cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Ақтөбе облысы білім басқармасының ресми Telegram-каналы Официальный Telegram-канал Управление образования Актюбинской области

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
913
Suscriptores
Sin datos24 horas
Sin datos7 días
-230 días
Archivo de publicaciones
"ТАЛАНТ ТУР - 2024" ЖОБАСЫНЫҢ І АУЫСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ ⚡Үш күнге созылған «Талант тур – 2024» жобасының І ауысымы бойынша жабылу рәсімі өткізілді. 👥Ойыл, Мұғалжар, Темір аудандарынан қатысқан белсенді, өнерлі, талантты балаларға номинациялар бойынша мадақтамалар беріліп, жобаның тәтті сыйлықтары таратылды. Сондай-ақ жетекшілеріне де Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды. ✅ Балалар жоба аясындағы демалыс күндерін көңілді әрі қызықты өткізді. #таланттур2024#ақтөбе
Mostrar todo...
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ "ЖАЗДЫҚ ЖОЛДАМА" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ДЕМАЛУДА 🏕️2023 жылы алғаш рет «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен «Жаздық жолдама» әлеуметтік жобасы бастау алып, жалғасын табуда. 👥Биыл өңіріміздің 1 147 оқушысына квота бөлінді. ⛱️Жоба аясында қазіргі таңда «Campit» лагерінде 200 ауыл баласы демалыспен қамтылуда. #JazJoldama2024 #qazaqstanhalqyna
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ҰБТ-ДАН ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАҒАН ОҚУШЫ 🇰🇿Ақтөбелік түлек Айшат Сағынаева ұлттық бірыңғай тестілеуден 137 балл жинады. Бұл – әзірге Ақтөбе облысы бойынша ең жоғары көрсеткіш. 👩🏻‍💼Айшат Сағынаева – М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясының оқушысы, 7-сыныптан бастап осы мектепте білім алады. «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Үйінің кенжесі. Мектеп түлегі IT-маманы болуды армандайды. 📌Ақтөбе облысында 2023-2024 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 8 342 оқушы өтініш білдірген. Жалпы облыс бойынша 11-сыныпты 9 236 оқушы бітірді. Оның 489-ы "Алтын белгіге", 681-і "Үздік аттестатқа" үміткер.
Mostrar todo...
🏕️ Жазғы демалыспен, сауықтырумен және еңбекпен 1-10 сынып оқушыларының 92%-ы, яғни әлеуметтік осал санаттағы 600 мыңға жуық баланы қоса алғанда, барлығы шамамен 2,9 млн бала қамтылады деп жоспарланып отыр. Демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда. 187 демалыс орталығының 150-і 1-10 маусым аралығында іске қосылуда. Ал қалған 37 демалыс нысаны өз жұмысын 15 маусымнан бастайды. Балаларға арналған лагерьлерге жолдама алу туралы мәлімет келесі карусельде ⬆️⬆️⬆️
Mostrar todo...
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ ⚡Білім басқармасы терроризмге қарсы комиссияның жұмысын үйлестіру бөлімі, полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында кеңес өткізді. 👥Шараға облыстық терроризмге қарсы комиссияның жұмысын үйлестіру бөлімі, полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. ✅ Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «дабыл түймелері» және төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет ету, террористтік тұрғыда осал объектілердің құрал-жабдықтармен қамтылуы, қорғалуы сияқты мәселелер қаралып, спикерлер тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Mostrar todo...
01:56
Video unavailableShow in Telegram
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДІҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
Mostrar todo...
32.88 MB
Photo unavailableShow in Telegram
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ «JULDYZAI-24» XIX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ ⚡️2024 жылдың 18-19 сәуір күндері «Жұлдызай» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған XIX «Жұлдызай» шығармашылық фестиваль байқауының республикалық кезеңі қашықтан өткізілді. 👥️Аталған байқауға Ақтөбе облысынан 73 оқушы (6 топ) қатысты. 🎶Жас таланттардың ішінен «Әнді ым-ишарамен орындау» бағыты бойынша Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің оқушысы Муратова Алина ІІІ орынды иеленді. 💫Муратова Алина Астана қаласында 1 маусымда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен сахнада Гала-концертке қатысып, «Хабар» телеарнасы мен «JULDYZAI» қорының YouTube әлеуметтік желісіндегі парақшасында көрсетілді. #Ақтөбеоблысыбілімбасқармасы
Mostrar todo...
00:38
Video unavailableShow in Telegram
ӨҢІРІМІЗДЕ "ТАЛАНТ ТУР - 2024" МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ, ТАНЫМДЫҚ ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ 🏕️ Бүгін су тасқыны салдарынан зардап шеккен ауыл балаларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастсыру мақсатында өңірімізде алғаш рет «Талант тур» жобасы бастау алды. 👥Бұл жоба аясында 500 бала қамтылатын болады. ✅ Балаларға «Мәдениет, тарих, өлкетану», «Спорттық, зияткерлік ойындар», «Білім, лингвистикалық» бағыттар бойынша шеберлік кластары мен интерактивті экскурсиялар ұйымдастырылды. #Ақтөбеоблысыныңбілімбасқармасы
Mostrar todo...
6.42 MB
03:13
Video unavailableShow in Telegram
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Mostrar todo...
66.68 MB
🇰🇿 Қазақстанның жас математиктері Әл-Харезми атындағы халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды 🇺🇿 Өзбекстан астанасында көршілес алты елден: Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстаннан келген 135 оқушы арасында Әл-Харезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті. 🏆 Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола: 🥇 Шерхан Жақсылық - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы; 🥇 Орынбасар Бердібек - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы; 🥈 Темірлан Әбішев - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы; 🥉 Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы. 📎 Құрама команданың жетекшісі – Ибрагим Ибатулин, «Үздік педагог» номинациясының иегері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы. 📌 Естеріңізге салсақ, бірінші олимпиада 2023 жылы өтіп, оған 5 елден 72 қатысушы жиналған. Онда Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс медальді еншіледі.
Mostrar todo...
⚜️ Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған шаралар бүгін күні бойы жалғасады. Шара барысында спорттық тартыстар, велосипедпен жарыстар, робототехникалар көрмесі өтеді. Сондай-ақ, қаладағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі, «Алақай» қуыршақ театры және А.Жұбанов атындағы Ақтөбе муызкалық колледжі, №1 Балалар музыка мектебі мен «Media Pro» орталығының өнерпаздары кішкентай көрермендерге мерекелік тарту жасайды. 🔹🔹🔹 ⚜️ Мероприятия, посвященные Международному дню защиты детей, будут продолжаться в течение всего дня. В рамках мероприятия пройдут спортивные соревнования, велогонки, выставка робототехники. Также праздничный подарок маленьким зрителям сделают артисты Дома детского и юношеского творчества, театра кукол «Алакай», Актюбинского музыкального колледжа имени А.Жубанова, детской музыкальной школы №1 и центра «Media Pro». 🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi
Mostrar todo...