cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Tiek

Тілде тиек жоқ Арнамызға жазыла отырыңыздар

Show more
Advertising posts
245Subscribers
No data24 hours
+17 days
-530 days
Posts Archive
Таспалуан жеңімпаз атанды Арман Сүлейменов Қарағанды қаласында пауерлифтинг, армлестлинг, стритлифтинг, армлифтинг сияқты спорт түрлерінен өтіп жатқан халықаралық турнирде 5 алтын медаль иеленді. Бұл жарысқа әлемнің 10 елінен 1250 спортшы келген. Жасы 40-тан асса да осынша адамның ішінен үздіктер қатарына кірген балуанымызды құттықтаймыз! Арман бұған дейін көптеген білек күшін көрсететін трюктерімен ел ықыласына бөленген
Show all...
👏 1
“Мен оппозиционер емеспін. Үкіметтің жағында да емеспін. Елші сияқтымын”. Ермек Нарымбаймен сұқбаттан үзінді. 1 жарым ай бұрын босап шыққан белсенді біраз мәселеге байланысты ой бөлісті. Украинада қалған әйелі, түрмедегі былық, сот жүйесі, шетелдегі оппозиция өкілдері туралы да айтты. Толық нұсқасы "МЕН ОППОЗИЦИОНЕР ЕМЕСПІН, ҮКІМЕТТІҢ ЖАҒЫНДА ДА ЕМЕСПІН" ЕРМЕК НАРЫМБАЙМЕН СҰҚБАТ https://youtu.be/3q5zsRVi11o
Show all...
Repost from Astana news
Астана қаласының Білім басқармасы хабарлайды: №10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталуда. Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады. ____ Управление образования города сообщает: На территории школы №10 на 10-летнего мальчика упали футбольные ворота. От полученных травм школьник скончался. По данному факту возбуждено уголовное дело, выясняются все обстоятельства. Управление образования города выражает соболезнования семье погибшего.
Show all...
Repost from AIMAGAMBETOV
Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады? Комменттерде және жекеме де осындай сұрақ көп қойылып жатыр. Сондықтан қысқаша өз ойымды жазайын. Бастысы әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Неге? Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үйлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады. Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді. Үшіншіден, «Қазақстан халқына» қорының гранттары тағы бар. Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады. Бесіншіден, тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады. Алтыншы, «gap year» арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім. Жетіншіден, колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады. Көріп отырғандарыңыздай мүмкіндіктер өте көп. Бәрі алда. Толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керек.
Show all...
2015 толықтай су астында қалып, тұрғындары Қосшыға көшірілген Шнет ауылының халқы тағы дүрлігіп отыр. “Халық тұрмайтын иесіз жер” деп дамба салмақшы екен. Ал ауыл жұрты “адам тұрмағанымен ата-баба жерленген зират қалды. Ош су астында қала ма?” деп алаңдаулы. Суреттегі тікұшақпен премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ұшып келген екен. Астанадан тура жолмен тартса 30 шақырым жерге ТІКҰШАҚПЕН! Сол кезде дамба салынатынын растапты. Ол дамба Астанадан шыққан кәріз суын ұстап тұруы тиіс. Халықтың “зиратты сасық су басады деп даурығатыны да содан Мына өлеңді Шнет ауылының тумасы Мейрам Айтпаев жазыпты: Ауылымның қазбақшы ма жерлерін, Ал Бауырлар алға шықшы ерлеген, Молалар мен зираттар бар қаншама, Ата-бабам сол қорымда жерленген. Қайран жерім,қайран менің көлдерім, Бізге деген ырызығың мол еді. Қайран елім сен есіме түскенде, Көзімізге мөлдіреп жас келеді. Ал бауырлар бір Алла деп бастайық, Ақылдасып асықпайық, саспайық. “Бәрімізде қарсымыз” деп ұрандап, Зираттарды беруге жол ашпайық.
Show all...
Бас прокуратура балалар лагерлерін тексереді Алматы қаласының прокуратурасы «саунамен бір үй-жайда балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/590826?lang=kk https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube
Show all...
Show all...
Абай облысындағы өрт өшірілді. Ресми ақпарат https://t.me/tiekkz
Show all...
Repost from Ulysmedia.kz
Астанада Бауыржан Байбектің әкесін соттап жатыр "Сот кабинеті" порталында Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қыдырғали Байбекке қатысты қаралып жатқан екі істі табуға болады. Құжатқа сәйкес, Байбектің әкесі ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша айыпталған. Бұл бап бойынша тиісті жер құқығынсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салғандар жауапқа тартылады. Сонымен қатар, осы сотта ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының бірінші бөлігі бойынша Қыдырғали Байбекке қатысты тағы бір іс қаралмақ. https://t.me/ulysmedia
Show all...
Автократиялардың құлауының негізгі үш жолы бар. Бірінші – табиғи жолмен автократтың қайтыс болуы. Екінші – режим өкілдерінің ортақ келісімге келуі арқылы немесе мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде. Үшінші – халық көтерілісі немесе азаматтық соғыс нәтижесінде. “Жаңа әділетті Қазақстандағы” соттың “Алматы аэропортын басып алу ісі” бойынша Әйгерім Тілеужанды 4 жылға, Қалас Нұрпейісов, Жанайдар Кәрменов, Ермұхамет Шилібаев, Нұрлан Дәлібаевтің әрқайсын 8 жылға бостандығынан айыру туралы шешімі онсыз да әділеттен үмітін үзген, саяси “реформалардан” көңілі қалған, күн сайын ертеңге күнге сенімі әлсіреп, кедейлік жан-жақтан қысып жатқан қазақстандық қоғамға авторитар режим жасаған тағы бір соққы болды. Осылайша, Тоқаев режимінің үшінші сценарий бойынша құлау ықтималдығы арта түсті.
Show all...
Қостанай облысында шегіртке қаптады. Бір жағында киік егінге түсіп жатыр
Show all...
Абай облысындағы орман өрті бойынша Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті фактілерін тергеуді жалғастыруда. Тергеу барысында «Семей-Орманы» резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы күдікті ретінде танылды. 2023 жылғы 1 шілдеде олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу). Олардың жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, оларға «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда, өрттің барлық ықтимал нұсқалары пысықталуда, олардың арасында қасақана өртеу, табиғатта ақаулы техниканы пайдалану, найзағай разряды және басқалары да бар. Сондай-ақ, тексеру нәтижелері бойынша Төтенше жағдайлар және Экология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне/әрекетсіздігіне құқықтық баға берілетін болады. https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube
Show all...
Repost from POLISIA.KZ
🔹️ Мектепті бітіруге байланысты полиция түлектерге және олардың ата-аналарына жүгінді Толығырақ сайтта.
Show all...
⚡️ 21-09-да өрт оқшауланды, өрттің жалпы ауданы 80 га құрады. Зардап шеккендер жоқ, өртті сөндіру жалғастырылып жатыр ⚡️В 21-09 пожар локализован, общая площадь пожара составила 80 га. Пострадавших нет, тушение продолжается
Show all...
Repost from POLISIA.KZ
ІІМ автокөлікті жалған құжаттар бойынша тіркеген қылмыстық топтарды ұстады Толығырақ сайтта.
Show all...
Repost from POLISIA.KZ
⚡️Kaspi bank ғимаратында күштік операция сәтті жүргізілді . Барлық кепілге алынғандар босатылды! Кепілге алынғандар полиция штурмынан кейін босатылды. Барлық қызметкерлер шығарылды. Кепілге алушы залалсыздандырылды! Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ. Басқыншымен келіссөзді ішкі істер министрі М. Ахметжанов жүргізді. Ол сондай-ақ күштік операцияны басқарды. Polisia.kz
Show all...
Repost from POLISIA.KZ
⚡️Астанадағы «Керуен» сауда орталығындағы жағдай туралы Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ер адаммен келіссөз жүргізуде. ❗️Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды сұрайды.
Show all...
Repost from Ulysmedia.kz
«Миллиардтарды Мамин мен Қарабаев талап етті»: «ӨКП Операторы» сотында белгілі есімдер аталды Бір айдан астам уақыт бойы Астанада "ӨКМ Операторының" атышулы ісі бойынша сот отырыстары өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста компанияның бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев сөз сөйледі. Ол айыптау нұсқасы бойынша басқа сотталушылармен бірге ұрламақ болған 180 млрд теңге туралы айтып, Қазақстанда "ӨКМ Операторының" ақшасына қатысы бар мүйізі қарағайдай азаматтардың атын атады. Олардың ішінде Бейбіт Атамқұлов, Асқар Мамин және Марат Қарабаев бар. ttps://t.me/ulysmedia
Show all...
Repost from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. ✍️ Указом Главы государства Кошербаев Ермек Беделбаевич назначен акимом Восточно-Казахстанской области. Он освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Российской Федерации. t.me/aqorda_resmi
Show all...
Repost from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды. ✍️ Указом Главы государства Ахметов Даниал Кенжетаевич освобожден от должности акима Восточно-Казахстанской области. t.me/aqorda_resmi
Show all...
Абай облысындағы орман өрті оқшауланды 2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғаны жарияланды. Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады. Арнаға сілтеме жасауды сұраймыз Лесной пожар в области Абай локализован 14 июня в 21 часов по итогам облета и оценки оперативной обстановки объявлена локализация по природному пожару на территории природного резервата Семей орманы в Абайской области. Вместе с тем, до полной ликвидации будет осуществляться постоянная проливка мест локализованных очагов, а также захлестывание и засыпка кромки пожара грунтом. Просим делать ссылку на источник
Show all...
Repost from POLISIA.KZ
❗️Алматы қалалық ПД 14 маусым Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлайды. Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды. Құқық бұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеруге алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екендігі белгілі болды. ҚР ӘҚбК-нің 608 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 613 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 599 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 596 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 600 бабы 1 бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 230 бабы 2 бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады.
Show all...
Repost from Ulysmedia.kz
Абай облысындағы орман өртінен кейінгі көрініс Видео 414kz телеграм арнасынан https://t.me/ulysmedia
Show all...
Мұнай ұңғымасындағы өртті сөндіру бойынша кеңес өтті. Кеңеске Энергетика министрлігі мен өзге де жауапты мекеме өкілдері қатысты - Бізде газ қысымы төмендеп, өрттің өзі сөнгенше күтетін уақыт жоқ. Өртті сөндіру шараларының алгоритмі шұғыл түрде жасалуы керек. Барлық жауапты тұлғалардың қосылуы қажет. Қаржыландырудың қажетті көлемі мен материалдық-техникалық база тізбегі көрсетілуі тиіс, - деді сала ардагері Балтабек Қуандықов. Жиында Маңғыстау облысының әкімі кен орнындағы өрт қарапайым қауіпсіздік шараларының сақтамауынан болуы мүмкін екенін айтты. - Ұңғымаға түсетін газ қорының көлемі мен қысымын анықтап, кен орнындағы өртті жою іс-шаралар жоспарын жедел әзірлеу қажет. Жобаны мерзімінен кешіктірмей зерделеп, құзыретті мамандар бірауыздан мақұлдауы тиіс. Сондай-ақ, әзірлеу кезінде жедел шаралар қабылдау үшін барлық мердігерлік ұйымдар мен жауапты мамандар қатысуы қажет, - деді Нұрлан Ноғаев. Жиыннан кейін облыс әкімі бастаған жұмыс тобы «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнының аумағына барды.
Show all...
Repost from Ulysmedia.kz
Экс-министр Ильиннің «немқұрайлығы» тексеріледі Ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа Абай облысындағы өрттен кейін отставкаға кеткен Юрий Ильин жайлы сұрақ қойылған. «Оның әрекеті тексеріле ме?» деген сұраққа Ахметжанов былай дейді. «Өрт – төтенше жағдай. Адамдар қайтыс болды, сол себепті қылмыстық іс шеңберінде тексеру болады әрине. Немқұрайлылығы тиісті міндеттемесін орындау бағытында», - деп жауап берді Ахметжанов. https://t.me/ulysmedia
Show all...
Repost from Ulysmedia.kz
ҚР СІМ "Берлиндегі Мұстафа Шоқайдың зиратын бұзғалы жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарды "Зират орнында, ешкім оған тиіскен жоқ. Елшіліктің қызметкері барып тағы да тексеріп қайтты, зираттың басшылығымен сөйлесті", - деп жауап берді ҚР СІМ-нен. Еске сала кетсек әлеуметтік желіде Жылбек Керімбек атты азамат осы мәселені көтеріп, дабыл қағып, Алаш арысының бейітінің видеосын жариялаған еді. https://t.me/ulysmedia
Show all...
Repost from Ulysmedia.kz
"Мұстафа Шоқайдың Берлиндегі мазарын бұзайын деп жатыр" Әлеуметтік желіде Жылбек Керімбек атты азамат осылай деп дабыл қағып, Алаш арысының бейітінің видеосын жариялады. "Тез арада сүйегін Түркістанға жеткізіп, жерлеу керек. Мұстафаның бар арман-дерті Түркістан мемлекетін құру еді. Сондықтан Түркістанда жатқаны жөн. Үн қосайық, ағайын!" - дейді ол. "Ол жерде Мұстафадан басқада 2-3 қазақ жерленген, Екінші Дүние жүзілік соғыс құрбандары.Осыдан 20 жыл бұрын мен болғанмын ол жерде,Құран бағыштап қайтып едім ол марқұмдарға", - дейді тағы бір қолданушы. Ulysmedia.kz тілшісі ҚР СІМ-нен ақпарат сұрады. Жауабы келген бетте жарияланады. https://t.me/ulysmedia
Show all...
“Өртенген ормандағы топырақтың қалпына келуі үшін 10 жылдай керек” Абай облысы әкімінің өткен аптада брифингте айтқаны. Ол кезде мамырдағы өрттегі 4 мың гектар туралы сөз болып еді. Қазіргі 60 мың гектар туралы айтса қандай болар екен?! Ел аман, жұрт тыныш болғай
Show all...
Instagram-дағы парақшаның бірінде Абай облысындағы өртте бір адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат шықты t.me/atamekenbusiness_qaz
Show all...
Бүгін жалпыұлттық аза тұту күні Марқұмдарды алдынан жарылқасын
Show all...
Repost from Ulysmedia.kz
Семей қаласының Бұлақ ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр Эвакуацияға қалың түтін себеп болған. Тұрғындар эвакуацияланып, азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген көшірілетін пункттерге орналастырылды. Видео: Абай облысы әкімдігінен https://t.me/ulysmedia
Show all...
“Біз өз жұмысымызды білеміз” Абай облысындағы өртпен арпалысып жатқан жігіттер халыққа үндеу тастады. Олар өз жұмыстарына кедергі келтірмеуін сұрап отыр. Мына видеоны мейлінше таратайықшы. Басшылардың былығына қатардағы қызметкерлер жауапты емес қой. Қарарайым азаматтардың кейде қисынсыз қамшылайтыны рас. Жамбылдағыдай жарылған кезде ғана “қашпай ма?” дегендер табылды. Ал, қарапайым өрт сөндірушілердің жанқиярлығын талай көріп жүрміз. Соны ұмытпайықшы
Show all...
Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалды   09.06.2023 жылы Абай облысының орман алқабында орын алған өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу). Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қылмыстық іс арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне қабылданды.  Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Сонымен қатар, адамдардың қаза болуына және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруге әкеп соққан ауыр зардаптарды назарға ала отырып, арнайы прокурор салғырттық фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Оны тергеп-тексеру аясында жауапты лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады.   Бас прокуратураның баспасөз қызметі   https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/571670?lang=kk https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube
Show all...