cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

KzNews

Ең соңғы жаңалықтар

Show more
Advertising posts
576Subscribers
-124 hours
-37 days
-1630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысты. «Қазақстанның үлесіне аймақтағы қытай саудасы мен инвестицияларының жартысы тиесілі. Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы тарихи рекордқа – 41 миллиард долларға жетті. 2023 жылы біздің елдеріміз арасындағы жүк тасымалы көлемі 22% — ға артып, 30 миллион тоннаға жуықтады. «Бір белдеу, бір жол» мегажобасы алғаш рет ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің он жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанға сапары кезінде таныстырылды. Бұл жоба Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі көпір ретінде қызмет етеді, ал Қазақстан арқылы Қытай мен Еуропа арасындағы барлық құрлық тасымалының 80%-ы жүзеге асырылады. Бұл біз толық пайдалануымыз керек ең маңызды артықшылық. Біздің жеке инвестицияларымыз «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен стратегиялық байланысты және заманауи мультимодальды, экологиялық қауіпсіз және тұрақты инфрақұрылымды құруға бағытталған»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Жалғасы
Show all...
Тікелей эфирде Ресей президенті туралы боғауыз сөйлеген Диас Құзайыров 15 тәулікке қамауға алынды. Тілімен оқ жаудыратын атышулы блогерге “ұсақ бұзақылық” жасады деген айып тағылды. Ол тікелей эфирде Владимир Путинді әдепсіз сөзбен балағаттап, Ресейде өткен сайлауды мойындамайтынын айтты. Бұл жағдай әлеуметтік желілерге мониторинг жасап отыратын полицейлердің назарына іліккен. Ведомство тікелей эфирде боғауыз сөйлеуге жол жоқ деп ұйғарған. Блогердің өзі бейәдеп лексика қолданғанын жоққа шығарды. Диастың сөзінше, ол Путинге тіл тигізбегенін, тек “құйлы” деген сөзді қолданғанын атап өтті. Бірақ судья айыпталушыға сенбей, оны 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.
Show all...
Бүгін Мәжіліс отырысында спикер Ерлан Қошанов депутаттардың біріне ескерту жасады. Бұл ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржыландыру туралы заң жобасын талқылау барысында болды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. Тиісті заң жобасын парламенттің төменгі палатасында Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев таныстырды. Сұрақ-жауап кезінде депутат Лұқбек Тұмашиновқа сөз кезегі келгенде ауылдардағы ет, жүн, былғары және басқа да өнімдерді өткізу және өңдеу жөніндегі дайындау пункттерін қалпына келтіру туралы министрдің пікірін білуді жөн көрді. Жалғасы
Show all...
Астанада өткен басты сот отырысында прокурорлар Қуандық Бишімбаевқа қатысты айыптау актісін оқыды. Бишімбаев өзінің кінәсін мойындамайтынын тағы да қайталады. Сот отырысының барысында прокурордың айыптау қағазын оқуынан кейін судья Бишімбаевтан кінәсін “мойындайтынын не мойындамайтынын” сұрады. Айыпталушы өз сөзінде бұған дейін өзіне пікір білдіруге еш мүмкіндік берілмегенін атап өтті.
“Айтайын дегенім, мәртебелі сот, менің сотқа дейінгі тергеуде де, еш жерде де өз пікірімді айтуға мүмкіндігім болған жоқ. Прокурордың жаңа ғана оқып шыққанының бәрі негізінен ешқандай растауы немесе дәлелі жоқ ойдан шығарылған. Мен ешкімді аса қатыгездікпен қасақана өлтірген жоқпын”,
– деді Бишімбаев. Жалғасы
Show all...
Мен ешкімді аса қатыгездікпен қасақана өлтірген жоқпын – Бишімбаев (видео)

Астанада өткен басты сот отырысында прокурорлар Қуандық Бишімбаевқа қатысты айыптау актісін оқыды. Бишімбаев өзінің кінәсін мойындамайтынын тағы да қайталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі...

Бишімбаев: "Мен кінәні мойындамаймын. Кісі өлтіруді асқан қатыгездікпен жасаған жоқпын".
Show all...
«Асқан қатігездікпен ұрған» Сот отырысында прокурор қылмыстық іс мәліметтерін оқыды. Тергеу дерегіне сәйкес Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға 2023 жылдың наурызынан бері қол көтеріп келген. Ал қылмыс болған түні жұбайын асқан қатігездікпен ұрып өлтірген. Медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес Нүкенова жабық бас сүйек жарақатын алған, беті қанталап, мұрны сынған. Беттің жұмсақ тіндеріне, жоғарғы жақ бөлігіне, оң және сол жақ самай бөлігіне, желкесіне қан құйылған, ми заты ісінген. «Мұндай жарақаттар өлімінен 1 тәулік бұрын пайда болуы мүмкін», - деді прокурор.
Show all...
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты ашық сот отырысы басталды Еске салайық, сот отырысы онлайн трансляцияланады. Трансляцияны көру үшін СІЛТЕМЕГЕ өтіңіз.
Show all...
Желіде ақтаулық әйелдің баласымен бірге көшедегі шұңқырды "жамап" жатқан видеосы тарады. Ол балалар арбасымен құрылыс материалдарын әкеліп, өз күшімен шұңқырды бітеуге кіріскен.
Show all...
Ақорда Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгіновтің жаңа қызметке тағайындалғанын мәлімдеді. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», делінген ресми құжатта. Ал бұрын осы қызметті атқарған Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Show all...
Қазақстан ажырасу жағынан алғашқы үш елдің қатарына кіреді. Отандастарымыз да тұрмыс құрып, үйленуге асықпайды. Былтыр елімізде бар болғаны 120 мың жұп некесін заңдастырған. Мұның ең төменгі көрсеткіш екенін атап өткен дұрыс. Республика бойынша ең көп шаңырақ көтергендер жағынан Алматы көш бастап тұр: 13 мың жұп некесін заңдастырған. Ал Түркістан облысында отбасы құрғандар саны айтарлықтай аз. Сондай-ақ алғашқы үштіктің қатарында Астана да бар. Басқа өңірлермен салыстырғанда Ұлытау облысында ең аз неке тіркелген. Десе де Ұлытауда ажарысулар саны да көп емес. Мысалы, Ұлытау облысында 198 ерлі-зайыпты ажырасса, Қарағанды мен Астанада 1,5 мың жұп заңды некесін бұзған. Ажырасудың ең жоғары коэффициенті Алматы қаласында тіркелді. Осылайша, ажырасу саны бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан екінші орында тұр. Бұл тізімде көш бастап тұрған Мальдив аралдарында ажырасу көрсеткіші тіпті жоғары. Статистика бойынша алғашқы ондыққа Ресей, Беларусь, Қытай, Молдова, Украина, Литва, Кипр және АҚШ кірді.
Show all...
Sign in and get access to detailed information

We will reveal these treasures to you after authorization. We promise, it's fast!