Келер жылдан бастап ҰБТ тапсыратын талапкерлерге «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5 тест тапсырмасы қосалады. Осылайша, 2023 жылы мектеп бітірушілер аталған пәннен 20 тапсырма орындайды.
«Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша өзгерістер енгізілді.
Келесі жылдан бастап ҰБТ тапсыратын талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында «Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады. Онда 1-ден 10-ға дейін бір дұрыс жауапты нұсқасы бар тест тапсырмалары, ал 11-ден 20-ға дейін контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін) енгізіледі.
Оқу сауаттылығы» тест тапсырмаларының саны мен формасы да өзгереді. Енді талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы беріледі.
Ұлттық тестілеу орталығының дерегінше, келесі жылы бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларындағы нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін қысқарады. Ал бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларындағы нұсқалар 8-ден 6-ға дейін азайады.
Show more ...