cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

DALA INSIDE

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

Show more
Advertising posts
16 239Subscribers
-1524 hours
-737 days
-34030 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Су тасқыны кезінде қанша адам қаза тапты? Үйін су басқан адамдарға үкімет қанша ақша береді? Бишімбаев сотта өзін қалай қорғап жатыр? Сотқа келген  куәгерлер не дейді? Malim Media арнасына жазылсаңыздар, бәріне жауап табасыздар. Біз сізді ақпарат ағынынан адастырмай алып шығамыз, маңызды оқиғаларды түсіндіріп береміз, сапалы қазақша контент ұсынамыз. Бұл арнада күнделікті жаңалықтардан хабардар боласыз, елдегі саяси-қоғамдық оқиғалардан құр қалмайсыз. Биліктің шешімі мен сарапшылар пікірін бірінші болып біліп отырасыз. 💡Қазақша контент дами берсін! Қосылыңыздар👇 📌 https://t.me/malimkz 📌 https://t.me/malimkz 📌 https://t.me/malimkz
Show all...
👍 33🔥 2👏 1
⚡️ Адам құқығы жөніндегі уәкіл қоғамда қызу талқыланған заңға қатысты пікір білдірді... Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жақында қабылданған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға қатысты пікірін білдірді.
Ол әлеуметтік желілерде тараған «заң балаларды тартып алуға ықпал етеді» деген теріс пікірдің жалған екенін баса атап өтті.
Сондай-ақ омбудсмен заң, ең алдымен, отбасын қорғауға және дәстүрлі-ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталғанын атап өтті.
Show all...
👍 31👏 5🔥 2🙏 1💯 1
🇺🇲⚡🇷🇺 "Парасат" операциясы: Ресей ТЭЦ-ті реттегеннен кейін Теңіз мұнайына ауыз салады Қазақстанды толық өз орбитасында қалдыру үшін Ресейге қазақ мұнайына иелік ету қажет. ФСБ жабық докладтарында "Шеврон мен Тоталдың Қазақстанға келуі Ресей лоббиінің салғырттығы" деп бағаланған. Енді алдағы 2-3 жылда Ресей өзі қаржыландыратын ақпараттық агенттер арқылы Қазақстандағы американдықтарға қарсы имидждік компания жүргізбек.
Батыс облыстарда "Мас американдық Атырауда қазақ қызын зорлады", "АҚШ Қазақстанды "гейлерге тиіспе" деп қысымға алып жатыр" деген тұрмыстық сценарийлер ойластырылатын болады. Дереккөз сөзінше, халық бір шулағаннан кейін, қоғамдық қозғалыс құрылып, ол "Шевронның кетуін" талап етіп, шерулер ұйымдастыру жоспарланған.
Операцияның алғашқы кезеңінде «Парасат» кәсіпкерлер альянсының үйлестіру кеңесі лоббистік қадам жасады. Олар Президентке Ресейдің батыста бұғатталып жатқан активтері есебінен Шеврон, басқа да батыс инвесторларының Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы үлесін сатып алуды ұсынып отыр. Сонда мұнай саласына қазіргі батыс компанияларының орнына Ресей келсін деген ұстаным айтылды. Онымен бірге, Қазақстан Ресей ақшасын бұғаттан шығара алса, Росатом бізге АЭС салып бере алады деген идея көтеріп отыр. "Парасат" кәсіпкерлер альянсын даулы кәсіпкер Олег Пак басқарса, оның үйлестіру кеңесінің төрағасы - Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи. Ал мұнайға қатысты бастама ресейшіл сарапшы Олжас Байділдинов тарапынан көтерілген. Оның есебінше, қазіргі контракттар ел бюджеті үшін мүлде тиімсіз.
"Кез-келген утопиялық ұсыныс белгілі бір дәрежеде ой тастауға бағытталған. Оны Парасаттағылар жақсы біледі және маневрларын Ресей мүддесін қорғау үшін жасап отыр", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Батыс Ресейдің 300 миллиард долларға парапар алтын-валюта резервін бұғаттады. Оны Ресей басқара алмайды. Бұғатталған ақшаны шешу тіпті сондай шешім қабылданса да бірнеше жылдарға созылатыны белгілі. Сондықтан Ресей бұғатталған қорды Қазақстан атына аударады, сол кезде Батыс ақшаны шешіп бізге береді деген іске аспайтын бос сөз. Батыс ол 300 миллиард долларды ешкімге берейін деп отырған жоқ. Шеврон контракты аяқталуға жақындап қалған сайын Орталық Азиядағы текетірес бәсі жоғарылап барады. Ресей ашық лоббимен белсенді қимылдай бастады. АҚШ та өз қарымта қадамын жасайтыны анық. Мұндай істе олар өте шебер. Ресей де, АҚШ та осы ретте қазақтілді депутаттарды пайдаланып қалуға мүдделі. Жыл аяғында қай депутаттың қай алпауыттың етегінен ұстағаны белгілі болады. DALA INSIDE жақында уран, Ескі Қазақстанның Дариға арқылы жасалған кегі мен PRONTO-ның қайта оралуы туралы жазатын болады. Бізден алшақтамаңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 69😱 31👎 10🤯 8🔥 2💯 2👏 1😁 1🤮 1
🥬 Боялған ақша: тасқын су жемқорлықты шайып кете ме? Егер Антикор мен Ұлттық Банк мемлекеттік шығынға дайындалған ақшаны екі айда цифрлі теңгеге конверттесе, «Жаңа Қазақстан» биыл орнауы мүмкін дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Су тасқыны аяқталғаннан кейін, оның зардабын жойып, елді-мекендерді қайта қалпына келтіруге қыруар қаржы кетпек. Және оның кейбір жемқор шенеуіктер тарапынан талан-таражға түсу қаупі бар. «Сол жағалау» дәл осы төтенше жағдайдан кейінгі жұмысқа Үкімет резервін жұмсауда цифрлі теңге системасын тест ретінде пайдаланып көру туралы жабық консультациялар өткізуді ойластыра бастады. Әу баста, цифрлі теңге биылдан бастап жол құрылысында тест ретінде өтуі тиіс болатын. Күптеген төтенше жағдай, және оның салдарына қыруар мемлекеттік қаржы жұмсалуы тиіс болып тұрғандықтан, билік цифрлі теңге күшін уақыт оздырмай осы бағытта тексеріп көру мүмкіндігін қарастыруға көшкен.
«Соңғы сөз Антикор мен Ұлттық Банкта. Технологиялық тұрғыдан дайынбыз ба, барлық сатып алу жүйелері бейімделді ме деген сұрақтарға Ұлттық Банкке қарасты Ұлттық төлем корпорациясы жауап беруі керек. Антикор өз тарапынан жедел анализ жасауы тиіс. Егер Үкімет цифрлі теңгені апаттан кейінгі қайта қалпына келтіруге енгізіп үлгере алмаса, онда ескі жоспарға оралады. Ондай жағдайда цифрлі теңге жол құрылысында пилоттан өтпек», - дейді, дереккөз.
Цифрлі теңге қолма-қол ақша емес. Тура сол теңге, бірақ электронды әмианда болады. Үкімет цифрлі теңгеге белгі соқса (ақшаны бояу), оның қайда аударылғанын, қандай мақсатта жұмсалғанын, кімнің қолында жүргенін көріп отырады. Белгі соғылған цифрлі теңгені ұрлау, ол арқылы жемқорлық жасау өте қиын. Сондықтан болашақта тендерлер, мемлекет тарапынан төленетін барлық қаржы осы цифрлі теңге форматына өтпек. Су тасқынының зардаптарын жоюға кемінде 250-300 миллиард теңге қажет болуы мүмкін. Бұл 700 миллион долларға тең. Өте үлкен, қыруар ақша. Бюджет дефициті кезінде жемқорлыққа жол беруге мүлде болмайтынын орталық билік жақсы түсініп отыр. DALA INSIDE жемқорлықпен цифрландыру арқылы күрес барысын бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 142😁 6😡 3
Қысылтаяң сәтте Президент емес, халық қорғалмақ Құтқарушыларға су тасқынымен күресуге көмектесу үшін Мемлекеттік күзет қызметінің (МҚҚ) қызметкерлері келді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. «МҚҚ сарбаздары су тасқынының зардаптарын жою жолында құтқарушыларға көмектесуде. Осы сәттерде Ақмола облысының Жібек жолы ауылында МҚҚ жасағының бір тобы шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар елді мекен маңындағы бөгет бөгетінің жағасын нығайтып, су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде», - делінген жұма күні таралған хабарламада. МҚҚ президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, ұлттық қауіпсіздік органдарына жататын, президенттің, сондай-ақ басқа да күзетілетін адамдар мен нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамада белгіленген құзыреті шегінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.
Show all...
👍 89🤩 4
Петропавл зауыты су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылау үшін ТЖД-ны өз өндірісіндегі дрондармен қамтамасыз етті Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Жедел штабтың жұмысын тексерді. ✔️Жергілікті кәсіпорын «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ штабты су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды барлау үшін тепловизоры бар дрондармен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен қамтамасыз етті. 📌Роман Скляр технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, тасқын қаупі бар аймақтағы судың толып кету деңгейін нақты уақыт режимінде бақылауға кірісуді тапсырды. ✔️Атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдаған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары аумақты суретке түсіру және деректерді ішкі радиобайланысы бар картаға 2D форматында лезде жіберу үшін барлау дрондарын белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті.
«Тасқын су қалаға жетті, сондықтан біз кезекшілікті тұрақты түрде қамтамасыз етуіміз керек. Барлық мобильді топтар толығымен дайын тұруы қажет. Жергілікті жерде жұмыс істейтін топтар жағдайды дереу хабарлауы тиіс. Су тасқыны қаупінің қаншалықты маңызды екенін түсіне алмайтын азаматтар болса, эвакуация жүргізілген барлық елді мекендерді қайта тексеруді тапсырамын. Барлық адамдардың қауіпсіз аймақта болуын қадағалау керек», — деп тапсырды Роман Скляр.
📌Премьер-Министрдің бірінші орынбасары төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мобильді топтар, арнайы техникалар, қосымша жүк тиегіштер, инертті материалдар тасқын қаупін жоюға дайын болуы керектігін баса айтты. 📱 https://t.me/KZgovernment
Show all...
UKIMET

ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК 🌐 Сайт

https://primeminister.kz/kz

🔗 Instagram

https://instagram.com/primeministerkz

🔗 Facebook

https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz

👍 39😡 2
⚡️ Шеккені кальян, ішкені арақ, ойлағандары ақша... Танымал боксшы отандық спорттағы коррупция туралы ашық айтты. Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/kalyan-araq-jane-aqsha-tanimal-boksshi-otandiq-sporttagi-korrupsyya-turali.html
Show all...
👍 66💯 18😱 5🔥 2
📺 Дамымай жатқан сала: Қазақстан журналистикасы ірі сот процестеріне дайын емес Қуандық Бишімбаев процесіндегі алқабилер "утечкасынан" кейін журналистер сот залынан қуылды. Алқабилер құрамы құпия ұсталады және заңмен қорғалады. Ол туралы процеске қатысып жатқан ақпарат құралдарының өкілдеріне алдын-ала ескертілген болатын.
"Елімізге белгілі телеарна сенсация жасаймын деп ережені өрескел бұзды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде ол ашық айтылатын болады.
Журналистер тексеру біткенннен кейін сот залына қайта орала алады. Тек ереже бұзған БАҚ не ескерту алады, не процестен аластатылмақ. Оның шешімін судья Айжан Құлбаев шығарады. Әзірге тілшілер сотты басқа бөлмеде онлайн қарайтын болды. Отандық журналистикада белгілі бір регламентке, этикалық нормаларға мойынұсынбау фактілері аз емес. Өзін-өзі реттеу де әлсіз жүреді. Сонымен бірге, нақты фактілер мен сараптамадан көрі жанжалдық хайпке көп арқа сүйеп кеткен. Кезінде брифингтерде министрлер пен әкімдерге су тасқынына дайындық туралы сұрақ емес, "жалақыңыз қанша?", "қолыңыздағы не сағат?" сынды ортақ іске қажетсіз сұрақтар көп қойылды. Оның нәтижесінде мемлекетшіл шенеуіктер тарапынан журналистикаға деген құрмет азайып кетті және аудитория да арзан тақырыптарға бой үйрете бастады. Журналистика сыртқы регуляторлы фактордан емес, ішкі талаптар мен өзара келісім негізінде дамитын салаға жатады. Сондықтан осы трансыормациялық кезеңде бас редакторлардың өз жауапкершілігін түсінуі аса маңызды. DALA INSIDE журналистердің сот залына оралғанын қадағалап отырмақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 66💯 11😱 2👎 1🔥 1🤝 1
⚡️ "Контингент ужыс. Одни калбиты...". Dostyk Plaza даулы жазбаға жауап қатты... Dalanews.kz осыған байланысты Алматының полиция департаментіне сауал жолдады. Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/kontyngent-ujis-odny-kalbyti-dostyk-plaza-dauli-jazbaga-jauap-qatti.html
Show all...
😡 33🤯 28😱 5👍 3💯 1
🇰🇿🇷🇺Ресей Қазақстаннан 100 000 тонна бензин сұрауы мүмкін – Reuters Бүгін Reuters агенттігі Ресей Қазақстаннан 100 000 тонна бензин жеткізуге дайын болу турасында өтініш айтуы мүмкін екенін жазды, – деп хабарлайды DalaInside арнасы. Егер Украинаның беспилотниктері Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарын шабуылдауды тоқтатпаса, жағдай ушығып, Кремль ресми Астанада көмек сұрауы ықтимал. Өз кезегінде ҚР Энергетика министрі Шыңғыс Ильясов Ресейден жанар-жағармай жеткізуіге қатысты өтініш түспегенін алға тартты. Ал дәл осы мәселеге қатысты Ресейдің Энергетика министрлігі журналистердің сауалына ләм-лим деп үн қатпаған. Бірақ Ресейдің басты одақтасы Беларусь Ресейге бензин жеткізуге келіскенін білеміз. Наурыз айындағы жағдай бойынша Украинаның беспилотниктері Ресейдің мұнай зауыттарына дамылсыз шабуыл жасап, көрші елдің мұнай өңдеу саласының әлеуетін 14 пайызға дейін кемітті. Әзірше Кремль ішкі нарықта жаран-жағармаймен қапту тұрақты, жанармай қоры жеткілікті деп ақпарат таратудан танбауда. Алдағы уақытта Украина мұнай зауыттарына шабуылды үдетсе, Ресей мұнай өнімдерін экспорттаудан, импорттаушы елге айналды. Кремль 1 наурыздан бастап алты айға дейін Ресей аумағынан бензинді сыртқа шығаруға шектеу қойған болатын. Осылайша олар жарармай тапшылығының алдын алуға қам жасады. Бірақ Ресейдің бензинге қатысты шектеуі Еуразиялық Одаққа мүше елдерге жүрмейді. Өйткені, Еуразиялық одаққа мүше елдер арасында бір-біріне жанармай жеткізу турасында үкіметаралық келсімге қол қойған. Сондықтан Ресейде бензин жетпей ажиотаж болса, Кремль осы келісімге қол қойған елдерге өтініш айтатын қақысы бар. Ал мұндай жағдайда бар салмақ Қазақстанға түсетінін айтпасақ та түсінікті. Бірақ трейдерлер Ресейде жанармай тапшылығы арта түссе, Ресей Еуразиялық одаққа мүше елдерге де жанармай экспорттауға шектеу қою мүмкін екенін алға тартуда. Мұндай жағдайда осы шектеуді алға салып, Ресейге Қазақстан билігінің «жоқ» деп айтуына жол ашылады. Күні кеше ғана Ресейдің Орыс қаласын топан су басып, қала маңындағы мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бүгін де Қазақстан да су тасқынынан зардап шегуде. Осыған байланысты Үкімет 5 сәуірден бастап гуманитарлық мақсатты көздеп сырт елдерге жанармай экспорттауды шектеген болатын. Дереккөздеріне жүгінсек, қазір елімізде халық көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензиннің 307 700 тонна қоры бар. Ал Аи-95 маркалы бензиннің 58 000 тоннаны құраса, дизел отынының 435 300 тонна қоры бар. Сондықтан дәл қазір Ресей 100 000 тонна бензин сұраған күннің өзінде де оны бере қоятын бізде мүмкіндік жоқ. Егер қолда бар жанармайдың қорын Ресейге берсек, елімізде жанармай тапшылығы туындауы мүмкін. 🔥👎😱
Show all...
Exclusive: Russia seeks gasoline from Kazakhstan in case of shortages, sources say

Russia has asked Kazakhstan to stand ready to supply it with 100,000 tons of gasoline in case of shortages exacerbated by Ukrainian drone attacks and outages, three industry sources told Reuters.

👎 49👍 21😱 11😡 6