cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті

Show more
Advertising posts
1 943Subscribers
-224 hours
+87 days
+1430 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Азаматтың қанаты ғой Ат деген! Атым барда, Сәтім бар ма, Қап! – деген. Шапқан сайын Шабытымды лаулатып, Құшағыма симай бара жатты Әлем! Жібек жалы Асау желге таралған, Керімім-ай, Кеңістікке жаралған! Боз даланы бауырында билетіп, Атқа шапқан ұлда қандай Бар арман?! Шу, жануар, Бет түзейік көк белге, Елден бұрын жеткіз мені Көктемге! Елден бұрын жеткіз мені Арманға! – Тұлпарыма қамшы бастым, Деп мен де. Құба кеште қалықтаған құстайын, Ұшты-ай байғұс, Ұшты-ай күрең, Ұшты-ай бір! Кең жазықты қаусырардай көсілді, Дегендей-ақ, Тізгініңді ұстай біл! От тұяқтар ойды оятып, Қырды асап, Дөңгеленді жусанды еңіс, Жылға, шат. Тақымымды таралғыға толтырып, Қарық болып қалдым мен де Бір жасап! Азаматтың қанаты ғой Ат деген! Атым барда, Сәтім бар ма, Қап?! – деген. Шапқан сайын шабытымды лаулатып, Құшағыма симай бара жатты Әлем! // Темірше Сарыбайұлы - Азаматтың қанаты ғой ат деген!
Show all...
👍 2 1
Қыздардың махаббаты Ыраңды сайдағы ыза суындай Өз көзiн өзi аша алмайтын, Арнасынан ауытқып аса алмайтын, Қыздардың махаббаты тамшы тектес Қолдан жасалмайтын. Қыздар, қыздар! Тамшыдай мөлдiрейсiңдер, Бақыттың терезесiнен телмiресiңдер. Өз махаббаттарыңды ешкiмге сездiрместен, Өз кеуделерiңде сөндiресiңдер. Қыздардың махаббатын ұғу үшiн – Жаз болып жайнап, Қыс болып суу керек; Қыздардың махаббатын ұғу үшiн – Қыз болып туу керек! // Ұлықбек Есдәулет - Қыздардың махаббаты
Show all...
❤‍🔥 4👍 1
Талтүсте сары белді сағым буар, Бұлаққа бала қойшы малын қуар. Кенеттен бір шөкім бұлт қалқып шығып, Жазықта жылқылардың жалын жуар. Ауылдың күндеріндей қайда күндер, Алаңсыз ойын-күлкі, жайдары үндер. Бозбала бойжеткенге қалжың айтып: «Бүлдірген тергің келсе сайға жүр» дер. Қоқиқаз қанатындай қызыл іңір, Іңірде естіледі қыз үні бір. Боз үйде малдас құрған отағасы Ұрттап ап күрең шайдан жүзі жылыр. Қарт қонақ тіл күрмеуін шешеді де, Ертеді хикаяның жетегіне. Баланың қиялына қанат берген, Ауылдың кештеріне жетеді не. Түндіктер жабылады, түн келеді, Тау тұрар қарауытып іргедегі. Жас бала үңіледі түн қойнына, Көретін секілді ме бірдеңені. Ауылда мың бір түннің әр түні бар, Түнгі жел сипағанда тән шынығар. Самсаған жұлдыздарға қарап жатып, Арбада ұйықтап кетсең жан тынығар. Ерке ұл ерте тұрған анық мықты, Басып жүр көк шалғынға барып шықты. Шөжедей сары күннің үрпек басы, Аспанның жұмыртқасын жарып шықты. Шашатын шұғыласын барған жанға, Ауылдың таңдарындай таңдар бар ма, Ауылдың баласының арманы мен, Мұңына жететін мұң, арман бар ма?! Ауылдың баласы боп қала бермек, Ауылдан кеткендер де, қалғандар да! // Қайырбек Шағыр - Ауыл суреттері
Show all...
👍 5 1
Сен мені шынымен осы сағынбайсың ба, оған да от болып беріліп жалындайсың ба? Оны да мендей елжіреп, аймалайсың ба, оны да іздеп, төзе алмай, қайдалайсың ба? Оған да сәби қылықпен еркелейсің бе, кетейін десе, қиылып "ерте" дейсің бе? Жанарың ойнап, оған да "Күнім" дейсің бе, мені құшқандай, денеңмен дірілдейсің бе? Оңаша сәтті онымен армандайсың ба, ол жоқта жетім ботадай қалғандайсың ба? Оған да: "Сені өмірден іздеп ем...,— дейсің бе, "Жүрегім — қырау сен жоқта, мұз — денем",— дейсің бе? Ол барда өзге көздерді жақтырмайсың ба? оны да бір күн күз-жардан лақтырмайсың ба? // Фариза Оңғарсынова
Show all...
👍 8❤‍🔥 4 1
Байлық-ай, сенің ызаң өтті-ау маған, Не қылдым өшігерлік, жаным, саған? Мені көрсең жирендің, теріс қарап, Әкеңнің менде құны бардан жаман. Әлі жаспын, не қылдым өшігетін? Ойың жоқ, мені есіркеп, өсіретін. Кедейлікті жіберіп аяқ, қолды Байлаттың ерік бермей көсілетін. Сен келсең бар қиыным шешілетін, Сен жоқта аяқ-қолым кесілетін. Сенің досың байлардай болып, менде Күн бар ма көңіл өсіп, есіретін. Келмесең зарлайтұғын менде хал жоқ, Баяғы бір қу кедей, қолда мал жоқ. Өмір бойы бейнеттен арылмаған, Тұрмыстың көк шолағы, жалда-жал жоқ. Бәрібір сонда-дағы өмір сүрем, Қалқақтап көп ішінде мен де жүрем. Артықтығы: тамақ мол, киімі бар, Бай көрген дүниені мен де көрем. Ол маған ұстауға емес, көруге бар, Байлар үшін жаралған қазына мал. Адам ұлын алалап, бірдей қылмай, Нағыз жауыз — байлық сен, пейілі тар. // Сұлтанмахмұт Торайғыров - Байлық (1910)
Show all...
👍 3
Жеті атасын білмей келген жетесіз, Есін жиып кірген болды санаға. Атасына ас беруді айналдырды модаға, Әр қалталы өзі оқытты құранды. Сонда қалай, Бір ұрпақта бірнеше ата бола ма? Бәсекешіл болып алды мына ел, Әр рудан аңыз болып шығады Ер. Тыңдап кетсең бәрі тұлпар мініпті, Ең қызығы, бәрінікі – Құлагер. Ал сен оған мақтау сөзді ұра бер. Ата-анасын жазды біреу томдарға, Теңестіріп тектілігін хандарға. Ақшақұмар берекесіз баспагер Төбеттерді теңестірді арланға. (Дейтін жан жоқ сандалма). Қайран қазақ, далаңдасаң далаңда, Бас сауғалар пәтер жоқ қой балаңда. «Сиыр сатам, ас беремін әкеме, Мен анадан қалам ба?!» Деп білегін сыбанады алаңда... // Ақұштап Бақтыгереева - Ас беру
Show all...
6
“Ов” пен “ев”-тен арман бүгін арылу, Бодандықтың тұманынан айығу. Ұят болды-ау ана тілдің алдында Өзге тілдің жұрнағына бағыну. Қуанамыз тегін жазса бір кісі Жұбанамыз оралғандай жыл құсы Ұрпақтарға аманат деп білеміз – Момышұлы Бауыржанның үлгісі. Бұл жұрнаққа үйренісіп кеткенбіз, Намыссыздық құрдымына жеткенбіз. Тас кепештен айрылғысы келмейтін Мәңгүрт ұлдың қасірет күйін шеккенбіз. Өткен ғасыр кетті осылай арманда Оян ұрпақ, үміт бүршік жарғанда. Ов пен евтен қамыт киген бір ғасыр Бізден басқа халық бар ма жалғанда?! // Бақытжан Раисова - Кімнің жұрнағы
Show all...
👍 9 3 1
Ай, Абылай, Абылай, Қатын алма қарадан, Қара тумас сарадан. Қатын алсаң қарадан, Алды кетпес баладан, Арты кетпес жаладан. Қатын алма төреден, Еркегі болар жау жанды. Ұрғашысы ер жанды. Төре берер ұл туса, Аузы кетпес парадан. Мал жинасаң, қойдан жи, Майы кетпес шарадан. Ит жинасаң сырттан жи, Қойды бермес қорадан. Аталыдан би қойсаң, Адаспас жол мен жобадан. Атасыздан би қойсаң, Босанбас аузы парадан. Ағар дария су кешпес, Қалмақтан алсаң маһи бір зайып, Сүйегіңді жоғалтпас. Отының болсын жантақтан, Қатының болсын қалмақтан, Қосының болсын қазақтан. Сегіз қиыр шартарап, Төрт құбылаңды түгел қып, Төріңде жатып салмақтан. // Бұқар жырау Қалқаманұлы
Show all...
Мен әдемі киінсем де, Өзің деп сүйінсем де Бәрі де сүйгенім сен үшін. Мен бұлттанып мұңайсам да Шаттанып қуансам да Бәрі де сүйгенім сен үшін. Мен білезік тағынсам да Қуанып сағынсам да Бәрі де сүйгенім сен үшін. Бақытым боп кез келсе де Мінезім өзгерсе де, Бәрі де сүйгенім сен үшін Мен рахат күн кешсем де, Жұлдызбен тілдессем де, Бәрі де сүйгенім сен үшін. Бақытым сен күнім десем Бір сен деп ғұмыр кешем, Бәрі де сүйгенім сен үшін // Шөмішбай Сариев - Бәрі де сүйгенім саған
Show all...
👍 3
Қарағым-ай
Show all...
2❤‍🔥 1 1