cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Жаңалықтар - Qaz365.kz

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Жарнама бойынша: @bs2906 @alim_the_magnus

Mostrar más
Advertising posts
15 791Suscriptores
-1124 hours
-1207 days
-41630 days

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Берекет Кәрібаев: Қазақ этносының өз ішінде бірлік болмай, бәрі бекер Мемлекет басшысы ел мүддесін ойлайтын отаншыл жастардың санын арттыруды тапсырды. Шынайы патриоттық ұстаным қандай болуы керек? Ұлтшылдық пен ұлтжандылықты жете түсіне алдық па? Осы мәселе төңірегінде ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаевпен тілдескен едік
- Кезінде империя болған елдер сол әлеуетін сақтап қала алды. Алайда шовинистік көзқарасты, шовинистік принципті ұстанатындар да бар. Ол мемлекеттің ішіндегі сол империяны құраушы өкілінің сондағы басқа халықтарға үстемдік жасауы. Ал дұрыс патриоттық ұстаным – әркім өзінің дербес мемлекетінің жоғын жоқтап, сол мемлекеттің мүддесін ойлауға бағытталуы керек. Бірақ бұл өз елін өзгеден артық сүйіп, басқа ұлтты төмен санауға әкелмеуі тиіс.
Толығырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Mostrar todo...
💯 1
Путин Украинадан кейін Қазақстанды басып алып, сосын Германияға жетуді көздейді – Зеленский CBS News арнасына берген сұхбатында ол: «Украин әскері алдағы айларда күтілетін тағы бір ірі ресейлік шабуылдан қорғануға әлі дайын емес» отыр.
«Бүгінгі таңда шығыстағы жағдай барынша тұрақтанды. Тиісті қару-жарақ пен оқ-дәрілердің тапшылығына қарамастан, жағдайды тұрақтандыра алдық. Қазіргі ахуалымыз осыдан 2-3 ай бұрынғыдан жақсы», - дейді Владимир Зеленский.
Сұхбат алған журналист одан «Украина АҚШ-тың көмегінсіз соғыста жеңіле ме?» деп сұрады.
«Бұл шындық. Біз көмек болмаса, жеңілеміз. Әрине, бір күнде емес, бірақ аумағымыздың белгілі бір бөлігінен айырыламыз. Жерімізден айырылу – адамнан айырылумен бірдей. Путинге біз Ресей Федерациясының спутингі секілдіміз. Қазір бізді, сосын Қазақстанды басып алғысы келеді. Кейін Балтық елдеріне шабуыл жасап, кем дегенде Германияның жарты жерін өзіне қаратқысы келеді. Ол 80 және 90-жылдардағы кеткен есені қайтаруды көздейді. Бізге Путиннің пікірін өзгерту қажет емес. Біз оны ауыстыруымыз керек», - деді Украина президенті.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Mostrar todo...
👍 1
Салтанат Нүкенованың ағасы сотта қарындасының азапталған сәтінен сурет көрсетті
«Мен бұл фотосуреттерді алып келдім. Мұнда қарындасымның соққыдан көгерген жерлер анық көрінеді. Бұл жерде бетіне бірнеше ауыр соққылар жұмсалғаны байқалып тұр. Мен Салтанат үшін қорықтым. Оған түнгі бірде қоңырау шалдым, ол телефонды көтермеді. Сосын уайымдап, Қуандыққа телефон шалдым. Ол не болды деп таң қалды. Осыдан кейін өз үйіне шақырды. Барған кезде маған бұл маған қатысы жоқ екенін айтты», -дейді Айтбек Амангелді.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Mostrar todo...
Көлікпен қағып, сабап тастаған: Алматыда жантүршігерлік кісі өлтіру оқиғасы болды Элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні бірнеше рет көлігімен соққан. Оқиға видеоға түсіп қалды. Үй тұрғындарының айтуынша, шабуыл жасаған ер адам ұзақ жылдар бойы ата-анасымен осы тұрғын үй кешенінде тұрады. Тұрғындар ер адамның нашақорлыққа шалдыққанын айтады. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Mostrar todo...
😱 3👍 2🌚 1
Шымкентте бұрын сотталған қарияны қарттар үйі қабылдаудан бас тартқан Түрмеден бостандыққа шыққан ер кісі үй-күйсіз жүрген. Оның қалада туыстары да жоқ, жалғыз қалған. Сәйкесінше оның тұрғылықты жері де, тіркеуі де болмаған. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі араласып, қажетті құжаттарды жинағаннан кейін ол Қарттар үйіне орналастырылды. Оның жеке куәлігі жоқ екенін білген мамандар құжатын қалпына келтіру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберген екен. Ал Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталығы оның құжаттарын рәсімдеуден бас тартқан.
«Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі өтініш берушіге тиісті құжаттарды жинауға және өңдеуге көмектесіп, Шымкент қаласы көші-қон полициясы басқармасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сұрау салуға бастамашылық жасады. Нәтижесінде Абай аудандық ПБ көші-қон қызметінің мамандары өтініш берушінің жеке куәлігін беру үшін құжаттандыру туралы өтінішін қабылдады. Өтініш қаралып, толық мақұлданды», – делінген омбудсменнің баспасөз қызметінің мәліметінше.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Mostrar todo...
Алматыны шаңды дауыл басты
Mostrar todo...
👍 1
Абай облысында баспана құрылысына байланысты 305 іс қозғалды Қазір облыс орталығы Семей қаласында тұрғынүй құрылысы қарқынды жүріп жатқаны рас. Алайда көпқабатты үй тұрғызуды міндетіне алған мердігер компаниялардың кейбірі заңды белден басып, түрлі тәсілмен жауапкершіліктен жалтарғандығы да анықталып жатыр Бұл туралы Абай өңірлік коммуникациялық қызмет орталығында өткен брифингте Абай облыстық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Аманжоловтың айтуынша, қазір сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласы бойынша 121 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 90 субьект әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сол негізде жалпы сомасы 57,03 млн. теңгеге 305 әкімшілік іс қозғалып, оның 91-і әкімшілік сотқа шешім қабылдау мақсатында жолданған жайы бар.
«Тексеру, қадағалау барысында бір нысанға қатысты сот шешімі бар. Алғашқы сатысында сот бізді қолдамаған болатын. Облыстық аппелияциялық сот алқасына жүгінуге тура келді. Соның негізіндегі заң аясындағы сот шешіміне сәйкес, пайдаланылған құрылыс материалдары бөлшектелетін болады», – деді Аманжолов.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Mostrar todo...
🎃 2
5 жыл жасырынған: Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан елге жеткізілді Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.
«Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған. 28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Mostrar todo...
👍 1
Түркістан облысында «Пара алмайтын директор» жайлы мақала жарияланды Түркістан облысы, Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы орта мектепке жақында директор болып тағайындалған Әнетбек Әлімқұл бір тиын пара алмай 11 кіші қызметкер мен 2 күзетші жұмысқа қабылдапты. Бұл туралы «Өзге пікір» газетінде мақала жарияланды
«Бұл мектептің экс-директоры Гүлмира Каримова мен орынбасары өткен жылдың қазан айында мектептегі былықты маған айтқаны үшін мектептің 2 мұғалімі мен 2 еден жуушысына қоса мені де сотқа беріп, 2 айдан аса сандалтқан болатын..Абырой болғанда, процессте мені қорғаған адвокат Халима Орынбай мен еліміздің бір топ белсенді педагогтары мен өз кәсібіне адал журналистерінің арқасында сотқа шағымданушылар өз шағымдарынан бас тартып, іс тоқтатылды. Кейіннен Гүлмира Каримова директорлық қызметінен кетті деп естіп едік. Орнына келген жаңа директордың әзірге аяқ алысы жаман емес секілді.Бұл Түркістан Облысының Білім Басқармасы на қарасты білім ошақтары үшін үлкен жаңалық болса керек», - дейді шымкенттік ұстаз Өмір Шыныбекұлы.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Mostrar todo...
👍 5🤣 1
Inicia sesión y accede a información detallada

Te revelaremos estos tesoros después de la autorización. ¡Prometemos que será rápido!