cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Baribar Media

Бізде бәрі бар! Мультимедиалық контент дайындайтын көпсалалы сайт.

Show more
Advertising posts
257Subscribers
No data24 hours
-37 days
-330 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

ASUS ExpertBook B9 OLED: кәсіпкердің ноутбугы қандай болуы керек?💻 Ару Есболатова – әлемге Қазақстан есігін ашқан адамның бірі. Оның шетел азаматтарына Қазақстан визасын алуға көмектесетін компаниясы бар. Бүгінгі материалда Арудың ерекше қызметі туралы баяндаймыз. Оған қоса ASUS ExpertBook B9 OLED ноутбугы оның жұмысына қаншалық таптырмас көмекші болғанын білеміз. 🔗Толығырақ мына жерден оқи аласыз t.me/baribar_media
Show all...
Борышкерлердің кіріс көздері тексеріледі Бұл туралы әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.
Республика бойынша «Борышкер» рейдтік іс-шарасы аяқталды. Сот орындаушылар қаңтар айынан бері борышкерлер мен олардың мүлкін анықтау бойынша 93 іс-шара өткізді, оның нәтижелері бойынша 329 автокөлік құралы арнайы тұраққа қойылды. борышкерлерден 226,4 миллион теңге қаржы өндірілді. Мысалы, Шымкент қаласында – 123, Астана қаласында – 50, ал Абай облысында 42 көлік арнайы тұраққа жеткізілді,
— деді Талғат Уәли. t.me/baribar_media
Show all...
💍Қазақстанда әр үшінші жұп ажырасады. Себебі мен алдын алу жолы 2022 жылы Қазақстанда 128,4 мың жұп неке қиған. Сонымен қатар 44,5 мың ажырасу тіркелген. Эксперттер мұның себебі отбасылық құндылықтар өзгергенінен дейді. Baribar.kz тілшісі мамандардан елде ажырасу неге көбейіп бара жатқанын және мұның қандай зияны болуы мүмкін екенін сұрады. 🔗Толығырақ мына жерден оқи аласыз t.me/baribar_media
Show all...
🇨🇳🇰🇿Қытайлық компания Қазақстанда жел электр станцияларын салады Президент ҚХР-ға жұмыс сапары аясында State Power Investment Corporation (SPIC) компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнмен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне негізделген серіктестік перспективасы талқыланды. t.me/baribar_media
Show all...
Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының беті көгерген суретін көрсетті Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасының беті көгерген суретін көрсетті. Айтбектің айтуынша, қарындасы суретті оған жіберіп, сақтап қой деген. Бұл 2023 жылғы наурызда болған. Суретті көрген ағасы бірден Салтанатты алып кетпек болған. Бірақ ол Қуандықты сүйетінін айтып, өзі шешетінін және некені сақтап қалғысы келетінін айтқан. Бұған Айтбек “Қуандық бұл күйімен өлтіріп қоятынын” ескерткен. Салтанат бәрібір қаламын деп шешкен. Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, 2023 жылғы 9 қараша күні ұсталған еді. Айыпталушы бұрынғы министр айыппен келіспей келеді. t.me/baribar_media
Show all...
🌊Абай облысындағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады. Ақсуат аудандық жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда тасқын су салдарынан келген залалды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің шешімімен «Азаматтық қорғау туралы» ҚР заңының 48-бабына және 50-бабына сәйкес жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады. t.me/baribar_media
Show all...
🏔️Алматы тауларында қатты жел соғады Алматының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» дауылды ескертуінің негізінде 29 наурызда Алматы қаласының таулы аймақтарында қатты жел соғатынын ескертті.
Таулы аймақтарда батыс жақтан қатты жел соғып, жел екпіні секундына 22-28 метре дейін жетеді. Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел, дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс,
— деді құтқарушылар. t.me/baribar_media
Show all...
☔️Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінің күн райын орталығы Ақтөбеде орналасқан кең алқапты циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер айқындайтын болады. Осыған байланысты Қазақстан бойынша күн құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде жауын жауып, солтүстік облыстарда қатты нөсерлетеді, елдің оңтүстік-шығысында да жаңбыр болжанады. t.me/baribar_media
Show all...
🌊Алматыда үйлердің аулалары мен көшерлерді су басты Алматыда бүгін жел күшейіп, жекелеген үйлердің аулалары мен көшелерді, жалпы алғанда 38 жерді су басу жағдайы тіркелді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда ауа райының күрт бұзылуына жел екпінінің секундына 18-24 метрге дейін күшеюіне байланысты қаланың төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық кәсіпорындары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. t.me/baribar_media
Show all...
«Баланың суретін желіге келісімшартсыз жариялау заңсыз». Елімізде баланың қандай құқығы бар? Қазақстанда бала деген – 18 жасқа толмаған азамат. Еліміздің конституциясы бойынша, бала өз құқығын 18 жасқа дейін қорғай алмайды. Осы тұста «Бала құқығын кім қорғайды?» деген заңды сауал туындайды. Baribar.kz тілшісі заңгер, құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға «Бала құқығын кім қорғайды?» «Баланың қай құқығы көп бұзылады?» «Cуреті рұқсатсыз жарияланған бала өз құқығын қалай қорғайды?» деген сұрақтарды қойды. 🔗Толығырақ мына жерден оқи аласыз t.me/baribar_media
Show all...
👍 1
Sign in and get access to detailed information

We will reveal these treasures to you after authorization. We promise, it's fast!