cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Gnews.kz

Әлеуметтік жаңалықтар

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
3 240
Suscriptores
Sin datos24 horas
-127 días
-5530 días
Archivo de publicaciones
Астанада тұратын көпбалалы отбасылардың балалары мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы білім басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Биыл қыркүйектен бастап Астана әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде "Астананың мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" қаулы қабылдады. Қаулы шеңберінде халықтың әлеуметтік жағдайы төмен тобынан шыққан балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі", - деді елордалық білім басқармасы. Ведомство Астананың мектепке дейінгі ұйымдарында қандай санаттар тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін нақтылады: • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; • даму мүмкіндігі шектеулі балалар; • көпбалалы отбасылардан шыққан балалар; • әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар; • адам басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы • әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар
Mostrar todo...
👍 14
Казахстанцы! Теперь вы можете запретить выдавать себе кредиты и микрозаймы. Для этого необходимо подать заявку в мобильном приложении eGov mobile либо на портале eGov.kz. Подать заявку на сервис может только сам гражданин. Запрет на оформление кредитов и микрозаймов устанавливается на 6 месяцев. А потом снимается автоматически. Также можно снять эти ограничения в любое время отдельным заявлением. tengrinews.kz
Mostrar todo...
👍 2
Business.enbek.kz порталында 2023 жылғы 11 қыркүйектен бастап 3-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Республика бойынша үшінші лекте 3 780 адамға грант беру жоспарлануда. Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады. Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 380 000 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Mostrar todo...
👍 9
📣 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады. ⏺ Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі. Жолдаудың мәтіндік трансляциясын біздің телеграм арнамыздан оқуға болады. t.me/aqorda_resmi
Mostrar todo...
👍 4
Астанаға келушілердің санына шектеу қойылады https://gnews.kz/astana%d2%93a-kelushilerdi%d2%a3-sanyna-shekteu-%d2%9bojylady/
Mostrar todo...
Жаңа 2023-2024 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сөз соңында оқу жылының 36 аптаға дейін ұзартылуына қатысты өз пікірімді білдірсем деймін. Бұл мәселеге қатысты қоғамда сын көп болып, педагогтар қауымдастығы тарапынан ұсыныстар болды. Бұл әлемдік тәжірибе екендігін мойындауымыз қажет. Дегенмен, мұндай жаңашылдықты енгізген кезде барынша тыңғылықты дайындық қажет етіледі. Министрліктің шешімі дұрыс болды деп санаймын. Бірақ, асығыстық болды. Осыған орай осы оқу жылында 34 апталық оқу ұзақтығына оралып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін», - деді Тамара Дүйсенова білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде. Оның атап өтуінше, алдағы оқу жылы ішінде қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп, оқу бағдарламасын бейімдеу керек және 36 апталық оқу ұзақтығына оралу мәселесін 2025 жылдан бастап қайта пысықтаған дұрыс.
Mostrar todo...
Жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады
Mostrar todo...
30 тамыз – елімізде ҚР Конституциясы күні. Атаулы күнге орай, Ақтөбе облысының әкімдігімен мүгедектігі бар адамдарға біржолғы төлем беріледі Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша төлем мөлшері 50 мың теңгені құрайды. Атап айтқанда, жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 23,6 мыңнан астам азаматқа материалдық қолдау көрсетілетін болады. Оның ішінде, мүгедектігі бар 5 мыңға жуық балаға төлем жасалады.
Mostrar todo...
Елімізде қыркүйек айынан бастап бірқатар сала мамандарының жалақысы өседі https://gnews.kz/elimizde-%d2%9byrk%d2%afjek-ajynan-bastap-bir%d2%9batar-sala-mamandaryny%d2%a3-zhala%d2%9bysy-%d3%a9sedi/
Mostrar todo...
Мәдениет саласындағы орта білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушыларын тамақтандыруға 84 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді https://gnews.kz/m%d3%99deniet-salasynda%d2%93y-orta-bilim-beru-%d2%b1jymdaryny%d2%a3-1-4-synyp-o%d2%9bushylaryn-tama%d2%9btanydru%d2%93a-84-mln-te%d2%a3geden-astam-%d2%9barazhat-b%d3%a9linedi/
Mostrar todo...
ҰБТ: 300 ТАЛАПКЕРДІҢ ЖИНАҒАН БАЛЫ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС https://gnews.kz/%d2%b1bt-300-talapkerdi%d2%a3-zhina%d2%93an-baly-talap%d2%9ba-saj-emes/
Mostrar todo...
«AMANAT» партиясы 45 мыңнан астам балаға жаңа оқу жылына қажет жиынтықтар табыстайды gnews.kz
Mostrar todo...
Қазақстандық студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақылары 1 қыркүйектен бастап өседі https://gnews.kz/ctudentterdi%d2%a3-sh%d3%99kirta%d2%9bysy-20-%d3%a9sti/
Mostrar todo...
❗️Мемлекет басшысы «Қазақстан» шахтасында болған өртке байланысты Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды. Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді. t.me/aqorda_resmi
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерлерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, Үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сол себепті бұл ақпарат жалған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын хабарлаймыз. Бұл көмекке «Тұрғын үй көмегін тағайындау» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы құжаттарды тапсыруға болады.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Көпбалалы отбасыларға 239 млрд теңгеге көмек алды!Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы: - 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге; - 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге; - 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге; - 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге; - 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде. https://gnews.kz/k%d3%a9pbalaly-otbasylar%d2%93a-239-mlrd-te%d2%a3gege-k%d3%a9mek-aldy/
Mostrar todo...
«Отбасы банк»  үй кезегінде тұрған азаматтар үшін әлеуметтік тұрғын үйлерді бөлу жаңа әдіспен жүзеге асырылатынын мәлімдеді Толығырақ https://gnews.kz/otbasy-bank-үj-kezeginde-tұrғan-azamattar-үshin-әleumettik-tұrғyn-үjlerdi-bөlu-zhaңa-әdispen-zhүzege-asyrylatynyn-mәl/
Mostrar todo...
00:23
Video unavailableShow in Telegram
Оқу-Ағарту министрі Ғани Бейсембев: Аз қамтылған отбасынан шыққан барлық бала көмекпен қамтылуы тиіс! Ата-аналар мұқият тыңдап шығыңыздар. Сіздердің сұрақтарыңызды бүгін министрге қойдым
Mostrar todo...
Repost from UKIMET
00:39
Video unavailableShow in Telegram
💬 Бастауыш сынып оқушыларының барлығы мектепте тегін тамақпен қамтылады — Әлихан Смайылов 📱 https://t.me/KZgovernment
Mostrar todo...
1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі
Mostrar todo...
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНЕ ҚАРАСТЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА 25 ПРЕЗИДЕНТТІК СТИПЕНДИЯ БӨЛІНДІ   Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, өнер және туризм бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына Президенттік стипендия бөлу туралы бұйрық жариялады.   Биыл Министрлікке бағынысты оқу орындарына 25 Президенттік стипендия бөлінді. Оның 24-і бакалаврларға, 1-і магистранттарға.   Жоғары білім беретін оқу орындарының ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына – 4, Қазақ ұлттық  өнер университетіне – 12, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына – 4, Халықаралық туризм және меймандостық университетіне – 4 Президенттік стипендия бөлінді. Ал, магистратураға арналған Президенттік стипендия Қазақ ұлттық  өнер университетінің магистратурасына берілді.
Mostrar todo...
126 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды. Жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақыны қалай аламыз? Құжаттарды қалай тіркейміз? Толығырақ gnews.kz
Mostrar todo...
97 мың балабақша тәрбиешілерінің жалақысы тағы да өседі https://gnews.kz/97-my%d2%a3-balaba%d2%9bsha-t%d3%99rbieshilerini%d2%a3-zhala%d2%9bysy-ta%d2%93y-da-%d3%a9sedi/
Mostrar todo...
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 1-НЕН БАСТАП 1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ ✍️Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде хабарлады. 🔹Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ең жоғары баға Алматы қаласында 800 теңгені құрайды. 💬«Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады», - деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева. ❕Айта кетейік, бүгінде министрлік мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатыр.
Mostrar todo...
⚡️МӘМС МӘРТЕБЕСІН HALYK, ЦЕНТРКРЕДИТ ЖӘНЕ KASPI БАНКТЕРІНІҢ ҚОСЫМШАЛАРЫНДА ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ ⚡️СТАТУС ОСМС МОЖНО ПРОВЕРИТЬ В ПРИЛОЖЕНИЯХ БАНКОВ HALYK, ЦЕНТРКРЕДИТ И KASPI
Mostrar todo...
Ауыл мектептеріне 415 автобус жеткізілді https://gnews.kz/auyl-mektepterine-415-avtobus-zhetkizildi/
Mostrar todo...
Танымал актриса күйеуінен оңбай таяқ жеді https://gnews.kz/tanymal-telezhүrgizushi-bұrynғy-kүjeuinen-қalaj-tayaқ-zhegenin-ajtyp-berdi/
Mostrar todo...
Отбасы банктен депозитті сатып ала аламайсыз! https://gnews.kz/otbasy-bankten-depozitti-satyp-ala-almajsyz/
Mostrar todo...
Тұрғындарға жылу үшін 957 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылады Жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілді, қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты есептеуді қайтару халықтың дербес шотында жылу маусымында (2023-2024 жылдары) не күнтізбелік жылда (2023 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен жазылады. Толығырақ gnews.kz
Mostrar todo...
Алматыда ТКШ қызметтеріне тарифтердің өсуі халықтың әлеуметтік осал топтары санаттарына өтеледі. Бұл туралы мәслихаттың VII сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді Өтемақыға құжаттарды аудандық әкімдіктер мен Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қабылдайды, төлемдер өтініш берушілердің шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы түсетін болады. Бұл жеңілдік нақты қай санатқа жататындарға арналған? Толығырақ https://gnews.kz/almatyda-az-қamtylғan-toptarynyң-kommunaldyқ-қyzmetterge-zhұmsalatyn-shyғyndardyң-bir-bөligi-өteledi/
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Социально уязвимым категориям населения Алматы покроют разницу в повышении тарифов на коммуналку На IIV сессии городского маслихата принято решение о компенсации разницы в повышении тарифов для ряда категории граждан. По словам замакима Аскара Амрина, до конца года на эти цели выделят 3,3 млрд. тенге, или по 544 млн. тенге ежемесячно. К социально уязвимым слоям общества относятся 315 тыс. жителей города: ▪️ветераны ВОВ – 54 чел. (0,02%); ▪️ветераны боевых действий на территории других государств – 2978 чел. (0,94%); ▪️приравненные по льготам к ветеранам ВОВ – 1538 чел. (0,48%); ▪️лица с инвалидностью первой и второй групп – 28 433 чел. (8,9%); ▪️семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью, – 8591 чел. (2,71%); ▪️многодетные матери, награждённые подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа", многодетные семьи – 35 562 чел. (11,2%); ▪️семьи лиц, погибших (умерших) при исполнении государственных или общественных обязанностей, воинской службы, при подготовке или осуществлении полёта в космическое пространство, при спасении человеческой жизни, при охране правопорядка, – 534 чел. (0,16%); ▪️пенсионеры по возрасту – 237 740 чел. (75,1%). Размер социальной помощи составит 0,5 МРП (1725 тенге). t.me/orda_kz
Mostrar todo...