cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Халық емі. Денсаулық

♦️Халық емі ♦️Денсаулық ♦️ Емдік рецепттер ♦️ Шипалы өсімдіктерден тұнба әзірлеу ♦️Медицина жаңалықтары жайлы ақпараттар.

Show more
Advertising posts
1 254Subscribers
+524 hours
+107 days
+5830 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

БАС АУРУЫНЫҢ СЕБЕБІ 👇 🔘 Фолий қышқылы және В12 витамині жетіспеушілігі бас ауруына себеп. Фолий қышқылы брокколи, шпинат, спаржа, асқабақ, сәбіз, қызылша, авокадода көп мөлшерде кездеседі. В12 витамині тауық жұмыртқасында көп мөлшерде кездеседі. 🔘 Мыс және темір жетіспесе де бас ауырады Темірдің орнын толтыру үшін теңіз қырыққабаты, күнжіт, асқабақ және пісте дәні, уароп, көк пияз, чалат жапырақтары, бұзау бауырын жиірек тұтыныңыз. 🔘 В6 витамині мөлшері аз болса да үнемі бас ауырады Оның жетіспеушілігін толтыру және жүректің, қан тамырларының, нервтердің және мидың саулығын сақтау үшін диетаға дәнді дақылдар, жаңа піскен көкөністер, бауыр, бұршақ қосыңыз. 🔘 D витаминінің жетіспеушілігі де бас ауруына себеп Өздеріңіз білетіндей, D витамині күн сәулесінің әсерінен денеде табиғи түрде өндіріледі. Ал қыста оны тағамнан, атап айтқанда бұршақтардан, теңіз өнімдерінен, жұмыртқадан және сүт өнімдерінен алуға болады. Жарас ҚАСЫМ. Фейсбуктегі «Ауырмаңыз» парақшасы.
Show all...
Құлақ ауруына мың да бір ем Қазіргідей салқын маусымда кейбір адамдар жалаңбас жүреді. Әсіресе бойжеткен қыздар шаштарын жуа сала, шала-шұрпы кептіріп асығыс кете барады. Сондайда құлақ ауырып қалуы әбден мүмкін. Ал оны емдейтін қарапайым тәсілдер мыналар: Шығыстан шыққан атақты дәрігер медицина ғылымының атасы саналатын Ибн Сина құлақтың қабынып, бұлақ аққан ауруын грек жаңғағының жапырағы мен жолжелкеннің көмегімен емдейді екен. Ол осы екеуінің сөлін теңдей араластырып, құлаққа тамызатын болған. Кейде құлақ қатты ауырған кезде есту қабілеті нашарлап қалатыны да бар. Сондайда сарымсақты пайдалануға болады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сарымсақтың бір тісін қабығынан аршып, құлаққа тығып қою керек. Күйдіргені біліне бастаған кезде алып тастайды. Осылайша күніне 1-2 рет жасап жүрсе, есту қабілетін жақсартады. Бірақ көбірек күйдіру зиян. Құлақта шуыл пайда болғанда мына әдісті қолдануға болады. 100 миллиграм 96 пайыздық спиртке 15 грамм ара желімін (прополис) салып, 10 күнге тұндырып қояды. Дайын болған ерітіндінің 10 грамына тазартылған күнбағыс майының 40 грамын араластырасыз. Дәкеден тампон жасап, осы қоспаға малып алып, ауырған құлаққа қоясыз. Пайдаланар алдында қоспаны қозғап алған дұрыс. Ол құлақта 24 сағат тұру керек, 12 сағат үзілістен кейін қайта жалғастырасыз. Осылайша 20 рет жасасаңыз, құлақтағы шуыл кетіп, есту қабілеті де жақсарады. Жарас ҚАСЫМ. «Ауырмаңыз!» газеті. (Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
Show all...
Құрқылтайдың ұясы және оның емдік қасиеттері Біз – қазақ ауырғанда шипаны ең алдымен Алладан сұраймыз ғой. Ал Алла-тағала бізге ем ретінде осындай керемет жаратылысты сыйлаған. Соның бірі – осы құстың ұясы. Кішкентай ғана көзге көрінер-көрінбес осы құс ұясының өте керемет емдік қасиеті бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Мен бұл жайлы айта қалсам: «Құрқылтай деген не?» – деп сұрайтындар да бар. Сондықтан ол жайлы толығырақ түсіндіре кетуді жөн көрдім. Құрқылтай – бұл қасиетті де киелі құс. Құрқылтайдың ұясы 80 түрлі ауруға ем. Радикулит, цистит, қуықтағы грыжа, сүйек сырқырауы, буынның сырқырап қақсауы, тамырлардың ісінуі, бүйрек аурулары, ревматизм, жыныс жолдарының суықтауы, жатырдағы түрлі аурулар, простатит, аденома, бедеулік, белсіздік, құрсақ көтермеу сияқты көптеген ауруларға ем. Және де бұл емді кез келген адам үй жағдайында қолдана алады. Ешқандай қиындығы жоқ. Тек ұяның бұлауына кешке жатар алдында түскен жөн. Өйткені ем қабылдағаннан кейін желге шығуға, суық тигізуге болмайды. Ем он немесе он бес күнге дейін жалғасады. Міне, осы он бес күнге осы құстың бір ұясы жетеді. Ем қалай жасалады? Оны кәдімгі құрғап, кеуіп тұрған адыраспанмен араластырып қолдануға болады. Түтетіп, қымтанып, соның буына «отырасыз». Бұл – бұлаудың бір түрі. Ол сырт көзге күлкілі көрінуі мүмкін. Алайда үш-төрт күннен соң шынында да шипалық әсері бар екеніне көз жеткізе бастайыз. Кейде тіпті бір қолданғаннан кейін-ақ пайдасын көресіз. Ендігі бір айтарым, ем екен деп құрқылтайдың ұясын кез келген уақытта алуға болмайды. Ұяны балапаны қанат қағып, ұшып кетіп, ұя бос қалғанда ғана алуға болады. Әйтпесе киелі қүстың киесі ұрады. Мен бала күнімде еститінмін: кезінде Қытайда осы құстың өзі мен бір ғана ұясын бес тонна күрішке бағалаған деседі. Неге күріш дейтін шығарсыз. Өйткені бұрын қазақ сауданы етпен (малмен) бағаласа, Қытай күрішпен бағалаған. Қытайдан келген қандастарымыз болса білетін шығар, қателеспесем бұл құстың қытайша атауы Юнбао болса керек. Юнгбао болуы да мүмкін. Менің оған нақты дәлелім жоқ, бірақ естіген емдік қасиеттеріне қарап тап сол Юнбао (Юнгбао) деп ойлап отырмын. Бұл жағын Қытайдан келген қандастарыма қалдырайын, анық-қанығын солар айта жатар. Ал мен осы құстың ұясы жайлы бала кезден естіп, көріп келе жатқан, өзім нақты білетін аздаған мәліметіді көпшілікпен бөлісейін. Ұя негізі шөп пен жібектен тұрады. Құс оны ауыз сілекейімен мықтап өре тоқиды. Кәдімгі әжелердің баласына шұлық тоқығанындай шеберлік дерсіз. Егер қолыңызға ұстап, жақсылап қарасаңыз, асқан шеберлікпен тоқылған, кішкене тесігі бар себет қапшықты елестетеді. Құрқылтай ұяны кем дегенде 7 метр биіктікке – ағаш басына салады. Жерден қарағанда бұл кәдімгі себет қапшықты ағаш бұтағына ілдіріп қойғандай көрінеді. Алайда қанша күшті жел, нөсер жауын, боран болса да ұя сол қалпы тұра береді, үзіліп жерге түспейді. Не желмен ұшып жоғалып кетпейді. Өйткені ұясын тоқығанда жібекті ағаштың бұтағына мықтап «байлап» тастайды. Ұяның негізгі емдік пайдасы құрқылтайдың ауыз сілекейінде. Тағы да айта кететін жәйт: құс ұясын салуға жақын маңдағы ауыл үйлерін аңдиды екен. Себебі жібек жіпті сол үйлерден «ұрлап» алады. Жібектен басқа мақтадан немесе синтетикадан жасалған маталарға тиіспейді. Міне, сол үшін болса керек, ұясын адамдарға пайдалануға қалдырады дейді. Адамзаттың арқасында ұя соғып, балапаны ұшқан соң сол ұяны сол адамзатқа емге тастап кетеді. Тап осы күн біздің елде бұл құс Қызылорда тоғайларында көп кездессе, Өзбекстанда Бұқара аймағында, Түрікменстанда Қарақұм арнасы айналасында көп кездеседі. Ұяның құны әр жерде әрқалай. Мың жарым теңгеден басталып бес мың теңгеге дейін! Мұны да біле жүрейік, ауырмаңыздар, ағайын! Ғани ӘЛИХАН. (Әлеуметтік желідегі жазбасынан)
Show all...
Мейіз жеп 🍇жүрген жақсы 🍇Кәдімгі мейізді жөтелге, аллергиялық қышымаға ем ретінде пайдалануға болады. Ол үшін дәні мен сабағы бар мейізді таңдаңыз. Өйткені оның нәрі өзінде сақталады. Ем үшін жақсы кептірілген қара жүзімді алу керек. Қара жүзім нәрлі де дәмді келеді. Сондықтан оның емге тигізер пайдасы көп. 🍇Жөтелген кезде мейіздің қайнатпасын ішіңіз. Бір уыс мейізді жуып, 1,5 стакан ыстық суда 10 минут қайнатады. (Одан ұзақ қайнатуға болмайды). Сосын сусынды жылы күйінде күн ұзақ аз-аздап ішіп жүріңіз деп жазады «Ауырмаңыз!» парақшасы. Емнің әсері тиімдірек болу үшін мейіз қайнатпасына 1 ас қасық пияздың жаңа сығылған шырынын, осынша бал қосуға болады. 🍇Ертеде денені теміреткі басқанда оған мейізді жарып, үйкеген. Терінің аллергиясына мейіздің қайнатпасын жаққан. Мейізден теріге маска жасауға да болады. Ол үшін бір уыс мейізді алып жуып, еттартқыштан өткізіп, оған 1 ас қасық бал, 1 ас қасық қаймақ, 1 ас қасық сұлы ботқасын қосу керек. Міне, бұл қоспадан бетке жағатын тамаша маска шығады. 🍇Күніне 10 мейіз, 2 кепкен өрік, бір грек жаңғағын жеп, жылы су ішіп тұрсаңыз, жүрегіңіз жақсы жұмыс істеп, анау-мынау сырқатқа тез арада сыр білдіре қоймайды. Лесбек ҚО­ЫРАТБАЙ. Жезқазған қаласы. «Ауырмаңыз!» парақшасы. (Мақаланы көшіріп басуға тиым салынған. ФБ оқырмандары үшін #БӨЛІСУ ғана рұқсат етіледі. Авторлық құқық қорғалған!)
Show all...
Қазақы емнің көмегі тиді Жазға салым үй-жайды жаңартып, реттеп алайық деп құрылыс жұмыстарына кіріскен едік. Қайнаған жұмыстың ортасында жүргенде қолымды ұрып, иық тұсымды қатты ауыртып алдым. Содан қолым көтертпей ауырып қалды. Қоятын шығар деп бір-екі күн күтіп едім, басылмады. Сосын дәрігерге баруға тура келді. Қолымды, иығымды ары-бері қимылдатып көрген хирург рентгенге түсуге жіберді. Оның нәтижесіне қарап алаңдауға негіз жоқ деп жұбатты. Айтуынша, еті ауырып қалыпты. Оған бір мазь жағып берген. Нәтижесі көңілімнен шықпады. Сосын өзім басқа амал жасауды жөн көрдім. Қойдың тұздалмаған құйрық майын ерітіп, иығым мен қолыма жұқалап жағып, қолымды күн тиетіндей етіп ашық жерде ұстадым. Май сіңді-ау деген кезде дәріханадан алған спиртті жағып, сіңгенше уқаладым. Ол күнге қызып, май сіңіп тұрған бұлшық еттерді қыздырды. Басыла бергенде жел мен салқын тимесін деп жеңі бар киім киіп алдым. Осылай бірнеше күн жасаған соң қолдағы ауырсыну басылып, жақсы болып қалды. Менің қолым ауырып қалғанын естіген көрші апа жағдай сұрап келіп, бір амал айтты. Апа қыста қар үстіне алаша қағамын деп қолын ауыртып алған екен. Сонда асқабақты су не буға пісіріп, ыстық күйінде езіп, ботқаны ауырған қолына жағыпты. Ыстықтай. Шынтақтан бастап саусақтардың ұшына дейін қалыңдау етіп жағып, сыртынан клеенка және жылы орамалмен орап тастаған. Екі күн жасағанда қолының ауырғаны ғана емес, пәлен жылдан бері сыздап, қақсап ауыратыны да басылыпты. Бұл да бір біле жүретін ем екен деп қойдым. Базаркүл ӘЛІМБАЕВА. «Ауырмаңыз!» газетінен алынды. (Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз! газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
Show all...
Көктемгі салқын Ағзаға қалай әсер етеді? ◾️Денсаулық сақшыларының айтуынша, адам саулығына жылына бес рет сырттан төнетін қауіп бар көрінеді. Әңгіме маусым ауысуы жайында. Соның ең алғашқысы – ақпанның соңы – наурыздың басы. Осы кездегі ауа құбылысы жас та мығым ағзаның өзін әжептәуір әлсіретіп тастайды екен. Сондықтан мамандар бұл уақытта күтінудің ерекше «ережелерін» есте ұстаңыздар дейді. Қыстың аяғы – көктемнің алғашқы күндерінде адам қуатты бұрынғысынан көбірек жұмсауға мәжбүр. Оған маусымға тән әлсіздік қосылған соң үп еткен жел де өңмеңнен өтіп, төсекке таңуға әзір келеді деп жазады «Ауырмаңыз!» парақшасы. Ал оны елемей, емдеуді сәл шегеру сырқаттың созылмалы сипат алуына себеп. Тап осы мезгілде онкологиялық аурулар өршиді екен. Бір қызығы, зерттеулер көктем басында бастау алған бұл аурудың жазылуы қиын екенін анықтаған. ◾️Наурызда ең көп кездесетін кесел – гиповитаминоз. Ол көктемгі әлсіздіктен аман болайық деген мақсатта түрлі витамин кешенін өз бетінше қабылдаушылар арасында жиі орын алады. Себебі ағзадағы тепе-теңдік сақталмайды, яғни қандай да бір витамин шамадан тыс артық, ал келесісі кем болуынан осы кесел бас көтереді. Сондықтан мұндай витаминдерді міндетті түрде медициналық тексеруден өтіп, дәрігер кеңесімен ғана қабылдау керек. Көкөзек шақта әлсіремеудің, айтпай келер ауру алдында дәрменсіз болмаудың басты жолы – тынығу мен тыныш ұйықтауға көбірек уақыт бөлу. Яғни әдеттегіден бір сағат артық ұйықтаңыз. Ағзаға физикалық күш түсірмеңіз, ой және дене еңбегін шектеуге тура келеді. Тіпті жыныстық жанасуды да азайтуға тура келеді. Уайым мен ой дегенді ұмытыңыз. Мұның бәрі әлсіреген ағзаны болдыруға апаратын төте жол. ◾️Күн жылт етті, дала жылынды деп жеңіл киіну – басты қателік. Көктемгі самал әлсіз болғанның өзінде ағзаны суықтатуға қауқарлы. Ол жай шаншудан бастап, өкпенің, бүйректің қабынуын оятып, санаулы күнде оны созылмалы сырқатқа айналдыра алады. Бұл кездегі ағзаны торлаған суықтан арылу да оңай емес. Салқын су ішу де тап осындай қауіп әкеледі. Ол асқазанды тітіркендіреді, тамақты қабындырып, ішектерге де суық тиюі ықтимал. Ал тісінде ақау бар адам салқын су ішсе ондағы жүйке талшықтарын суықтататыны анық деп жазады «Ауырмаңыз!» парақшасы. Статистика бойынша, бір жақ беті тартылып, қисайып қалатындардың көпшілігі көктемде салқын су ішіп, балмұздақ жейтіндер екен. Бұл кезде табаннан өткен суықтың да жазылуы қиын, ал асқынуы өте тез деседі мамандар. Топырақ тоңы жібімей жатып табаны жұқа аяқ киімге көшкен адамда аяқ сүйектері қақсауы, белдің кілт ете шойырылуы, жыныстық бездерде түйіп пайда болуы, оның созылмалы қабынуы көп кездеседі екен. ◾️Міне, осы себептерге байланысты көктем келді, күн жылынды деп жылы киімді наурызда шешіп тастауға әлі ерте. Саулығы мен амандығын ойлаған адам сәуірге дейін салқын сезілетінін жадында ұстауы тиіс. Оған қоса, лимон немесе бал қосылған шай ішіп, күніне ашқарынға бір дана алма немесе банан жеу, асқа сарымсақ, көк пияз қосу сияқты аса қарапайым, әйткенмен ағзаға пайдасы орасан амалдарды жасай жүрсе жақсы. Көктемнің де өзіне тән суығы мен салқыны, ызғары мен сызы болатынын ұмытпаңыздар! Жарас ҚАСЫМ. «Ауырмаңыз!» парақшасы. (Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» парақшасынан алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
Show all...
Зиренің пайдасын білесіз бе? Палауға қосылатын зире бар ғой, ол ас қорытуды жақсартады. Егер одан тұнба әзірлеп қойса, жас баладағы ықылықтың тез қайтуына көмектеседі. Жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынбауына, инфаркттің алдын алуға, тамырдың түйілуіне, бас сақинасына қарсы көмегі де бар. Ал енді зиреден тұнба әзірлеу құпиясына келейік. 1 шай қасық дәнді қайнаған ыстық суға саласыз. Оны 30-40 минут тұндырасыз. Күніне 3-4 рет, астан бұрын ішу арқылы кешке дейін осы 1 стакан тұнбаны тауысасыз. Яғни 1 стакан тұнба 1 күнге жетеді. Ем нәтижелі болу үшін зирені таңдай білу керек. 6 айдан асқан болса, оның емдік қасиеті кемиді. Сондықтан жақын арада дайындалғанын алыңыз. Ұзақ тұрып қалған зиренің иісі мен дәмі ашқылтым-қышқыл болады. Ал тұнбаны арасын үзбей, 1 айдан кем емес уақыт қабылдаған дұрыс. Оны қалағаныңызға жалғастыра аласыз. Х. ТӘЖІМЕТОВ. Созақ ауданы, Түркістан облысы.
Show all...
#Арыстанбабтағы киелі су шынында да #ШИПАЛЫ екен Мен бұрын қазақшылық дегенге, халық емдеріне онша сене бермейтінмін. Әсіресе, әулие аралау деген менің табиғатыма өте жат нәрсе болатын. Емшіге көрінуге, молдаға оқытылуға тек ақыл-есі ауысқандар барады деп ойлаушы едім. Әулиені де осындай психологиясында ауытқушылығы бар адамдар аралайды деп ойлайтынмын. Сөйтіп, өзім ауырсам да, балаларым ауырса да тек дәрігерге көрінетінбіз. Бірде күйеуім жолдастарының Арыстанбаб бабаның кесенесіне зияратқа бармақшы болып ұйымдасып жатқанын айтты. Мен қарсылығымды білдіріп едім, ол өзінің барамыз деп айтып қойғанын ескертті. Шынын айтқанда күйеуімнің көңілі үшін үйден жеті шелпегімізді пісіріп, жол-жөнекей жейтін тағамдарымызды алып, сапарға шықтық. Ерте көктем болатын. Кішкентайыма қарайтын адам болмаған соң өзімізбен бірге алып шыққан болатынбыз. Жұрттың бәрі әулиенің басындағы құдықтан су құйып алып жатқан соң мен де алдым. Сол маңда жүрген қартаң кісілер әулиенің қасиетін, құдық суының көптеген ауруларға шипа болатынын айтып жатты. Олардың айтқан әңгімелерінің біріне сенгенім жоқ, солай бола тұра суды қалай алғаныма әлі күнге таңым бар. Үйге келгеннен кейін баламның дене қызуы көтеріліп қатты ауырды. Қызуды түсіретін дәрілерді бірінен соң бірін беріп жатырмын, денесін жалаңаштап жылы сумен де, арақпен де сүрткіледім. Ешқандай пайдасы болмады. Осылайша баламның дене қызуын түсіре алмай, үш күн, үш түн ұйықтамай аурумен арпалыстым. Жедел жәрдем шақырамын, олар қызу түсіретін дәрілерді егіп кетеді. Бір сағатқа ғана түседі де қайта көтеріледі. Ақырында жасайтын амалым таусылып, не істерімді білмей отырғанымда әулиеден әкелген су есіме түсті. Емдік қасиеті күшті деп еді ғой деп ойланып, бісмілләмді айтып, әулиенің суынан балама кішкентай қасықпен ұрттатып ішкізіп, қалған суына шомылдырдым. Біршама уақыттан кейін қарасам баламның қызуы түсіп, ағыл-тегіл терлеп жатыр екен. Содан қайтып қызуы көтерілген жоқ. Әулие суының осындай кереметін өз көзіммен көрген соң мен қазақшылық қасиеті бар адамдарға, әулие-әмбиенің де тегін еместігіне сенетін болдым. Содан бастап балаларым ауырса бірден дәрігерге жүгіріп, укол қабылдатпай, бірінші түкіретін апаларға апара бастадым. Егер тіл-көзден, ит тигеннен ауырса, балаларым бір түкіргеннен-ақ ойнап кетеді. Кейде тәуіптердің өздері суықтап қалғанын, дәрігерге көрсету керектігін айтатын болды. Осылайша жыл сайын көктемде зияратқа шығуды да үйрендім. Н. АСАНБАЙ. «Ауырмаңыз!» парақшасы. (Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
Show all...