cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

ZERTTEU ZONASY

Advertising posts
7 177Subscribers
-524 hours
-397 days
-23530 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Қазақстан Жазушылар одағының әдеби жыл қортындысы жиыны биыл елдің басым бөлігін әуре-сарсаңға салған су тасқынымен тұспа-тұс келді. Жиында бірқатар қаламгерлер марапатқа ие болды. Басқосуға қатысқандар онда әдебиет мәселесіне басымдық берілгенін айтса, әлеуметтік желіде қаламгерлерді сынап жатқандар да бар.   19-сәуір күні Қазақстан Жазушылар одағының әдеби жыл қортындысы жиыны «Көркем әдебиет: талап пен талғам» деген атпен өтті. Дегенмен зиялылар бас қосқан жиында су тасқыны туралы ешқандай сөздің болмағаны айтылды. ҚОЙДАЙ ҚОҢЫР, ҚОЗЫДАН МОМЫН ЖИЫН Салтанатты жиынды Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, белгілі жазушы Нұржан Қуантайұлы жүргізіп, жиын барысында 2023 жылдағы жаңалықтарға шолу жасалды.  Елдің қамын ойлап, қалам тербейтін жазушылар жиналған мәжілісте әдебиеттегі жанрлар бойынша он үш баяндама жасалған.  Белгілі ақын Байбота Қошым-Ноғаймен тілдескенімізде жиынның арнайы әдебиет мәселесіне арналғанын айтты. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз.
Show all...
Елдің шетін су алғанда жазушылар жиын өткізді | “Адырна” ұлттық порталы

👍 1
🔗Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап шетелде тұратын қандастардың білім алу жағдайын қарастырып қойған. Өзге елдегі қандас бауырларымыз мектеп бітірісімен мемлекет ұсынған арнайы дайындық курстарын өтіп, қалаған оқу орнына грантқа түсе алады. Алайда, қазір аталмыш білім грантының саны, бөлінуі, жүзеге асырылуы өзекті тақырыпқа айналып отыр. «Адырна» материалында сарапшылармен бірге мемлекеттен шетелдік қазақтарға берілетін грант жүйесін саралап көрдік. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/195447
Show all...
👍 1
Су тасқыны басталғалы көмекке ұмтылғандар мақталып, көмектесе алмағандар сыналып жатыр. Сарапшылар оның өзіндік себептерін де тарқатып түсіндіреді. Елде судың беті әлі де қайтпай тұр. Бірнеше өңірлерде тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілсе, ендігі бірі су қайтқан мекеніне оралуда. ТЖМ бүгінде 118180 адамды, оның ішінде 44254 баланы су құрсауынан құтқарғанын хабарлады. Алайда биылғы апат адам шығынынсыз болмады. Су тасқынынан 7 адам көз жұмды. Апатты аймақтағы халыққа көмектесу үшін құтқарушылардан бөлек, өнер адамдары да  жетті. Зардап шегіп жаққан өңірлерге барған әншілердің қатарында жастар арасында танымал Райм, Мирас, продюсер Гүлзира Айдарбековалар бар. Қолға күрек ұстап, қапқа құм толытырп жүрген бейнелері әлеуметтік желіде тараған. Одан бөлек, халық арасында «елдің баласына» айналған Димаш Құдайберген де су тасқынынан зардап шеккендерге басу айтып, тілекші болды. Ол қиын сәтте Ақтөбеліктердің жанынан табылып, қайырымдылық қорына 15 миллион теңге қаржы аударды. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/194935
Show all...
👍 1
Алматыда Төлебаев көшесіндегі cоветтік Қазақстан басшысы Дінмұхамед Қонаев тұрған үй сатылуда деген ақпарат тарады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? “Адырна” ұлттық порталы анық-қанығын білді. krisha.kz порталында Төлебаев көшесі 119 үйдегі пәтерді сату туралы хабарландыру пайда болды. 509 миллион 400 мың теңгеге бағаланған 15 бөлмелі пәтердің ауданы 566 шаршы метрді құрайды. Сатылатын мүліктің жөндеуді қажет ететіні атап өтілген. «Алтын шаршы. Тарихи жер. Жеке кіреберісі бар пәтер, 2 қабат, сонымен қатар жертөле, аулада жеке автотұрағы бар. Әр қабатта жуынатын бөлме бар. Жөндеуді қажет етеді. Бұл аймақтың инфрақұрылымы өте дамыған. Жақын жерде опера театры, субұрқақтар, саябақ алаңдары, «Столичный» дүкені, әртүрлі профильдегі мектептер мен гимназиялар, банк филиалдары, сондай-ақ бос уақытты өткізуге арналған көп орындар бар. Бағасын келісуге болады», - делінген жарнама мәтінінде. Сол ғимаратта Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық мұражай-пәтері орналасқан. Мұнда ол 1969-1993 жылдар аралығында өмір сүрген. Сатылып жатқан Д.Қонаев тұрған пәтер емес. Бұл жөнінде мұражайдың баспасөз қызметі жауап берді.  📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
Show all...
Repost from ADYRNA.KZ
Елде жол-көлік оқиғалары жиілеп, небір өкінішті оқиғаларды жаны ашымастан хабарлау, оны сол күйінде қабылдау әдетке айналып кетті. Мәселеге үйреншікті оқиға ретінде қараудың салдарынан адам шошитындай статистика саны өсіп келеді. Осының алдын алу үшін мамандар не дейді? Соңғы кездері елімізде жан түршігерлік жол апаттары жиіледі. Құқықтық статистика порталының мәліметтеріне сүйенетін болсақ,ан жыл басынан бері 2635 жол-көлік апаты тіркелген. Салдарынан 3334 адам жарақаттанып, оның 242-сі қаза тапқан. Бұл өткен жылғы алғашқы үш аймен салыстырғанда 53,3 пайызға артық ҮЙРЕНШІКТІ СЕБЕПТЕР – ӨКІНІШ ӨЗЕГІ 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Show all...
👍 1
Елдің бірнеше өңірінде су тасып, тұрғындар эвакуацияланып жатыр. Өзендер ернеуінен асып, тұрғын үйлерді су басты. Топан судан малдар қырылып, су зиратқа жетіп, тіпті мәйіттерді шайып кетті. Аталмыш жайт елдегі экологиялық және эпидемиологиялық ахуалға әсер ете ме? Бұл туралы «Адырна» тілшісі арнайы мамандардан сұрап білді.  АҚПАРАТ РАСТАЛМАСА ДА, АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БАСЫМ Сәуірдің 12-сінде Ақордада су тасқынына байланысты өткен жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ықтимал эпидемиологиялық ахуалға алаңдаушылық білдірді. Сол күні су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өткізілген. Сонда сөз басында Президент бұл жағдайды «өте маңызды мәселе» ретінде атады. «Су басқан аймақтардағы эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстау қажет,» - деген Президент Тоқаев. Жиыннан тараған ресми мәліметке қарағанда Денсаулық сақтау министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге елдегі санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайға бақылауды күшейтіп, тәулік бойы мониторинг жүргізу тапсырылған. Бұған қоса көппәтерлі үйлерге, әлеуметтік және басқа да нысандарға дезинфекция жасау жөнінде тапсырма берілген. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
Show all...
Экология және эпидемия. Тасқыннан cоң өтемақыдан өзге не күтіп тұр? | “Адырна” ұлттық порталы

Соңғы айларда экс-басшының кіші қызы Әлия Назарбаеваға айтарлықтай ауыр айыптар тағылды, бірақ олардың ешқайсысы қылмыстық іске ұласпады. Әлі күнге дейін экс-президент пен оның туыстары «қолсұғылмаушылық» құқығына ие. Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің «жаңа Қазақстанға» аяқ басқанын мәлімдеген еді. Содан бері біраз уақыт өтсе де көпшілік «ескі Қазақстан» шинелінің әлі шешілмегенін айтады. Ал Алматы қалалық полициясы Әлия Назарбаеваның үстінен қылмыстық іс қозғаудан бас тартқаны хабарланған. ӨКМ-ГЕ ҮКІМ БОЛА МА? Бұған дейін «TPK Asia» ЖШС құрылтайшысы Нұрлан Бимурзин мен серіктесі Медғат Қалиев Әлия Назарбаеваға қарсы арыз жазған еді. Кәсіпкерлер 2000 жылдардың басында құны 170 миллион доллар болатын жеті мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекетін рейдерлік жолмен тартып алынғанын айтты. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз.
Show all...
1
Су тасқыны басталғаннан бері бірнеше өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды. Онымен қоса жолдар жабылып, мәселе ушыққан. Бұл күндері Маңғыстау облысының аумағында кем дегенде 500 шамалы трейлер жүк көлігі қаңтарылып тұр. Олардың арасында ұзақ жолды көтере алмайтын өнім тиегендері де бар. Жүргізушілердің Өзбекстан арқылы өтуіне Өзбекстан жағы рұқсат бергенімен, Қазақстан жағы құжаттық мәселелерді көлденеі тартып жүк көліктерінің уақыты жолға шығуына кедергі келтіріп отыр. Қаңтарылып тұрған жүргізуші https://adyrna.kz/post/193927
Show all...
1
Жұма күндері жамағат намазы кезінде мешіттердің, сол күні кешке ойын-сауық орталықтарының маңындағы қозғалыста кедергі туындайды. Ондайда маман жедел жәрдем мен өрт сөндіру техникасы кешігетінін айтса, дінбасы айтылғандар ескерілмейді дейді. Дінтанушы мәселенің заңдық жағын еске салады. https://adyrna.kz/post/193815
Show all...
Алматыда бірнеше ай бұрын автобус апаты болып, 3 адамның өліміне әкелген. Қазір жол апатына кінәлі деп танылған азаматқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Stan.kz-ке сілтеп. Бүгінде іс Алматы қаласындағы Алатау аудандық сотында қаралуда. Сотталушы – автобсу апатына кінәлі деп танылған 32 жастағы Дархан Ахметжанов. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Show all...