cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Жаңалықтар

🌍Қарағанды облысынан ақпарат 🌎Қазақстан, Әлем жаңалықтары

Show more
Kazakhstan7 175The language is not specifiedThe category is not specified
Advertising posts
189Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Repost from Qazaqparat
eGov.kz жүйесінде ақау шықты eGov.kz жүйесінде техникалық ақау шығып, қазір мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі жоқ. @qazaqparat_kz
Show all...
Repost from Qazaqstan.tv
Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Мәдина Ерәлиеваның туған күні Әнші көзі тірі болғанда 68 жасқа толар еді. 🎼Назарларыңызға Мәдина Ерәлиеваның «Алтын қорда» сақталған сұхбаты мен өзінің орындауындағы «Сыбызғы саз сырнай» әнін ұсынамыз. Толық нұсқа «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қор» сайтында: https://altynqor.com/video/61
Show all...
Repost from Qazaqparat
🍞 Елімізде нан бағасының өсуі немен байланысты? «Нан бағасының арзандауы немесе қымбаттауы бидай бағасына байланысты. Егер бізде бидайдың тоннасы 120 мың теңге болса, онда нан 120 теңге тұрады. Шоттарды жеңілдету үшін мемлекеттік органдар да осылай есептейді. Сондықтан біз болжағандай бидай бағасы төмендейтін болса, тиісінше елімізде нан бағасының өспеуіне барлық негіз бар», - деді Қазақстан астық өндірушілер одағының төрағасы Нұрлан Оспанов. @qazaqparat_kz
Show all...
Repost from Qazaqparat
❗️Директорлар 1 мектепті 7 жылдан артық мерзім басқара алмайды @qazaqparat_kz
Show all...
Repost from Qazaqparat
📚 Қазақстанда қашықтан оқыту енгізілмейді Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қашықтан оқыту форматы енгізілмейді. Дегенмен, «қызыл» аймаққа түскен өңірлерде мәдени, тәрбие іс-шараларын, сынып және ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады. @qazaqparat_kz
Show all...
Repost from Qazaqparat
🔻Қазақстанда көлікпен жолаушы тасымалдау 4 пайызға қымбаттады Бағаның ең жоғары өсуі Алматы облысында (+9,8%) байқалды. Одан кейінгі орындарда Түркістан (+8,5%) және Қостанай (+6,2%) облыстары тұр. @qazaqparat_kz
Show all...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты
Show all...
Ислам әлеміндегі маңызды серіктес Қазақтың саумалы және ірі қара мен қой еті Сауд Арабиясының нарығында сатылады. Президенттің Саудияға алғашқы сапарында осындай келісім жасалды. Сапар барысында ұзын ырғасы 13 құжатқа қол қойылды. Олар қандай мүмкіндіктерге жол ашады? Президент телерадиокешені дайындаған жобаны біздің YouTube арнамыздан және республикалық телеарналардан көре аласыздар: 02 тамыз "Мир" - 12:35-те; 02 тамыз "QazaqTV" - 20:10-да; 02 тамыз "El arna" - 21:50-де; 03 тамыз "Хабар" - 12:40-та. @ptrkkz
Show all...
Repost from Qazaqstan.tv
⚡️Қарағанды облысының Осакаров ауданының атауы Сарыбел болып өзгертіледі Бүгін Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осындай шешім қабылдады. «Жергілікті тұрғындар Сарыбел тарихи атауын қайтару мәселесін 20 жыл бойы көтеріп келген болатын. Ономастикалық комиссия шешімімен Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға Тұран атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты.
Show all...
Repost from Qazaqstan.tv
⚡️Солтүстік Қазақстанда облыс әкімінің екі орынбасары қызметінен босатылды Екі штат бірлігі Үкімет қаулысына сәйкес қысқартылды. Бұл қызметте Ғани Нығыметов пен Тимур Сұлтанғазиев болған. @qazaqstantv
Show all...
Repost from BAQ.kz
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Олжас Темірбекұлы Ордабаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымына тағайындалды. @baq_kz
Show all...
Repost from BAQ.kz
Елімізде балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны аяқталды Құжаттарды қабылдау толық 4 айға, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейін созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар шамамен 400 мың өтініш беріп үлгерді. Балалардың 70%-дан астамы мемлекеттік тілде оқуды таңдады. @baq_kz
Show all...
Repost from Qazaqparat
❗️Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы басталады Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске асыру үшін 40 млрд. теңге бөлінеді, оның 30 млрд теңгесін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Жасыл Даму» (ӨКМ операторы) АҚ қаражатынан және 10 млрд теңгесін «ҚазАгроҚаржы» АҚ капитал нарығынан тартады. Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның барлық филиалдарында ағымдағы жылдың 5 тамызында басталады. @qazaqparat_kz
Show all...
Repost from Qazaqparat
❗️Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе университеттеріне ұлттық мәртебе берілмейді @qazaqparat_kz
Show all...
Repost from BAQ.kz
❗Алаяқтың құрбаны болмау үшін нені білу керек? - Бейтаныс адамға, тексерілмеген сайтқа, басқа күмәнді көздерге жеке мәліметтерді сеніп беруге болмайды. - Нақты көз жеткізіп, тексермейінше ақша аударымы жасалмауы тиіс. - Төлем тауар алынған соң жасалуы керек. - Қосымшаларды App Store, Play Market сияқты ресми көздерден ғана жүктеу керек. - Спам сілтемелерден сақтанған жөн. - Алаяқтар көбіне төлем жасау үшін фишинг сілтемелер арқылы өтуді талап етеді. Сондай-ақ лицензиясы бар антивирус бағдарламаларын орнату және логин мен парольді күрделі ету маңызды. @baq_kz
Show all...
Repost from QAZSPORTTV
🇰🇿 Главный тренер сборной Казахстана по футболу Магомед Адиев посетил базу национальной сборной в Талгаре, где пожелал участникам проекта «Super Bol!» стать в будущем хорошими футболистами и поддержал своей мотивационной речью. 📌 В свою очередь организаторы реалити-шоу не остались в стороне. Вместе с главным тренером проекта Саматом Смаковым подарили Магомеду Мусаевичу футболку под номером 16, чтобы сборная Казахстана набрала максимум очков в сентябрьских матчах Лиги Наций УЕФА.
Show all...
Repost from QAZSPORTTV
🇯🇵Дзюдодан Азия чемпионатына қатысуға Жапонияның жұлдызды құрамасы елордаға келді 🥋Азия чемпионаты 4-7 тамыз күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Жапония құрамасынан жарысқа екі Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, алты Әлем чемпионы және жүлдегерлері қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, Азия чемпионатында бақ сынайтын Тайпей құрамасының дзюдошылары да елордаға жетті. Құраманы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ян Юнвей бастап келді. 📺 Естеріңізге сала кетейік, сары құрлықтың кіл мықтысы бақ сынайтын жарысты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрермен назарына ұсынады. @kaz_judoteam
Show all...
Repost from Qazaqstan.tv
Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге арналған мораторий 2024 жылға дейін ұзартылады Ұлттық экономика министрлігі Президент жарлығына толықтырулар әзірлеп жатыр. 📌Жеке тексерулерді қоспағанда мемлекеттік органдардың 2023 жылдан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін жоспардан тыс тексерулер тағайындау мүмкіндігін алып тастау көзделіп отыр. Бірақ заңнаманы елемей, адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндірсе әрі тұтынушылардан арыз-шағым түссе, арнайы органдар тексеріс жүргізуге құқылы. @qazaqstantv
Show all...
Repost from BAQ.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы күнге дейін Президент Үкімет пен әкімдерге қандай тапсырмалар жүктегенін бір шолып шығуды жөн көрдік. Толығырақ мына сілтемеде. @baq_kz
Show all...
🥇Казахстан завоевал второе золото на чемпионате мира по борьбе до 17 лет! Чемпионом мира по вольной борьбе в весе до 92 кг стал Камил Куруглиев, который в финале победил венгра Мусу Арсункаеву со счетом 11:0 t.me/sportilinet
Show all...
Repost from Qazaqparat
📣 8 тамыздан бастап жұмыссыздар өз бизнесін ашуға мүмкіндік алады Business.enbek.kz порталында 8 тамыздан бастап бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады. Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал. Грант көлемі - 400 АЕК (1 225 200 теңге). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. @qazaqparat_kz
Show all...
Repost from Dauletten
👨🏻‍🎓Енді бұдан былай қазақстандық студенттер ғылыми жұмыс қорғамай-ақ диплом иеленуіне болады. Қазақстандық студенттер бұдан былай дипломды ғылыми жұмыс қорғамай-ақ ала алады. Яғни, бітіруші түлектер дипломдық жұмыстың орнына өзінің жүзеге асырылып жатқан жеке жобасын немесе ойлап тапқан туындысын ұсынуына болады. Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік стандартқа осындай өзгеріс енгізді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, университеттер енді түлектерге еңбек нарығында сұранысқа ие болатын қажеттіліктерді ескере отырып, барлық жалпы білім беретін пәндердің мазмұнын толық немесе ішінара өзгерте алады. Ал магистранттар мен докторанттар оқу траекториясын өздері таңдайды. Сондай-ақ, шетелдік тағылымдамадан өтуге болатын ұйымдарға қойылатын талаптар да қайта қаралды. Ендігіде магистранттар мен докторанттар жетекші ғылыми орталықтардан тәжірибеден өтеді. Dauletten
Show all...
🥇Дарын Аскербек - чемпион мира по вольной борьбе до 17 лет! Казахстанец победил на турнире в итальянском Риме в весе до 55 кг. В финале соперником Аскербека был американец Джаксен Патрик Форрест, у которого Дарын выиграл 11:10. Ранее бронзовыми медалями отметились борцы греко-римского стиля Арсен Жума (48 кг) и Юсуф Ашрапов (60 кг), а также Алина Ертостик (73 кг) в женской борьбе t.me/sportilinet
Show all...
Repost from Qazaqstan.tv
🇰🇿Италияда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында құрама қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті. 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дарын Әскербек финалда, АҚШ спортшысы Патрик Джаксенді 11:10 есебімен жеңіп, чемпион атанды. 📌 Бұл - Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы төртінші жүлдесі. Осыған дейін Арсен Жұма, Юсуф Ашрапов және Алина Ертөстік қола жүлдегер болды.
Show all...
Repost from DALA INSIDE
🏠 7-20-25: Үлгерген адам маладес "DALA инсайд" аналитиктері жасаған статистикалық модельдеу бойынша, танымал "7-20-25" ипотекасы 2023 жылдың наурыз айының соңында несие беруін тоқтатып, толық 1 триллион теңгені игермек. Қазір 1 триллион теңгенің 630 миллиард теңгесі кредит түрінде берілген. 370 миллиард теңге бар. Бірақ, соңғы екі айдың динамикасына қарап, 370 миллиард теңгенің тек 8 айға жететінін болжауға болады. Себеп - Freedom Finance Bank іске қосқан цифрлі "7-20-25" ипотекасында. Жаңа технологиялардың арқасында ол банк бірден көптеп ипотека бере бастады да, ақшаның игерілуі күрт жеделдеп кетті. Оны көрген "7-20-25" ипотекасының дәстүрлі лидері ЦентрКредит банкі де несие беруін жылдамдата бастады. Осылайша 2 банк танымал ипотека көрсеткіштерін жеделдетіп жіберді. Бұл орайда Ресейге салынған санкцияға іліккен Сбербанк уақытша ойыннан шығып қалған еді. Бірақ банк жақын арада ("Бәйтерек" холдингіне толық өткеннен бастап) кредиттеу нарығына қайта оралатын болады. Сбербанк те үлкен көлемде "7-20-25" ипотекасын халыққа беріп жүрген болатын. Осылайша, 8 ай қалды деп болжауға болады. Және жеңіл ипотекадан үмітті адамдарға асығу керек. Ұлттық Банк базалық ставкасы өсіп жатқан жағдайда, бұдан кейін мұндай 7 пайыздық ипотека болмайтыны түсінікті. https://t.me/dalainside
Show all...
📚 Президент оқитын кітаптар Достар, Президентіміз қазақ әдебиетінен бастап әлем классиктерінің шығармаларын да көп оқитынын білесіздер. Бүгінгі таңдауымыз: Мұхтар Әуезов - "Абай жолы"; Anthony Kenny - "A new history of Western philosophy"; Мұхтар Мағауин - "Аласапыран"; Никколо Макиавелли - "Государь". Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында жазғандай, кітап оқу – рухани кемелденудің кепілі. @ptrkkz
Show all...
Repost from Qazaqstan.tv
Бала күтіміне берілетін жәрдемақы мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылуы мүмкін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемелдің айтуынша, 1 жасқа дейінгі төленетін мемлекеттік жәрдемақының мерзімі 1,5 жылға ұзарту ұсынылды. 📌Қазақстанда 1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақының орташа мөлшері – 41 мың теңге. Айта кетейік, былтыр 3,5 мың ер азамат декреттік демалысқа шыққан. Жалпы бала тууға байланысты декретке шығып, әлеуметтік аударымдар тағайындалған азаматтардың саны – 385 мың. @qazaqstantv
Show all...
Repost from Qazaqstan.tv
🧅Елімізде пияз бағасы екі есеге қымбаттады 📈Жыл басынан бері пияз бағасы 109%ға өскен, бұл соңғы 4 жылдағы ең жоғары өсім. 💸Республика бойынша пияздың орташа бағасы – 191 теңге. Ең жоғары баға Алматы облысында тіркелді – 308 теңге. 📌Сауда және интеграция министрлігі мәліметіне сәйкес, ішкі нарықта пияздың қымбаттауы көршілес елде пиязға сұраныстың артуы және экспорттық бағаның жоғары болуымен байланысты. Сондықтан Қазақстанда пияз экспортының көлемі артқан. Ал ішкі нарықта пияз тапшылығына қауіп жоқ. @qazaqstantv
Show all...
Repost from Tengri.kz
Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер саны екі еседен астам - әр тараптан аптасына 40-тан 93-ке дейін ұлғаяды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл бағыты бойынша рейстер санын 7-ден 14-ке дейін, Алматы - Ыстамбұл бағыты бойынша рейстер санын аптасына 13-тен 21-ге дейін арттыру жоспарланған. Сондай-ақ, екі ел аумағында ұшу үшін жаңа қалалар қосылды.
Show all...
Repost from kaz.exk.kz
Қазақстанда әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қаулысымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жаңа өкілеттіктер берді. Бұған дейін Алматыда әлеуметтік желіні бұғаттауға қарсы митинг өткен еді.
Show all...
Repost from Qazaqparat
Былтыр 3 мыңнан астам ер адам бала күтіміне байланысты декретке шыққан Былтыр елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 385 мың әлеуметтік төлем тағайындалды. Оның ішінде 3 мыңнан астамы - ер адамдар. @qazaqparat_kz
Show all...
Repost from Qazaqparat
🔻Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін Ауылдық квота бойынша білім алған жастардың грантты еңбекпен өтеу мерзімі 2 жыл болып қысқаруы мүмкін. Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі тиіс. @qazaqparat_kz
Show all...
Repost from BAQ.kz
Елорда көшелеріне шығып, биыл қазақстандықтардың қайда демалғанын сұрап қайттық. Сауалнамада қала тұрғындары мен қонақтары жазғы демалысты қайда барғанын ғана айтып қоймай, өз әсерлерімен бөлісті. Ал сіздің демалысыңыз қалай өтіп жатыр?😊 @baq_kz
Show all...
Repost from BAQ.kz
🔻6 университетті жабу мәселесі сотта қаралып жатыр. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды. Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр. Жабылған университеттердің 100 мыңнан астам студентін оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ларға ауыстырылды. @baq_kz
Show all...
Repost from Dauletten
Саясат НҰРБЕК: «Келесі жылдан бастап еліміздің ЖОО зерттеу моделіне көшеді». «Кадрлық даярлау моделіміз қазіргі таңда еңбек нарығының талаптарымен ұштастырылмаған, үйлеспеушіліктер бар. Биыл 88 мыңнан астам грант бөлінді. Ол былтырғыдан 16 пайызға жоғары. 4-5 жылдың ішінде біздің еңбек күшіміз 9-10 миллионнан 12,5 миллионға өседі. Бірақ, еңбек нарығы оған дайын емес. Отандық ғылымның негізгі проблемасы нақты компаниялардың талаптарымен ұштастырылмаған. Яғни ғылым, өндіріс, экономика өз бетімен дамып жатыр. Қазақстан техникалық, технологиялық ұлтқа айналуы керек. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы». ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚР Президенті Телерадиокешенінің «3 сұрақ» бағдарламасына арнайы сұхбат берді⤵️ https://www.youtube.com/watch?v=4QQGlY5ctXI
Show all...
Repost from Qazaqstan.tv
Елімізде әуе билеттерінің бағасы 15%-ға өсті Былтырмен салыстырғанда билет құны 21%-ға қымбаттаған. @qazaqstantv
Show all...
Repost from kaz.exk.kz
"Өкінішке қарай". Министр Саясат Нұрбек елдегі ғылым мен ғалымдар туралы айтты Жақында Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалған министр отандық ғылымды алға оздыру үшін не керек екенін түсіндірді. Жеті тіл білетін полиглот министр Саясат Нұрбек Президент Телерадиокешенінің "3 сұрақ" бағдарламасына сұхбат беріп, жаңадан құрылған ведомствоның алдына қандай міндеттер қойылғанын айтып берді.
Show all...
Repost from Qazaqparat
#бүгінгідәйексөз @qazaqparat_kz
Show all...
Repost from Qazaqparat
🏠 Қазақстанда баспана нарығында сауда-саттық азайды «Соңғы бірнеше айда, яғни 2022 жылдың сәуірінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жеткіліктілік шегінің көлемі артқаннан бері нарықтағы шарттардың жалпы саны айтарлықтай төмендеді», - деді Н. Лукьяненко ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында. Оның айтуынша, тұрғын үй нарығындағы жылжымайтын мүліктің барлық сегментінде сұраныстың азайғаны байқалып отыр. «Бір айдағы келісімшарттардың жалпы саны 30-31мыңға дейін қысқарды. Дегенмен, бұл көрсеткішті де жақсы деп бағалауға болады», - деді сарапшы. @qazaqparat_kz
Show all...
Қыркүйектен бастап университет оқытушыларының жалақысы көтеріледі Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Президент тапсырмасы бойынша көтерілген грант құны университеттеріміздегі оқытушылардың жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Сәуір айында жоғары оқу орындарының ректорларына қосымша тапсырма бердік. Оған сәйкес 2022 жылдың қыркүйегінен бастап университеттеріміздегі оқытушылардың жалақысы тағы да көтерілуі керек, ол үшін қаражат бар»,-деді министр. 📌Жоғары оқу орнына жаңадан келген оқытушыға 1 ставка үшін кемінде 200 мың теңге бекітілген, ал профессор жалақысының минималды деңгейі – 350-400 мың теңге.
Show all...