cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Dauletten

Бай қуатты, ДƏУЛЕТті болайық. Жарнама және ұсыныстар жөнінде: @YerekentiKZ Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/QEc88rJUYgl0qEIV

Mostrar más
Advertising posts
360 106Suscriptores
-58324 hours
-3 8397 days
+1 94830 days

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Алматыда шаңды дауыл соғып, артынша жаңбыр құйды ➡️Салдарынан көшелерде кептелістер пайда болып, такси бағасы шарықтап кеткен; ➡️Дауылдан кейін әуежайда рейстер кешіктіріліп жатыр; ➡️Кейбір ғимараттар мен тұрғын үй кешендерінің сыртқы қабаттары құлап жатыр; ➡️Барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс жасауда; ➡️Дауыл ағаштарды, электр желілерін, жол белгілерін құлатуда; ➡️Кейбір жолдарда көріну деңгейі төмен. Алматыда дауыл бола қоймайды жалпы. Жылына 1-2 рет болса, осылай төңкеріп тастайды.😬 Адам аман болсын бастысы! Dauletten✅
Mostrar todo...
5👍 1
Samsung басқа да құрылғылары енді Galaxy AI қолдайтын болды Samsung компаниясы өз пайдаланушыларын керемет жаңалықпен қуантты: Galaxy S24 флагмандық сериясында ұсынылған жасанды интеллекттің алдыңғы қатарлы мүмкіндіктері Galaxy S23 желісінің смартфондарында, S23 FE, Z Fold5, Z Flip5 және Tab S9 планшеттерінде қол жетімді болды. One UI 6.1. жасақтамасының жаңа нұсқасында хабарламалардың реңктерін өзгертетін және аударатын Чат-көмекші (Chat Assist), телефон қоңырауларын дауыстық және мәтіндік аударатын жанды аударма (Live Translate), шынайы уақытта әңгімелердің мәтіндік аудармасын көрсететін Аудармашы (Interpreter), дисплей бетіндегі нысандарды қоршау арқылы ақпарат алуға мүмкіндік беретін ыңғайлы және жылдам іздеу (Circle to Search with Google), мәтіннің пішінін өзгертетін, қысқа жазбаларды жасайтын және оларды аударатын жазбаларға арналған көмекші (Note Assist), кездесулерде және басқа да жағдайларда жазылған дауыстық жазбаларды түсінуге, қорытындылауға және аударуға мүмкіндік беретін аудиожазбаларға арналған көмекші (Transcript Assist) орнатылатын болады. Жоғарыда көрсетілген модельдердің иелері жақын күндері жасанды интеллекттің ең жаңа функцияларына қол жеткізе алатын болады. *серіктестік материал
Mostrar todo...
👍 35 12🔥 3🙏 1😍 1🤝 1
❗️Бүгінде еліміздің бірнеше өңірінде табиғи апат қаупі күшейіп, көктемгі су тасқыны басталды. Қазірдің өзінде ерікті фронт-офистер желісі негізінде зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келетіндер үшін бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. 📞Байланыс нөмірі: +7 708 706 42 42 Көмек беруге ниетті немесе көмек алғысы келген кез келген азамат осы нөмірге хабарласа алады. Dauletten✅
Mostrar todo...
🙏 27👍 18 11🤝 4❤‍🔥 1🫡 1
🛵Қазақстанда мопед айдайтындарға жүргізуші куәлігін алу міндеттелмек Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеханың айтуынша, мопедті айдау үшін А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу және 16 жастан асу керек. Осыдан кейін мопедтердің бәрін тіркеп, есепке қоямыз дейді. 🗣«Мопед жүргізушілерін анықтау қиын. Олар да соған үйреніп алған – ешкім танымайды, тіркемейді, ұстамайды. Егер автокөлік жүргізушісі мас күйде ұсталса біз оны 7 жыл көлік айдау құқығынан айырамыз. Жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көбі мопедке «отырады», себебі оларға қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін тек 5 АЕК айыппұл салынады – болды», – деді Игорь Лепеха. Дұрыс шешім негізі👍 Dauletten✅
Mostrar todo...
👍 316👏 23 17👎 7😁 4🏆 3
😱Ақтөбе қаласында Сазды өзені арнасынан асып, көшелерді су шайды 🌊Бүгін таңертең Ақтөбе қаласындағы Сазды өзенінде мұздың жиналуы мен су деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде Ө.Сейітов көшесіндегі автомобиль көпірі арқылы Керуен сити сауда үйі ауданындағы М.Мәмбетова көшесінің жол бөлігіне су толып кетті. Қазір су бағытын көшеге өткізбей тоқтату жұмыстары жүргізілуде. ТЖД, ЖАО, ПД, Ұлттық ұлан, 20982, 54179, 20238, 03878 әскери бөлімдерінен 1000-ға жуық қызметкер мен 200-ге жуық техника жұмылдырылды. Dauletten✅
Mostrar todo...
😢 79😱 67👍 20 12😨 6🤯 1
❗️Аягөзде төтенше жағдай жарияланды Абай облысының Аягөз ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Кеше Аягөз өзені ернеуінен асып, Аягөз бен Бозай ауылын байланыстыратын көпірді су шайып кетті. Қазір 3 ауданда қарғын суға қарсы күрес жүріп жатыр. Жаңалықтарды қарап отырсақ, еліміздің көп өңірлерінде, аймақтарда қар еріп су басып жатыр екен иә?!( Ақтөбе, Орал, Абай, Ақмола облыстары… Кейбір елді мекендерде өзендер арнасынан тасып жатқан көрінеді… Бір Алла жар болсын! Сіздің өңірде қалай болып жатыр жағдай?👇 Dauletten✅
Mostrar todo...
😱 263😢 87🙏 84👍 70 41😨 40💔 22😁 8🤯 7🫡 4❤‍🔥 3
🔥4 күн қалды😱😱😱 Жеңілдікке үлгеріп қалыңыз! 1+1 + жеткізу = 5200 теңге (9400тг) Тек наурыз айы бойы! Аз ақшамен бизнес бастауға болатын 100 кейсі бар "Бизнеске бағыт" және ақша жинауға арналған "Жинақ Таймс" күнделігіне ДӘЛ ҚАЗІР ТАПСЫРЫС БЕРЕ АЛАСЫЗ 👇👇👇 http://wa.me/77786831193 Әрекетке берекет❤️
Mostrar todo...
26👍 17
👩‍⚕️Арнайы дәрігерлерге жолдама алу тәртібі өзгереді Енді Қазақстанда лор, эндокринолог сияқты арнайы дәрігерлерге кіру үшін енді терапевтен жолдама алудың қажеті болмайды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл жалпы тәжірибелік дәрігерлердің жүктемесін азайтады. Әрі науқастар уақытын жоғалтпайды. Бұдан бөлек, Астанада 7 аурухана салынатынын айтты. 🗣«Тиісті бұйрықтарға қол қойдық. Негізі 10 жаңа нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр. Ол осы халықтың көтеріп жатқан мәселесі. Медицина қызметкерлерінің мәселесінен туындаған бұйрықтар», – деді министр. Dauletten
Mostrar todo...
👍 299 31👏 25🔥 11👌 6😍 3🎉 1
👩🏻‍🏫Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Ата-аналар баланың құжаттарын Электрон үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады. Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Dauletten
Mostrar todo...
👍 168 39👌 12👏 6👎 4🔥 1
📊Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде 2 орында тұр Елімізде ажырасу көрсеткіші 2024 жылдың басында 1000 адамға шаққанда 4,6-ны құрады. 2023 жылы Қазақстанда 120,9 мың жұп неке қиды, бұл 2022 жылға қарағанда 6%-ға аз. Бұл ең төменгі көрсеткіш екенін айта кеткен жөн. Бұған дейін 2008 жылы халық саны 16 миллион адамға жетпесе де, ресми түрде 135 мыңнан астам жұп неке қиған болатын. Бұл туралы ranking.kz хабарлады. Сарапшылар елдегі ажырасудың негізгі себептері жас отбасының ісіне туыстарының араласуы (61%), моральдық шектеулердің болмауы (41%), оңай ажырасу процесі (25%) екенін атап өтті. ⭕Неке бұзу фактілері үш өңірде көп тіркелді: ➡️Алматы - 2,3 мың, ➡️Қарағанды облысы - 1,5 мың, ➡️Астана - 1,5 мың. 📉Ал Ұлытау облысында небәрі 198 жағдай тіркелген. *ескерте кететін жайт, халық санына да байланысты Ажырасуға тағы не себептер болады? Сіздің пікіріңіз👇 Dauletten✅
Mostrar todo...
😨 239😱 160👍 82 36😢 29🤬 18💔 16🫡 11🥰 7🔥 2🤗 2
Inicia sesión y accede a información detallada

Te revelaremos estos tesoros después de la autorización. ¡Prometemos que será rápido!