cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Qyzylorda NEWS

• Өзекті жаңалықтар • Санайғақтар • Сараптамалар 🔻Ресми сайт🔻 https://kyzylorda-news.kz/

Show more
Advertising posts
5 480Subscribers
-424 hours
-87 days
-11630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын өсіруді ұсынған. Халық қалаулысының сөзінше, нан 500 теңге болуы керек екен. “Шынымды айтсам, нан өте арзан. Нанның құны 500 теңгеден кем болмауы тиіс. Мен өзім ауылшаруашылық тауарын өндірушімін. Менің бидайым қазір 100 теңгеден де өтпей жатыр, – деді Мейрамбек Дөненбаев.
Show all...
👎 6
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА "РУХАНИЯТ" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ Биылғы «Руханият жылы» аясында Қызылорда облысының өнер және мәдениет саласында серпінді, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Кешелі бері көпшілікті қуантқан ақжолтай жаңалықтың бірі – барлық аудан орталықтарында 11 млрд. 500 млн. теңгеге тәулік бойы жұмыс жасайтын кітапханалары бар «Руханият» орталықтарының құрылысы басталды. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданындағы «Руханият» орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, еңбек ардагері Әзия Қыстаубаева қатысып, аудан тұрғындары да жиналды. Аймақ басшысы жаңа нысанның салынуына негіз болған мақсат, жас ұрпақ тәрбиесіндегі ардагерлер мен аналардың рөлі турлы айтып, ауданның жетістіктеріне тоқталды. Жаңа нысанның іргетасын қалау рәсімінде Мұрат Әбенов пен Әзия Қыстаубаева тұрғындарды құттықтады.
Show all...
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КІТАПХАНАСЫ БАР «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданында «Руханият» орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, мәдениет саласының ардагері Әлмырза Ноғайбаев қатысты. Аймақ басшысы барлық ауданда бой көтеретін «Руханият» орталықтарындағы кітапханалар тәулік бойы жұмыс істейтінін, орталықтар құрылысына бюджеттен 11 млрд 500 млн теңге бөлінгенін айтты. Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар ашу – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған, кітап оқитын ұлтқа айналу жолындағы аса маңызды қадам. Оның оқырмандарына әлемнің әр түкпірінде басылып шыққан көркем шығармалар, арнаулы әдебиеттер қолжетімді болмақ. Жиында Мұрат Әбенов пен Әлмырза Ноғайбаев жиналған қауымды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Show all...
1
Гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттан 1 млрд теңге жымқырылған Бұл туралы қаржылық мониториң агенттігі хабарлады. Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты, — делінген хабарламада. Қаржылық мониториң агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген  қаражаттың жұмсалуын тексеретініне де тоқталды.
Show all...
👍 1
Қызылорда қалалық білім бөлімінің жаңа басшысы – Жанат Садвакасова.
Show all...
👍 33
Tik Tok-қа шектеу қойылған дұрыс па?Anonymous voting
  • Иә, қолдаймын!
  • Жоқ, қарсымын!
0 votes
👍 1
Елімізде Tik Tok әлеуметтік желісіне шектеу қойыла ма? Бұл сұраққа мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жауап берді.
Show all...
Қазақтардың саны 14 миллионнан асты Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Қазақстандағы қазақтардың жалпы саны алғаш рет 14 миллион адамнан асып, 2024 жылдың басына қарай 14 миллион 220 мың адамға жетті, — делінген хабарламада. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары республикадағы қазақтардың үлесі 39,7% болған. Қазір 70,98%-ға дейін өсті. Статбюро дерегінше, елдегі басқа ірі этностар – орыстар (2,98 млн), өзбектер (660,6 мың), украиндықтар (375,9 мың), ұйғырлар (301,6 мың).
Show all...
🔥 1
Орталық алаң жаңа кейіпке енуде Мұнда жаңа үлгідегі орындықтар, жарық бағаналары және балалар ойын алаңы да қойылатын болады. Ыбырай Жақаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен Орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттандырылады. Көпшілікке көзайым боларлық жобаны бұл салада мол тәжірибесі бар «Техоснастка-Ремсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады. – Қазіргі таңда құрылыс жұмысының 70 пайызы бітті. Маусым айына дейін жөндеу жұмысы толықтай аяқталып, қала тұрғындарына пайдалануға беріледі. Орталық алаңға енген өзгерістер қала тұрғындары мен жастардың талап-тілектерін ескере отырып жасалды. Сырдың перзенті, меценат Асқар Әубәкіровтің қолдауымен 1 млрд теңге бөлініп, қызу жұмыс басталып кеткен еді. Алаңдағы ашық жатқан жерлер жасыл екпелермен көмкерілетін болады. Қалада бұрын болмаған, арнайы тапсырыспен алынған ағаш түрлері егіледі. Ерекше архитектуралық формалар мен тұрғындарға арналған демалатын орындар да қарастырылуда, – дейді қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.
Show all...
👍 7
Жайық өзеніндегі су деңгейі Оралда 860 сантиметрден асты Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. «Казгидромет» РМК БҚО филиалының 22 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша облыс орталығында су деңгейі бір тәулікте 10 сантиметрге жоғарылады.
Show all...