cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Жаңалықтар - Qaz365.kz

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Жарнама бойынша: @bs2906 @alim_the_magnus

نمایش بیشتر
Advertising posts
15 807مشترکین
-2524 ساعت
-1297 روز
-41930 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Қазақстанда мопедтер мен электросамокаттарға қатысты өзгерістер қабылданады Қазақстанда әкімдерге электросамокаттардың қызметін реттеу жөніндегі өкілеттік беріледі. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді
«Біріншіден, қозғалтқыштың көлеміне қарамастан барлық мопед көлік саналады. Оны басқару үшін А1 санатындағы жүргізуші куәлігі мен жасыңыз 16+ болуы керек. Осылайша, біз барлық мопедті есепке қоямыз және тіркейміз. Бүгінде елімізде бұл жүргізушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды», - деді Лепеха.
Тағы бір маңызды норма – әкімдерге электросамокаттардың қызметін реттеу жөніндегі өкілеттік беріледі.
«Олар қандай да бір қосымша ережелер бекіте алады: қай жерде жүруге болады, қай жерде болмайды, қай уақытта олардың қозғалысына тыйым салынады және тағы басқа», - деді Лепеха.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
«Крокус Сити Холлдағы» қанды қасап: Елде терроримзге қарсы іс-шараларға қанша қаражат бөлініп жатыр? 22 наурыз күні Ресейдегі Crocus City Hall концерт залында ірі теракт болды. Кейінгі деректерге сүйенсек, 360 адам зардап шегіп, 143 адам қазап тапқан. Араға бір күн салып, күдікті ретінде Тәжікстанның екі азаматы ұсталды. Осы жағдайдан соң мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен жиналыс өткізді. Халықтың амандығын сақтау, терроризмге қарсы күрес жүргізуге қатысты шаралар жасалатыны айтылған еді. Осы ретте тілшіміз жыл басынан бері терроризммен күреске бағытталған шараларға қатысты мемлекеттік сатып алуларға шолу дайындады. «Терроризм» кілтсөзі бойынша порталда 1000-нан астам хабарландыру шықты. Оның ішінде 2024 қаржылық жылға жоспарланғаны – әзірге 77 хабарландыру. Алдымен жыл басында жарияланып, орындалған тапсырыстардан бастайық. Жыл басында «Қызылорда облысының дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі түрмеде жазасын өтеп жатқандарды оңалтуға қатысты жұмыс жүргізбек болып, байқау жариялаған. Дегенмен өтінім бергендер саны екеуден аз болғандықтан, өтпей қалыпты. Толығырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
Ажырасу бойынша Қазақстан екінші орында тұрғаны рас па – Ұлттық статистика бюросы мәлімдеме жасады
«Ажырасу коэффициенті 4.6 тең Қазақстан Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған», - делінген Бюро хабарламасында.
2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құраған.
«2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады – тиісінше 2,56 және 2,54. 2023 жылдың қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады», - делінген хабарламада.
Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады. Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
👍 2
«Жүргізушілерін енді эфирге шығармаймыз»: Ойшыбаев «Хабарда» шу тудырған бағдарламаға қатысты қандай жаза қолданылғанын айтты «Хабар» телеарнасында жарыққа шыққан «Бірақ...» ток-шоуы жұрт наразылығына тап болып, кейіннен жабылып қалған еді. Бүгін «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев осыған қатысты Мәжілісте пікір білдірді
«Бірақ» ток-шоуына қатысты айтар болсам, бұл бір жүйелі түрде осылай істейік деген жұмыс емес. Министрліктің тарапынан да, «Хабар» агенттігі тарапынан да мұндай ой болған жоқ. Ақпараттандыру бағытында мемлекеттің саясатын ұстанып, негізгі жұмысты жүргізіп жатырмыз. Бұл оқиға «Хабар» агенттігінің серіктесі болып келетін продакшннің тарапынан болған оқылық. Олар сценарий түрінде бізге тапсырған кезде бұл нәрселер ескерілмеген еді. Мысалы, кейіпкердің жолдасы қатысатыны туралы айтылмаған болатын. Кейіннен ауызша продюсерлермен келісілді деп айтылды. Оқылықты мойындадық, басты кейіпкерден де, көрерменде де кешірім сұрадық. Ток-шоуға қатысты адамдарға шара қолданылды. Сценарийді қабылдаған бас продюсер қызметінен кетті. Жүргізушілерін енді эфирге шығармаймыз. Моральді тұрғыда басты кейіпкермен өзім барып кездестім. Көмегімізді де көрсеттік. Мұны жүйелі жұмыс деп қабылдамау керек. Бір сәттік қателік, олқылық деп қабылдаңыздар», - деді Кемелбек Ойшыбаев.
Айта кетейік, құқық қорғаушы, «Қорғау Астана» қорының жетекшісі Анна Рыль Instagram желісіндегі парақшасында «Хабар» телеарнасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, 18 жыл отасқан, 6 баланы дүниеге әкелген әйелді ток-шоуға шақырғанын хабарлады. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
👍 2
Алматыда қала орталығындағы саябақ мемлекет меншігіне қайтарылды
«Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жекеменшік құқығын берген. Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді», - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.
Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. 2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
Жамбыл облысында жоғалған балықшының денесі жағадан табылды Құтқарушылардың айтуынша 37 жастағы балықшының денесі толқыннан жағаға шығып қалған. Ал екінші балықшының денесі бір ай бұрын дронның көмегімен табылған. Құтқарушылар ақпан айының аяғында іздеуді тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені айдынның бетін қалың мұз басып қалған. Еске салайық, 11 қаңтар күні ауылдың екі азаматы балық аулауға Билікөлге барған. Сол сәтте қатты жел соғып, қос балықшы із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.
«Жергілікті тұрғындар екінші балықшының денесін тауып алып судан шығарды. Бұл балықшыларды құтқару 10 -19 ақпан аралығында жүрген. Және қалыптастасқан мұзға қарай іздеу аяқталған болатын. Қазіргі медициналық сараптама жүргізіліп жатыр», - Жамбыл облысы ТЖД басқарма бастығы Жалғас Әбдуәлиев.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
😢 4
Күрек ұстауға қабілеттімін деген жаңа министр елдегі су тасқынынан кейін үндеу жасады Еліміздің бірнеше аймағында қардың күрт еруінен жылдағы әдет бойынша су тасқыны болып жатыр. Әсіресе, Ақтөбе, Қостанай, Абай, Батыс Қазақстан облыстарында жағдай күрделі. Күні кеше Астананың іргесіндегі Қоянды ауылында адамдарды наразылық білдіріп жолды жапқан. Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды. Осыдан кейін Шыңғыс Әрінов үндеу жасады
«Кеше республика бойынша су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты министрліктің барлық бөлімшесі күшейтілді. Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, су басуға қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қосымша күштер мен құралдар ең күрделі аймақтарға бағытталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында жедел желі телефоны жұмыс істейді. Қазіргі уақытта су тасқыны салдарын жою бойынша жедел ден қоюдың барлық қажетті шаралары қабылданып жатыр», - деді Шыңғыс Әрінов.
Айта кетейік, бұған дейін ол күрек ұстап, осындай төтенше жағдайлардың алдын алуға қабілеттімін деген. Өйткені Әрінов ұзақ жыл қолына қару ұстап, қауіпсіздік саласында жұмыс істеген. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
1
Қостанай облысында судан қашып шатырға шыққан тұрғындарды тікұшақпен құтқарды Видеокадрларды Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таратты https://qaz365.kz/incidents/6957-kostanai-oblysynda-sudan-kashyp-shatyrga-shykk-an-turgyndardy-tikushakpen-ku-tkardy/
نمایش همه...
😢 4👍 3
Ермұрат Бапи еліміздегі ең танымал букмекер кеңсені Дариға Назарбаева құртқанын айтты
«Осы букмекерлік кеңселерді тоқтатуға түгел ел болып шамамыз жетпей жатқаныма таңқаламын. Осыдан 7-8 жыл бұрын біз «Олимп» деген деген букмекерлік кеңсенің быт-шытын шығардық. Қазақстанда тоз-тоз болып шықты. Олардың алды АҚШ-қа кетті. Сол кезде олардың өкілдері маған, «Дат» газетіне хабарласты. Мен оларға «Мұның артында кім тұр?» деп сұрақ қойдым. Олар маған «Дариға Назарбаева» деп жауап берді. Қазір мен осылай деп нақты айта алмаймын. Олардың берген ақпараты осындай болды. Мұны ақпараттық тұрғыда айтып отырмын», - деді Ермұрат Бапи.
Оның айтуынша, кейіннен 1Хbet, сосын «Олимптің» орнына «Олимпбет» шыққанын еске салды. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
👍 1
Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қасақана өлтірмек болған – прокурор Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономинка министрі Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы күдікті әйелі Салтанат Нүкенованы қасақана өлтіруге жоспар құрғаны анықталғанын жеткізді
«Мейрамхананың холында ол жұдырығымен әйелдің өмірлік маңызды органы басына бірнеше соққы жұмсаған. Осыдан кейін қатты ауырсынуды сезінген Нүкенова еденге құлайды. Ал Бишімбаев аяғына күзгі етігін киіп Нүкенованың денесі мен бөксесінен ұрғылай бастаған. Кейін еденнен тұрғызып, шашынан сүйреп, қатігездік танытады. Тағы да басынан ұрады. Оның мейрамхананың , №1 VIP бөлмесіне айуандықпен сүйреп кіргізген. Нүкенова өз өмірі үшін қатты қорқып, VIP бөлменің дәретханасына тығылады. Бұл Бишімбаевты одан сайын ашуландырды, ол есікті алдымен қолымен, сосын астынан темір штативпен ұрып, ашуға тырысады. Сөйтіп, дәретханадан шығарып алып, қайтадан азаптап, яғни ерекше қатыгездікпен жұдырықпен және аяқпен тепкілей жөнеледі. Басы мен денесінен ауыр соққылар алған», - дейді прокурор.
Оның айтуынша, Бишімбаев Нүкенованың жан тапсырғанша, азаптауын тоқтатпаған. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
نمایش همه...
4👎 2😢 2
وارد شوید و به اطلاعات مفصل دسترسی پیدا کنید

ما این گنجینه ها را پس از تأیید هویت به شما نشان خواهیم داد. ما وعده می‌دهیم که سریع است!