cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

Каналға жаңа жылда өсіп-өркендеуге тілекші болам десеңіз 🤗 +77078399871

Show more
Advertising posts
13 374Subscribers
+2524 hours
+417 days
-1230 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

❌ отбасылық саяхаттау ⁉️ семейное путешествие ✅ отбасы болып саяхаттау / үй-ішіңізбен сапарға шығу / саяхатқа шығу
Show all...
14 2👍 1
❌ біреумен байланысу ⁉️ связаться с… ✅ біреуге хабарласу Біреумен емес, біреуге 🙃
Show all...
17 2👍 1🦄 1
❌ көз қырымен қарау / қарай салу ⁉ көз қырын салу / көз қиығымен қарау деген екі тіркес араласып кеткен
Show all...
27👍 9💘 1🦄 1
Show all...
Қазақ тілі қала ма, «қазақтық тіл» қала ма? / Назгүл Қожабек / Ана тіл мен мына тіл #4

«Ана тіл мен мына тіл» подкасы тіл төңірегіндегі мәселелерге тоқталады. Қазақ тілі қашан толыққанды мемлекеттік тіл болады? Жаңа заманның сұранысына жауап беретін қазақ тілі қандай болуы керек? Бұрынғы өзіміздің ана тілімізден алыстап кетпейміз бе? Уақыт өткен сайын неден ұтып, неден ұтылып жатырмыз? Осы секілді сұрақтарға жауап іздейтін подкастың төртінші қонағы – редактор Назгүл Қожабек. Бірінші қонағымыз академик Шерубай Құрманбайұлы болған, оның сілтемесі мінекей:

https://www.youtube.com/watch?v=gJieAxNoFhA&t=5s

Екінші қонағымыз «Қазақ радиосының» дикторы Мұхамедәли Болатұлы болған, оның сілтемесі мінекей:

https://www.youtube.com/watch?v=Vgbsru-s0bs&t=1017s

Үшінші қонағымыз режиссер Мұрат Есжан болған, оның сілтемесі мінекей:

https://www.youtube.com/watch?v=Pc59_eikIIk

00:00 Шымылдықашар 00:00:13 Екі Асан қайғы 00:00:36 Назгүл Қожабектің көңіл күйі туралы 00:02:10 Соңғы он жылда өзгеріс бар ма? 00:04:07 Қазақтық тіл – казахский язык 00:06:17 Қазақтық тілдің мысалдары 00:09:03 «Ғалымдардың тілінде калька көп» 00:10:31 «Қазақша мәтін для галочки керек» 00:10:54 Яндекс аудармашымен аудара салған аудармашыға сәлем! 00:13:01 Не қазақ тілінің көзін құртайық, не қазақ тіліне біржола өтейік 00:14:00 «Құжатты басқа тілде жазып, өз тіліне аударатын жалғыз елміз» 00:14:41 Элитамыз үшін біз аяққа оратылып жүрген адамбыз 00:15:44 «Нельзя просто так взять и писать законы на казахском» 00:16:33 Қойшыға қой бағуды үйретпей, дұрыс қойшыны таңдау керек 00:17:40 Қазақша ойланатын адамдар қызметке ұмтылуы керек шығар 00:19:20 Көмектес септік мәселесі 00:20:55 Қате: Жаңалықпен бөлісті 00:22:04 Салт етістік пен сабақты етістік туралы 00:22:53 «Бөлісу деген тілді жұтаң қылып отыр» 00:23:51 Қате: Әкіммен мақұлданған 00:24:41 «Кісі қолынан өлді дегенді біреумен өлтірілді дейтін болды» 00:25:43 Қате: Шайды балмен ішу 00:25:51 «Көмектес септіктің екі-ақ қызметі бар» 00:27:21 Қате: Қызыл бас киіммен шығады 00:29:45 Кальканың керек жері мен қауіпті тұсы туралы 00:31:15 Қате: Мұнымен не істеймін? 00:33:16 Қате: Немен құрбан ете аласыз? 00:33:27 Қате: Немен сасып тұр? 00:33:37 Қате: Арамен пайдалану 00:34:11 Қате: Заңмен тиым салынған 00:34:19 Қате: Кіммен болмайды? 00:34:38 Қате: Осы оймен келісемін 00:35:10 Қате: Орнымен ауысты 00:35:19 Қате: Картамен төлеу 00:36:38 Қате: Түсініксіз түрмен қарады 00:37:55 Біреуге сөйлесу және біреумен сөйлесу туралы 00:40:09 Назгүл неге кішігірім қателерді де айтып отырады? 00:41:11 «Elite» шоколадын жеп көреміз 00:42:13 Электрон – электрондық – электронды 00:42:26 Мақтау қағазды қазір мақтау қағазы дейді 00:43:11 «Көмектес септіктен кейінгі сорлы септік – ілік септік» 00:45:17 Тілді өзгертпесек болмайды дейтіндер бар, оларға не деуге болады? 00:48:31 Шет тілден келген сөздерді аудармай ала беру керек пе? 00:56:16 «Қазақ тілінің лексикасы емес, гарамматикасы бұзылып бара жатыр» 00:57:41 Назгүл бір сөзді сынауын сынап ап, кейін өкінген кезі болды ма? 00:58:57 «Мен ғалымдардан пысық болып шықтым, Мөлдір Доспаева менен пысық болып шықты» 01:02:31 Қазақ тілін бір өңірдің адамдары ғана жақсы біледі деген пікір – қате пікір 01:06:36 Балаларға дұрыс тіл үйретпесек, ертең ол бір жерден тесіп шығады 01:09:30 «Жолдан қосылғандар қазақ тілін жөндеймін демей-ақ қойсыншы» 01:12:09 Ғылыммен айналысуымыз керек пе? 01:12:53 Доктарантура оқу үшін Назгүл Қожабекке қанша ақша керек? 01:15:36 Көркем әдебиет пен ауызекі тілге кішкене алқам-салқам болу да керек 01:20:22 Қазақ жазба тілінің қалыптасуындағы Жүсіпбек Аймауытовтың орны туралы 01:21:13 Қолбақ, уақиға деген сөздер қате ме? 01:23:19 «Оқулықтардың проблемасын ойласаң, бетіңді тырнап жылағың келеді» 01:26:54 Тілдің бұзылуына кім қалай үлес қосты? 01:29:43 «Салық кодексінің қазақшасын қай есепші оқыды?» 01:30:52 Қазақшаға көшу үшін 7 жыл керек 01:32:28 «Құдайға шүкір ғой» 01:34:06 Хаттама 01:35:44 Бізге студия ұсынған Qdesign 01:35:54 Шығарылымның демеушісі Elite шоколады

👍 48 7🔥 7🦄 3
❌ итпен іздеу ⁉ искать с собаками ✅ ит қосып / ит салып іздеу
Show all...
40😁 12👍 9🔥 9🦄 1
❌ бірдеңе істеуді жалғастырады ⁉ продолжает ✅ бірдеңе істей береді / істей бермек
Show all...
👍 43👏 5 4🤯 4 2🦄 1
Күн шығып не батып жатпайды Шығып келе жатады Батып бара жатады
Show all...
34🔥 10👍 6🤪 1🦄 1
❌ кітапты автордан қолтаңбасымен алдым ⁉️ с автографом ✅ кітапты авторынан қолтаңба қойғызып алдым
Show all...
39👍 11 3🔥 1🦄 1
❌ түсініктемені сатып алу мәселелері бойынша: ⁉ по вопросам приобретения Иә, вопросы - мәселе деген аударма жұбын қолданып жүрміз. Тек оны кез келген жерге солай жапсыра беруге болмайды. Мәселе деген - проблема дегенге де жақын екенін ұмытпау керек. Түсініктемені сатып алу жағынан ешбір мәселе жоқ. Хабарласасың, бағасың білесің, барасың, аласың. ✅ Сатып алу жөнінде сұрақтарыңыз болса / Сатып аламын десеңіз
Show all...
35👍 16🦄 2😢 1
❌ жолдаманы жеңу, марапатты жеңу, көлікті жеңу ⁉ егер сіз осы нәрселермен күресіп, шайқассаңыз - оларды жеңесіз ✅ ал жарыс, байқауда бұл нәрселерді "жеңіп / ұтып аласыз"
Show all...
38👍 10 10🦄 1