cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Qyzylorda NEWS

• Өзекті жаңалықтар • Санайғақтар • Сараптамалар 🔻Ресми сайт🔻 https://kyzylorda-news.kz/

Show more
Advertising posts
5 578Subscribers
-724 hours
-417 days
-13730 days
Posts Archive
26 наурызда түнгі сағат 00-ден 40 минут өткенде Қызылордалық құтқарушылар тобы Қостанай өңіріне құтқару көмегін көрсету мақсатында жолға шықты. 27 наурыз сағат 16:00-де олар Қостанай облысындағы Амангелді ауданына жетіп, жұмысты бастады. Қызылорда облысы ТЖД берген мәліметте, 2024 жылдың 27 наурыз сағат 18-ден 30 минут өткенде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары: құрамында 31 жеке құрам адамы, 6 бірлік техника, 10 су сору мотопомпасы, 2 үрлемелі қайықпен көмекке Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Амангелді ауылында қардың еріген суларын тарту жұмыстарын жүргізгені айтылды.
Show all...
Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» (бұдан әрі – Орталық) әкімшілік ғимаратының техникалық жай-күйіне мониторинг жасау барысында жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Аталған ғимараттың сыртқы беті (қабырғалары) едәуір ескіргені (қаптаулары түсіп қалған), сәйкесінше жаңа жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Мәселені зерделеу барысында бұл ғимараттың сыртын жөндеу жұмыстарына 2023 жылы 9 млн теңге бюджет қаражаты бөлінген. Сонымен қатар, мекеме басшылығының тапсырмасы бойынша жөндеу жұмыстарын осы Орталықтың қызметкерлері жүргізген. Департаментпен жоғарыдағы бұзушылықтарға байланысты облыс әкімдігіне тиісті шаралар қолдану үшін ұсыныстар жолданды.
Show all...
👍 1
Экс-спорт министрі Асхат Оралов президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды Енді Оралов президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарады. Айта кетейік, Асхат Оралов еліміздегі ең жас министр болған еді. Ол 1990 жылы дүниеге келген. Бұған дейін Amanat партиясының атқарушысы хатшысы, Астана әкімінің орынбасары, мәдениет және спорт министрі болып қызмет етті.
Show all...
👍 1🔥 1
Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері 2023 жылы жалпы сомасы 12 миллиард 878 миллион 922 мың теңгеге 1 847 765 құқық бұзушылық тіркеген. БІЗДІҢ ОБЛЫСҚА ДА "СЕРГЕК" ҚАЖЕТ ПЕ?
Show all...
Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде бүгін бес қазақстандық боксшы финалда жұдырықтасады. Шешуші жекпе-жектерде Теміртас Жүсіпов (48 кг), Тимур Қабдешов (54 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг) және Сағындық Тоғамбай (92 кг) шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 15.00-де басталады. 48 кг. Теміртас Жүсіпов — Хасан Маликов (Әзербайжан). 54 кг. Тимур Қабдешов — Хужаназар Нортожиев (Өзбекстан). 60 кг. Талғат Сырымбетов — Азрак Бабиров (Әзербайжан). 71 кг. Дархан Дүйсебай — Бекзод Хамидов (Өзбекстан). 92 кг. Сағындык Тоғамбай — Лорен Берто Альфонсо Домингес (Әзербайжан).
Show all...
👍 1
Business.enbek.kz порталында 2024 жылғы 8 сәуірден бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарлануда.
Show all...
Павлодарда тікелей эфирде Путинге тіл тигізген блогер қамауға алынды Тілімен оқ жаудыратын атышулы блогер Диас Құзайыровқа “ұсақ бұзақылық” жасады деген айып тағылды. Ол тікелей эфирде Владимир Путинді әдепсіз сөзбен балағаттап, Ресейде өткен сайлауды мойындамайтынын айтты. Бұл жағдай әлеуметтік желілерге мониторинг жасап отыратын полицейлердің назарына іліккен. Ведомство тікелей эфирде боғауыз сөйлеуге жол жоқ деп ұйғарған. Блогердің өзі бейәдеп лексика қолданғанын жоққа шығарды. Диастың сөзінше, ол Путинге тіл тигізбегенін, тек “құйлы” деген сөзді қолданғанын атап өтті.
Show all...
3👍 2
⚡Қайырлы күн! Бейсенбі жағымды жаңалықтарға толы болсын!
Show all...
👍 1
Қызылорда қаласында жоғалып кеткен 14 жастағы қыз бала іздестіріліп жатыр. «Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,70 см орта денелі, көзі қара түсті, шашы қоңыр түсті. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан. Еске салсақ, бұдан бұрын 28 жастағы азаматтың табылмай жатқанын хабарлаған едік.
Show all...
1
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа басында «Кісі өлтіру» бабымен айып тағылған. Бұл бап «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына ауыстырылды. 16 қаңтарда «Азаптау» айыбы тағылды. Қуандық Бишімбаев тағылған айыпты мойындамайтынын жеткізді.
Show all...
1
Шаһар басшысы Серік Қожаниязов актив отырысында жаңа аппарат басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Тасқараев Мұрат Ибрагимұлы тағайындалды.
Show all...
12
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Қазақстанның көшбасшы теннисшісі ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен сынға түсті. Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Елена 4:2 есебімен алға шыққанымен, Мария ізінше брейк жасады. Дегенмен қазақстандық теннисші тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!💥
Show all...
👍 5
АЛТАЙ КӨЛГІНОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Show all...
👍 4
27 наурыз - Халықаралық театр күні
Show all...
👍 2
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Show all...
👍 2
«Алқабилер құрамы іріктеледі»: Бишімбаев соты 27 наурызда басталады Астана сотының баспасөз қызметі 27 наурызда алқабилер құрамы іріктелетінін хабарлады. Бұл процесс жабық режимде өтеді. Айта кетейік, 2024 жылдың 11-12 наурызында Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.
Show all...
👍 1
Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде екінші орында тұр Бұл туралы Ranking.kz хабарлады. Қазақстанда ажырасу көрсеткіші 2024 жылдың басында 1000 адамға шаққанда 4,6-ны құрады. 2024 жылғы 4 наурызда жаңартылған Petrelli Previtera мәліметі бойынша, Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде Мальдив аралдарынан кейінгі екінші орында тұр.
Show all...
👎 4🤔 2👍 1
✊Футболдан Гректерден жеңілгенімізбен теннистен жеңілмейміз 🇰🇿 Елена Рыбакина (#4) Майамиде өтіп жатқан Masters турнирінің ширек финалында Мария Саккаримен (#9) кездеседі
Show all...
👍 4
Такси жүргізетін тәжіктерге бойкот: Ресейде жолаушылар жаппай сапардан бас тартуда Клиенттер мен жүргізушілердің диалогы әлеуметтік желіде тарады. "Егер тәжік болсаң, мен сенімен бармаймын. Сапардан бас тарт", – деп жазған клиенттердің бірі. Ал жазылушылардың бірі "Крокустағы" қырғынды ұйымдастырғандардың да мақсаты осы екенін айтты. Сөзінше, бұл жағдайдан кейін ұлтаралық қарым-қатынас ушығып кеткен.
Show all...
😨 3
⚡Қайырлы күн,Құрметті оқырмандар! Апта жағымды жаңалықтарға толы болсын!
Show all...
🔥 1
🇰🇿🇬🇷Ойын аяқталды. Ұлттық құрама жеңілді Грекия 5 – 0 Қазақстан ⚽️Қазақстан 26 наурыз күні Люксембургпен жолдастық кездесу өткізеді
Show all...
3
👍 1 1
СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗ ҚАНДАЙ, ОҚЫРМАН?
Show all...
❓💬 Балаларға ораза ұстауға бола ма? Бұл сұраққа денсаулық сақтау министрі де жауап берді Министрдің айтуынша, баланың денесі метаболизмнің жоғарылауына байланысты тез өседі және энергия шығыны өте жоғары. Сондықтан, берген энергияны дер кезінде толықтырып отыруы керек. "Баланың денсаулығы мен оның болашақта тұлға болып қалыптасуына уақытылы, сапалы, теңгерімді тамақтану өте маңызды. Балаларына ораза ұстауға рұқсат беруді әрбір ата-ана өзі шешеді. Бұл жағдайда баланың жасы маңызды. Ол 16-17 жасқа дейін толыққанды тамақтануы керек, яғни, барлық мүшелері толық қалыптасқанша", – деді Ақмарал Әлназарова.
Show all...
МЕРЕКЕНІҢ ЛЕБІ СОҒА БАСТАДЫ МА? БҮГІН-ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮН!
Show all...
🔥 2
121 шетелдік елден күшпен шығарылды Көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығару туралы 850 сот шешімі шықты. 121 шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды. ❗️Барлық депортацияланған шетелдікке 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.
Show all...
👍 7
Қайырлы таң! Қалдарыңыз қалай?
Show all...
👍 3
Тоқаев елтаңбаны өзгертуді ұсынып, «Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады» деді
Show all...
4
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді
Бишімбаевтың сотын президент жеке бақылауында ұстап отыр, бәрі әділ өтеді, — деді ол.
Show all...
Қазақ бокс тарихында алғаш рет егіз боксшылар бір Олимпиадада екі салмақта ел намысын қорғайды. «Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу кезеңінде 80 келіде ел намысын қорғаған Нұрбек Оралбай мен 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай екеуі бір үйдің баласы. Нақтырақ айтсам, екеуі бір құрсақты тепкілеп бірге туған егіз боксшылар. Міне, екеуі де ұлттық құрама сапында жаттығып, лицензиялық турнирге бірге барды. Екеуі де жолдамаға қол жеткізді. Осылайша қазақ бокс тарихында тұңғыш рет егіз боксшылар Олимпиадада ел намысын қорғамақ», - деді бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов "NEGE" порталына берген сұқбатында.
Show all...
🔥 7👍 5
"2 аптада 1 миллиард теңге": Құралай Анарбекованың фильмі рекорд орнатты Наурыз айының басында жарыққа шыққан “Брат или Брак 3” фильмі миллиард теңге жинады! Еске салсақ, "Брат или Брак 3" Голливудтың ең мықты жұлдыздары мен қомақты қаржыға түсірілген "Дюна 2" блокбастерінен касса жинау жағынан басып озды.
Show all...
👍 7
Қазақстанда жөспірімдер мен балаларға энергетикалық сусын сатылмауы мүмкін Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда жөспірімдер мен балаларға энергетикалық сусын сатпау мәселесі қаралып жатқан айтты. Сенаттың жалпы отырысында Мәжіліс қабылдаған «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қаралды.
«Бұл мәселе бойынша жұмысты бастап кеткенбіз. Қазір 21 жасқа дейін жасөспірімдер мен балаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу бойынша АРВ (реттеуші әсерді талдау) дайындалған. Ол үкіметаралық комиссияда мақұлданды. Бүгінде Үкімет қорытындысының жобасы дайын. Барлық орталық мемлекеттік органмен келісілді. Қазір ішкі істер министрлігімен келісу ғана қалды, - деді Сұлтанғазиев
Show all...
👍 6👏 1
КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Бүгін Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні – Көрісу күні, Амал мерекесі.
Show all...
👍 5 3
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурызда облыс орталығында тойланады. Нақтырақ айтқанда, «Өнер орталығы» жанындағы «Тараз» көшесіне «Руханият ауылы», «Ұстаздар ауылы», «Ақындар ауылы», «Денсаулық ауылы» деген секілді түрлі атаулармен 20-ға жуық киіз үй тігіледі.
Show all...
🔥 4
Арал өңірнің көне жәдігерлерін жапон ғалымдарымен бірге зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Show all...
👍 2
👍 8
Қазақстанда YouTube Premium пайда болды YouTube-тің premium-аккаунтына қол жеткізгендер бейнелерді жарнамасыз және фондық режимде көре алады, интернетке қосылмай көру үшін бейнелерді сақтай алады және басқа да бірқатар мүмкіндіктерге ие болады.
Show all...
👍 5
Қазгидромет синоптиктері 13 наурыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Осыған байланысты қар аралас жаңбыр жауады. Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады. Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейеді.
Show all...
👍 3
Sign in and get access to detailed information

We will reveal these treasures to you after authorization. We promise, it's fast!