cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Áitarym bar

Әр сөзім аманат. Айтар сөзім іште өлмесін, кеудеге көмілмесін. Сол үшін жазамын, айтамын, жеткіземін. Жарнама, пікір, ұсыныс, сұрақтар тікелей ↪️ @dinara_boranbay

Show more
Advertising posts
1 067Subscribers
-224 hours
-57 days
+5230 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Ұйқымның келмеу себебін білмеймін. Білгім де келмес. Бұрын ұйықтамауымның өз себебін білетінмін. Ал қазір ол себептің де болмашы дүниеге айналғанын ойлап отырмын. Түс жиі көретінмін. Ұйқысыз да таң атырған кездер алыстан қол бұлғайды. Түс көрсем үнемі күліп оянатынмын. Қазір ол түстер сағым дүние. Әдетте, адам күндіз не ойласа, түсінде соны көретіні рас-ақ. Мен тек сені ойлайтынмын. Өмірде бар, бірақ маған тиесілі емес сені. Жат адамдарша ғұмыр кешу – азап. Азаптың түбіне бойлай берсең, түбі өзіңді жоғалтып тынарың мәлім. Ал мен оны таңдамағанмын. Ол мені таңдамаған. Екеуі кереғар. Кейде шатасқан ойларым санамды шырмауықтай орап, тырп еткізбейді. Ондайда шарасыз күйде қаламын. Шарасыз болу – түк істей алмау. Ал ондайдан жылап алу құтқарады. Бірақ ол менің қолымнан келсе де, келмейді. Білмеймін. Жаным тыныш, бірақ жүрек әлдебір сағыныштан үздіксіз соғады…Жүрегімнің үнін тыңдап көре аламысың, не дейді?… Динара Боранбай @md_aitarymbar
Show all...
5💊 2🕊 1
Тәңір елімізге тыныштық сыйласын!
Show all...
5💊 2
Жүрегімнің әр дүрсілі сені іздейтіндей көрінеді кейде… @md_aitarymbar
Show all...
4💊 2💘 1
Жат болсаң да жаныма жақын, үніммен үндес, сезіміммен серік сияқтысың… Динара @md_aitarymbar
Show all...
12💊 1
Repost from N/a
Кей адамдардың — қалайсыз дегені — сағындым дегені ғой. Анда-санда қалымызды сұрап, іздеп тұратын жақсылар бар. Сағынып келген адамға асығыс жауап қатып, елемегендей сыңай танытсаң — өзіңнен көр. Мені ешкім сағынбайды деп ренжіме сонсоң. Біздер көп нәрсенің, көп сөздің байыбына бармаймыз ғой. Кейін, кейін барып қалайсыздың сағындым ғой екенін түсініп, аяулы бір мұңға бөленіп, “жезкиікті” тыңдап отырасың ымыртта. Әй, бір гем дүние-ай Өкпелеткің келмейді ғой ешкімді…
Show all...
12 2😍 2👍 1💊 1
Көктемнің жасыл желегін жамылып үлгермеген Астана, мен қайта оралам…🫶🏻 Ал әзірге кездескенше! Мен келгенде ыстық құшағың дайын болсын тек!
Show all...
9
Д: Екі жыл бұрын Астанадан кеткенде қимастық болып, ішім алай-түлей күй кешкен еді. Ал қазір ондай сезім жоқ. М: Қайтып келетін шығарсың онда… Д: Мүмкін) #өзіміздіңдиалог
Show all...
5 1
Астанадан кетіп бара жатқан адамға ұқсап тұрған жоқ сияқтымын…
Show all...
4
«Жанарыңда сенің жатыр екен менің тағдырым…»
Show all...
7
Жанымның тыныштығын сенен таптым, Астана❤️‍🩹
Show all...
8
Sign in and get access to detailed information

We will reveal these treasures to you after authorization. We promise, it's fast!