cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Жаңалықтар - Qaz365.kz

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Жарнама бойынша: @bs2906 @alim_the_magnus

نمایش بیشتر
Advertising posts
15 495مشترکین
-1524 ساعت
-707 روز
-31330 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

«Жлёмана самана сет». МС Сайлаубек су тасқынына көмектесіп жатқан құтқарушылардың көңілін көтерді Осыдан 8-9 жыл бұрын Қазнетті шулатқан халықтық рэпер атанған МС Сайлаубек су тасқынына көмектесіп жатқан құтқарушылардың көңілін көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Желіде тараған видеода ол Атырауда қаптан бөгет салған жерге барып, өзінің рэптерін бірін орындап берген. Құтқарушылар дән риза болған.
«Босқа тұрмай билесендерші жігіттерші», «Арасында осылай демалып тұрған да жақсы», «Күрек ұстатып жұмыс істемей ме?», «Мотивация», «Моральдік көмек», «Құм тасып шаршап калыпты Сайлаубек», - деген пікірлер бар.
Айта кетейік, түсініксіз әндер айтып, Тиматидің көзіне түсіп, фильмде өнер көрсетіп,  елге танылған Мс Сайлаубек соңғы жылдары көрінбей кеткен еді. Тек оның Атырауда анасымен бірге тұратыны айтылады. ішімдік ішуді қойып, жаңа шығармашылық контент жасаумен белсенді айналысып жатқаны туралы ақпарат тараған.
نمایش همه...
😁 5👍 2
Алматыдағы автобус апаты: сот Дархан Ахметжановке үкім шығарды Алматыда өткен сотта Дархан Ахметжанов 2023 жылы желтоқсанда үш адамның өмірін қиған автобус апатына кінәлі деп танылып, 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Дархан Ахметжанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы бірінші бөлігі бойынша 1 жылға, 351 бабы 3 бөлігі бойынша 8 жылға сотталсын. Қылмыстық кодекстің 58 бабы 2 бөлігіне сәйкес, Дархан Ахметжановқа түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілді», - деді судья Шәкіров.
Айта кетейік, бүгін сот сөз берілген Ахметжанов 293 баптың бірінші бөлігі бойынша кінәсін мойындап, ал, 351 баптың 3 бөлігіндегі кінәні мойындамады. Ол соттан оны бас бостандығын шектеу туралы жаза қолдануын сұраған еді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
👍 3
Семей орманында тағы өрт шықты Өртеніп жатқан аймақ техниканың жетуі қиын батпақты жерде орналасқан. Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Өрттің ауданы әлі нақтыланбаған.
«Бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Болжам бойынша 0,22 гектар аумақтағы өрт оқшауланды. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
Арзан бағамен азық-түлік жеткіземін деп 9 кәсіпкерді алдаған күдікті Ресейде ұсталды Бас прокуратураның үйлестіруімен бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресейден экстрадицияланды Аталған азамат 2022-2023 жылдар аралығында шет елдерден азық-түліктің көтерме партияларын жеткізу сылтауымен алаяқтық жолмен 9 кәсіпкердің 470 млн теңгеден астам қаражатын иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық iздеу жарияланды. Айта кетейік, алаяқ былтыр желтоқсанда Мәскеу аумағынан ұсталған болатын. Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
2
Түркістанда «қазақ анестезиологтар мен реаниматологтар» қоғамының VII конгресі өтіп жатыр Түркістан қаласында «Қазақ Анестезиологтар мен Реаниматологтар» қоғамының VII конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz. Жиын – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Конгресске медицина саласындағы соңғы жетістіктер мен инновацияларды талқылау үшін Қазақстаннан және бүкіл әлемнен анестезиология мен реаниматология саласындағы жетекші мамандарды жиналған. Жиында сөз алған «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» ҚБ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ағзам Жұмаділов конгресстің тек анестезиологтар мен реаниматологтар үшін ғана емес, жалпы медицина саласы үшін маңызды екендігін тілге тиек етті.
«Қазақстан Республикасының анестезиологтар мен реаниматологтар конгресі осы жылдар ішінде аталған саланы дамыту бойынша тәжірибе алмасу және сындарлы ұсыныстар әзірлеу үшін заманауи кәсіби алаңға айналды. Бұл диалог алаңы өмірді құтқару саласындағы өзекті трендтер мен үрдістерді талқылауға, практикалық жұмыстың егжей-тегжейін терең түсінуге мүмкіндік бермек», – деді Ағзам Шаймарданұлы.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
Алматыдағы автобус апаты: айыпталушы сотта кешірім сұрады Оның сөзінше, оны мұндай әрекетке жүргізуші арандатқан, соның салдарынан жол-көлік оқиғасы болған.
«Жүргізуші мені барлық адамның көзінше балағаттап, мені көліктен шығармай қойды. Бұл - арандату. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындаймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындамаймын, өйткені Шокебаева есінен танып қалған жоқ. Оның автобусты тоқтатуға мүмкіндігі болды», – деді айыпталушы Дархан Ахметжанов.
Ол судьядан бұрын сотты болмағанын ескеруді өтінді. Дархан Ахметжановтың айтуынша, ол нанын адал еңбекпен тапқан қарапайым құрылысшы. Судья айыпталушыға үкім бүгін, 26 сәуірде сағат 16.30-да жарияланатынын хабарлады. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
Журналист Динара Сәтжанның ағасы қайтыс болды Бұл туралы белгілі тележүргізуші әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Рашид Ағам өмірден озды… Өте мейрімді таза жан еді. Бала кезімде маған үй жинауды үйреткен. Бір күні кешке қарай Жаңа-Арқада біз апам үшеуіміз НЛО көргенбіз. Рас айтам. Бірақ бізге ешкім сенген жоқ… Түсінемін, бұл өмір. Бірақ бәрібір ауыр…» - дейді ол.
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
😢 3👍 2
RAMS QAZAQSTAN компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге 500 миллион теңге бөлді RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясы "Демеу Қазақстан қоры" корпоративтік қорының шотына 500 миллион теңге аударды, бұл ақша су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмекке, инфрақұрылымды қалпына келтіруге және бірінші кезекте қажетті азық-түлікті сатып алуға жұмсалады, деп хабарлайды Qaz365.kz. Сонымен бірге, Қазақстанның құрылыс нарығында көшбасшылардың бірі өңірлерді қолдау шеңберінде қалпына келтіру жұмыстары мен су тасқынының салдарын жою үшін Батыс Қазақстан облысына арнайы техника мен жабдықтар түрінде көмек жіберді.
«Бірнеше апта бойы біз табиғи апатқа байланысты Қазақстан өңірлерінде қалыптасқан қайғылы жағдайды үлкен өкінішпен көріп отырмыз, осындай қиын сәтте ел тұрғындарын тастап кете алмайтынымызды түсінеміз. Біз су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына қаржылай қолдау көрсету туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ, біз Батыс Қазақстан облысының жергілікті билігіне көмек ретінде арнайы техника мен жабдықтар жібердік, бұл ретте адами ресурстарымызды жұмылдырдық», - деп растады RAMS QAZAQSTAN-ның вице-президенті Доган Бюлбюл.
Су тасқыны жағдайы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
👍 15🔥 2
WhatsApp-тағы хабарлама: Алматы облысында ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды Іс Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша қаралған. Оқиға 2023 жылдың 6 қарашасында болған.
«Сағат 19:00 шамасында азаматша М. азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған ұлттық алауыздықты қоздыру мақсатында бір ұлт пен діннің екіншісінен айрықша және артықшылығын білдіретін аудиожазбаны WhatsApp мессенджеріндегі көршілерінің әртүрлі ұлт азаматтары бар чатына жіберген. Аталған аудиожазба қоғамдық тәртіпті бұзып, Ұйғыр ауданының тұрғындары арасында наразылық тудырған», - делінген Алматы облысы сотының хабарламасында.
Сотталушы кінәсін мойындады. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденіп, расталған. Сот шешімімен, азаматша кінәлі деп танылып, оған Қылмыстық кодекстің 44-бабының 2-бөлімінде көзделген міндеттерді орындай отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. ️ 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
👍 4
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады Зерттеушілер ғылымның аса күрделі саласы – электромагниттік толқындардың эмбриондық дамуға әсері жайлы тың жаңалық ашқан. Қарапайым «lissachatina fulica» ұлуын зерттеуге ала отырып, олардың организмдеріне электромагниттік сәулелердің әсерімен қатар, генетикалық салдарын да қарастырған. Бұл жоба белсенді ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға, электромагниттік толқындар мен экожүйенің күрделі өзара әрекеттесуін түсінудегі маңызды қадам болып табылады. Жас ғалымдардың ізденістеріне биология ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Айнұр Қыдырмолдина мен химия пәнінің мұғалімі Меруерт Құдабекова жетекшілік жасады. Сондай-ақ, Әлихан мен Адельдің ғылыми туындылары «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсының NIS желілік кезеңінде күміс медаль иеленген. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
👍 2 2😁 1