cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

SAEBIZBRO_NEWS

✅Ссылка группы👇🏼 https://t.me/joinchat/AAAAAE0t6NwObKRuWmOnFA ❗️Администрация не несёт ответственности за рекламу.

نمایش بیشتر
كازاخستان458زبان مشخص نشده استموسیقی3 234
پست‌های تبلیغاتی
21 168
مشترکین
-924 ساعت
-857 روز
-51030 روز
آرشیو پست ها
ШҚО-да аяусыз соққыға жығылған қыздың оқиғасы Оқиға Өскемендегі сауда үйінің әжетханаларының бірінде болған. Кадрларда бір қыздың екіншісін ерекше қатыгездікпен ұрып-соққаны көрсетілген. Ол оны шешіндіріп, жанындағы тағы бір қыз видеоға түсіріп отырады. Бейнежазбаны жіберген адам жазба Өскеменде түсірілгенін, видеода оның әпкесі оқитын мектептердің бірінің оқушылары бейнеленгенін айтты. “Әпкем оқитын мектепте мұндай жағдай болып жатқанын анам айтты. Оның айтуынша, әпкем мектепке баруға қорқады”, - деді видеоны редакторға жіберген адам телефон арқылы сөйлескенде. “Оқиға осыдан бір айдан аса уақыт бұрын болған. Бұл факт Өскемен Полиция басқармасының Ертіс полиция бөлімінің ЕҚДБ-да ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәлімет жария етілмейді”, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері. Өскеменнің білім бөлімі резонанс тударған видеоға қатысушылар қалалық мектеп оқушылары екенін хабарлады. Зардап шеккен оқушы қызды бірнеше рет ұрып-соғып, шабуыл жасағаны хабарланды. Құқықбұзушылық жасаған қызбен психологтар, құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп әкімшілігі жұмысты бастап кеткені атап өтілді. “Қыздың алгоритмі әзірленіп қойған. Ол есепке қойылды, онымен психолог, тәрбие жөніндегі меңгеруші жұмыс істейді, оған тұрақты бақылау жүргізіледі. Ол жақсы отбасынан шыққан. Сонымен қатар, қазір мектепте 5-11 сынып аралығындағы барлық оқушылармен алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, - деді Өскемен қаласы Білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагузова. Мектеп оқушысы мұндай әрекеті үшін оқудан шығарылмайды, оған 9-сыныпты бітіруге мүмкіндік беріледі. tengrinews.kz
نمایش همه...
😱 35👍 19👎 9 6
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
ChatGPT және Midjourney жасанды интеллект арқылы Наурыз тойлайтын қазақтарды қалай көретінін анықталды. Нейрожеліге жыл басы саналатын бұл мерекені қандай дәстүр бойынша тойланатыны, қандай ойындар ойналатыны, келген қонаққа қандай ас тартылатыны туралы тапсырма берілді. Массегет
نمایش همه...
👍 12 3
00:12
Video unavailable
👍 2🔥 1
00:07
Video unavailable
3👍 2
00:05
Video unavailable
8
Photo unavailable
Хатайдың Ерзін ауданының тұрғыны «жер сілкінісі болып жатыр» деп ойлап ұйқысынан шошып оянады. Дереу далаға шығуды ойлаған әйел екінші қабаттан секіріп қаза тапты. 38 жастағы Айше Гүлхан Челер анасы Лутфие Челермен бірге Ерзін қаласының Исалы ауданында тұратын. Анасының айтуынша, 6 ақпандағы зілзаладан кейін қатты қорқып қалғаны соншалық Айшенің бойын үрей билеген. Ол 14 наурызға қараған түні ұйқысынан шошып оянып, тағы да жер сілкінісі болып жатыр деп ойлаған. Абдырап қалған Айше Челер үйдің балконына жүгіріп шығып, екінші қабаттан секіреді. Дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барын салды, алайда құтқара алмады. Қызының жұмыс жерінде әрі отбасында да сыйлы екенін жеткізген анасы:«Ол өз-өзіне қол жұмсаған жоқ. Оны 6 ақпандағы жер сілкінісі осындай жағдайға жеткізді», - дейді. Халық үні
نمایش همه...
8👍 1
Photo unavailable
🛢Қазақстан сәуір айында Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жібереді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет кулуарында мәлімдеді.
نمایش همه...
👍 6
00:25
Video unavailable
😱Шымкентте жүк көлігі 12 жасар оқушы қызды таптап кетті Otyrar.tv мәліметінше, оқиға 10 наурызда Шымкент қаласы, Қазиев көшесінде болған. 12 жасар оқушы қыз ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
نمایش همه...
👍 2😢 2 1
Photo unavailable
Рамазан айына орай бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізген. "Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Сонымен бірге ҚМДБ төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды. "Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады", - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы. kaz.nur.kz
نمایش همه...
👍 4 3😁 1
00:19
Video unavailable
👍 8
00:25
Video unavailable
Еліміздегі ең ірі қой жануары анықталды.Оның нақты салмағы - 230 келіге теңеседі. Қошқардың лақап аты - Миллион, жасы 4-те. Шаруа қожалық мекен-жайы - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы. Қазақстанның рекордтар кітабы қойдың 230 келі екенін растап, тіркеді, ал Мықтыбаев Қуанышқа сертификат табыстады.
نمایش همه...
👍 7 1
Photo unavailable
Елімізде бір жылда ішімдікті тұтыну 2 есе артқан. Былтыр еліміздегі дүкендерде 139,9 млн литрден асатын арақ, коньяк және спирт сатылды. Бұл көрсеткіш күшті алкогольдік өнімдер нарығында абсолют рекорд болып саналады. 2021 жылмен салыстырғанда ішкі нарықта осы санаттағы алкоголь өнімдерін сату көлемі 90,4%-ға өсті. Нарықта арақ және арақ-ликер өнімдерін тұтыну жоғары. Олардың сатылымы 44,2 млн литрден 90,1 млн литрге дейін 2 есе өскен. Қазақстанда алкогольге деген сұраныстың күрт өсуінің бірден-бір факторы сатып алушылардың, оның үстіне арақ пен коньякты көп ішетіндер санының күрт өсуімен байланысты. Атап айтқанда, ресейліктердің Қазақстанға үдере көшуі де жағдайға әсерін тигізді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне сәйкес, ресейліктер қазақстандықтардан 2 есеге жуық көп ішеді (жан басына шаққанда). Халық үні
نمایش همه...
👍 3 1😁 1
00:43
Video unavailable
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов елге оралды. 5 наурыз күні Лас-Вегаста қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов бесінші жекпе-жекте Джефф Нилді жеңіп, отанына оралды. Шавкатты жанкүйерлері мен журналистер “Номад” аэропортында думанды күтіп алды.
نمایش همه...
👍 15 2
Photo unavailable
Германия астанасындағы бассейндерде енді кез келген адам жынысына қарамастан жартылай жалаңаш шомыла алады. Шешімді Берлин бассейндері бірлестігі қабылдаған деп хабарлайды. Бұл туралы Dw.com ақпарат агенттігі жазды. Дерекке сүйенсек, мұндай шешімге 33 жастағы келіншектің арызы себеп болған. Ол 2022 жылдың желтоқсан айында белден жоғарғы денесін бүркегісі келмей бассейнге түспек болады. Бірақ ондағы әкімшілік омырауын жаппаған әйелге ескерту айтып, орындамағаннан кейін қуып шығады. Артынша әлгі келіншек адам құқығын қорғау бюросына арызданады. Әрі бассейн аумағында киім кию үлгісіне байланысты ешқандай талап-ереже жазылмағанын ескертіп, нақты шара қолдануды сұрайды. Көп ұзамай бұл мәселе қаладағы бассейндер бірлестігі мүшелерімен қаралып, ақырында кез келген адамның жартылай жалаңаш суға түсуіне рұқсат беріледі. Осылайша Берлиндегі бассейндерде енді әр адам жынысына қарамастан белден жоғары киім жаппаса да суда шомыла беруіне болады. Станкз
نمایش همه...
👍 9👎 3 1
00:27
Video unavailable
👍 3 1
Photo unavailable
🔴Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты 40 жастағы қазақстандық боксшы Куба атынан қатысатын тұрақты чемпион Эрисланди Ларамен жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша промоутерлік сауда-саттыққа қатысудан бас тартуға шешім қабылдады. Бұрын GGG IBF белбеуінен бас тартқан болатын, енді тек IBO атағы қалды. Бүгінкз
نمایش همه...
👍 15👎 8 2
00:35
Video unavailable
😱 Павлодарда болған жантүршігерлік апаттың видеосы тарады Оқиға сәті автобус салонында орнатылған камераға түсіп қалған. Қатты соққының салдарынан терезе сынып, темір тұтқалары жұлынған. Екі жолаушы жансақтау бөліміне түсті. Зардап шеккендердің бірі 4 айлық жүкті әйел. Бүгінкз
نمایش همه...
👍 1
  • 00:15
    Video unavailable
  • Photo unavailable
Алматыда 8 наурыздан кейін гүл сатушылар қоқысты жинамай тастап кеткен. «8 наурыз күні Domillion сауда орталығына қарама-қарсы жолда гүл сатылды. Бірақ содан кейін сатушылар бәрін, бүкіл қоқысын жинамай, тастап кетті. Олардың қоқысын кім тазалайды? Бұл не сұмдық?» деп жазады желі қолданушылары. Бұл жағдайға Алатау ауданы әкімінің аппараты түсінік берді. «Қаланың кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы жабайы сауда орындарын болдырмау мақсатында 2023 жылдың 6,7 және 8 наурызында Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу кезінде уақытша сауда орындарын бекітті. 9 наурызда уақытша сауда орындары тазаланып, аталған мәселелер жойылды. Басқарма алматылықтарды қоқыс тастамауға, қаланы таза ұстауға шақырады», - делінген әкімдік хабарламасында. Айқынкз
نمایش همه...
👍 5 1
00:11
Video unavailable
00:12
Video unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
Алматы…
نمایش همه...