cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

Advertising posts
7 385Suscriptores
-1024 hours
-657 days
-24130 days

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Бұрын мен тұрған ауыл суы сыртқа шығып жататын сор болған екен. (Жамбыл обысы, Жуалы ауданы). “Қазақтар “Жаңаталап” деп аталатын көрші ауылда тұрған. Себебі, біздің ауылда адам баласына тұру мүмкін емес еді” деп еді марқұм анашым. Сосын сор басқан ауылға жер аударылған немістер көшіп келіпті. Ауыл атауын Кеңес үкіметі “Октябрь” деп қойып береді. “Сол немістер аз жылда ауылды гүл-гүл жайнатты” деп еді анам. Сонда ең бірінші олардың жасағаны - терең арықтар, каналдар еді. Ол каналдар әр жерлерде су жиналатын көлшіктермен түйінделіп отырады. Шөбі шүйгін, табиғаты тамаша. Осы күндері су басып жатқан ауылдарға қарап, немістердің сол кездегі технологиялық және білім жетістігіне әлі күнге жете алмай келеді екенбіз ғой. 📌Толығырақ Adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Mostrar todo...
АРМАН ӘУБӘКІР: Мешіт салғыш кәсіпкерлер канал салса, абыройлы іс болар еді | “Адырна” ұлттық порталы

Жыл сайын көктем шыға су тасқыны болып, халықты әуре-сарсаңға салады. Жылда қайталатын осы үрдісті бір жола шешуге бола ма?  Көктем келген сайын су тасқынынан адам, мал шығыны, материалдық шығындарға жол беріледі. Мәселенің басы-қасында Төтенше жағдай қызметінің өкілдері, әкімдік адамдары болмаса, халық қалаулысы деген депутаттарды көре алмайсың. Биылғы ерекшелік – су мәселесімен айналысады деген жаңа ведомство, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су тасқыны бірінші рет болып отыр. Алайда іс басында, су бөгеттері мен гидронысандар қасында қазіргідей сын сағатта арнайы мекеменің өкілдерін көрмейсің. Әлі де сол баяғы Төтенше жағдай қызметі мен әкімдік өкілдері, жергілікті тұрғындар жанұшырып жүргені. Арнайы министрлік құрылған соң жылда қайталанатын осы түйткілді біржолата шешуге болмас па еді?   Осы сұрақты «Ауыл» партиясының атынан Мәжіліс депутаты болған Анас Баққожаевқа қойдық. – Астананың іргесіндегі Қоянды ауылын су басып, халық көшені жауып тастады. Астанадан мың шақырым жердегі ауылды айтпағанда елорданың іргесінде осындай болып жатқанға «Ауыл» партиясы қандай реакция көрсетеді? Енді «Ауыл» партиясының атынан жауап бермей-ақ қояын. Бұған дейін президентіміз «Су қоймаларын дайындау керек» деп айтты ғой. Менің ойымша, бұл жерде Үкіметтің жіберген қателігі бар. Жыл сайын, көктемде осы мәселе туындайды. Осының космотүсірілімдерін жасап, қай жерде су көп жиналатынын анықтап, су қоймаларын ұйымдастыру керек еді. Бірақ ол жұмысты әлі де болса ешкім қолға алған жоқ.  📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
Mostrar todo...
Депутат су тасқынына шарасыз билікті бір жақтап, бір кіналайды | “Адырна” ұлттық порталы

7 наурызда Ресейде ФҚҚ (федералдық қауіпсіздік қызметі) «лаңкестікке оқталды» деген сезікпен қазақстандық қос азаматтың көзін жойғанын жариялады. Олар 38 жастағы Жәнібек Тасқұлов пен 35 жастағы Сәбит Әшіралиев екені анықталды. Журналистер Данияр Молдабеков пен Дилара Иса олар туралы зерттеп, кейбір ақпаратты жария етті. Толығырақ материалда. 7 наурыз күні ФҚҚ “Мәскеудегі синагогаға жасалмақ шабуылдың алдын алдық” деген желеумен болған ықтимал атыста Қазақстанның екі азаматы қаза тапқанын жариялаған. Ресейдің арнайы қызметі лаңкестік әрекеттің алдын алдық деген. ФҚҚ мәліметінше, «Вилаят Хорасан» (Хорасан уәлаяты) тобының (Ислам мемлекетінің ауғанстандық тармағы. Олар қазіргі билік басындағы Талибанға қарсы) мүшелері Мәскеудегі синагогаға қарулы шабуыл жасамақ болған көрінеді. Мәліметке қарағанда олар Калуга облысындағы жеке үйлердің бірінен табылған. Тұтқындау кезінде күдіктілер қарсылық көрсетіп, оқиға соңы қантөгіспен аяқталғаны айтылды. Сол күні таңғы мезгілде Калугадағы Коряков ауылында ФҚҚ мен күдікті исламшылар арасында атыс болды деген Ресей жағы. Салдарынан “лаңкестік әрекетке дайындалды” деген екі күдікті – Қазақстан азаматтары, Жәнібек Тасқұлов пен Сәбит Әшіралиев қаза тапқан. Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, олар Ресейге ағымдағы жылдың 28 ақпанында келген. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
Mostrar todo...
Қоғам үнсіз. Ресейде өлтірілген қазақстандықтар жайлы не белгілі? | “Адырна” ұлттық порталы

Жақсыларды көріп жүрміз ғой... Жан-жақтан жиылған бақсыларды көрмек үшін “Қазақ бақсыларының тұңғыш құрылтайына” арнайы бардым. Ондағы мақсатым – осы тәңіршілдер деген кімдер, олар не істеп жатыр, рухани деңгейі нешік, қазақ дүниетанымына, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген көзқарастары қандай, діншілдер даурығып жүргендей олар шынында да адасқандар ма, оларды кім қаржыландырып отыр т.б. сауалдарға жауап іздеп барған едім. Бақсылар құрылтайы Алматы қонақ үйінде таңертеңгі сағат 10:30-да басталып, кешкі сағат 19:00-де мәресіне жетті. Несін айтасыз, тоғыз сағат бойы тапжылмай отырып, аяғына дейін тамашалап қайттық. Қазақ бақсыларының бұл тұңғыш құрылтайы халықаралық ғылыми конференция деңгейінде өткен бас қосу болды. Себебі мұнда баяндама жасаған шешендердің дені зерттеуші ғалымдар болуымен ерекшеленді. Бұған көз жеткізу үшін баяндамашылардың аты-жөні мен көтерген тақырыптарын жаза кетпекпін. Олар: 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз.
Mostrar todo...
ЕРЛАН ТӨЛЕУТАЙ: Бақсыны көрмек үшін... | “Адырна” ұлттық порталы

«Алматы галлереясында» Оңғарбек Алхаров пен Ләйлә Жарқынның «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Бұл көрмеге 35 картина мен киізден жасалған бұйымдар ілінген.  Фотограф Оңғарбек Алхаров Ұлыстың ұлы күніне орай өтіп жатқан көрмені жасау үшін біраз уақыттың кеткенін айтады. Көрменің басты ерекшелігі – қазақилықты дәріптеу, насихаттау. «Адырна» тілшісі фотограф Оңғарбек Алхаровпен тілдесіп, көрменің ашылу салтанатының куәгері болды. - Көрме тарихы терең бақсылық дәстүрден басталады. Бұл әдейі жоспарланды. Көп кісілер қазір бақсы-балгерден қорқады. Негізінен өнердің бәрінің бастамасы осы бақсыдан шыққан. Тәңір заманнан алдын бақсылар медициналық, өнер саласы, музыка өнері, қолөнер, театр салаларын қамтыған. Ән де осы бақсылардан шыққан. Оған дейін ән болмаған деп жатады. Одан бөлек цирк өнері бар. Бақсылар адыраспанды түтіндетіп, адамды емдеп, өткенін айтып, болашағын болжаған. Сол үшін біз көрмені бақсыдан бастадық. ⚡️Толығырақ сайттан оқыңыз
Mostrar todo...
Жуырда Иранда Шәкәрімнің «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасының парсы тіліндегі нұсқасы жарық көрді. Кезінде Шәкәрімнің өзі бұл дастанды шығыс тілдерінен аударып, қазақ ортасына адаптация жасап берген. Оны қайтадан парсы тіліне аударудың қыр-сыры туралы аудармашы Гаухар Омарханова өз ой-пікірімен бөліседі. Заманында шығыс әдебиетінен алып жырлаған Шәкәрімнің «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын қайтадан парсы тіліне аударған Гаухар Омарханова 2010 жылдан бері Иран астанасы Тегеранда тұрады. Ол Иран теле-радио бірлестігінің Pars Today Kazakh сайтының аудармашысы. Осы арқылы қазақ тіліндегі еңбектерді Иран жұртына аударып, қазақ мәдениетін көпке танытуға үлес қоссам дейді. «Аудармашы»  дегеніміз – екі мәдениет арасындағы көпір десек болады. Қазіргі әлемдегі қайшылықтар, түсініспеушіліктер сол жанымызда жүрген адамдардың, көршілеріміздің мәдениетін түсінбеуден туындайды. Аудармашының мақсаты – осы жолы да өз үлесін қосып, екі елді табыстыру» дейді ол. Аудармашымен «Адырна» тілшісі сұхбаттасты. 📌 Толығырақ: https://adyrna.kz/post/190940
Mostrar todo...
Нәзирагөйлік мәйегі. Шәкәрім поэмасын қайта аударудың сыры неде? | “Адырна” ұлттық порталы

🔥 1
Бүгін – Қазақстанды 30 жыл басқарған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кеткеніне 5 жыл толды. 2019 жылы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеген еді. Толық оқу: https://adyrna.kz/post/190781
Mostrar todo...
1🔥 1
Repost from ADYRNA.KZ
Елтаңбаға өзгеріс енгізу керек пе?Anonymous voting
  • Иә, керек.
  • Жоқ, керек емес.
  • Әзірше керек емес, осы кезде одан да маңызды шаруалар бар.
0 votes
Парламенттің төменгі палатасының депутаттары әйел құқығы, адам құқығы мәселесіне қалай бағалайтынын айтады. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Мәжіліс депутаттарынан «Қазақстанда жалпы әйелдердің құқығы қаншалықты қорғалған?» деп сұраған едік. Әйел депутаттар кемшілік көп екенін айтса, ер депутаттар «әйелдер құқығы жақсы қорғалған» деумен шектелді. «ҰРЫП-СОҒУ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСПЕН РЕТТЕЛЕДІ» Мәжілісте қаралып, сенатқа жолданған «Әйелқұқығы мен бала қауіпсіздігі» заң жобасының авторларының бірі Жұлдыз Сүлейменованың бұл тақырыпта айтары баршылық. Бірақ Мәжіліс депутаты әйелдердің құқығы енді қорғала бастағанын ескертті. https://adyrna.kz/post/189623
Mostrar todo...
Мәжіліс мұнарасынан қарағанда. Әйел құқығы қаншалықты қорғалған? | “Адырна” ұлттық порталы

Ұлы дала тарихында аты аңызға айналған арулар көп. Ел мүддесі үшін еңбек қылған, оқымысты, зиялы жандарды тек мерекелерде ғана еске алмай, үнемі үлгі тұтып жүруге татиды.   https://adyrna.kz/post/189562
Mostrar todo...
Алғашқы қарлығаштар. Қазақ қызынан шыққан замана тұңғыштары | “Адырна” ұлттық порталы

Inicia sesión y accede a información detallada

Te revelaremos estos tesoros después de la autorización. ¡Prometemos que será rápido!