыңыз! Барлық мәмілелер нотариус арқылы мемлекеттік тіркеуден өтеді (ынтымақтастық жасамас бұрын осы тармақты тексеріңіз). Енді жылжымайтын мүлікке 1 млн теңгеден бастап инвестициялауға болады. Мұны қалай жақсы жасау керектігін, бәрін қалай шешуге болатынын және неден бастау керек, оның бәрін @FinMarket_KZ мамандары өз арнасында айтады. Олардың 📲 арнасына жазылыңыз: @FinMarket_K
نمایش همه...
🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен келді Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді.
نمایش همه...
05:00
Video unavailableShow in Telegram
Сумдық ТАРАЗ КАЗФОСФАТ БҮГІН ҚАЙТА шықты😱
نمایش همه...
71.17 MB
Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Жозеп Боррельге ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті. Президент Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім барлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің жаңа кезеңіне жол ашқанын айтты. – Біз Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстарды қолдаймыз. Осыған байланысты Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің өте табысты болған сапарын және Еуропалық Комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйенмен жүргізген келіссөзімді атап өткім келеді. Біз ынтымақтастығымыздың көптеген мәселесі бойынша өзара түсіністікке қол жеткіздік деп ойлаймын. Сондай-ақ Египетте Қазақстан Премьер-Министрі мен Урсула фон дер Ляйен қол қойған Меморандумды құптаймын. Бұл – өзара ынтымақтастық тұрғысынан өте нақты қадам, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Жозеп Боррель Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрмет көрсете отырып қабылдағаны үшін алғыс айтып, Астана мен Брюссель арасындағы өзара қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. – ЕуроОдақ пен Қазақстан – жақсы серіктестер. Біз өзара сенім мен құрмет көрсете отырып, ортақ сын-қатерлер туралы айтамыз. Сіздер Қазақстанды ашық, инклюзивті және демократиялық ел ету үшін өзгерістер жасауға бағытталған реформалар үдерісін бастадыңыздар. Менің сапарым осы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр, – деді Еуропалық Одақтың Жоғарғы өкілі. Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
«Қазақ тілі» пәні бойынша емтиханды жыл сайын 5-сыныптан бастап барлық сынап оқушылары тапсырады. Мұндай өзгерістер келесі 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізіледі. Бұрын қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары тапсырған. Қазақ тілі бойынша емтихан жазбаша және ауызша түрде өткізіледі. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу сияқты дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер өздері құрастыратын болады.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Y
نمایش همه...
🇰🇿🇧🇾 Мемлекет басшысы Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК пен ТМД саммиттеріне қатысқаны үшін Александр Лукашенкоға алғыс айтты. Сонымен қатар Қазақстанның Беларусьпен арадағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға баса мән беретінін атап өтті. Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен қарым-қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық өзара іс-әрекет пен өндірістік кооперацияны жан-жақты жандандыруға ерекше назар аударылды. – Мен Үкімет мүшелеріне сауда-саттықты, инвестициялық ынтымақтастықты арттырып, жобаларды ілгерілету үшін барлық мүмкіндікті жасау қажет деп үнемі айтып отырамын. Қолда бар әлеуетті пайдалану қажет. Менің тарапымнан тиімді көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барлық шаралар қабылданады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Александр Лукашенко саммитке шақырғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, АӨСШК-ті одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екенін атап өтті. – АӨСШК ұйымын жаһандық деңгейде дамыта бастағаныңыз өте дұрыс, – деді Беларусь Президенті. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібі туралы пікір алмасты.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанда жасыл экономика қағидаттары бекітіледі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Парламент Сенатына Қазақстан экономикалық өсудің жаңа, «жасыл» моделін қолдана отырып, жаһандық жасыл өсу институтына қосылатын Заң жобасын таныстырды. Жаһандық институтқа қосылу ресурстық жағынан тиімді инвестицияларды, инновацияларды тарту, өндіріс пен тұтынуды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ тиісті зерттеулерге қатысу мақсатында халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
نمایش همه...
00:24
Video unavailableShow in Telegram
 Қазақстанға келген Ресей азаматтары, цон-да ИИН жасату мақсатында кезекке туруда.
نمایش همه...
9.92 MB
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясы Жалпы дебаттарында сөз сөйледі Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы Жалпы дебаттарына қатысуы Нью-Йоркке сапарының басты оқиғасы болды. Басты халықаралық мінберде сөз алған Қазақстан Президенті БҰҰ-ның штаб-пәтеріндегі бүгінгі кездесу әлем геосаяси текетірестің жаңа кезеңіне қадам басқан адамзат үшін сындарлы кезеңде өтіп жатқанын айтты. – Тәртіп пен жауапкершілікке негізделген әрі бұрын қалыптасқан халықаралық жүйенің орнын хаос пен болжауға келмейтін жағдай басып жатыр. Жаһандық тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтай алмады. Қауіпсіздік архитектурасы жойыла бастады. Әлемдік державалар арасындағы өзара сенімсіздік жылдам артып келеді. Әлем әскери қақтығыстардың жаңа толқынының құрбанына айналды. Біз бірінші рет екі буыннан кейін ядролық қаруды қолдану қаупімен бетпе-бет келдік, – деді Президент. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды кедергілермен және экономикалық оқшауланумен байланысты проблемаларды атап өтті. Оның айтуынша, экономикалық және саяси санкциялар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тізбегін жойып, миллиондаған адамдарға, әсіресе қоғамның осал топтарына қауіп төндіретін «жаңа нормаға» айналды. Қазақстан Президенті өз сөзінде 77 жыл бұрын БҰҰ-ның негізін қалаушы мемлекеттер ұйымның Жарғысында осы уақытқа дейін біздің қызметімізді сәтті реттеп келгенін халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын жазып, бекіткенін еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ негізінде жатқан іргелі постулаттарды сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Атап айтқанда, ол мемлекеттер егемендігінің теңдігі, территориялық тұтастықты құрметтеу және мемлекеттердің қатар бейбіт өмір сүруі сияқты үш негізгі қағидаттың өзара байланысын қайта қарастыру қажеттігіне тоқталды – Бұл үш қағидат өзара бір-біріне тәуелді. Осы қағидаттардың бірін сақтау қалған екеуін ұстануды білдіреді. Ал олардың бірін бұзу, басқа екеуін бұзған болып саналады. Дәстүрлі және ядролық қарусызданудың жаһандық жүйесі әлсіреген кезде аталған үш қағидатқа қауіп төнеді. Керісінше, үш қағидаттың түгел сақталуы олардың күшеюіне ықпал етеді. Бұл қағидаттар бірге кеңейтілген мемлекетаралық ынтымақтастықтың келесі үш деңгейіне негіз болады: субөңірлік, өңірлік және жаһандық. Бұл адамзат үшін пайдалы. БҰҰ аясында бекітілген құндылықтар жүйесі әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамға үміт сәулесі болып қала береді, – деп сенім білдірді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев ынтымақтастық рухына негізделген БҰҰ-ны басшылыққа алып, аталған құндылықтарды батыл қорғауға шақырды. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
🇰🇿🇪🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия Президентімен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөз жүргізді. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады. Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, энергетика және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды. Мемлекет басшысы Урсула фон дер Ляйенді Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен стратегиялық серіктестікті одан әрі жан-жақты нығайтуға деген өзара қарым-қатынасты растады. Еуропалық комиссияның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде іске асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады. Кездесу соңында Президент Урсула фон дер Ляйенді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
🇰🇿  🇮🇷 Мемлекет басшысы Иран Президенті Ибрахим Раисимен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Президенті биыл маусым айында өзінің Тегеранға жасаған сапарын ықыласпен еске алып, қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін Үкіметке тиісті тапсырмалар берілгенін атап өтті. Қазақстан тарапы қысқа мерзімде Иранға жеткізілетін тауарлар тізімін әзірлеген. Сондай-ақ біздің еліміз Иран тарапының да осындай тауарлар тізімін қарастыруға және қолдауға дайын. Бұл екіжақты сауда-саттық көлемін 3 миллиард долларға дейін арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге септігін тигізеді. Президент маусым айында Тегеранда екі ел басшылары негізін қалаған көлік-транзит дәлізінің табысты дамып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Кездесуде транзиттік жүк тасымалын одан әрі ұлғайту мақсатында «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржол тармағының әлеуетін дамытудың маңыздылығы, сондай-ақ Каспий маңы елдерінің порттары арасындағы тұрақты паром қатынасының мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігі атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтудың маңызды екеніне тоқталды. Қазақстан екі ел халқы үшін маңызды тарихи тұлғаларға қатысты бірлескен зерттеулер ұйымдастыру жөніндегі Иранның бастамасын қолдады. Қазақстан Президенті Иранның ШЫҰ-ға толыққанды мүше болуға деген ниетін құптады және Ислам Республикасының аталған ұйымға қосылуы өңірлік өзара іс-әрекетті жандандырып, оның жұмысына тың серпін беретініне сенім білдірді. Өз кезегінде Иран Президенті елдеріміздің сауда-экономикалық мүмкіндіктері мол екенін, сондай-ақ ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Ибрахим Раиси қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижелері келешектегі өзара тығыз іс-әрекеттің берік іргетасы болатынына сенім білдірді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Иранмен арадағы ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейілді екенін айтып, Ибрахим Раисиді елімізге қарымта сапармен келуге шақырды. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
«3 градусқа дейін үсік күтіледі»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы Синоптиктер 13-15 қыркүйектегі ауа райы болжамын жариялады Мамандардың хабарлауынша Қазақстанның солтүстік жартысына солтүстік-батыс суық антициклон әсер етеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. «14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі уақытта солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, 15 қыркүйекте шығыста, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Білім саласындағы реформа: Қызылордада сағатқа таласқан мұғалімдер бір-бірімен жанжалдасып жүр Қызылордалық мұғалімдердің Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке өкпесі қара қазандай. Әсіресе, орыс тілінен сабақ беретін педагогтар сағаттың азайғанын айтып шағымданып отыр. Олар министрдің реформасы алдын ала ескертілген жоқ, оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда ғана айтылды дейді. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Қазақстанда бір тәулікте 1 104 адам коронавирус жұқтырды https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
🔻Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырға 930 жағдай тіркелді. Ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында (203) және Қарағанды облысында (173) анықталды. 🔻За последние сутки количество заболевших коронавирусом в Казахстане составило 930 человека. Больше всего их в Нур-Султане (203) и Карагандинской области (173).
نمایش همه...
Мемлекет басшысы ҰҚК Төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады   Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық қауіпсіздік органдарында жүргізіліп жатқан жүйелі трансформациялар мен жұмыстың негізгі нәтижелері туралы баяндалды. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ҰҚК құрылымы оңтайландырылып, бөлімшелердің қызметтері мен міндеттері нақтыланды. Жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету, сондай-ақ дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне жаңа тәсілдер енгізілді. Ермек Сағымбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмысы қайта құрылып, лаңкестік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруші рөлі күшейтілді. Жыл басынан бері ТҚО мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын тарта отырып, 400-ден астам оқу-жаттығу өткізген. Президентке берілген мәліметтерге сәйкес алдын алу шараларының арқасында мемлекетке 900 миллиард теңге көлемінде залал келтіруі мүмкін оқиғаға тосқауыл қойылды. 37 миллиардтан астам қаржы бюджетке қайтарылды. ҰҚК материалдарының негізінде 791 қылмыстық іс, соның ішінде 49-ы жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қозғалды. Мемлекеттік шекараны қорғауды ұйымдастыру күшейтіліп, жаңа технологиялар қарқынды түрде енгізіліп келеді. Шекара арнаулы күштері құрылды. Биыл қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалдаудың 203 заңсыз әрекетінің жолы кесілді. 9 мыңнан астам шекара тәртібін бұзғандар ұсталды. Сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам валютаның, құны 10 миллиард теңге болатын тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілген жоқ. Елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі жетілдіріліп жатыр. Жыл басынан бері ҰҚК техникалық қызметтері инфрақұрылым объектілеріне жасалған 295 миллион кибершабуыл мен 2 мың DDoS шабуылдың жолын кесті. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қару іздеу, қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтардың және есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізіліп келеді. 900 келіден астам есірткі және 11 тонна прекурсорлар алынып, 16 есірткі зертханасы, 24 халықаралық және 45 өңірлік есірткі арнасы жойылды. Заңсыз айналымдағы 773 бірлік қару мен 20 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. ❗️ Мемлекет басшысы ҰҚК органдары қызметінің бағыттары бойынша өзекті сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, бірқатар нақты тапсырма берді.
نمایش همه...
«Екі әйелім бар»: Оралда кәсіпкерді өлтірді деп айыпталған күдікті соттан өзін босатуды сұрады Оралда кәсіпкердің өліміне басты күдікті ретінде ұсталған Руслан Қожантаев әйелдерінің бірінің айы-күні жетіп отырған жүкті екенін айтып, соттан өзін қамауға алмауды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап. 10 тамызда қалалық мамандандырылған тергеу сотында БҚО полиция департаменті тергеушісінің 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қарады. Іс материалдарынан белгілі болғандай, күдіктілер 6 тамыз күні «Рахат Лукум» караоке мейрамханасының ғимаратында болып, мекеме иесі Еркін Мұханғалиевпен кездескен. Олардың арасында жанжал туындап, Қожантаев жиналмалы пышағымен оның мойын және кеуде тұсынан кем дегенде үш рет соққы берген. Осы кезде кәсіпкердің жанында тұрған Т. Амангелді де пышақ шығарып, мекеме әкімшілігіне баратын жолды жауып, қызметкерлерді қорқытқан. «Мұханғалиев аман қалу үшін ашық тұрған терезеден секірмек болған. Осы кезде Қожантаев оның бел аймағынан тағы бірнеше соққы берген. Одан ары жаралы Мұханғалиев орталық стадионға қарама-қарсы тұрған көлік тұрағына қарай жүгірген. Күдіктілер оны қуып жеткен соң Т. Амангелді оны жерге құлатып, денесінің әр жерінен бірнеше рет тепкілеген. Осы кезде Р. Қожантаев жүгіріп келіп, серігінен пышақ сұрайды. Т. Амангелді оған пышағын ұстатқанда, Р. Қожантаев кәсіпкерге тағы алты рет пышақ сұғып алады. Мұханғалиев алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қожантаев пен Амангелді қылмыс орнынан қашып кеткен», - деді прокурор Тәжғалиева. Сарапшының қорытындысына сәйкес, Мұханғалиевтің өліміне мойын, кеуде, бел аймағының пышақ жарақаттары, сол жақ ұйқы артериясының, оң бүйректің зақымдануы, маңдай сүйектерінің сынуы себеп болған. «Қожантаев пен Амангелдінің тұрақты табыс көзі жоқтығын, олардың аса ауыр қылмыс жасағанын, содан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынғанын ескере отырып, олардың жасырынып қалуы және объективті тергеуге кедергі келтіруі, жәбірленушілер мен куәгерлерге қысым көрсетуі мүмкіндігіне жеткілікті негіз бар. Соттан ПД тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Қожантаев пен Амангелдіні екі айға қамауға алуды санкциялауды сұраймын», - деді мемлекеттік айыптаушы. Руслан Қожантаевтың өзі тергеу дәлелдерімен келіспейтінін, өзінің екі әйелі (біреуі жүктілік мерзімінің соңғы айында жүр), балалары және үйі бар екенін айтып, соттан өзін екі айға қамауға алмауды сұрады. Ал Тұрлан Амангелді сотта Руслан Қожантаевтың қысым көрсеткенін, сол күні өзімен бірге жүруге мәжбүрлегенін айтты. Айта кетерлігі, екі сотталушы да бұрын сотталмаған. Судья Исмаилованың санкциясымен Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді екі айға қамауға алынды. Яғни, тергеу барысында айыпталушылар қамауда болады.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Научитесь готовить 🧑‍🍳с каналом 👉 https://t.me/kulinarias каждый раз новые шедевры, от шеф поваров❤️ и просто любителей вкусно поесть 🍔🍕ждём Вас в нашем канале: https://t.me/kulinarias Рекламная запись
نمایش همه...
01:02
Video unavailableShow in Telegram
АИ-95 маркалы бензинді Өзбекстанға заңсыз шығармақ болғандар ұсталды Көлемі – 280 тонна, құны – шамамен 90 миллион теңге болатын жанар май құйылған 5 вагон-цистерна ұсталды. Оларды жанар май қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған. Белгілі болғандай, келісім шарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорттау жоспарланған.
نمایش همه...
5.42 MB
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылдың қаңтар-шілде айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндалды. Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы аралықта ЖІӨ өсімі 3,2 пайызды құрады. Тауарлар өндірісі 3,3 пайызға, көрсетілген қызметтер 2,4 пайызға артты. Құрылыс, сауда, өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ көлік және байланыс салаларында айтарлықтай өсім бар. Премьер-Министр Президентке Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу шараларына қатысты мәлімет берді. Үкімет 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігі жоспарын орындап келеді. Премьер-Министр инфляция деңгейін төмендету, экономиканы демонополизациялау, елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады. Әлихан Смайылов құны 22,2 триллион теңге болатын инвестициялық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Үкімет басшысы Президентке Қазақстанның 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды. ❗️ Президент құрылымдық реформалар мен экономиканы демонополизациялауды жалғастырып, кәсіпкерлікке қолдау көрсету қажет екенін айтты. Сондай-ақ халықтың кірісін арттыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Оралдық кәсіпкерді тапа-тал түсте мойнына пышақ сұғып өлтірген қылмыскерлер ұсталды. Бірі 31, екіншісі 21 жаста. Өздерінің айтуынша, кәсіпкер жалақыларын бермеген.
نمایش همه...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
🇰🇿🇻🇦Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған. 🇰🇿🇻🇦 По приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Папа Римский Франциск посетит Казахстан с государственным визитом 13-15 сентября 2022 года. В рамках визита запланированы встречи с высшим руководством страны, а также участие в VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий.
نمایش همه...
Франция соты Мұхтар Әблязовты экстрадициялау мәселесін қарайды – EU Reporter EU Reporter басылымы Мұхтар Әблязовтың экстрадициясына қатысты мақала жариялады деп жазады El.kz. Мақала «Францияның босқындар ісі жөніндегі соты Мұхтар Әблязовтың ісін қарауға дайындалып жатыр» деп аталады. Журналистер қазақстандық экс-банкирдің тағдыры жақын күндері шешілетінін мәлімдеп отыр. Сотта Әблязовтың босқын ретінде Францияда қалу мәселесі немесе алаяқтығы бойынша экстрадициялануы қаралатынын айтқан. «Әблязовтың ұзаққа созылған оқиғасы Францияның босқындар ісі жөніндегі ұлттық сотына дейін жетті. Сот жақын уақытта қашқын олигархтың тағдырын шешеді», - делінген аталған мақалада. Мұхтар Әблязов Қазақстаннан 2009 жылы қашып кеткен. Оған БТА-Банктің 7,5 млрд долларын жымқырды деген айып тағылған еді. Миллиардер Франциядан саяси баспана алып, босқын ретінде өмір сүріп жатыр. «Paris Match» басылымының жазуынша, Франция Әблязовқа бұдан әрі де қолдау көрсетіп, саяси баспанасынан айырмаса Қазақстанмен арасы нашарлап кетуі мүмкін. Өйткені, француздардың біздің елде қорғаныс және уран өндірісі салаларында ірі контрактілері бар. Әблязовтың экстрадициясын Қазақстаннан бөлек Ресей мен Украина да сұрап отыр. Екі ел де экс-банкирді ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптаған. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша Самат Әбіштен жауап алынды ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша және істің басқа да айыпталушылардың ісі бойынша тергеуден өтті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Сондай-ақ, ҰҚК мәліметінше, ұсталған бұрынғы ведомство басшыларына қатысты қылмыстық ісі бойынша Самат Әбіш куәгер. «Әбіш Қ. Қ.Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Осиповке және басқа да 175-баптың 1-бөлігінде, 179-баптың 3-бөлігінде, 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағында, 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іске куәгер ретінде жауап алынды. С.Әбішке қатысты қылмыстық істерді Ұлттық қауіпсіздік органдары тіркемеді, бұлтартпау шарасы таңдалмады», – деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.
نمایش همه...
Достар, бүгін футболдан тартысты ойындар болады! Ақшаны 6-7 есе көтергін келсе, @Sayat_Makhmetov көмек беруге дайын. Күнде өз каналында халыққа көмектесіп жүр және өз каналында ақшалай ұтыстар жасайды 💰 Тездетейік👇 t.me/+VurrEm47PPzLmoQx
نمایش همه...
❗️Қазақстанның жер қойнауларынан әлі де миллиардтаған тонна мұнай табылуы мүмкін Қазақстанда толық зерттелмеген аумақтардан миллиардтаған тонна мұнай мен газ табылуы мүмкін. LS агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның минералдық-шикізат базасына перспективалы мұнай-газдың 15 шөгінді бассейні кіреді. Олардың болжамды ресурстары шамамен 76 миллиард тоннаны құрайды. Оның ішінде бес бассейн толық зерттелмеген, олардың жалпы ресурстық болжамы шамамен 4,7 млрд тоннаны құрайды. Олар: Солтүстік Торғай, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу және Ертіс алаптары. Жаңа мұнай-газ кен орындарын іздеу үшін Экология министрлігі геологиялық құрылымды барынша тереңдікке дейін сенімді зерттеуге және жаңа ірі көмірсутегі кен орындарын ашу ықтималдығын арттыруға мүмкіндік беретін заманға сай барлау технологияларын пайдалана отырып, аз зерттелген бассейндерге жеке инвестиция тартуды ұсынды. Министрлік аз зерттелген аумақтарды барлаудың жаңа мемлекеттік бағдарламасына инвесторларды өз қаражаты есебінен жер қойнауын барлауға ынталандыру тетіктері енгізілетінін түсіндірді. Осы мақсатта нашар зерттелген шөгінді бассейндерге мониторинг жүргізудің арнайы тәртібін бекіту жоспарлануда. Мысалы, көмірсутектердің перспективалық ресурстары табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға жетілдірілген үлгілік келісімшарт бойынша геологиялық зерттеу кезеңінен кепілді түрде барлау және өндіру кезеңіне көшуге мүмкіндік берілмек. Ол үшін аз барланған учаскелердегі мұнай-газ ресурстары перспективасын геологиялық зерттеуге лицензия енгізіледі. «Бұл инвестициялардың жоғары түрде құқықтық қорғалуын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді және инвесторларға белгілі бір жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді», - деп нақтылады Экология министрлігі.
نمایش همه...
Силтемедеги канал, 👇 👇 👇 https://t.me/EgovKzBot2_01 урланды, ол каналдан шыгып кетуинизди сураймыз, онын алдында шагымдану батырмасын баса салуынызды сураймыз.
نمایش همه...
ШҚО-да жетім балаларға арналған мектеп-интернат директоры 4 жылға сотталды А.Базарханова 2013-2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген қаражатты ұрлап, сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырған. Бұдан басқа, А.Базарханова интернат қызметкерлеріне қосымша жұмыс істегендері үшін ақы аударып отырған, кейіннен олар ол ақшаларды есеп шоттарынан шешіп, Базархановаға қайтарып беріп отырған. Шын мәнінде қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған. «А.Базарханова өзінің танысына қарызды қайтару мақсатында оның жұбайын жұмысқа алып, 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан таражға салған. Облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы оның өз кінәсін мойындап, шығынды толықтай қайтарғанын, жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, А.Базархановаға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
نمایش همه...